"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қарашадағы № 1167 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      31-бапта:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын:
      «4-1. Егер қылмысты ұйымдасқан топ екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басшылық жасау немесе оның зардаптары басқа мемлекетте немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен орын алса, ол трансұлттық ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.
      4-2. Егер қылмысты қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басшылық жасау немесе оның зардаптары басқа мемлекетте немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен орын алса, ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.»;
      51-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыбайлас жемқорлық қылмыс және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не банданың құрамында жасалған қылмыстар үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.»;
      63-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қылмыстар қауіпті немесе аса қауіпті қайталанған кезде не адамды ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) немесе банданың құрамында жасалған қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.»;
      70-баптың үшінші бөлігінің в) тармағындағы «екісін» деген сөзден кейін «;» қойылып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      «г) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) немесе банданың құрамында жасалған қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін»;
      71-баптың екінші бөлігі «өтегеннен кейін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ сотталған адам ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) немесе банданың құрамында жасалған қылмыс үшін жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
      131-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) немесе банданың қылмыстық ісіне тартуға байланысты әрекеттер, -
      мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      235-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «235-бап. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық
                жасау, сол сияқты оған қатысу
      1. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, сол сияқты оған басшылық жасау -
      мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу, -
      мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
      мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      1. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуын өз еркімен тоқтатқан және ұйымдасқан қылмыстық топ жасайтын немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді жәрдемдескен адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.»;
      мынадай мазмұндағы 235-1, 235-2, 235-3 және 235-4-баптармен толықтырылсын:
      «235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және
                  оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
      1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру не оған басшылық жасау, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топтар жетекшілерінің немесе өзге өкілдерінің бірлестігін құру немесе дербес әрекет ететін ұйымдасқан топтардың қылмыстық іс-қимылын үйлестіру, -
      мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ұйымдасқан қылмыстық топтар жетекшілерінің қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) қатысуы, -
      мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Ұйымдасқан қылмыстық топтар жетекшілерінің немесе өзге өкілдерінің жиналысына қатысу, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып қатысу, -
      мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
      мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      5. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері арасында жетекші орындағы адам жасаса, -
      мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      1. Қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) не ұйымдасқан топтар жетекшілерінің немесе өзге өкілдерінің жиналысына қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және олар жасайтын немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді жәрдемдескен адам, егер оның іс-қимылында өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
      2. Үйлестіру деп қылмыстар жасау үшін ұйымдасқан қылмыстық топтар жетекшілерінің немесе өзге өкілдерінің арасында қылмыстық іс-қимылды келісуді, тұрақты байланыстар қалыптастыруды, жоспарлар мен жағдайлар әзірлеуді, сондай-ақ қылмыстық ықпал ету салаларын бөлісуді түсіну керек.
      3. Жетекші орындағы адам деп ұйымдасқан қылмыстық топтар жетекшілерінің жиналысы өздерінің қылмыстық әрекетін үйлестіру өкілеттіктерін берген адам танылады.
      235-2-бап. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған
                 басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
      1. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру, сол сияқты оған басшылық жасау, -
      мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу, -
      мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
      мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      235-3-бап. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық
                 (қылмыстық ұйым) құру және оған басшылық жасау, сол
                 сияқты оған қатысу
      1. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру, сол сияқты оған басшылық жасау, -
      мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) қатысу, -
      мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
      мүлкі тәркіленіп, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      235-4-бап. Ұйымдасқан қылмыстық топтың, қылмыстық
                 қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық
                 ұйымдасқан қылмыстық топтың, трансұлттық қылмыстық
                 қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) іс-қимылын
                 қаржыландыру
      1. Ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) не трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) іс-қимылын қаржыландыру, -
      мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ұйымдасқан қылмыстық топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) қатысушысы жасаған қаржылық немесе өзге материалдық құралдарды жинау, сақтау, қаржыландыру арналарын әзірлеу, сондай-ақ бөлу, -
      мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
      мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      1. Қаржыландыру - бұл ұйымдасқан қылмыстық топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) қаржылық немесе өзге материалдық құралдарды жинау, сақтау, бөлу не ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайда беру, сондай-ақ сыйға тарту, айырбастау, жылу жинау, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету.
      2. Ұйымдасқан қылмыстық топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) қызметін қаржыландыруды күш көрсетемін деп қорқытумен жүзеге асырған және бұл туралы ерікті түрде хабарлаған адам, егер оның іс-қимылында өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.»;
      237-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында:
      «сегіз жылдан он бес» деген сөздер «, он екі жылдан жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:
      «алты жылдан он екі» деген сөздер «, он жылдан он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацында:
      «он жылдан он бес» деген сөздер «, он бес жылдан жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын.
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18,245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17,81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      64-бапта:
      үшінші бөліктің екінші абзацында:
      «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар» деген сөздерден кейін «, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) немесе банданың құрамында жасалған қылмыстар» деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөлікте «санкциясын немесе соттың шешімін» деген сөздер «, соттың санкциясын немесе соттың шешімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      130-бапта:
      бірінші бөлік «Заңында» деген сөзден кейін «және «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «нақты деректер» деген сөздерден кейін «көрсетілген адамның келісімімен» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      «6. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органға нақты деректерді ұсынған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе банда жасаған немесе жасайтын қылмыстар туралы істер бойынша тексерілетін деректердің шығу көзі шынайы мәлім және олардың түпнұсқалылығы мен алынуының заңдылығын куәландыра алатын осы органның лауазымды адамынан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат беріледі.
      7. Осы бапта баяндалған талаптарға жауап бермейтін жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері осы материалдарды ұсынған органға қайтарылады, бұл туралы дәйекті қаулы жасалады. Қаулыда жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қылмыстық іске қосудан бас тартудың себептері көрсетілуге тиіс.»;
      192-баптың төртінші бөлігінде «235,» деген цифрлар алып тасталсын;
      192-баптың 4-3-бөлігі «227» деген цифрлардан кейін «, 235, 235-1, 235-2, 235-3, 235-4» деген цифрлармен толықтырылсын.
      3. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар):
      10-баптың төртінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «соттылығы бар» деген сөздерден кейін «;» қойылып, мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) немесе банданың құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан»;
      26-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) немесе банданың құрамында қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдау мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.»;
      27-баптың бірінші бөлігінің 7-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) немесе банданың құрамында қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдауы».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады