Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 198 Қаулысы

       «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Алматы облысының әкімдігіне аудару үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 454785000 (төрт жүз елу төрт миллион жеті жүз сексен бес мың) теңге сомасында, оның ішінде:
      Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан зардап шеккен Қызылағаш, Егінсу және Ақтоған ауылдарының тұрғындарына қажетті көмек көрсету үшін және сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру, тұрғын үйлерді жөндеу жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 354785000 (үш жүз елу төрт миллион жеті жүз сексен бес мың) теңге сомасында;
      тұрғын үйлер салу үшін нысаналы даму трансферттері түрінде 100000000 (бір жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 336, 2010.12.21 N 1393 Қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      2-1. Алматы облысының әкімдігін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылағаш су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылағаш, Егінсу ауылдарындағы және басқа елді мекендеріндегі төтенше жағдай зардаптарын жоюға 2010 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген тиісті жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтері есебінен 50000000 (елу миллион) теңгеден Алматы облысының бюджетіне аудару ұсынылсын.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.17 № 212 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады