Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1317 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      1) «СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
      «2710 19 510 1*** - 2710 19 550 9» деген сандар «2710 19 510 1, 2710 19 510 9*** - 2710 19 550 9» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
      «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» «20», «98,13», «65,42», «65,42», «65,42»;
      3) «**СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа, жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде.» деген сөздер «** жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінен басқа.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкаларын есептеу ережесінде:
      4) көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      «СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
      «2710 19 510 1** - 2710 19 690 9» деген сандар «2710 19 510 1, 2710 19 510 9** - 2710 19 690 9» деген сандармен ауыстырылсын;
      5) көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      «СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
      «2710 19 510 1* - 2710 19 550 9» деген сандар «2710 19 510 1, 2710 19 510 9* - 2710 19 690 9» деген сандармен ауыстырылсын;
      кесте мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «2713 20 000 0 - 2713 90 900 0 0,8 0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15»
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы 1-тармақтың 2010 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1), 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады