Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау, сондай-ақ кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 1230 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 143150151-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы;
      2) Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1230 қаулысымен  
бекітілген      

Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) лауазымды адам - кеден органы бірінші басшысының не оны алмастырушы тұлғаның бұйрығына сәйкес Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы жүргізу үшін жауапкершілік жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша), кеденнің, кеден бекеттерінің, кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамы;
      2) қаржы жылы - оның ішінде бюджеттің орындалуы жүзеге асырылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.
      Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

2. Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібі

      3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
      1) ақшамен;
      2) банк кепілдігімен;
      3) кепілгерлікпен;
      4) мүлік кепілімен;
      5) сақтандыру шартымен.
      4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу кеден органында төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы өтінішін осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын (бұдан әрі - Карточка) ресімдеу жолымен тіркеу күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      5. Карточка кеден органдарының кедендік баждардың, салықтардың теленуін қамтамасыз етуін есепке алу мақсатында ресімделеді және кеден органдары үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдауды, оның ішінде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде растайтын құжат болып табылады.
      6. Карточка екі данада ресімделеді және мынадай түрде бөлінеді.
      Карточканның бірінші данасы кедендік кірістер бөлімі (бөлімшесі) болып табылатын, оны тіркеген кеден органының құрылымдық бөлімшесінде қалады.
      Екінші данасы кедендік операция жасалатын кеден органының құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
      7. Карточканың тіркеу нөмірі мынадай құрылымнан тұрады:
      ООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
      ООООО — Карточканы тіркеген кеден органының коды;
      КК - тіркелген күні;
      АА - тіркелген айы;
      ЖЖ - тіркелген жылдың соңғы екі саны;
      ННННН - Карточканның реттік немірі.
      Осы Қағида күшіне енген күнінен бастап Карточканың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады. Әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Карточканың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады.
      8. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қабылдануын растайтын құжат кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған кеден органы тіркеген және берген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі - Сертификат) болып табылады.
      Сертификаттың нысаны және оны толтыру тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалады.
      9. Төлеуші олар бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілген кедендік операцияны аяқтаған кезде осы кедендік операция жүргізілген құрылымдық бөлімшенің лауазымды адамы бұл туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік кірістер бөліміне (бөлімшесіне) ақпараты жолдайды.
      10. Кедендік операция бойынша міндеттер орындалғаннан кейін төлеуші кедендік рәсімді жасау кезінде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы Карточканы ресімдеген кеден органына жазбаша нысанда жүгінеді.
      11. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару Кодекске сәйкес жүргізіледі.
      12. Кедендік кірістер бөлімінің (бөлімшесінің) лауазымды адамы кедендік баждардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару үшін кеден органының құрылымдық бөлімшесі ұсынған құжаттарды кедендік рәсімдерді жүргізу кезінде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалуын тексеруді жүзеге асырады.
      13. Кедендік кірістер бөлімі (бөлімшесі) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкалары тізілімінде ресімделген Карточкаларды осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепке алуды жүргізеді.
      14. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы негізінде осы Қағиданың 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша міндеттерді орындау мерзімінің өткен соң кеден органының қаржысын уақытша орналастыру шотына енгізілген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын есепке алу бойынша тізілімдерді (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастыру жүргізіледі.
      15. Тізілім Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көзделген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолданудың әрбір шарттары бойынша бөлек қалыптастырылады.

Кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны есепке алу тәртібі

      16. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшамен төлеуші қабылдаған міндеттемелердің орындалуын есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету үшін кеден органдары осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкалар (бұдан әрі - Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка) жүргізеді.
      17. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка төлеушілердің орындалмаған міндеттемелері бойынша бюджетке ақшаны уақытша орналастыру шотынан кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын уақтылы есептеуге, ақшаны уақытша орналастыру шотына, төлеушілердің орындалмаған міндеттемелер бойынша банк шоттарына енгізілген ақшаны қайтаруға, қамтамасыз ету сомасын кедендік баждар, салықтар бойынша алдағы міндеттемелер есебіне аударуға, уақытша арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды бюджетке аударуға немесе қайтаруға арналған.
      18. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка:
      1) қабылданған міндеттеменің негізінде кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген соманы есепке алу үшін әр төлеуші үшін жеке;
      2) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген уақытша арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын есепке алу бойынша әр төлеуші үшін жеке ашылады.
      19. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген кедендік баждар мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын төлеуді қамтамасыз ету сомасын есепке алу кеден органдарында қағаз тасымалдағыштарында және (немесе) автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі.
      20. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка әрбір төлеуші бойынша осы Қағиданың 3-тарауында көзделген тәртіппен жасалады.
      21. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшамен енгізілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы көрсетілетін төлем құжаттарының тізілімін кеден органы жүргізеді.
      22. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы ашу үшін төлемді қамтамасыз ету ретінде кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын енгізу негіздеме болып табылады.
      23. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка әр жылға ашылады: заңды тұлғалардың қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы ашқан кезде міндетті түрде мынадай деректемелер көрсетіледі:
      1) заңды тұлғаның толық атауы;
      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      3) заңды мекенжайы;
      4) кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуіш коды, экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіш коды.
      24. Жеке тұлғаның (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкаларында:
      1) тегі, аты және әкесінің аты;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      25. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын заңды және жеке тұлғалардың қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкаларында:
      1) тегі, аты және әкесінің аты;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке куәліктің/паспортының нөмірі мен берілген күні) көрсетіледі.

Банк кепілдігін есепке алу тәртібі

      26. Банк кепілдігін кеден органына төлеуші ұсынады.
      27. Кеден органы банк кепілдіктерін есепке алуды банк кепілдігін тізілімінде жүргізеді.
      28. Төлеуші ұсынған банк кепілдігінің түпнұсқалылығына және/немесе мазмұнына қатысты күдік туындаған кезде кеден органдары мұндай кепілдік берген банктен жазбаша нысанда растау сұратады.
      29. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемені орындағанға дейін банк кепілдігін кері қайтаруға болмайды.
      30. Төлеуші банк кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кеден органы кепіл мерзімі өтіп кеткенге дейін кепілгер банкке төлеушінің міндеттемесін берілген банк кепілдігі мөлшерінде орындау туралы талап қояды.
      31. Төлеуші олардың орындалуы үшін банк кепілдігі берілген міндеттемелерді орындаған жағдайда банк кепілдігін бақылаудан алынады, ал кепілгер банкке кеден органы кепіл қолданысының тоқтатылуы туралы хабарлайды.

Кепілгерлік шартын есепке алу тәртібі

      32. Кеден органы кепілгерлік шарттарының тізілімінде кепілгерлік шарттарын есепке алуды жүргізеді.
      33. Кодекстің 147-бабына сәйкес кепілдік беруші өсімпұлдарды төлеуді қоса алғанда, кеден органының алдында төлеушімен бірдей  көлемде жауапкершілікте болады.
      34. Төлеуші олардың орындалуы үшін кепілгерлік шарты жасалған міндеттемелерді орындаған жағдайда кепілгерлік шарты бақылаудан алынады, ал кеден органы кепілдік берушіге кепілгерлік шартының қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Мүлік кепілін есепке алу тәртібі

      35. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілін Қазақстан Республикасының азаматтық және кеден заңнамаларына сәйкес ресімделген мүлік кепілінің шарты негізінде қабылдайды.
      36. Мүлік кепілі түрінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету осы төлеушімен кепіл шартын жасасқан кеден органы алдында төлеушіде туындаған міндеттемелерге ғана таратылады.
      37. Кеден органы мүлік кепілі шарттарының тізілімінде мүлік кепілі шарттарын есепке алуды жүргізеді.
      38. Кеден органы алдында міндеттемелерді орындау мерзімі басталған кезде, егер бұл міндеттемелер орындалмаса, кеден органы кепілді, егер кепіл шартында өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен кепілдік затынан өндіріп алады.
      39. Төлеуші олардың орындалуы үшін мүлік кепілінің шарты жасалған міндеттемелерді орындаған жағдайда мүлік кепілінің шарты бақылаудан алынады, ал кеден органы кепілдік берушіге мүлік кепілі шартының қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Сақтандыру шартын есепке алу тәртібі

      40. Сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттарын беруді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясының негізінде Қазақстан Республикасы азаматтық және кеден заңнамаларының нормаларына сәйкес және көрсетілген операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.
      41. Кеден органына сақтандыру шартын төлеуші ұсынады.
      42. Кеден органы сақтандыру шарттарының тізілімінде сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізеді.
      43. Кеден органдары төлеуші ұсынған сақтандыру шартының түпнұсқалылығына және/немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған кезде осындай сақтандыруды жүзеге асырған сақтандыру ұйымынан жазбаша нысанда растама сұратады.
      44. Төлеуші сақтандыру шартымен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кеден органы кепілдік мерзімі өткенге дейін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі сомасының мөлшерінде төлеушінің міндеттемелерін орындау туралы сақтандыру ұйымына талап қояды.
      45. Сақтандыру жағдайы басталған кезде төлеуші мен сақтандыру ұйымы арасында жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасы бюджетке міндетті түрде аударуға жатады.
      46. Төлеуші олардың орындалуы үшін сақтандыру шарты ұсынылған міндеттемелерді орындаған жағдайда сақтандыру шарты бақылаудан алынады ал кеден органы сақтандыру ұйымына сақтандыру шартының қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау тәртібі

      47. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару немесе Кодекстің 151-бабының 3-тармағымен және 3-тарауымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай, тауарлары ішкі тұтыну немесе экспорттау үшін кедендік әкету рәсімдеріне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың сомасына негізделе отырып айқындалады.
      48. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын белгілеген кезде тауарлардың сипаты, олардың атаулары, саны, шыққан елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтер кеден органына ұсынылмағандықтан, төлеуге жататын кедендік баждар, салықтар сомасын айқындау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы кедендік баждар, салықтар ставкаларының, тауарлар құны және (немесе) мынадай әдістермен кеден органында қолда бар мәліметтер негізінде айқындалуы мүмкін табиғи түрдегі (саны, салмағы, көлемі немесе өзге сипаттамалары) физикалық сипаттамаларына сүйене отырып айқындалады:
      кедендік сараптама жүргізу;
      анықтамалық ақпаратты (журналдар, буклеттер, каталогтар, анықтамалар және басқалар) пайдалану;
      техникалық құжаттаманы және (немесе) сәйкестендіру құжаттарын пайдалану;
      ресми интернет-ресурстарды пайдалану.

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
1-қосымша

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасы
20___ жылғы «___»____________ №_____________

1.___________________________________________________________________
        (тұлғаның аты жөні және заңды мекенжайы (жеке тұлғаның тегі,
                        аты және әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
     өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірімен
               құжаттың берілген күні,
______________________________________________________________берілді
                сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайы)
2.___________________________________________________________________
                    (салық төлеушінің тіркеу нөмірі)
3.___________________________________________________________________
                              операция түрі
4.___________________________________________________________________
        (кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің
                       тәсілі мен сомасының мөлшері)
5. __________________________________________________________________
         (кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуге
                          кепілдік беруші болып
_____________________________________________________________________
        табылатын тұлға туралы ақпарат (банк, кепілгер, кепіл беруші,
                               сақтандыру ұйымы)
6. __________________________________________________________________
        (кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің
                            қолданылу мерзімі)
7. __________________________________________________________________
                  (кедендік операция жасалатын кеден органы)
8. __________________________________________________________________
        (осы қамтамасыз ету кедендік баждардың, салықтардың төленуін
           қамтамасыз етудің бас қамтамасыз етуі болып табыла ма)
9.___________________________________________________________________
         (бас қамтамасыз етуді қолдану кезінде БҚР нөмірі)
10. _________________________________________________________________
        (қамтамасыз ету карточкасын берген кеден органының лауазымды
                            адамының аты-жөні)
                                _____________________________________
                                     (қолы және жеке нөмірлі мөрі)

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
2-қосымша

Кедендік баждардың, салықтардың төлеуін қамтамасыз ету карточкасының тізілімі

Р/с №

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасының тіркеу нөмірі

Карточкаға өтініш берушінің аты-жөні

Карточкаға өтініш берушінің толық заңды мекенжайы

Карточканы ұсынған салық төлеушінің тіркеу нөмірі

Кедендік баждардың, салықтардың қамтамасыз етудің тәсілі

1

2

3

4

5

6







кестенің жалғасы

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасының мөлшері

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету кепілі (банк, кепілгер кепіл беруші, сақтандыру ұйымы)

Міндеттеменің қолданылу мерзімі

Бас қамтамасыз етуші

Карточканы берген кеден органның лауазымды адамының аты-жөні

7

8

9

10

11






Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
3-қосымша

Кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы төлеу құжаттарының тізілімі

Р/с №

Кеден органының атауы, орналасқан жері

Төлеушінің атауы, тұрғылықты жері және оның деректемелері

Міндеттемені қамтамасыз ету сомасы

Төлемді растайтын құжаттың, түбіртектің, төлем тапсырмасының нөмірі және күні

Қамтамасыз ету мерзімі

1

2

3

4

5

6







кестенің жалғасы

Міндеттеме орындалмаған жағдайда төленуге жататын сақтандыру төлемінің сомасы

Кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына енгізілген міндеттеменің орындалу мерзімі

Іс жүзінде атқару мерзімі

Кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына енгізілген қамтамасыз ету бойынша соманы өндіріп алу күні

Бюджетке аударылған сақтандыру төлемінің сомасы

Ескертпе

7

8

9

10

11

12







Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
4-қосымша

Банк кепілдігін беру тізілімі

Р/с №

Кепіл болып табылатын банктің атауы, орналасқан жері

Кепілдік шарты жасалған тұлғаның атауы орналасқан жері

Қамтамасыз ету енгізілген төлеушінің атауы, орналасқан жері және оның деректемелері

Кепілдік сомасы

Кепілдіктің нөмірі және берілген күні

1

2

3

4

5

6







кестенің жалғасы

Кепілдіктің қолданылу мерзімі

Кепілдік бойынша міндеттеменің орындалу мерзімі

Іс жүзінде орындалу мерзімі

Бюджетке кепілдік бойынша соманы өндіріп алу күні

Бюджетке аударылған кепілдік сомасы

Ескертпе

7

8

9

10

11

12







Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
5-қосымша

Кепілгерлік шарттарының тізілімі

Р/с №

Кепілдік берушінің атауы, орналасқан жері және оның банктік деректемелері

Кепілгерлік беру шарты жасалған тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, және оның деректемелері

Қамтамасыз ету енгізілген төлеушінің атауы, орналасқан жері және оның деректемелері

Кепілгерлік беру шарты бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдері

Міндеттемені қамтамасыз ету сомасы

Кепілгерлік шарттың нөмірі мен жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7








кестенің жалғасы

Кепілгерлік шартының қолданылу мерзімі

Міндеттеме орындалмаған жағдайда төленетін сақтандыру төлемнің сомасы

Кепілгерлік шарты бойынша міндеттеменің орындалу мерзімі

Іс жүзінде орындалу мерзімі

Кепілгерлік шарты бойынша соманы өндіріп алу күні

Бюджетке аударылған сақтандыру төлемінің сомасы

Ескертпе

8

9

10

11

12

13

14








Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
6-қосымша

Мүлік кепілі шартының тізілімі

Р/с №

Кепіл берушінің аты-жөні, оның мекен-жайы, СТН

Қамтамасыз ету енгізілген төлеушінің аты-жөні (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Міндеттемені қамтамасыз ету сомасы

Кепіл туралы шарттың жасалған күні

Кепіл түрі

Кепіл заттарының атауы және саны

1

2

3

4

5

6

7








кестенің жалғасы

Кепіл затының нарықтық құны

Шарт бойынша міндеттеменің орындалу мерзімі

Іс-жүзінде орындалу мерзімі

Кепіл затын сату күні

Кепіл затын сату кезеңінде алынған сома

Ескертпе

8

9

10

11

12

13







Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
7-қосымша

Сақтандыру шарттарының тізілімі
 

Р/с №

Сақтандырушының атауы, орналасқан жері және оның банктік деректемелері

Сақтандыру шарты жасалған тұлғаның атауы, тұрғылықты жері және оның деректемелері

Қамтамасыз ету енгізілген төлеушінің атауы, орналасқан жері және оның деректемелері

Міндеттемені қамтамасыз ету сомасы

Сақтандыру шартының нөмірі және жасалған күні

Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7








кестенің жалғасы

Міндеттеме орындалмаған жағдайда төленетін сақтандыру төлемінің сомасы

Сақтандыру шарты бойынша міндеттеменің орындалу мерзімі

Іс жүзінде орындау мерзімі

Сақтандыру шарты бойынша соманы өндіріп алу күні

Бюджетке аударылған сақтандыру төлемінің сомасы

Ескертпе

8

9

10

11

12

13







Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
8-қосымша

Қамтамасыз ету сомасын есепке алу жөніндегі жеке карточка

Төлеушінің атауы _________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі____________
Қазақстан Республикасының резидент емесі паспортының нөмірі мен берілген күні_____________________________
Мекенжай _________________________________
Телофон __________________________________
 

Р/с №

Құжаттың нөмірі мен күні (ДПО, КТС және т.б.)

Төленуін қамтамасыз ету шарттары (демпингке қарсы және өтем баждарын қорғау 143-б. 1-т)

Операция алдындағы сальдо

Кіріс

Міндеттерді орындау мерзімі (күні)

Құжаттың күні

Құжаттың нөмірі

Төленуін қамтамасыз ету сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8


















































Жиыны:







кестенің жалғасы

Шығыс

Төлем құжаттары

Төлеушіге қайтарылған сома

Басқа міндеттеме есебінен

Бюджетке аударылды

Күні

Нөмірі

КБК

Өзгелер

9

10

11

12

13

14











































кестенің жалғасы

Шығыс

Операция соңындағы сальдо

Бюджетке аударылды

Төлеушінің орындалмаған міндеттемелері бойынша

Алдағы төлем есебінен

Берешек есебінен

Төлеуді қамтамасыз ету әрекеттерінен асатын мерзім бойынша

15

16

17

18

19




































Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1230 қаулысымен 
бекітілген     

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді (бұдан әрі - бас қамтамасыз ету) қолдану тәртібін айқындайды.
      2. Бас қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының аумағында бір тұлға:
      бір кеден органында бірнеше кедендік операциялар жасағанда (қарапайым бас қамтамасыз ету);
      бірнеше кеден органдарында бірнеше кедендік операциялар (күрделі бас қамтамасыз ету) жасағанда кеден органдары қабылдайды.
      3. Кедендік операциялар жасалатын не басталатын кеден органына бас қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжат осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау (бұдан әрі - БҚР) болып табылады.

2. Кедендік операцияларды жасаған кезде бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі

      4. Кеден органдары төлеушінің жазбаша өтініші бойынша бас қамтамасыз етуді осы өтініште айқындалған мерзімге қабылдайды.
      5. Өтініш кеден органында тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей белгіленген нысан бойынша әр кедендік операцияға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасы (бұдан әрі - Карточка) ресімделеді.
      6. Карточка бірнеше данада ресімделеді және мынадай түрде бөлінеді.
      Карточканың бірінші данасы осы Карточканы ресімдеген кеден органының кедендік кірістер бөлімінде (бөлімшесінде) қалады;
      басқа даналары Карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының құрылымдық бөлімшелеріне және (немесе) кедендік операциялар жасалатын кеден органдарына беріледі (жолданады).
      7. Ресімделген Карточкалардың негізінде кедендік кірістер бөлімінің (бөлімшесінің) лауазымды адамы БҚР ресімдеуді жүргізеді.
      Бұл ретте көрсетілген лауазымды адам БҚР-ды есепке алуды, БҚР-да көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін енгізілген қамтамасыз ету сомасының жеткіліктілігін бақылауды жүргізеді.
      8. БҚР-ды тіркеу нөмірінің мынадай құрылымы бар:
      ООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
      ООООО - БҚР-ды тіркеген кеден органының коды;
      КК - тіркелген күні;
      АА - тіркелген айы;
      ЖЖ - тіркелген жылдың соңғы сандары;
      ННННН - БҚР-дың реттік нөмірі.
      БҚР-дың реттік сандарының нөмірленуі бір санынан басталады. Әрбір келесі жылғы 1 қаңтардан бастап БҚР-дың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады.
      9. БҚР екі данада ресімделеді және мынадай түрде бөлінеді:
      БҚР-дың бірінші данасы кедендік кірістер бөлімінде (бөлімшесінде) қалады;
      БҚР-дың екінші данасы төлеушіге беріледі.
      10. Кедендік кірістер бөлімінің (бөлімшесінің) лауазымды адамдары осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау тізілімінде (бұдан әрі - БҚР тізілімі) ресімделген БҚР-ды есепке алуды жүргізеді.
      11. Төлеуші кедендік операциялар жасау кезінде кеден органының және (немесе) осы кедендік операциялар жүзеге асырылатын кеден органдарының құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары төлеуші ұсынған БҚР-да көрсетілген ақпаратты кедендік кірістер бөлімі (бөлімшесі) ұсынған Карточкамен салыстыруды жүргізеді.
      12. Төлеуші кедендік операция жасау кезінде міндеттемелерді орындамаған кезде БҚР-ды ресімдеген кеден органы мынадай іс-қимылдың біреуін немесе бірнешеуін орындайды:
      ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын аударады;
      кепілгер банкке төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемесін орындауы туралы талап қояды;
      егер кепіл шартында өреше көзделмесе, сот тәртібімен кепіл затынан өндіріп алуды қолданады;
      кепілдік берушіге кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеу туралы талап жолдайды;
      сақтандыру ұйымына төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу бойынша міндеттемесін орындау туралы талап қояды.
      13. Карточкада көрсетілген мерзім өткенге дейін кедендік операциялардың бірін жасамаған кезде төлеуші кеден органының және (немесе) кедендік операция жасалуы тиіс кеден органының құрылымдық бөлімшесіне тиісті растама беру туралы өтінішпен жүгінеді.
      Төлеуші аталған растаманы алғаннан кейін оны БҚР-ды ресімдеген кедендік кірістер бөліміне (бөлімшесіне) кедендік баждардың, салықтардың сомасын қайтару үшін ұсынады.
      14. БҚР-да көрсетілген барлық операциялар бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін Карточканы және БҚР-ды ресімдеген кедендік кірістер бөлімінің (бөлімшесінің) лауазымды адамы БҚР тізілімінде тиісті жазбаларды қою жолымен БҚР-ды бақылаудан алады.
      15. Егер БҚР берілген мерзім өтіп кетсе, кеден органдары мұндай БҚР-ды қамтамасыз етуді растау құжаты ретінде қабылдамайды. Кедендік кірістер бөлімі (бөлімшесі) осындай БҚР-ды кедендік операцияны жүзеге асыру үшін Карточканы пайдаланбау фактісін тексергеннен кейін ғана БКР тізіліміне белгі қою жолымен өтейді.
      16. Кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелер кезінде алдыңғы кедендік операциялар бойынша міндеттемелер (талаптар, шарттар, тыйым салулар) орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда кедендік операциялар жасауға арналған БҚР көрсетілген міндеттемелер тиісінше орындалғанға дейін ресімделмейді.

3. Бірнеше кеден органдарында кедендік операцияларды жасау кезінде бас қамтамасыз етуді қолданудың тәртібі

      17. Осы Қағиданың 4 - 15-тармақтарының талаптары бірнеше кеден органдарында кедендік операцияларды жасау кезінде бас қамтамасыз етуді қолдануға да таралады.
      18. Төлеуші күрделі бас қамтамасыз ету бойынша кедендік операциялар жасау кезінде міндеттемелерді орындамаған жағдайда БҚР-ды ресімдеген кеден органы мына іс-қимылдардың біреуін немесе бірнешеуін орындайды:
      кедендік операция жасалған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органына төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын бюджетке ақшаны уақытша орналастыру шотынан аударады;
      кедендік операция жасалған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органы көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу бойынша төлеушінің міндеттемесін орындау туралы банк кепілін берген банкке талап қояды;
      сот тәртібімен кейіннен сатылған кепілдік затынан түскен қаражатты кедендік операцияны жасаған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органын көрсете отырып кепіл затын өндіріп алады;
      кедендік операцияны жасаған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органын көрсете отырып, кепіл берушіге кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеу туралы талап жолдайды;
      кедендік операцияны жасаған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органын көрсете отырып, сақтандыру ұйымына төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу бойынша міндеттемелерін орындау туралы талап қояды.

Кедендік баждардың, салықтардың
төленуін бас қамтамасыз етуді
қолдану қағидасына
1-қосымша

Нысан

Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету
_____________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы мен толық заңды мекенжайы (не тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні) және тіркеу нөмірі)

Р/с №

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген кедендік операцияның түрі

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасының нөмірі мен күні

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы

Кедендік операция басталған күн

1

2

3

4

5

6













кестенің жалғасы

Кедендік операцияны аяқтау жоспарланған күн

Кедендік операция нақты аяқталған күні

Кедендік рәсімнің аяқталуын тіркейтін кеден органының лауазымды адамының Т.А.Ә. және жеке нөмірлі мөрі

Кедендік рәсімнің жасайтын кеден органы немесе кеден органының құрылымдық бөлімшесі

Ескертпе

7

8

9

10

11











Кедендік баждардың, салықтардың
төленуін бас қамтамасыз етуді
қолдану қағидасына
2-қосымша

Нысан

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау тізілімі

Р/с №

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растаудың тіркеу нөмірі

Төлеушінің толық заңды мекенжайы мен атауы

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасының мөлшері

1

2

3

4

5

6

























кестенің жалғасы

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету кепілдігі (банк, кепілгер, кепіл беруші, сақтандыру ұйымы)

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растаудың қолданылу мерзімі

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкаларының нөмірі

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растауды ресімдеген кеден органының лауазымды адамының Т.А.Ә.

7

8

9

10

















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады