"KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1240 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің елу пайызын иелену және пайдалану құқығын;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің елу пайызын иелену және пайдалану құқығын берсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 237-33-жол алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-2-жолмен толықтырылсын:
      «291-2. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы»;
      мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне
      292-3. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.09.2014 № 995 қаулыларымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1240 қаулысына 
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі

      «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады