«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне мынадай мүлік берілсін:
1) Отырар көшесі, 4/2-үй мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 102 шаршы метр, теңгерімдік құны 25 936 128 (жиырма бес миллион тоғыз жүз отыз алты мың бір жүз жиырма сегіз) теңге № 161 пәтер;
2) Отырар көшесі, 4/2-үй мекенжайында, орналасқан, жалпы ауданы 110,6 шаршы метр, теңгерімдік құны 27 588 096 (жиырма жеті миллион бес жүз сексен сегіз мың тоқсан алты) теңге № 126 пәтер.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов