Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.11.2018 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларында:
"Төлемақының жылдық ставкалары, %" деген бағандағы "1,27" деген сандар "1,35703" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |