Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттамаға қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы «__» ________
№ _____ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
жоба
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттама
Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы Прага қаласында 1996 жылғы 8 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісті:
1-бап
3-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық режим және неғұрлым қолайлы режим туралы ереже осы бапқа сәйкес кеден, экономикалық немесе валюта одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшеліктен туындайтын өз міндеттемелеріне орай Уағдаласушы Тарап ұсынатын пайдаға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы кеден, экономикалық немесе валюта одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше екінші Уағдаласушы Тараптың міндеттемелеріне осы кеден, экономикалық немесе валюта одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына қатысты халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің кіретіндігімен келіседі.
5. Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы Тараптардың бірінің екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына, олардың инвестицияларына немесе кірістеріне бір Уағдаласушы Тарап Табысқа және капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісім немесе салық салуға байланысты басқа да халықаралық келісімдер негізінде ұсынуға құқылы мұндай пайданы, басымдықтарды немесе артықшылықтарды ұсыну міндеттемесі ретінде түсіндірілмеуі тиіс.».
2-бап
6-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еуропалық Одақ қабылдаған шараларды қозғамастан, аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторлары инвестициялар салған әрбір Уағдаласушы Тарап инвесторлар барлық салықтық міндеттемелерді орындағаннан кейін осы инвесторларға осы инвестициялармен байланысты еркін айналымдағы валютада, кедергісіз және артық кідіріссіз, атап айтқанда, бірақ айрықша емес төлемдердің еркін аударымын ұсынады:».
3-бап
8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер бір Уағдаласушы Тараптың инвесторы мен екінші Уағдаласушы Тарап арасындағы дау осындай жолмен даудың туындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап алты ай ішінде шешілмесе, онда инвестор өз қалауы бойынша оны:
а) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекетінің құзыретті соттарының, немесе
б) 1965 жылғы 18 наурыздағы Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияның қолданылып жүрген ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияның қатысушысы болған жағдайда, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICSID), немесе
в) төрешіге немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелік регламентіне сәйкес халықаралық «аd hос» төрелік сотының қарауына ұсына алады. Дау тараптары осы ережелерді өзгерту туралы жазбаша уағдаласуы мүмкін. Егер тиісті төрелік ережелерде немесе екі Уағдаласушы Тарап қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, аралық соттың шешімі дауда екі тарап үшін де түпкілікті және міндетті болуы тиіс.».
4-бап
1. Мынадай мазмұндағы 11-баппен толықтырылсын:
«11-бап. ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ МҮДДЕЛЕРІ
1. Осы Келісімнің ешқандай ережелері кез келген Уағдаласушы Тараптың өзінің:
а) қылмыстарға қатысты;
б) қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери техника саудасына және әскери немесе басқа да әлуетті құрылымдарды жабдықтау мақсатында жүзеге асырылатын өзге де тауарлармен, материалдармен, қызметтермен және технологиялармен жасалатын операцияларға қатысты;
в) соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастардағы төтенше жағдайлар жүзеге асырылған;
г) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш қондырғыларды таратуға тыйым салуға қатысты ұлттық саясатты немесе халықаралық шарттарды іске асыруға байланысты, немесе
д) халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған БҰҰ Жарғысына сәйкес келетін өзінің міндеттемелеріне байланысты негізгі қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін қажет деп есептейтін шараларды қабылдауына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
2. Уағдаласушы Тарап қауіпсіздігінің негізгі мүдделері оның кеден, экономикалық немесе валюта одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшелігінен туындайтын мүдделерді қамтуы мүмкін.».
3. 11 және 12-баптар 12 және 13-баптар болып саналсын.
5-бап
12-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қорытынды ережелер»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.».
6-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алынған күнінен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде күшінде қалады.
2010 жылғы «___» _________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, чех және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндер бірдей дәлме-дәл болып табылады.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН ҮШІН
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жене өзара қорғау туралы
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы (төменде "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын),
Уағдаласушы Тараптардың екеуінің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейтуді және кеңейтуді қалай отырып,
бір Уағдаласушы Тараптың инвесторлары үшін басқа уағдаласушы Тараптың аумағында күрделі салымдарды жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау жене қолдап отыру ниетімен,
осы Келісімге сәйкес инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау осы саладағы кәсіпкерлік бастамалардың дамуына жағдай жасайтынын мойындай отырып,
мына төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Айқындамалар
Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
1. "Инвестиция" термині бір Уағдаласушы Тарап инвесторының басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында соңғысының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес пайда алу мақсатындағы экономикалық қызметке байланысты инвестициялаған мүлік игіліктерінің барлық түрін қамтитын болады және, атап айтқанда, бірақ айрықша емес:
а) кепілдік салымдары, ипотеканы ұстап тұру немесе басқадай кепілдіктер және осы сияқты құқықтарды қоса алғанда жылжымалы және жылжымайтын мүлік және сонымен байланысты басқа да мүліктік құқықтар;
б) акцияларды, пайларды, облигацияларды және тұлғалардың мүлкіне қатысудың кез келген басқа нысандарын;
в) ақшалай борыш талаптарының құқығын немесе экономикалық маңызы бар және инвестицияларды жүзеге асырумен байланысты қызмет түрі бойынша талаптарының құқығын;
г) парасат және өнеркәсіп меншігі құқықтарын, соның ішінде авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге, патенттерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, өнеркәсіптік үлгілерге, шаруашылық құпияларға, коммерциялық құпияларға, технологиялық процестерге, "ноу-хауға" жене инвестицияларға байланысты "гудвиллге" құқықты;
д) заң немесе шарт негізіндегі лицензияларға және заңға сәйкес рұқсаттарға, оның ішінде табиғи ресурстарды барлауға, өндіруге, өңдеу мен пайдалануға концессияға байланысты құқықтарды қамтитын болады.
Игіліктерді инвестициялаған нысандардың кез келген өзгерістері оларды инвестиция ретінде сыныптауға әсер етпейді.
2. "Инвестор" термині басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын кез келген жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді:
а) "жеке тұлға" термині қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болып табылатын кез келген жеке тұлғаны білдіреді;
б) "заңды тұлға" термині, Уағдаласушы Тараптардың кез-келгеніне қатысты, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тіркелген және (немесе) құрылған әрі заңды тұлға ретінде танылған, Уағдаласушы Тараптардың бірінің аумағында тұрақты резиденциясы бар кез келген заңды тұлғаны білдіреді.
3. "Табыстар" термині инвестициялардың нәтижесінде алынған немесе оларға байланысты соманы білдіреді және, атап айтқанда, бірақ айрықша емес, табыстарды, дивидендтерді, проценттерді, капитал өсімін, кредитпен байланысты проценттерді, роялтиді және басқа кез келген заңды табысты білдіреді.
4. "Аумақ" термині әрбір Уағдаласушы Тараптың халықаралық құқыққа сай егемен құқығын және юрисдикциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының және Чехия Республикасының аумақтарын білдіреді.
2-бап
Инвестицияларды ынталандыру және қорғау
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына жағдай жасап отырады және екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына өзінің заңдарына сәйкес оның аумағында жүргізілетін инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
2. Бір Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына екінші Уағдаласушы Тарап аумағында әділетті және тең құқықты жағдайларды қамтамасыз ететін болады жене бұл инвестициялар толық қорғауда және қауіпсіздікте болады.
3-бап
Ұлттық тәртіп және неғұрлым қолайлы жағдай жасау тәртібі
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына және табыстарына әділетті әрі тең құқықты және олар өзінің төл инвесторларының инвестицияларына немесе кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларының инвестицияларына немесе табыстарына жасайтын жағдайға қарағанда, егер соңғының жағдайы қолайлырақ болса, одан қолайсыз болмайтын жағдай жасайтын болады.
2. Әрбір Уағдаласушы Тарап өз аумағында басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторларына осы инвестицияларды басқаруға, ұстауға, пайдалануға немесе иелік етуге қатысты әділетті әрі тең құқықты болып табылатын және ол өзінің төл инвесторларына немесе кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына жасайтын жағдайға қарағанда, егер соңғысының жағдайы қолайлырақ болса, одан қолайсыз болмайтын жағдайды қамтамасыз етеді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері Уағдаласушы Тараптардың біреуі екінші Уағдаласушы Тарап инвесторларына мынадай негізде жасай алатын жағдайлар немесе артықшылықтарды уағдаласушы тараптың бере алатындығына міндеттену мағынасында түсіндірілмейтін болады:
а) кез келген іс жүзіндегі немесе болашақта құрылатын кедендік немесе экономикалық одаққа немесе еркін сауда саласында немесе басқа халықаралық келісімге, оның негізінде құрылуы мүмкін осындай одақ немесе институция, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптың кез келген 1 мүшесі болатын аймақтық ынтымақтастықтың басқа да 1 нысандарының негізінде;
б) салықтарға толығымен немесе басым қатысы бар халықаралық келісімдер мен шарттар негізінде.
4-бап
Шығындар үшін өтем жасау
1. Егер Уағдаласушы Тараптардың біреуінің инвесторларының инвестициялары басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында соғыстың немесе басқа қарулы жанжалдың, төтенше жағдайдың, азаматтық қақтығыстардың немесе осындай жағдайлардың салдарынан зиян шегетін жағдайда, онда оларға өзінің және кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына шығынды өтеуге, өтемақы төлеуге және есеп айырысудың басқа түріне қатысты жасайтын жағдайлардан қолайсыздау болмайтын жағдай жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағының шарттарына қайшы келмей, Уағдаласушы Тараптардың бірінің инвесторлары басқа Уағдаласушы тараптың аумағында осы тармақта айтылған қандайда бір жағдай кезінде:
а) бұлардың мүлкін екінші Уағдаласушы Тараптың қарулы күштерімен немесе ресми органымен өз қарамағына алуы;
б) соғыс қимылдары немесе әлдебір жағдай мәжбүр етпесе де бұлардың мүлкін екінші Уағдаласушы Тараптың қарулы күштерімем немесе ресми органы арқылы жойып жіберуі салдарынан зиян шексе, басып алу немесе мүлікті жойып жіберу нәтижесі ретінде шеккен зияны үшін әділ және соған барабар өтем жасалады.
Түпкілікті төлемдер еркін айналыстағы валютамен кідіріссіз аударылады.
5-бап
Экспроприация
1. Уағдаласушы Тараптардың біреуінің инвесторларының инвестициялары қоғам мүддесі үшін экспроприация жүргізілген жағдайлардан басқа кезде национализацияланбайды, экспроприацияланбайды немесе екінші Уағдаласушы Тараптың аумағындағы национализациялаумен немесе экспроприациялаумен (бұдан әрі - "экспроприация") барабар әсері болатын шараларға ұшырамайтың болады. Экспроприация заңдар негізінде, кемсітушіліксіз жүргізілетін болады және кідіріссіз баламалы әрі тиімді өтемақы төлеуді қамтамасыз ететін шаралар арқылы жүргізіледі.
Өтемақы экспроприациялау немесе алда болатын экспроприациялаудың қайсы туралы ерте мәлім болуына байланысты, сол сәттің алдындағы экспроприацияланған инвестициялардың бағасына тең болуға тиіс; өтемақы экспроприацияны жүргізген күннен бастап есептелген еркін аударылатын валютамен шектеуіш және кешіктірілмей шет елге аударылуға тиісті процентті қамтуы қажет және ол еркін аударылатын болады.
2. Зардап шеккен инвестор өзінің жағдайын дереу қайта қарау және осы бапта баяндалған қағидаттарға сәйкес өзінің инвестицияларын бағалау жөнінде оның іс бойынша Уағдаласушы Тараптың сотына немесе басқа тәуелсіз органына өтініш беруге құқылы.
6-бап
Төлемдерді аудару
1. Уағдаласушы Тараптар инвестициялар мен табыстарға қатысты қаржыны аударып отыруға кепілдік береді. Аударымдар еркін айналыстағы валютамен кедергісіз және кешіктірілмей жүзеге асырылады. Мұндай аударымдар ішінара мыналарды, бірақ айрықша булар ғана емес:
а) бастапқы инвестицияланған капитал, сондай-ақ инвестицияларды қолдау және кеңейту үшін қолданылатын кез келген қосымша капиталды;
б) пайданы, проценттерді, дивидендтерді және басқа әдеттегі табыстарды;
в) займдарды төлеуге байланысты сомаларды;
г) лицензиялық және басқа төлемдерді;
д) инвестицияның бір бөлігін немесе барлығын сатудан немесе таратудан түскен түсімді;
е) инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес инвестицияларға байланысты қызметті жүзеге асыратын басқа Уағдаласушы Тараптың жеке тұлғаларына еңбегі үшін тұрақты негізде төленетін ақыны қамтиды.
2. Аударымдар ешқандай кідіріссіз, егер басқаша келісім жасалмаған болса, аударым жасалған күнгі басым бағам бойынша еркін айналыстағы валютамен жүзеге асырылады.
3. "Ешқандай кідіріссіз" жүзеге асырылған аударым деп осы баптың 1-тармағына сәйкес бұндай аударымдарды жасау үшін әдеттегідей қажетті болып табылатын мерзімде жүзеге асырылған аударымдар түсініледі. Ешқандай жағдайда бұл мерзім екі айдан аспауы тиіс.
7-бап
Суброгация
1. Уағдаласушы Тарап немесе қандайда бір ол өкілдік берген институт өзінің жеке кез келген инвесторларына төленетін төлемдерді инвестицияларға байланысты жасалған кепілдік немесе сақтандыру шеңберінде төлесе, екінші Уағдаласушы Тарап:
а) осы елдің заңы бойынша немесе заңды шартқа сәйкес жасалуына қарамастан, инвестордың қандай да болсын құқығының яки талаптарының бірінші Уағдаласушы Тарапқа немесе ол өкілдік берген институтқа берілуін, сонымен бірге
б) инвестордың құқығы берілген Уағдаласушы Тарап немесе оның өкілдікті мекемесі осы инвестордың құқықтарын пайдалану және талап қою құқығын алғанын таниды және осы инвестицияларға байланысты өзіне міндеттемелер алады.
2. Берілген құқықтар немесе талаптар инвестордың бастапқы құқықтары мен талаптары шеңберінен шықпайтын болады.
8-бап
Уағдаласушы Тарап пен екінші Уағдаласушы Тарап инвесторының арасындағы дауларды шешу
1. Уағдаласушы Тарап пен басқа Уағдаласушы Тарап инвесторының арасындағы осы екінші Уағдаласушы Тарап аумағында орналасқан инвестицияларға қатысты туындауы мүмкін кез келген дауды шешу мақсатында мүдделі тараптар арасында келіссөздер жүргізілетін болады.
2. Егер Уағдаласушы Тараптың біреуінің инвесторы мен екінші Уағдаласушы Тарап арасындағы дау осындай жолмен алты ай ішінде шешілмесе, онда инвестор оны:
а) 1965 жылдың 18 наурызында Вашингтонда қол қою үшін ашылған мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды шешу туралы Конвенцияның қолдалынып жүрген ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы тараптың екеуі де осы Конвенцияның қатысушылары болған жағдайда инвестициялық дауларды шешу жөніндегі Халықаралық орталыққа ИКСИД), немесе
б) төрешіге немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелік тәртібіне сәйкес құрылған халықаралық "ад хок" төрелік сотына беруге құқылы.
Дауласушы тараптар бұл Ережелерді жазбаша өзгертуге келісуі мүмкін. Аралық сот шешімдері түпкілікті және дауласушы тараптардың екеуі үшін де міндетті болады.
9-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы дауларды шешу
1. Уағдаласушы Тараптар арасында осы Келісімнің қағидаларына түсінік беруге және оны қолдануға байланысты туындауы мүмкін даулар, егер бұл мүмкін болса, консультация немесе келіссөздер арқылы шешіледі.
2. Егер дау туындаған сәттен бастап алты айдың ішінде Уағдаласушы Тараптар келісімге келмеген болса, ол іс Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша осы баптың қағидаларына сәйкес аралық сотқа беріледі.
3. Аралық сот әрбір нақты жағдай үшін мынадай түрде құрылады. Әрбір Уағдаласушы Тарап төрелік сот өндірісінің талабын алған күннен бастап екі ай мерзімде әрқайсы бір төрешіден тағайындайды. Осы екі төреші үшінші бір елдің азаматын таңдап алады, ол екі жақтың келісімі бойынша аралық соттың төрағасы болып тағайындалады (бұдан әрі - "төраға"). Төраға екі төреші тағайындалған уақыттан бастап үш ай мерзім ішінде сайланады.
4. Егер осы баптың үшінші тармағында көрсетілген кез келген мерзімдердің ішінде төреші тағайындалмаған болса, онда бір Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша Төрағаны БҰҰ Халықаралық сотының Президенті тағайындайды. Егер екі арбитр де өздері тағайындалған уақыттан бастап үш ай мерзімде төрағаны таңдауға қатысты келісімге келе алмаса, оны Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша Халықаралық соттың Президенті тағайындайды. Егер БҰҰ Халықаралық сотының Президенті егер ол Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болса немесе басқа себептерге байланысты көрсетілген қызметті атқара алмаса, онда төрешіні Вице-президент тағайындайды. Егер Вице-президент Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болса немесе бұл қызметті атқара алмаса, онда төрешіні Уағдаласушы Тараптардың ешқайсының да азаматы болып табылмайтын, БҰҰ Халықаралық сотының дәрежесі ең жоғары соты жүргізеді.
5. Аралық сот өз шешімін көпшілік дауыспен шығарады. Бұл шешім Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы үшін түпкілікті және міндетті болып табылады. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзі Тағайындаған сот мүшесінің қызметіне және өзінің аралық сот өндірісіне қатысуына байланысты шығындарды көтереді. Сот Төрағасының қызметіне байланысты шығындарды, сондай-ақ басқа да шығындарды Уағдаласушы Тараптар тең мөлшерде көтереді. Басқа барлық мәселелер бойынша Аралық сот өзінің рәсімдер ережесін дербес анықтайды.
10-бап
Басқа құқықтық нұсқаулықтардың қолданылуы және арнаулы міндеттемелер
1. Егер қандайда бір мәселе бір мезгілде осы Келісім арқылы және Уағдаласушы Тараптардың екеуі де қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық Келісім арқылы реттелетін болса, осы Келісімнің бірде-бір ережесі Уағдаласушы Тараптың кез келгенінің немесе басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы инвестиция меншігі болып табылатын кез келген инвестордың ол үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын құқықтық ережелерді пайдалануына кедергі жасамайды.
2. Егер бір Уағдаласушы Тарап өзінің заңдары мен ережелеріне немесе келісім шарттардың басқа да арнаулы ережелеріне сәйкес екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына жасауға тиісті жағдай осы Келісімде жасалатын жағдайға қарағанда неғұрлым қолайлы болса, жағдайдың неғұрлым қолайлысы жасалады.
11-бап
Осы Келісімнің қолданылуы
Осы Келісімнің шарттары бір Уағдаласушы Тараптың инвесторлары басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында болашақта жүзеге асыратын инвестицияларға, сондай-ақ осы Келісім күшіне енген сәтке дейін заңдарға сәйкес жүзеге асырылған инвестицияларға қолданылатын болады.
12-бап
Келісімнің күшіне енуі, күшінде болуы және күшінде болу мерзімінің аяқталуы
1. Уағдаласушы Тараптар халықаралық келісімдердің күшіне енуіне қатысты Уағдаласушы Тараптардың әрқайсының Жарғы талаптарын орындағаны туралы хабарлайтын ноталар алмасады.
Соңғы нотаны алған күн осы Келісімнің күшіне ену күні болып табылады.
2. Осы Келісім он (10) жыл бойы күшінде болады, бұл мерзімнен кейін Уағдаласушы Тараптардың бірі басқа Уағдаласушы Тарапқа Келісімнің күшін жою туралы ниетін жазбаша хабарлаған күннен кейін он екі ай мерзім өткенге дейін күшінде бола береді.
3. Осы Келісімнің қолданылу күші тоқтатылғанға дейін жасалған инвестицияларға қатысты осы Келісімнің барлық алдыңғы баптарының шарттары оның қолданылу күші тоқтатылған күннен бастап он жыл бойы күшінде қала береді.
Осыны куәландыра отырып, біз, тиісінше өкілетті өкілдер, осы Келісімге қол қойдық.
Прага қаласында 1996 жылғы 8 қазанында екі нақты данада, қазақ, чех, және орыс тілдерінде жасалды, осы Келісімнің ережелерін дайындауда үйлеспеушілік пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар Келісімнің орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Чех Республикасы
үшін үшін
1996 жылғы 8 қазанда Прага қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық департаментінің
Басқарма бастығы Ж. Бұхбантаев