"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1123 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін
міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 24-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72,77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126,128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82 құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, I, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44 құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 52-баптың 5-тармағы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «және жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 461-баптың жетінші бөлігіндегі «мемлекеттік» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 473-1 және 473-2-баптармен толықтырылсын:
      «473-1-бап. Механикалық көлік құралдарына және олардың
                  тіркемелеріне міндетті техникалық байқау
                  ұйымдастыру және одан өткізу ережесін бұзу
      1. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің техникалық байқау диагностикалық картасында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеуі,-
      лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзушылық, -
      лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастай отырып, лауазымды адамдарға - жиырма, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      473-2-бап. Міндетті техникалық байқау жүргізу бойынша қызмет
                 көрсетуді қоса атқару
      Техникалық байқау орталығының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуді және механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді қоса атқару, -
      техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастай отырып, лауазымды адамдарға - он бес, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 548-бапта:
      бірінші бөлік «467-1,» деген цифрлардан кейін «473-1, 473-2» деген цифрлармен толықтырылсын;
      екінші бөліктің үшінші абзацы «467-1,» деген цифрлардан кейін «473-1, 473-2» деген цифрлармен толықтырылсын;
      5) 630-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-1, 22-11, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат, № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 369-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 534-баптың 1-тармағының 14) тармақшасында:
      «механикалық көлік құралдары мен тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді,» деген сөздер алып тасталсын;
      «мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін» деген сөздерден кейін «, халықаралық техникалық байқау сертификаттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 540-баптың 9) тармақшасында:
      төртінші абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «халықаралық техникалық байқау сертификатын бергені үшін - 50 процент;»;
      4) 547-баптың 2-тармағының 7) тармақшасында:
      «механикалық көлік құралдарының және тіркемелерінің мемлекеттік байқаудан өткені туралы куәліктерін» деген сөздер алып тасталсын;
      «мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін» деген сөздерден кейін «, халықаралық техникалық байқау сертификатын» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат):
      49-баптың 1-тармағының 37) тармақшасы алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 ж. № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат):
      1) 5-1-бапта:
      1-тармақтың 28) тармақшасындағы «оларға мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу,» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтың 19) тармақшасындағы «көлік құралдарының жекелеген түрлерінің мемлекеттік техникалық тексеруден өтуін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері иелерінің міндетті техникалық байқаудан өтуін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 10-баптың 1-тармағының 18)тармақшасында:
      «жол жүрісі қауіпсіздігін» деген сөздерден кейін «және механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері иелерінің міндетті техникалық байқаудан уақтылы өтуін» деген сөздермен толықтырылсын;
      «, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге,» деген сөздер алып тасталсын.
      5. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж. № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат):
      1-бапта:
      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      «көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасының көлік кешені қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «міндетті техникалық байқау - механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген талаптарға сәйкестігіне кезеңдік диагностикалау процесі;
      міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік - қатаң есептілік бланкісі болып табылатын және міндетті техникалық байқаудан өту фактісін растайтын, нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі белгіленген құжат;»;
      техникалық байқау орталығы - механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсатта өндірістік үй-жайы, технологиялық жабдықтары мен материалдық ресурстары бар, дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға тиесілі кешенді құрылыс;
      техникалық байқау орталықтарының тізілімі - техникалық байқау орталықтарын есепке алу жүзеге асырылатын құжат;
      техникалық байқаудың диагностикалық картасы - механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар иесі мен механикалық көлік құралы және оның тіркемелері және міндетті техникалық байқау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
      халықаралық техникалық байқау сертификаты - халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өту фактісін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;»;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық байқаудан өту туралы куәлік бланкілерін беру ережесін бекіту.»;
      4) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1-бап. Көлік және коммуникация саласындағы
                уәкілетті органның құзыреті
      Көлік саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
      1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;
      2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын жасау, қайта жаңарту, жөндеу, ендіру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
      3) техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      4) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау саласында міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
      5) техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізу;
      6) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
      7) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түсетін қаражатты бюджеттің мемлекеттік кірісіне есепке ала отырып, техникалық байқау орталықтарына беру;
      8) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      9) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
      4) 18-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «механикалық көлік құралының немесе тіркемесінің мемлекеттік техникалық тексеруден өтуі туралы куәлікті» деген сөздер алып тасталсын;
      5) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
      «18-1-бап. Техникалық байқау орталықтарының тізілімі
      1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізеді және оның баспасөз басылымдарында, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жариялануын жүзеге асырады.
      Тізілімді жүргізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
      Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның техникалық байқау орталықтарының тізіліміне қосу туралы шешімі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      2. Техникалық байқау орталықтарының тізіліміне қосу мақсатында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда өтініш береді, онда:
      1) өтініш берушінің атауы, орналасқан жері туралы, ашық банк шоттары туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш беруші өтініш берілген күнге олар арқылы техникалық байқау орталықтары ретінде өз қызметін жүзеге асыруды жоспарлап отырған жекелеген оның құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және орналасқан жері;
      2) өтініш берілген күнге өтініш берушінің штатындағы техникалық байқау бойынша мамандар туралы мәліметтер;
      3) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты туралы мәліметтер болуы тиіс.
      Өтінішке ұсынылған мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
      2) заңды тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) Жарғының (Ереженің) көшірмесі;
      4) өтініш берушінің көлік құралдарын техникалық байқауды жүзеге асыратын мамандардың орта арнаулы немесе жоғары техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмелері;
      5) үй-жайды жалға алған жағдайда меншік иесінің жазбаша келісімі;
      6) техникалық байқау желілерінің саны және түрі туралы ақпарат;
      7) техникалық байқау орталығының аумағы бойынша көлік құралдарының қозғалыс бағыттарын, кірме жолдарды және өткелдердің енін, кіру (шығу) алаңдарының мөлшерін көрсету арқылы техникалық байқау орталығының орналасу схемасы;
      8) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың қорытындысы;
      9) мамандандырылған диагностикалық жабдықтың уәкілетті мемлекеттік органда тіркелуін растайтын және техникалық байқау орталығына жеке меншік құқығында тиесілі құжат.
      3. Өтінішті оған қоса берілген құжаттармен бірге көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган оны берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушіге тізілімге енгізу туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолданады.
      Өтініш беруші ұсынған мәліметтердің растығын тексеру мақсатында көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган үшінші тұлғалардан, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардан мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы. Көрсетілген адамдар сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салынған құжаттарды ұсынуға міндетті.
      4. Техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) осы Заңның 2-тармағында көрсетілген құжаттардың тым болмаса біреуінің болмауы;
      2) осы Заңның 2-тармағында көрсетілген құжаттардағы мәліметтердің және нақты бар адамдар мен материалдық ресурстардың сәйкессіздігі болып табылады.
      5. Техникалық байқау орталығының тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) осы Заңның 1-тармағында белгіленген мәліметтерді және құжаттарды көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органды хабарлаусыз өзгерту;
      2) тізілімнен алып тастау туралы өтініш;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуы және заңды тұлғаның жойылуы;
      4) техникалық байқау орталығының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуді және механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді қоса атқару;
      5) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау.
      Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау орталығының тізілімінен алып тастау туралы хабарламаны тиісті шешімді қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.»;
      6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін
               міндетті техникалық байқаудан өткізу
      1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы орталық органда тіркелген механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері міндетті техникалық байқаудан өткізілуге жатады.
      Міндетті техникалық байқау механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.
      2. Міндетті техникалық байқауды көлік құралының тіркелген орнына және көлік құралы иесінің тұрғылықты жеріне қарамастан, бірақ көлік құралының санатына сәйкес көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізген техникалық байқау орталықтары жүргізеді.
      Міндетті техникалық байқау ақылы негізде жүзеге асырылады.
      3. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді қоса атқаруға жол берілмейді.
      Техникалық байқау орталығының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге жол берілмейді.
      4. Техникалық байқау орталығы техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілерін қамтиды.
      Техникалық байқаудың стационарлық желісі - стационарлық өндірістік үй-жайда орнатылатын желі. Стационарлық желі тұйық желілерді пайдалануға жол бермейді.
      Техникалық байқаудың ұтқыр желісі - механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін техникалық байқаудан өткізудің жылжымалы желісі.
      5. Міндетті техникалық байқауды өткізу екі кезеңді қамтиды: дайындық және негізгі.
      Міндетті техникалық байқауды өткізудің жалпы ұзақтығы отыз минуттан аспауы тиіс.
      Міндетті техникалық байқауды өткізудің дайындық кезеңі барысында көлік құралын сәйкестендіру және оны сәйкестендіру нәтижелерін тіркеу және өзге де құжаттардағы деректерге сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.
      Міндетті техникалық байқауды өткізудің негізгі кезеңі барысында көлік құралының техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау жөнінде жұмыстар (тексеру) орындалады.
      6. Міндетті техникалық байқаудан өту үшін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі техникалық байқау орталығына көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе механикалық көлік құралының және олардың тіркемелерінің техникалық паспортын ұсынады.
      7. Механикалық көлік құралы және оның тіркемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген талаптарға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес келген жағдайда техникалық байқаудың диагностикалық картасы жасалады, оның негізінде қолданылу мерзімін көрсете отырып, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беріледі.
      8. Егер міндетті техникалық байқаудан өткізудің нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын ақаулықтар және жағдайлар анықталған болса, міндетті техникалық байқау өткізілмеген деп танылады.
      Бұл жағдайда механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне ақаулықтарды көрсете отырып, механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің диагностикалық картасы беріледі.
      9. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын, анықталған ақаулықтар мен жағдайлар жойылғаннан кейін механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі оны қайтадан техникалық байқаудан өткізу үшін бірінші техникалық байқау өткізілген техникалық байқау орталығына немесе кез келген басқа техникалық байқау орталығына ұсынады.
      Бірінші міндетті техникалық байқау өткізілген орталықта механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін қайтадан байқау кезінде техникалық байқау тек белгіленген өлшемдерге жауап бермеген және ол туралы диагностикалық картада көрсетілген позициялар бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда тек қайтадан тексерілетін позициялар бойынша төлем алынады.
      Қайталама байқауды өзге техникалық байқау орталықтарында өткізген жағдайда жұмыстың құнын мұндай орталық дербес анықтайды.
      Міндетті техникалық байқаудан өткізу кезінде ақаулықтар анықталғаннан кейін механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауға қайталап ұсынудың ең ұзақ мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.
      10. Егер міндетті техникалық байқауды қайталап өткізген кезде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын, бұдан бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетілген ақаулықтар немесе жағдайлар жойылмағаны анықталса, механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін кезекті диагностикадан өткізе отырып, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін пайдалануға тыйым салынған, анықталған ақаулықтарды немесе жағдайларды жойғанға дейін механикалық көлік құралы және оның тіркемелері міндетті техникалық байқауды қайталап өткізу нәтижелері көрсетілген техникалық байқаудың диагностикалық картасымен иесіне қайтарылады.»;
      7) мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2 және 19-3-баптарымен толықтырылсын:
      «19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру
      1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттарды қоса берумен жүгінеді:
      1) жеке куәліктің көшірмесін;
      2) жүргізуші куәлігінің көшірмесін;
      3) техникалық байқаудың диагностикалық картасының көшірмесін;
      4) халықаралық техникалық байқау сертификаты берілгені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртегін.
      2. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган құжаттар қоса берілген өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне халықаралық техникалық байқау сертификатын береді.
      3. Осы Заңның 1-тармағында көрсетілген құжаттардың тым болмаса біреуі болмаған жағдайда көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне бас тарту себебін көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
      4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес беріледі.
      19-2-бап. Міндетті техникалық байқауды өткізу тәртібінің
                сақталуын мемлекеттік бақылау
      1. Техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды техникалық байқау орталықтары тексеру нысанында жүзеге асырады.
      2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      19-3-бап. Техникалық байқау орталықтарының құқықтары мен
                міндеттері
      1. Техникалық байқау орталықтарының:
      1) міндетті техникалық байқаудан өткізудің құнын дербес анықтауға;
      2) механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті беруден бас тартуға құқығы бар.
      Техникалық байқау орталықтары мыналарға міндетті:
      1) қолданылатын өндірістік үй-жайдың, жабдықтың, материалдық ресурстардың және оларды пайдалану шарттарының белгіленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метеорологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      2) міндетті техникалық байқауды өткізуге біліктілігі техникалық байқау орталықтары белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкерлерді жіберуге;
      3) міндетті техникалық байқауды өткізу кезінде жұмыстарды орындау процесінде осы Заңда белгіленген талаптарды сақтауға;
      4) көлік құралдары иелерінің өтініші бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты өзге де мәліметтерді хабарлауға;
      5) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау куәліктері бланкілерінің жұмсалуын есепке алуды жүзеге асыруға;
      6) қаралған механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің электронды түрде есепке алынуын жүзеге асыруға;
      7) ішкі істер органдарына көлік құралының техникалық паспортындағы деректерге сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік нөмірлік белгілерсіз не көлік құралының техникалық паспортында көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін көлік құралдарын техникалық байқауға ұсыну фактілері туралы хабарлауға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға.
      3. Техникалық байқау орталықтарына және олардың лауазымды адамдарына:
      1) жол жүрісі саласындағы орталық уәкілетті органның келісімінсіз ауыстырылған, көлік құралының техникалық паспортындағы деректерге сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) бар көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге, мемлекеттік нөмірлік белгілерсіз не көлік құралының техникалық паспортында көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін көлік құралдарын техникалық байқауға ұсынуға;
      2) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне техникалық байқаудың диагностикалық картасын жасамай міндетті техникалық байқаудан өткізуден немесе техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті беруден бас тартуға;
      3) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне міндетті техникалық байқаудан өткізуден бас тартуға немесе бұрын берілген міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті қолдану мерзімінің өтуіне байланысты оның өту шарттарын өзгертуге;
      4) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесінен міндетті техникалық байқауды өткізуге байланысты қосымша сыйақы сұрауға тыйым салынады.
      Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің көлік құралына арналған техникалық байқаудың диагностикалық картасында көрсетілген мәліметтерге сәйкессіздігі үшін техникалық байқау орталықтары және олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.
      4. Міндетті техникалық байқаудан өткізу барысында механикалық көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар немесе жағдайлар анықталған жағдайда қаралған көлік құралы техникалық байқаудың диагностикалық картасымен бірге иесіне қайтарылады.
      5. Осындай механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін қайталап міндетті техникалық байқаудан өткізуге ұсыну мақсатында механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі анықталған, механикалық көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар мен жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау орнын және орындаушыны дербес анықтайды.»;
      8) 21-баптың 1-тармағының бесінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 22-баптың 1-тармағындағы «автомобиль жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «көлік және коммуникация саласындағы орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 2-тармағындағы «, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» деген сөздер алып тасталсын;
      10-баптың 10-тармағындағы «мемлекеттік» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшада:
      2-тармақта:
      12) тармақшадағы «бақылау.» деген сөз «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды қоспағанда, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібінің сақталуын бақылау.».
      2-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1, 2, 3, 4-тармақтарды, 1) тармақшаның бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 3) тармақшаның алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 4) тармақшаны, 5-тармақтың 5-тармақшасының жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші абзацтарын және 6), 7), 8) тармақшаларын, 6 және 7-тармақтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады