Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облыстық мәслихатының және Жамбыл облысы әкімдігінің Байзақ ауданының жалпы алаңы 344,65 гектар және Жамбыл ауданының жалпы алаңы 5609,1 гектар жер бөлігін Тараз қаласының әкімшілік шекарасына қоса отырып, Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К Мәсімов