Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және осы саладағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 1154 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 43, 577-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігі саласындағы қауіп-қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 857 қаулысы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов