Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 198 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «599838000 (бес жүз тоқсан тоғыз миллион сегіз жүз отыз сегіз мың)» деген сөздер «454785000 (төрт жүз елу төрт миллион жеті жүз сексен бес мың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «499838000 (төрт жүз тоқсан тоғыз миллион сегіз жүз отыз сегіз мың)» деген сөздер «354785000 (үш жүз елу төрт миллион жеті жүз сексен бес мың)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов