Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.09 N 1421 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі
қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 жыл, № 27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «жасы 21-ден төмен емес» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы «21-ден» деген сөздер «19-дан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов