Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 133 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізген кезде олардың сәйкестік өлшемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 37-тармағына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов