Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 62 және 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1362 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2  ақпандағы № 62 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 110-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      3-тармақта «сүт,» деген сөзден кейін «қой еті,» деген сөзбен толықтырылсын;
      2) «Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 111-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған өз төлінен өсірілген асыл тұқымды төлдің, сондай-ақ шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импортталған, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлінің құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;»;
      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауар өндірушілерге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алынған асыл тұқымды төл, сондай-ақ шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импортталған, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлі үшін;»;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «2010 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде тауар өндірушілер Бөлімге шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлін сатып алудың жоспарланған көлеміне өтінімдер береді.»;
      17-тармақта:
      «20 қарашадан» деген сөздер «25 желтоқсаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның бесінші абзацындағы «актісін.» деген сөз «актісін;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық асыл тұқымды төлін сатып алу кезінде:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      төлем құжаттарының көшірмелерін;
      4) шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық асыл тұқымды төлін лизинг шарты негізінде сатып алу кезінде:
      лизинг шартының көшірмесін;
      лизинг бойынша негізгі борышты өтеу кестесінің көшірмесін;
      өтеу кестесіне сәйкес лизингтің негізгі борышы бойынша қаражаттың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін;
      асыл тұқымды төлді беру және жеткізу актісін.
      Тауар өндірушілерге лизинг шарты негізінде сатып алынған шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымды төлі үшін субсидиялар төлеу лизинг шарты бойынша негізгі борышты төлеуге байланысты шығыстарды өтеу үшін олардың белгіленген арзандатылған құнынан аспайтын (50%-ға дейін) мөлшерде жүргізіледі.»;
      19-тармақтағы «23 қарашадан» деген сөздер «27 желтоқсаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтағы «26 қарашадан» деген сөз «29 желтоқсаннан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 5-бөліммен толықтырылсын:

«5. Шетелдік селекцияның ірі қара малының асыл тұқымды төліне бюджеттік субсидиялардың нормативі

Р/с

Малдың түрлері мен тұқымдары

1 басқа бюджеттік субсидиялар нормативі (50%-га дейін), мың теңге


Шетелдік селекцияның ет бағытындағы ірі қара малы

1.

Солтүстік Америкадан әкелінетін

330,0

2.

Еуропадан әкелінетін

304,0

»;

      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
      кестенің «Жылдық квота», «Бір бірлік (кг, т/с, доза, дана) үшін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге» және «Асыл тұқымды өнімнің асылдандыру мақсатына нақты сатып алынғаны (кг, т/с, дана, доза)» деген бағаны «дана», «доза» деген сөздерден кейін тиісінше «, мал басы» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады