Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 829 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1385 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 829 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «562336267 (бес жүз алпыс екі миллион үш жүз отыз алты мың екі жүз алпыс жеті)» деген сөздер «558480485 (бес жүз елу сегіз миллион төрт жүз сексен мың төрт жүз сексен бес)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады