Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 630 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалануға арналған операциялардың түрлері бойынша:
      1) барлауға арналған модельдік келісімшарт;
      2) өндіруге арналған модельдік келісімшарт;
      3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған модельдік келісімшарт;
      4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Құзыретті органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасассын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған модельдік келісім-шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі № 1015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 28, 356-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 213-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілдедегі № 1015 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 тамыздағы № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 288-құжат).
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1412 қаулысымен  
бекітілген      

БАРЛАУҒА АРНАЛҒАН МОДЕЛЬДІК КЕЛІСІМШАРТ

      Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының атынан құзыретті орган ретінде әрекет ететін

____________________________________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)
және
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(азаматтың аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы, бұдан әрі-жер қойнауын пайдаланушы)
арасындағы
____________________________________________________________________
      (әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
      (кен орны, учаске немесе блок)
____________________________________________________________________
      (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
барлауға арналған келісімшарт.
      Қазақстан Республикасының ____________________________________
      (әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
      (жер қойнауы учаскесі)
____________________________________________________________________
      (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
      барлауға арналған келісімшартқа Тараптар
___________________________________________________________________.
      (келісімшарт жасасуға негіз болатын конкурстық комиссия хаттамасына немесе
      ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер хаттамасына)

сәйкес 20 __ жылғы "___" ____________ қол қойды.

Мазмұны

1. Кіріспе
2. 1-бөлім. Анықтамалар
3. 2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты
4. 3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
5. 4-бөлім. Келісімшарттық аумақ
6. 5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа меншік құқығы
7. 6-бөлім. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және реквизициялау құқығы
8. 7-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері
9. 8-бөлім. Барлау кезеңі
10. 9-бөлім. Коммерциялық табу
11. 10-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу
12. 11 -бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау
13. 12-бөлім. Қаржыландыру
14. 13-бөлім. Салық салу
15. 14-бөлім. Бухгалтерлік есеп
16. 15-бөлім. Сақтандыру
17. 16-бөлім. Консервациялау немесе тарату және тарату қоры
18. 17-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау
19. 18-бөлім. Халықтық пен персоналдың қауіпсіздігі
20. 19-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі
21. 20-бөлім. Еңсерілмейтін күш
22. 21-бөлім. Құпиялылық
23. 22-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру
24. 23-бөлім. Қолданылатын құқық
25. 24-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
26. 25-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері
27. 26-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату шарттары
28. 27-бөлім. Келісімшарт тілі
29. 28-бөлім. Қосымша ережелер

Барлауға арналған келісімшартқа қосымша:
1-қосымша - Келісімшарт жасасуға негіз болатын Конкурстың комиссия шешімі немесе тікелей келіссөздер хаттамасы
2-қосымша - Конкурстың ұсынымдар
3-қосымша — Геологиялық бөлу
4-қосымша - Жұмыс бағдарламасы

Кіріспе

      Мынаны:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы
мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болатынын, Қазақстан
Республикасы жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз ету шарттарымен _________________________________________
                                          (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
барлауды жүзеге асыруға ниет білдіретінін;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа сәйкес
_______________________________ барлауды ұтымды әрі тиімді жүргізуге
      (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
ниеті және қаржылық, техникалық мүмкіндігі бар екенін;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі құзыретті органға келісімшарт жасасуға және орындауға құқық бергенін;;
      4) Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы
келісімшарт _____________________________ барлау жұмыстарын жүргізуде
               (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейді деп уағдаласқанын назарға ала отырып,
      құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы келісті:

1-бөлім. Анықтамалар

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мағынасы бар:
      1) мемлекет - Қазақстан Республикасын білдіреді;
      2) геологиялық ақпарат - геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық, аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
      3) геологиялық бөлу - барлауға құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын жүйелі және сипаттамалық жағынан айқындайтын, барлауға жасалатын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау жүргізуге қосымша;
      4) келісімшарттың қолданылатын жылы - григориан күнтізбесі бойынша тізбектеле келетін 12 айға тең кезеңді білдіреді, келісімшарттың түпмәтінінде ол тіркейтін құзыретті орган келісімшарттың күшіне енетін күнін мемлекеттік тіркеген сәттен немесе осы енудің кез келген жылынан басталады;
      5) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      6) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      7) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы — жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейінгі кезеңге немесе келісімшарттың қолданылуы аяқталғанға дейінгі мерзімге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу мерзімдерін айқындайтын құжат;
      8) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
      9) келісімшарттың күшіне енетін күні — осы келісімшарттың 3.6-тармағында көрсетілген күнді білдіреді;
      10) жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Заңды, оған өзгерістер мен толықтыруларды және көрсетілген Заңға сәйкес қабылданған, жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білдіреді;
      12) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
      13) келісімшарт - құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы арасында пайдалы қазбаларды барлау бойынша операциялар жүргізуге арналған шарт, сондай-ақ оның барлық қосымшалары;
      14) келісімшарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы геологиялық бөлумен айқындалатын аумақ;
      15) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
      16) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші - Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар;
      17) коммерциялық табу - келісімшарттық аумақтағы барлау нәтижесінде коммерциялық мүддені білдіретін, жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын табу;
      18) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
      19) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндірушінің тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тaуaрдың түпкi құнындaғы пайыздық үлесі;
      20) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс (қызметті) орындаушының еңбегіне ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
      21) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
      22) кен орны - құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;
      23) салық заңнамасы - "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілер;
      24) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
      25) бағалау жұмыстары - анықталған объектінің жалпы ресурстарын айқындау, олардың өнеркәсіптік маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатында жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
      26) жер қойнауын пайдаланушы - Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
      27) Үкімет - Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіреді;
      28) бағалау жұмыстарының жобасы - табылған объектінің жалпы ресурстарын айқындау, өнеркәсіптік маңызын жіті бағалау және оны өнеркәсіптік игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу әдістемесі мен көлемін белгілейтін, пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері мен көрініс-белгілері табылған жағдайда барлау жүргізген кезде жасалатын жобалау құжаты. Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемдерін көрсетеді;
      29) жобалау құжаттары - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстарын міндетті түрде ескеріле отырып, техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен жобаны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын бағалауды қоса алғанда, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары ескеріле отырып, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеудің, бағалаудың және игерудің техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткіштерін негіздейтін және белгілейтін құжаттар;
      30) мердігер - жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушымен шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны білдіреді;
      31) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;
      32) мемлекеттің басым құқығы — Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға бірінші кезекті құқығы;
      33) пайдалы қазба - химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары;
      34) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
      35) барлау - пайдалы қазбалар кен орнын іздеумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар (операциялар);
      36) жұмыс бағдарламасы - жобалау құжаттарында берілген көрсеткіштер негізінде жасалатын, келісімшарттың қолданылу мерзіміне көлемі мен шығындары бойынша жылдарға бөлініп жинақталған көрсеткіштері бар жер қойнауын пайдаланушы жоспарларының жиынтығын айқындайтын құжат;
      37) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызмет үшін де өзге қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
      38) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      39) электрондық сатып алу жүйесі - сатып алуды ұйымдастырушы (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе;
      40) тараптар — олар бірлесіп айқындалған құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушыны білдіреді;
      41) Қазақстанда шығарылған тауар - тауардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын, оның ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;
      42) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдықтар, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құнды заттар;
      43) үшінші тарап - келісімшарт бойынша тараптарды қоспағанда, кез келген заңды немесе жеке тұлғаны білдіреді;
      44) көрсетілетін қызметтер - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажетті қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
      45) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
      46) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық-экономикалық негіздеме - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, кен орындарын игеру жобасының техникалық және экономикалық параметрлерін және оны іске асырудың экономикалық мақсатқа сай екенін бағалауды қамтитын құжат;
      47) өлшеу/жеткізу пункті - кез келген көмірсутек шикізаты немесе ілеспе пайдалы қазбаларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағындағы көмірсутек шикізаты немесе ілеспе пайдалы қазбалар өндіру, тазалау (тиісті жұмыс бағдарламасына сәйкес) объектілерінен жеткізілетін және көмірсутек шикізаты мен ілеспе пайдалы қазбалар өлшенуге тиісті пункт;
      48) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін, келісімшартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болады;
      49) минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) — тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі, ол өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сұрыптауды), брикеттеуді, агломераттауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, ұсақ тау-кен жынысы бар кен орнын түйіршіктеу және гидравликалық жолмен игеру) қамтуы мүмкін.

2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты

      1. Келісімшарттың мақсаты мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған келісімшарттық аумақта (пайдалы қазба түрі көрсетілсін) барлау операцияларын жүргізу барысында тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау болып табылады.
      2. Келісімшартта тікелей келіссөздер нәтижелері немесе конкурс жеңімпазының конкурстық ұсынысы міндетті түрде бекітіледі. Келісімшарт талаптарының мемлекет үшін тиімділігі тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша не конкурстық ұсыныста белгіленген талаптардағыдан төмен болмауы керек.

3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

      1. Барлауға арналған келісімшарт_______мерзімге жасалған.
      2. Теңізде мұнай операцияларын жүргізген кезде барлау бойынша операцияларды жүргізу барысында егер, жер қойнауын пайдаланушы келісімшартың аяқталу мерзіміне алты ай қалғанға дейін құзыретті органға келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен мұндай ұзартудың себебін негіздей отырып жүгінсе, келісімшарттың мерзімін құзыретті орган екі жылға дейін ұзартуы мүмкін.
      3. Кен орындары анықталған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы оның бағалау үшін қажетті барлауды жүргізу барысындағы келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқына ие.
      4. Кен орындары табылған кезде бағалау үшін келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органға немесе жергілікті атқарушы органға, облыс, республикалық мәнге ие қалаға, астанаға келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуы тиіс.
      5. Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қаралуы тиіс.
      6. Келісімшарт келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісін міндетті түрде берумен құзыретті органда мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      7. Келісімшарттың қолданылу мерзімі өзгерген кезде келісімшартқа тараптардың қосымша келісімімен рәсімделетін тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      8. Келісімшарттың қолданылу мерзімі оның күшіне енетін күнінен қолданылатын күнін ескере отырып, Заңда және келісімшартта көзделген негіздемелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларды қоспағанда, келісімшарт қолданылатын соңғы күні аяқталады.

4-бөлім. Келісімшарттық аумақ

      1. Жер қойнауын пайдаланушы __________________________________
                                                (пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
барлауды келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын геологиялық бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінде жүргізеді.
      2. Егер _____________________________ барлауды жүргізу кезінде
                  (пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) геологиялық бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келісімшарт жобасын келісу және оны жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде конкурс өткізбей-ақ, келісімшарт талаптарын өзгерту жолымен шешуге тиіс.
      3. Келісімшарттық аумақты қайтарудың талаптары мен тәртібі Заңмен және келісімшартпен айқындалады.
      Келісімшарттық аумақты қайтару, коммерциялық табу жүргізілген аумақты қоспағанда, мынадай кесте бойынша жүзеге асырылады:
      келісімшарт қолданылуының екінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының үшінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының төртінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының бесінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының алтыншы жылының соңына %:
      Келісімшарттық аумақтың бөлігін қайтару қайтарылатын келісімшарттық аумақ бөлігін тиісті геологиялық бөлуден алып тастаумен геологиялық бөлуді қайта ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.
      4. Егер жер қойнауын пайдаланушы барлау жеріндегі операцияны жүргізетін кен орнының бір бөлігі басқа жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумағының шегінде болған жағдайда, онда мұндай жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің таңдауы бойынша:
      1) осы кен орнында барлау құқығына ие тек бір ғана жер қойнауын пайдаланушы қалатындай немесе бір келісімшарттың негізінде ішінара құқыққа ие бірнеше жер қойнауын пайдаланушы қалатындай етіп, жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде белгіленген беру рәсімдерін сақтай отырып, барлауды жүргізуге арналған өздерінің құқықтарын беруге;
      2) мұндай шартты құзыретті органмен алдын ала келісіп, жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер енгізе отырып, кен орнына бірыңғай тұтас нәрсе ретінде біртұтас барлауды жүргізу туралы шарт жасасуға міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылар осы талаптарды сақтамаған жағдайда, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушылардан кен орнында бірыңғай объект ретінде бірлескен барлау туралы шарт жасасуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Бірлескен барлау туралы шартты жасасу кезінде бүкіл кен орны үшін бірыңғай жұмыс бағдарламасы әзірленеді, ол жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен міндетті түрде келісуге жатады.
      6. Бірлескен барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өздеріне келісімшартта, сондай-ақ жұмыс бағдарламасында жүктелген міндеттемелерді орындау жөнінде ортақ жауапкершілікте болады.
      7. Бір келісімшарттық аумақ шегінде әр түрлі келісімшарттар бойынша екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақ шегінде жұмыстар жүргізудің тәртібі осындай жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісіммен айқындалады.
      8. Егер бір келісімшарттық аумақ шегінде әр түрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы мәселе бойынша келісімге келе алмаса, келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына құзыретті органмен жасалған келісімшарт бойынша барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен жасалған келісімшарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен жасаған келісімшарт бойынша барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы белгілеген келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін сақтауға міндетті.
      10. Бір келісімшарттық аумақ шегінде құзыретті органмен жасалған әртүрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына келісімшарт онымен бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      11. Келісімшарт онымен кешірек жасалған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің келісімшарт онымен бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы белгілеген тәртібін сақтауға міндетті.
      12. Бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізудің осы тармаққа сәйкес айқындалған тәртібі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы

      1. Барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
      Ақшаны, бағалы қағаздарды және өндірістік емес мүлікті қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлауды жүргізу үшін пайдаланатын жабдық пен өзге де мүлікке меншік құқықтарының ауысу мәселелері келісімшартта айқындалады.
      2. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының Қазақстан Республикасына ауысуына қарамастан, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай жабдықты және өзге де мүлікті құзыретті органның жазбаша хабарламасына сәйкес, басқа тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен сәттен бастап бір жыл ішінде не келісімшартта өзгеше белгіленген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыда мұндай жабдық пен өзге де мүлікті өз есебінен демонтаждау не келісімшарттық аумақтан әкету міндеті сақталады.
      Жабдықтың және өзге де мүліктің тиесілігіне қарамастан, мұндай жабдық пен өзге де мүлікті демонтаждауды және келісімшарттық аумақтан әкетуді жер қойнауын пайдаланушы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен, мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
      3. Құзыретті орган келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда жер қойнауын пайдаланушы технологиялық үрдістің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
      4. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген адамы ретінде іс-қимыл жасайды.
      5. Геологиялық ақпарат, егер ол жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік меншіктегі келісімшарттық аумақ бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен алады.
      7. Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны мемлекеттің бюджетіне төленеді.
      8. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін белгіленген тәртіппен міндетті түрде ақысыз беруге жатады.
      9. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз тапсыруға міндетті.

6-бөлім. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға және реквизициялау құқығы

      1. Мемлекеттің, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы мәмілелер жасасу кезінде қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, әлемдік нарықта мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөніндегі мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады.
      3. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, Үкіметтің жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі пайдалы қазбалардың бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау мемлекеттің мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше немесе соғыс жағдайының барлық қолданылу мерзімі ішінде жүргізілуі мүмкін. Пайдалы қазбаларды реквизициялау кез келген жер қойнауын пайдаланушыға меншік түріне қарамастан жүргізіледі.

7-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

      1. Жер қойнауын пайдаланушының:
      1) келісімшарттық аумақта ___________________________ барлауды
                                       (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
ерекше негізде жүргізуге;
      2) келісімшартта көзделген талаптарға және жобалаушы құжаттарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде барлау жөніндегі іс-әрекетті дербес жасауға;
      3) егер келісімшартта не мемлекеттің заңдарында өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералды шикізатты қалауынша пайдалануға;
      4) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде ______________________________________ барлау бойынша
                         (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
      5) заңмен бекітілген негізде және тәртіпте келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздерге бастамашылық жасауға;
      6) ____________________________барлаумен байланысты жұмыстардың
            (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға;
      7) Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
      8) Заңда немесе келісімшартта айқындалған жағдайларда _________
_____________(пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін) барлауды жүргізумен байланысты операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап барлауды жүргізуге кірісуге;
      2) барлау бойынша операцияларды келісімшартқа және мемлекет заңнамасына сәйкес жүргізуге, мемлекет заңнамасында белгіленген жер
қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;
      3) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген ______________________________ барлаудың неғұрлым тиімді әдістері мен
(пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
технологияларын таңдауға;
      4) барлау бойынша операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің,
денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      5) келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға;
      6) Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға (жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда);
      7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық сызбалардың ережелерін сақтауға;
      8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;
      9) мемлекетте өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және мемлекеттің техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға;
      10) егер осы көрсетілетін қызметтер мемлекеттің резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қазақстандық өндірушілерді тартуға;
      11) барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге, бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту конкурстық ұсыныста көзделгеннен темен болмайды, жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік жұмыстарға тартылған қызметкерлерді қоса алғанда жетекші құрам бойынша__%, жоғары және орта кәсіптік білімді мамандар бойынша__%, білікті жұмысшылар бойынша__%, соның ішінде жылдар бойынша:

жыл

басшы құрам

ЖБ және ОКБ мамандар

жұмысшылар

1 жыл




2 жыл




...




(бағалау бойынша)




      12) жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық қызметкерлерге тартылған шетелдік қызметкерлерге қатысты алғанда еңбекке ақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
      13) барлау барысында Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жыл сайынғы инвестициялардың көлемінің__ пайызы көлемінде қаржыландыруға міндетті. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған шығыстар мөлшері-жөніндегі міндеттемелер толық орындалмаған жағдайда, қаражаттың қалған бөлігі құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға пайдаланылады.
      14) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
      15) барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:

Жыл

тауарлар

жұмыстар

қызметтер

1 жыл




2 жыл







(бағалау кезінде)




      16) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда мемлекет Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға;
      17) құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) мемлекеттің жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес, жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы және басқа да ақпарат беруге;
      18) мемлекеттің бақылаушы органдары лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
      19) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      20) мемлекеттің заңнамасына, қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілген кеден декларациясына сәйкес уақтылы және толық көлемде кедендік төлемдерді төлеуге;
      21) өз қызметі барысында келісімшарттық аумақта орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға;
      22) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
      23) барлау бойынша операциялар жүргізу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттің заңнама талаптарын сақтауға;
      24) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;
      25) сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын ұсынуға;
      26) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;
      27) 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы кезеңдерге арналған орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
      28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
      29) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен мемлекеттің азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша мемлекеттің азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
      30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;
      31) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер (кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда) тізілімінде тіркелуге;
      32) құзыретті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;
      33) ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс-қағаздарын жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға;
      34) барлау операцияларын жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді мемлекет заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге;
      35) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      36) барлауды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелерін халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының зардаптарын мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға;
      37) келісімшарт және жобалаушы құжаттар ережелеріне сәйкес конкурстық ұсыныста көзделген немесе тікелей келіссөздер нәтижесінде келісілген шарттардан нашар болмайтын жағдайда жоғары технологияларды дамыту мен пайдалану, инфраструктуралық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану бойынша міндеттемелерді жүзеге асыруға;
      38) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджетіне конкурстық ұсыныста көзделген немесе тікелей келіссөздер хаттамасында көрсетілген мөлшерден төмен болмайтын __________ теңге көлемінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға төлемдер жүргізуге;
      39) * тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
      Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
      Ескертпе*: осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
      жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған;
      жерасты суларын барлауға арналған;
      емдік балшықтарды барлауға арналған;
      39-1) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар және тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп беруге;
      40) Заңда бекітілген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруды, мұндай рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) рұқсатымен жүзеге асыруға;
      41) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) хабарлауға;
      42) өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес, аудиторлық есеппен расталған есептілікті мемлекет Үкіметі бекіткен тәртіппен ұсынуға;
      43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушымен тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуды жоспарлау және жүргізу туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға шығындар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, бaрлaу жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғaлaрғa тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;
      44) кен орны табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұл жөнінде құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына отыз жұмыс күні ішінде хабарлауға;
      45) кен орны табылған жағдайда жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы бойынша құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы белгілеген мерзімде бағалау жұмыстарының жобасын жасауға;
      46) егер жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттық аумақта немесе осы келісімшартпен көзделген жұмыстар жүргізіліп жатқан өзге учаскелерде орын алған қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін қандай да бір жағдай немесе құбылыс туралы мәлім болса, онда дереу мемлекеттік органдарды хабардар етуге;
      47) бұдан бұрын келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесіне келісімшарт жасалған жағдайда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушымен және сенімгерлік басқарушымен жасалған шығындарды, оның ішінде осы келісімшарттың 5-тарауының 2-тармағына сәйкес, берілген мүліктердің құнын қоса алғанда өтеуге;
      48) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей, мұнай және газ саласындағы, қоршаған ортаны қорғау-саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдарға газды кәдеге жаратудың, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын орындау туралы есептерді жолдауға;
      49) келісімшарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге;
      50) кен орындарындағы сынамалы пайдалану кезінде мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде мұнай мен газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін кестелерде айқындалған көлемдерде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде өңдеуге арналған шикі мұнайды жеткізуге;
      51) келісімшартта жер қойнауын пайдаланушының заңнамаға қайшы келмейтін өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы):
      1) келісімшарт шарттары бойынша жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерде және оның орындалу үрдісінде мемлекетті танытуға;
      2) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт талаптарының орындалуына бақылау және мониторинг жүргізуге;
      3) техникалық регламенттерде және мемлекеттің өзге заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      4) жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарт талаптарының орындалуының есебін беруді үнемі талап етуге. Жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарт шарттарына және мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарына қатысты өзге де ақпаратты сұратуға;
      5) жер қойнауын пайдаланушыдан жұмыс бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты талап етуге;
      6) жер қойнауын пайдаланушыдан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын сұратуға;
      7) жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарттық міндеттемелері орындауын талап етуге;
      8) келісімшарттық аумақтағы кез келген жұмыстарға қол жетімділік;
      9) Заңда көзделген жағдайларда бір жақты тәртіпте келісімшарт қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      4. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы):
      1) келісімшарт қолданысының орындалуы мен тоқтатылуын қамтамасыз етуге;
      2) келісімшарт талаптарының орындалуына бақылау жүргізу барысында жер қойнауын пайдаланушының жобалаушы құжаттарда және келісімшартта көзделген талаптарға сәйкес, өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасауға құқығын бұзбауға;
      3) келісімшартқа сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

8-бөлім. Барлау кезеңі

      1. Барлау кезеңі _____ (алты жылдан артық емес) тізбекті жылдан тұрады және кен орны табылған жағдайда оны бағалау үшін қажетті кезеңге ұзартылуы мүмкін.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт күшіне енгеннен кейін ______ күннен кешіктірмей барлау жұмыстарын жұмысын бастауы тиіс.
      Жер қойнауын пайдаланушы алдын ала___күн бұрын құзыретті органды кен орнында барлау басталуының нақты күні туралы хабардар етеді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайынғы барлау жөніндегі операцияларды келісімшартқа, бекітілген жобалаушы құжаттарға, жұмыс түрлері, олардың көлемдері мен шығындарын көздейтін жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы барлауды жүргізуден басқа, келісімшарт шарттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес, коммерциялық табу жүргізілген аумақтарды қоспағанда, келісімшарттық аумақтарды қайтаруға міндетті;
      5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының қайтарылатын учаскелерін анықтайды және бұл туралы құзыретті органға ____ күннен _____ (мерзімін көрсету) хабарлауы тиіс.
      6. Қайтарылатын учаскелер мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы барлау салдарынан бүлінген қайтарылатын аумақтарды және өзге де табиғи объектілерді одан әрі тікелей мақсатына пайдалануға жарамды қалыпқа дейін өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.

9-бөлім. Коммерциялық табу

      1. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органын) отыз жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауы тиіс.
      2. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) хабарламаны алғаннан кейінгі бір ай мерзімде бағалау жұмыстары кезегіне өтуге рұқсат береді. Бағалау жұмыстар кезегіне өту барысында келісімшарттың жұмыс бағдарламасына міндетті түрде өзгеріс енгізіледі.
      3. Табуды растау мен оны бағалау мерзімін құзыретті орган жер қойнауын зерттеу мен пайдалану бойынша құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) тұжырымдамасы бойынша белгілейді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы хабарлайды.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы бағалау жұмыстары кезеңіне өту кезінде Заңға сәйкес, бағалау жұмыстарының жобасын әзірлейді. Бағалау жұмыстарында қатты пайдалы қазбаларды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы немесе көмірсутекті шикізат бойынша пайдалану сынамасы болуы мүмкін.
      5. Бекітілген жоба бойынша анықталған жұмыс көлемі мен жағдайына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, бекітілген жобаға енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың жобасы жасалады.
      6. Бағалау жұмыстарының жобасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен тыс, сондай-ақ бағалау жұмыстарының жобасы талаптарын бұза отырып кен орындарына бағалау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру немесе сынамалы пайдалану жобасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен тыс, сондай-ақ осындай жобаның талаптарын бұза отырып, жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.

10-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу

      1. Өлшеу барлауға арналған келісімшартқа сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ала отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге немесе табудың Сынамалы пайдалануға құқылы болған жағдайларда қолданылады.
      2. Келісімшарттық аумақта өндірілген ________________________,
                                                     (пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
(мұнайды қоспағанда) өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекетте қолданылатын әдістер мен тәжірибеге сәйкес жүргізеді.
      3. _____________________ өлшеу және таразылау үшін қолданылатын
      (пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
жабдық пен аспаптарды сынақтан өткізу мемлекеттің метрология және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      4. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы Үкімет бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      5. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы құрлықта орналасқан өлшеу пункттарында және Үкімет бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      6. Егер сынақ немесе тексеру кезінде жабдықтар немесе аспаптардан ақау байқалса, бүліну мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ақау мерзімі ақау табылған күнге дейінгі алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретінде белгіленеді.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген уақыт кезеңі сайын құзыретті орган және метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен мұнайды таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.

11-бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау

      1. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін бекітілген бюджетке және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына сәйкес мердігерлерді тартуға құқылы.
      2. Егер мемлекеттің заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттің мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы мердігерлерді тартуды жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алудың Үкімет  бекіткен тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мердігерлердің жер қойнауын пайдаланушымен жасалған мердігерлік шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) алдында жауапты болады.
      4. Барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді мемлекет заңнамасына сәйкес сатып алуға міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдалаушылар мен олардың мердігерлері мемлекет аумағында тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алуға байланысты рәсімдерді жүзеге асыруға міндетті.

12-бөлім. Қаржыландыру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес келісімшарт бойынша өз қызметін қаржыландыру жөнінде міндеттеме алады.
      2. Келісімшарт бойынша қызметті қаржыландыру өз қаражаты есебінен де, тартылған қаражат есебінен де жүргізілуі мүмкін.
      3. Келісімшартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлері мемлекет заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердігерлері валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

13-бөлім. Салық салу

      1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемесін орындаудан босатпайды.
      2. Келісімшартты жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонустың белгіленген сомасының елу пайызын 20 жылғы «___» №___ төлем тапсырмасы бойынша төледі.
      3. Қол қойылатын бонустың мөлшердегі қалған (сомасы көрсетілсін) елу пайызын жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт күшіне енгеннен кейінгі отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді.
      4. Қол қойылатын бонус көлемі конкурстық ұсыныста (тікелей келіссөздер өтінімінде) көзделген көлемнен төмен бола алмайды.
      5. Қол қойылатын бонус бойынша төлемнің кезеңділігі мен тәртібі мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындардың өтеу бойынша төлемді жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудың № ___ _______________ бойынша және мөлшерде, мемлекеттің салық заңнамасында бекітілген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органмен құпиялылық туралы келісімге сәйкес төлейді.
      7. Қол қойылған бонустың уақтылы және толық төленуін бақылау мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

14-бөлім. Бухгалтерлік есеп

      1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы мемлекет заңнамасының, халықаралық стандарттардың немесе шетел мемлекеттерінің стандарттарының талаптарына және бухгалтерлік есеп шотының үлгі жоспарларына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін, олардың қажеттілігіне мен қызмет ерекшелігіне сүйене отырып, жер қойнауын пайдаланушы есепке алу саясатын қабылдауға міндетті.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      2. Активтерді сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда жымқыру мен қателесу оқиғаларын анықтау мен алдын алу бойынша шараларды қоса алғанда, мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын сақтау, есеп саясатын, операцияларды тиімді жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.

15-бөлім. Сақтандыру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мемлекет заңнамасына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы меншік иесі ретінде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің меншік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      3. Қызметшілердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін жағдайлардан, олардың мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан оны міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      4. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға оның авариялық ластануы салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Үкімет анықтайтын тізбеде көзделген, шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын субъект ретінде міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасауға міндетті.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатқызылған жер қойнауын пайдаланушы қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иесі ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырған жағдайда міндетті экологиялық сақтандыру тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бөлігінде ғана жасалады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің заңнамасында көзделген міндетті сақтандырудың өзге де түрлерін жүзеге асырады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушының ерікті сақтандыру шарттарын жасасуы оны міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
      7. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде келісімшарт қолданылатын мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушы мынадай сақтандыруды жүзеге асырады:
      1) Келісімшарттық аумақта _____________________________________
                          (Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияның түрі көрсетілсін)
келісімшарттық аумақтан/қа тасымалдау кезінде пайдаланылатын немесе пайдалану жоспарланып отырған барлық жабдықтарды, ғимараттарды, технологиялық объектілерді және барлық түрдегі тауарларды қамтитын мүлікті зардаптан сақтандыру;
      2) Барлауға байланысты туындаған үшінші тұлғалардың мүлкіне және (немесе) өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру:
      құрлықтағы барлау жөніндегі операцияларға қатысты бір оқиға бойынша 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен;
      теңіздегі барлау жөніндегі операцияларға қатысты бір оқиға бойынша 9 000 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде сақтандыру.
      3) Мынадай шығыстарды жабуды қамтамасыз ететін, зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің өзге де қаржылық шығындар тәуекелдерінен сақтандыру:
      а) атқылайтын ұнғыманы бақылауға алу жөніндегі шығыстар;
      б) атқылау нәтижесінде ұңғыманы жоғалтқан жағдайда қайталама бұрғылауды жүзеге асыру жөніндегі шығыстар;
      в) ұңғыманың атқылауы нәтижесінде орын алған ластануды тазалау мен оқшаулау жөніндегі шығыстар;
      а) - в)-тармақшалар бойынша мұндай сақтандырудың жалпы сомасы:
      құрлықтағы барлау жөніндегі операцияларға қатысты бір оқиға бойынша 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен;
      теңіздегі барлау жөніндегі операцияларға қатысты бір оқиға бойынша 9 000 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде жүзеге асырылады.
      4) Жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерін медициналық сақтандыру.
      8. Осы бөлімнің 7-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын сақтандыру шарттары жер қойнауын пайдаланушының мүдделеріне қатысты төмендетудің болмауы шартымен қосымша сақтандырылғандар ретінде мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді, аффилиирленген тұлғаларды және басқа тұлғаларды қамтуы мүмкін.
      9. Осы бөлімге сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жасасатын сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушы ұйым қабылдайтын тәуекел Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта сақтандыруға жататын болса, сақтандырушы ұйым мұндай қайта сақтандыруды келесі сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ұйымдарда қамтамасыз етуі тиіс:
      мына рейтингтік агенттіктердің бірі растаған халықаралық шәкіл бойынша қаржылық қамтамасыз етудің халықаралық рейтинги бар:
      Standard & Poors - А- төмен емес
      немесе FITCH - А- төмен емес
      немесе Moody's Investors Service - A3 төмен емес
      немесе, тек қана акцияларына (қатысу үлестеріне) ұлттық компания тікелей немесе жанама иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты, акцияларының (қатысу үлестерінің) 100%-на ұлттық компания тікелей немесе жанама иелік ететін сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ұйым болып табылатын ұйымдар.
      10. Келісімшарт күшіне енгеннен кейін___ күн ішінде жер қойнауын пайдаланушы осы бөлімге сәйкес сақтандыру көзделген барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасын жасайды және құзыретті органға келісуге жібереді.

16-бөлім. Консервациялау, тарату және тарату қоры

      1. Барлау жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалаушы құжаттарға және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларда қолданылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды, әр түрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, барлау жөніндегі жұмыстар жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.
      2. Барлау жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Барлауды тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілерді жою немесе консервациялау басталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.
      3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және Үкімет бекітетін жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидаларының негізінде жобаны жобалау мен іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.
      4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстар Құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.
      6. Объектіні жоюмен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою үшін тарату қорын құрады.
      8. Барлау кезеңінде тарату қорына аударымдар барлауға жылдық шығындардың 1 %-ынан кем емес мөлшерде мемлекет аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік есеп-шотқа аударылады.
      9. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
      10. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі және салық салынатын табысқа енгізіледі.
      11. Тарату немесе консервация жобасы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақтағы қызметі барысында пайдаланылған объектілерді таратуды немесе консервациялауды көздейді.
      12. Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.
      13. Құзыретті орган келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатқан жағдайда тарату қоры Заңның 72-бабының 10-тармағымен анықталатын
сенімгерлік басқарушыға беріледі.

17-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау

      1. Өз қызметін жүзеге асыруда жер қойнауын пайдаланушы мынадай жалпы экологиялық талаптарды сақтауға міндетті:
      1) жер қойнауын мемлекеттің экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес пайдалану;
      2) жер бетін кен орнын игерудің арнайы әдістерін қолдану есебінен сақтау;
      3) жердің техногендік шөлейттенуін болдырмау;
      4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында қауіпті техногендік үрдістердің алдын алу шараларын қолдану;
      5) Жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орнын игеру мен пайдалануды қиындататын өзге де күтпеген факторлардан қорғауды жүзеге асыру;
      6) жер қойнауының ластануының алдын алу;
      7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырумен байланысты объектілерді консервациялау мен таратудың бекітілген тәртібін сақтау;
      8) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
      9) тиімді сызба бойынша жұмыстар басталғанға дейін автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ басқа әдістерді пайдалану арқылы бұзылатын және иеліктен шығарылатын жерлер аумақтарын азайту;
      10) топырақтың жел эрозиясын, өндіріс қалдықтарының қышқылдануы мен өздігінен жануының алдын алу;
      11) ластануды болдырмау үшін тартылатын және тұщы сулы жерлерді оқшаулау;
      12) жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу, сонымен бірге шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде улы емес реагенттерді қолдану;
      13) бұрғылау ерітінділерін тазарту мен қайта пайдалануды жүргізу;
      14) бұрғылау және жанар-жағар материалдар қалдықтарын таратуды экологиялық қауіпсіз жолмен жүзеге асыру;
      15) шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде улы емес реагенттерді қолдану;
      16) мұнай шоғырларының қабатішілік қысымын қолдау жүйесінде мұнай кәсіпшілігі ағындарын тазалауды және қайта пайдалануды жүзеге асыру.
      2. Жер қойнауына нормативтік көрсеткіштерге дейін тазартылмаған ағын суларды төгуге тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбамен ілеспе өндірілген суларды кері ағызу, сондай-ақ мемлекет заңнамасымен көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама мен өзге сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар және технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбаларды өндіруге технологиялық ерітінділерді жер қойнауына ағызу ағын суларды төгу деп есептелмейді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) халықаралық тәжірибелерде қабылданған стандарттарға негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;
      2) жер қойнауын тиімді пайдалануды, қызметкерлердің, тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық сызбалар мен жұмыстар жүргізу жобаларын сақтауға міндетті.
      4. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыруының міндетті шарты болып жер қойнауы ластануының алдын алу мен барлау жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз ету табылады. Жер қойнауын тиімді әрі кешенді пайдалану саласында:
      1) жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) бай учаскелерді таңдап өндіруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
      3) кен орнын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бір жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және қосалқы компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алу;
      4) бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді жою;
      5) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
      6) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындата түсетін басқа да дүлей факторлардан қорғау;
      7) барлау операцияларын жүргізу барысында жер қойнауының ластануын, әсіресе мұнайды, газды немесе басқа да заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;
      8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
      9) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету қажет.
      5. Пайдалы қазбаларды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру (пайдалану сынамасы) шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрі болып табылады және жер қойнауын пайдаланушы мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) ұңғымалардың және тау-кен қазбаларының құрылымы сенімділік, технологиялылық және экологиялық қауіпсіздік бөлігінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуі тиіс;
      2) дизель-генераторлық және дизельдік құрылғыларды қолданумен бұрғылау және басқа жұмыстар барысында мұндай құрылғылардан тазартылмаған газдардың атмосфераға шығуы олардың техникалық сипаттамаларына және экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс;
      3) құрылғыны монтаждауға даярлау жұмыстарын жүргізу барысында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде барлау жөніндегі құрылыстарды салу барысында топырақ қабаты алынып аймақты кейінгі рекультивациялау үшін жеке сақталады;
      4) улы заттардың табиғи объектілерге етуін болдырмау мақсатына технологиялық алаңдарды гидрооқшаулаумен қалдықтарды жинау мен сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуі тиіс;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ұңғыма салынған жағдайда тек қана амбарсыз технологияны қолдану қажет;
      6) бекітілген талаптарға сәйкес бұрғылау барысында қайта пайдалану, қоршаған ортаға қайтару мақсатында бұрғылау, карьерлік, шахталық ағын суларды, бұрғылау ерітіндісін бейтараптандыру және шөгінділерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс;
      7) көмірсутектік негіздегі (әк-битумды, инвертті-эмульсионды және басқа) бұрғылау ертінділерін қолданған жағдайда ауа ортасының газдануының алдын алу бойынша шаралар қабылдануы тиіс;
      8) өртену және адамдарды улау мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында пирофорлы түзілістерді, шөгінділерді және кернді кему қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органмен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен келісілген жобаға сәйкес жүргізіледі;
      9) барлау операцияларын өткізуге арналған құрылыстарды іске қосу жобалаушы құжаттармен көзделген барлық экологиялық талаптарды толық көлемде орындау шартымен жүргізіледі;
      10) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен құрылғыларды демонтаждау аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша жұмыстар жүргізіледі;
      11) бұрғылау ұңғымаларын, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануы тоқтатылған ұңғымаларды жер қойнауын пайдаланушы реттеуші құралдармен жабдықтайды, мемлекет заңнамасына сәйкес консервациялайды немесе таратады;
      12) қызметі жер асты сулары объектілеріне жағымсыз әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін жер қойнауын пайдаланушылар су объектілерінің ластануы мен сарқылуының алдын aлу шараларын жүргізуге міндетті;
      13) ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты су объектілерінің су жиналу алаңдарында қалдықтарды кому, молалар, және жер асты суларының жай-күйіне әсерін тигізетін өзге де объектілерді салуға жол берілмейді;
      14) сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының бұл ұңғымаларды бұрғылау ауданындағы арнайы тексеруден кейін берілетін оң қорытындылары болған жағдайда жол беріледі;
      15) өндірістік, емдік минералды суларды пайдаланғаннан кейін төгу мемлекеттің су заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс;
      16) келісімшарт аумағындағы ұңғымаларды консервациялау мен тарату мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі;
      17) игерілген суларды сіңірме ұңғымаларға кері айдау жүргізілетін ауданда су пайдаланушының күшімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісілген жоспар бойынша жақын жердегі ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасын жүйелі зертханалық тексеру ұйымдастырылуы тиіс.
      6. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру (сынамалы пайдалану) кезінде жер қойнауын пайдаланушы міндетті:
      1) қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының келісімімен су қорын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жер асты су объектілеріне төгілуге жол беретін зиянды әсердің нормативтерін сақтауға;
      2) төгілетін судың химиялық құрамын өзінің немесе мемлекеттік техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген өзге зертханаларда анықтауды қамтамасыз етуге;
      3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына ластаушы заттардың апаттық шығарылулары, сондай-ақ жер асты суларын алу режимі мен оларға суларды кері айдау объектілері режимінің бұзылуы туралы ақпаратты беруге.
      7. Жер қойнауын пайдаланушыға:
      1) құрылысқа берілген учаскеден тыс өсімдік және топырақ қабаттарын бүлдіруге;
      2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын үстіңгі су объектілері мен жер қойнауына төгуге;
      3) егер бұл жер асты су объектілерінің жай-күйіне әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, жерлерді ағын сулармен суғаруға;
      4) шаруашылық-ауыз су сулары бар қабаттарға ерітінділер мен
материалдар жіберуге;
      5) бұл ұңғымалар шаруашылық-ауыз су сумен қамту немесе емдік мақсатта пайдаланылатын немесе пайдалануға жарамды су қабатын ластау кезі болуы мүмкін жағдайда өндірістік, емдік минералды және жылу энергетикалық ағын суларды төгу үшін сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға;
      6) сумен қамту қайнар көздерін санитарлық қорғау аймақтарында сіңірме ұңғымалар мен құдықтарды құруға;
      7) радиоактивті заттары бар игерілген суларды сіңірме ұңғымалар мен құдықтарға төгуге тыйым салынады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшарт бойынша өз қызметі нәтижелерінің тигізетін әсерін зерттеу мен жағымсыз әсерді уақтылы жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында жер қойнауы мен қоршаған ортаның мониторингін жүргізуі тиіс.
      9. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі және зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асыруға тиіс. Бұл ретте мұндай теңізді заңды пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңіз қорғау аймақтары немесе қауіпсіздік аймақтары тәртібін сақтаулары тиіс.
      10. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын.
пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғаудың ең озық тәжірибесін басшылыққа алуға міндетті.
      11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жер қойнауын пайдалану туралы Заңда анықталған тәртіпте бекітуге міндетті. Бұл бағдарламалар жүргізілетін мұнай операцияларына ішкі бақылау, персоналды оқыту, ұңғымаларды бақылауға алу, апаттық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету, теңізде апаттарды болдырмау және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөніндегі іс-шараларды қамтуға тиіс.
      12. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы апаттар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданылған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшін өзінің қолжетімді барлық құралдармен теңіздің ластануын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.
      13. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды судың деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болғызбайтындай не барынша азайтатындай етіп жүргізуге міндетті.
      14. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болғызбау жөнінде арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттары құрамында бекітуге міндетті.
      Бұл бағдарламалар барлау немесе ендіру объектілерін теңіз аясынан қорғаудың тиісті дәрежесімен жедел консервациялау жөніндегі, сақтаудағы мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерітінділерін және қоршаған ортаға зиян: келтіретін өзге де заттарды су басқан аймақтан шығару жөніндегі, теңіз ластанған жағдайда ластану ошақтарын оқшаулау және суды тазарту жөніндегі, теңізді заңды пайдалануға және үшінші тұлғалардың өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыруына жол беретін іс-шараларды қамтуға тиіс.
      15. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өзінің қолжетімді барлық құралдармен теңіздің ластануы қауіптілігінің салдарын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті және жедел түрде ластану оқиғасы жайлы өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі құзыретті органдарға хабарлауға міндетті.
      16. Теңізде өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңіз жабдығында немесе отыз минут шегінде қол жететін жерде теңізді тазарту бойынша жұмыс жүргізуге қажетті мөлшерде құрал-жабдықтары, материалдар мен заттары болуы тиіс. Материалдар Мен заттарға, олардың саны мен қол жетімділігіне арналған нормативтер мен талаптар мемлекет заңнамасында айқындалады.
      17. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде жүргізілетін операциялардың адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
      18. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларды салуға және пайдалануға тыйым салынады.
      19. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастауға және теңіз түбіне көмуге тыйым салынады.

18-бөлім. Халықтық пен персоналдың қауіпсіздігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы __________________________________
                                    (пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
келісімшартқа сәйкес барлауды жүргізу барысында жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің мемлекеттің заңнамасында көзделген ережелері мен нормалары қамтамасыз етілуін, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіптік ауруларының, апатты оқиғаларды жою мен алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуі тиіс.
      2. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, _____________________________ барлау жүргізуге тыйым салынады.
      (пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
      3. Барлау жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі талаптар мыналар:
      1) жұмысқа арнаулы дайындығы және біліктілігі бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиісті арнаулы білімі бар адамдарды, мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес міндетті медициналық тексерулерді өткен адамдарды жіберу;
      2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киімдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
      3) қауіпсіздік талаптарына және санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
      4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
      5) жұмыстардың технологиялық циклін қамтамасыз етуге қажет және қауіпті жағдайларды болжауға жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де байқау кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
      6) кеніш атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды. және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;
      7) жұмысты жүргізудің қауіпсіз аймақтарының шектерін анықтайтын техникалық құжаттаманы және апаттарды жоюдың жоспарларын деректермен уақтылы толықтыру;
      8) газдардың күтпеген жерден шығуын, судың, пайдалы қазбалардың және тау-кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуін, сондай-ақ тау-кен соққыларын болжау және олардың алдын алу жөніндегі арнаулы іс-шараларды жүзеге асыру.
      4. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақтарда халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті ұйымдардың басшылары ол туралы жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
      6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқығы жоқ. Қауіпті болдырмау үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы барлаудың әсер ету аймағынан халық көшірілгеннен кейін ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес азаматтың денсаулығына жер қойнауын пайдаланушының алдындағы келісімшарттық міндеттемелерін және еңбек міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зардаптың орнын толтырады.
      8. Барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жұмыстар жүргізудің оң тәжірибесіне негізделе отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, мүліктің жойылу қаупін туғызатын авариялар мен басқа да жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жөніндегі операцияларды жүргізу барысында, сондай-ақ өнеркәсіптік және өзге де мұнай-газ құбырларын салу мен пайдалану барысында апаттар мен өзге жағдайлардың алдын алу бойынша шаралардың бағдарламасын әзірлеуі және оларды жобалаушы құжаттар құрамында бекітуі тиіс.
      10. Барлау операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде мердігер пайдаланатын жабдық және өзге де мүлік техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      11. Сынамалы пайдалану кезіндегі мұнайды төгу және құю режимі, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның өмірлік циклінің үрдістеріне қатысты техникалық регламенттерде белгіленген өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келуге тиіс.
      12. Сынамалы пайдалану кезінде мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін жеткізілетін мұнай мемлекеттің техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.
      13. Барлау жөніндегі операцияларды жүргізу және мұнай мен газды Сынамалы пайдалану үшін тасымалдау барысында қауіпсіздік шараларының кешені белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жобалау құжаттарында көзделуі тиіс.

19-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне қабылдаған төмендегі міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі ретінде (айыппұл, өсімпұл) жауапкершілікте болады:
      1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
      2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
      3) міндеттемелерді орындамағаны үшін (салықтық міндеттемелерді қоспағанда, көрсету) мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 30 %-ы мөлшерінде;
      4) кеден одағының және мемлекеттің кеден заңнамасында белгіленген мөлшерде кедендік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
      Бұл ретте, егер нарықта әрекет етуші құндардың өзгеруінен және басқа да жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелсіз жағдайлардың себебінен жер қойнауын пайдаланушының фактілі шығыстары келісімшартты жасау, жұмыс бағдарламасы мен құжат жобаларын бекіту кезінде ескерілгеннен кем болып шықса, бірақ бұл ретте келісімшартта, жұмыс бағдарламасы мен құжат жобаларында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушы міндеттерінің физикалық көлемі, толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының фактілі шығыстарының осылай азаюы келісімшарт шарттарын бұзу және айып немесе айыппұл салуға негіз болып табылмайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Мемлекет аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленудің Үкімет белгілеген тәртібі бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстарынан алып тасталады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы заңнаманы бұзуы мемлекет заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктейді.
      4. Мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан зиян келтірген тұлғалар, егер тек зиян еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, келтірілген зиянды мемлекеттің заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтеуге міндетті.
      5. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, Үкімет белгілеген тәртіппен айқындайды.
      6. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттің экологиялық заңнамасына сәйкес айқындайды.
      7. Сақтық аймағының шектерінде барлау бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушының кінәсіне қарамастан, оның келісімшарттық аумақта теңіз ластанған жағдайда қоршаған ортаға, жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген залал үшін жауапкершілікте болады.
      8. Мемлекет заңнамасы талаптарын бұза отырып жасалған жер қойнауын пайдалануға қатысты мәмілелер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады. Шарттардың жарамсыздығының салдары мемлекеттің Азаматтық кодексімен анықталады.
      Мұндай шарттардың жасалуына кінәлі тұлғалар мемлекет заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікте болады.

20-бөлім. Еңсерілмейтін күш

      1. Келісімшарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
      2. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдаяттар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, табиғи зілзалалар (өрт және т.с.). Келтірілген тізбе бәрін толық қамтыған болып табылмайды.
      3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші тарап бұл туралы кездейсоқ оқиға мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын анықтаған жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу жолымен екінші тарапқа дереу хабарлайды.
      4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту мәліметі үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      5. Еңсерілмейтін күш мән-жайларымен байланысты келісімшарт бойынша жұмыстардың толық немесе ішінара тоқтауы кезінде, бұл жұмыстардың жүргізілу кезеңі еңсерілмейтін күшке қолданылу мерзіміне ұзартылады және еңсерілмейтін күш тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.

21-бөлім. Құпиялылық

      1. Келісімшартты орындау үдерісінде қандай да болмасын тараптың алған немесе сатып алған ақпаратты құпия болып табылады. Тараптар мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есеп берулер құрастыру үшін құпия ақпаратты пайдалана алады.
      2. Тараптардың екінші тараптың келісімінсіз құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда беруге құқығы жоқ:
      егер бұл ақпарат сотта іс қарауды жүргізу барысында пайдаланылса;
      ақпарат жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін үшінші тұлғаға мұндай үшінші тарап мұндай ақпаратты құпия қарап және оны тараптар белгілеген мақсаттарға және белгіленген мерзімдерде ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайда;
      ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайда;
      ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтік міндеттерін орындауы барысында берілсе.
      3. Тараптар, мемлекет заңнамасына сәйкес, келісімшарттық аумақта ________________ барлау жүргізуге байланысты және геологиялық
(пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
ақпараттарды қамтитын барлық құжаттардың, ақпараттардың және есептердің құпиялығын сақтау мерзімін айқындайды.
      4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

22-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы туралы заңмен және келісімшартпен бекітілген талаптарды сақтай отырып, келісімшарт бойынша құқықтар мен олардың бір бөлігін беруге құқылы.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру мына жолмен анықталады:
      1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық иеліктен шығару;
      2) жер қойнауын пайдалану құқығын, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
      3) банкроттық жағдайындағы конкурстық өндіріс үрдісінде жер қойнауын пайдалану құқынан айыру;
      4) жер қойнауын пайдалану құқығына иелікті, оның ішінде кепілзат кезінде өндіріп алу.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру Заңда белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) рұқсатымен жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығы айналымындағы алғашқы шығарылым, акциялар немесе акцияға меншік құқығын растайтын басқа да құнды қағаздар немесе жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларында конверсияланған құнды қағаздар, оның ішінде ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында қосымша эмиссиялар шеңберінде шығарылған мұндай құнды қағаздардың тұңғыш рет орналастырылуы құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) рұқсатымен жүзеге асырылады.
      5. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін) кепілге беру белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығы кепілге қойылып алынған кредит келісімшартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген, жер қойнауын пайдаланушылардың өздері немесе жер қойнауын пайдаланушылар оның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын еншілес компаниялар пайдалануы тиіс.
      6. Осы бөлімнің 3-тармағының ережелері Заңда тікелей көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға ішінара беру жағдайында жер қойнауын пайдаланушы және осындай тұлға келісімшарт бойынша бірлесіп құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт не келісімшарт бойынша қызмет шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт құзыретті органмен (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен) келісіледі және келісімшарт тараптары үшін міндетті күші бар келісімшартқа толықтыру болып табылады.
      8. Иелері бірнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін беру жағдайында мұндай беру осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелерінің келісімімен ғана мүмкін болады.
      9. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа қандай да болсын қатысуы сақталатын кезге дейін ол және жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлға келісімшарттың негізінде туындаған міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілік атқарады.
      10. Жер қойнауын пайдалану құқығын толық беру жер учаскесін қайта, ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарт талаптары бойынша қалыптастырылған тарату қорын қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
      11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша барлық шығындар, егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының шығыстарына жатқызылады.
      12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеп соғады және осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәміле жасасу фактісі болмаған кезде не жер қойнауын пайдаланушының мұндай құқықты беру туралы құзыретті органнан рұқсаты болмаған кезде (рұқсат беруден бас тарту жағдайында), немесе құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) жер қойнауын пайдалануға рұқсат беруіне негіз болған жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) дәйексіз ақпарат беру фактісі анықталған кезде, не осы бөлімнің келісімшарттағы осы бөлімнің 6-тармағының ішінара беру туралы ережелері сақталмаған жағдайда келісімшартты тіркеуден бас тартуға құқығы.
      13. Жер қойнауын пайдаланушы заңмен көзделген құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) рұқсатынсыз жасаған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де әрекеттер жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады.
      14. Жасалған мәміле туралы құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) ол жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарламау мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

23-бөлім. Қолданылатын құқық

      1. Келісімшарт және Келісімшарт негізінде қол қойылған басқа да келісімдер үшін, егер мемлекет ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, мемлекеттің құқығы қолданылады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы құқын беруге жолданған мәмілелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерге мемлекеттік құқық қолданылады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақтарда және онымен жапсарлас учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекетпен қабылданған халықаралық міндеттемелелерді сақтауға өзіне жауапкершілік алады.
      4. Мемлекет қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келмейтін болса, мемлекеттің жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының нормалары шекара маңындағы кен орындарында өткізілетін барлауға қатысты операцияларға, теңізде жүзеге асырылатын мұнай операцияларына қатысты қолданылады.
      Каспий теңізінде, аумақтық сулардың шегінде, құрлықтағы шекара маңы кен орындарында мемлекет ратификациялаған халықаралық келісімшарттарда белгіленген барлауға қатысты операцияларды өткізудің тәртібі мен жағдайлары мемлекет заңнамасы алдында басымдылыққа ие болады.

24-бөлім. Дауларды шешу тәртібі

      1. Келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      2. Егер келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы алты ай мерзімде шешілмейтін болса, онда тараптар дауларды Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.

25-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері

      1. Жер қойнауын пайдаланушыға мемлекет заңнамасына сәйкес оның құқықтары қорғалатынына кепілдік беріледі.
      2. Келісімшарт шарттарына өзгерістер мен толықтырулар, егер Заңда және келісімшартта басқаша қарастырылмаса тараптардың келісімі бойынша енгізуге жол беріледі.
      3. Тараптардың біреуінің талабымен келісімшарттың мәніне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу мемлекеттің заңы мен келісімшартта көзделген негізде және тәртіпте рұқсат етіледі.
      4. Егер стратегиялық мәнге ие жер қойнауына (кен орындары) қатысты учаскелерде барлау бойынша операциялар жүргізу барысындағы жер қойнауын пайдаланушылардың әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын мемлекеттің экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соқса, құзыретті орган мемлекеттің-экономикалық мүддесін қалпына келтіру мақсатында келісімшарт шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді талап етуге құқылы.
      5. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметтерінің нәтижесін төмендетіп жіберетін өзгерістер мен толықтырулар егер ол осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізгенге дейін енгізілген болса, келісімшартқа қабылданбайды.
      6. Осы келісімшарттың 25-тарауының 5-тармағында белгіленген кепілдіктер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.

26-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру шарттары

      1. Егер тараптар келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, келісімшарт қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
      2. Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ тараптардың бірінің талабы бойынша осы Заңда көзделген жағдайларда жол беріледі.
      3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын келісімшарт қолданысын тоқтатуға құқылы:
      1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзуды құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаса;
      2) Заңға сәйкес мұндай рұқсат ету талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның рұқсатыныз жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді берген кезде.
      Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
      4. Осы келісімшарттың 25-тарауының 4-тармағында көзделген жағдайда құзыретті орган бір жақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы, егер:
      1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге келмесе;
      3) мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, бір жақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, мемлекеттің экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын болса, Үкіметтің шешімі бойынша құзыретті орган келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың қолданысын бір жақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
      Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган ол жөнінде жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
      6. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес басқа да мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және келісімшарттың қолданысын бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге немесе келісімшартта белгіленген негіздер бойынша келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.
      8. Келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      9. Құзыретті органмен келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде технологиялық үрдістің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
      10. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз тапсыруға міндетті.
      11. Тараптар жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттың тоқтатылғандығы туралы хабарлама тапсырылғанға дейін орындалмай қалған ағымдағы міндеттемелерді орындау жауапкершілігінен босатылмайды.
      12. Егер барлау бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орны шегара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған міндетті.
      Аумағында не заңды құзырында осы шекара маңындағы кен орнының бір бөлігі бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық келісімдері болмаған жағдайда, құзыретті орган шекара маңындағы кең орнында мұндай мемлекетпен тиісті келісімге қол жеткізгенге дейін барлауды тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте кездейсоқ жағдайлар жөніндегі барлауды жаңғыртуға құзыретті орган рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданылуын үзген болып есептеледі.

27-бөлім. Келісімшарт тілі

      1. Келісімшарттың мәтіні тараптардың әрқайсысы үшін _______ данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және барлық даналары бірдей болады.
      Келісімшарт тараптарының келісуіне сәйкес, келісімшарт мәтіні басқа шетел тіліне аударылуы мүмкін.
      2. Мәтіннің нұсқалары арасында келісімшарттың мағынасы мен талдануын анықтау барысындағы келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда ________________ нұсқасы басым күшке ие болады.
            (тілі көрсетілсін)
      3 Тараптар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін қатынас тілдері ретінде қолданылатындығына уағдаласады.
      4. Келісімшарт күшіне енген күннен бастап барлау жүргізуге қатысты техникалық құжаттамалар және ақпараттар
__________________________________________________________________
      (пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жасалатын болады.

28-бөлім. Қосымша ережелер

      1. Осы келісімшартты іске асыруға байланысты талап етілетін барлық хабарламалар мен құжаттар, осы келісімшарт бойынша тараптардың әрқайсысына ұсынылған және жеткізілген деп, оларды алу фактісі бойынша есептеледі.
      2. Хабарламалар мен құжаттар тікелей тараптардың қолына тапсырылады немесе пошта, тапсырыс авиапоштасы, факс, бойынша жіберіледі.
      3. Осы келісімшарт бойынша мекен-жайлар өзгерген кезде тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа 7 күннің ішінде жазбаша хабарлама ұсынуға. міндетті.
      4. Келісімшарттың барлық қосымшалары оның құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады. Қосымшалардың және келісімшарттың өзінің ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, келісім-шарттың негіз қалаушы мәні болады.
      5. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың жазбаша келісімімен ресімделеді. Мұндай келісім келісімшарттың құрамдас бөлігі болып табылады. Келісімшарттардың өзгерістері мен толықтырулары құзыретті органда міндетті тіркеуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер және толықтырулар олар тіркелген кезінен бастап күшіне енген деп танылады.
      6. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) Заңмен көзделген жағдайларда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған барлауға арналған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
      7. Барлауға арналған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде келісімшартқа қосымша келісімді белгіленген тәртіппен келіседі және жасасады, онда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелері, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет үзілісімен байланысты мәселелер және жауапкершілік мәселелері реттелуі тиіс. Құзыретті органның шешімі бойынша келісімшартқа қосымша келісімді келісу және жасасу үшін осы тармақта көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
      8. Осы келісімшартқа 20__ (жылы) ____(күні) ____________(айы) ___________ қаласында (Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
      9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

Барлауға арналған   
модельдік келісімшартқа
қосымша        

2010 жылғы "___"__________
тіркеу № ___ келісімшартқа
№ 4-қосымша      

Барлауға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
_________________________________
(пайдалы қазба түрі көрсетіледі)

      Жұмыс бағдарламасы бекітілген күнге АҚШ долларының бағамы


өлшем бірлігі

барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Қаржылық міндеттемелер (ҚМ)

мың теңге/$





Инвестициялар, барлығы

мың теңге/$





күрделі шығындар, барлығы

мың теңге/$





оның ішінде: ғимарат, құрылыстар

мың теңге/$





жайластыру, қайта жаңарту

мың теңге/$





машина, құрал-жабдықтар

мың теңге/$





көлік құралдары

мың теңге/$





қоршаған ортаны қорғауға/тазалық құрылғыларына жұмсалатын шығындар

мың теңге/$





барлауға арналған шығындар, барлығы

мың теңге/$





оның ішінде: іздеу бағыттары

мың теңге/$





қума км





геологиялық түсіру жұмыстары

мың теңге/$





кума км





топографикалық жұмыстар

мың теңге/$





кума км





литогеохимиялық жұмыстар

мың теңге/$





кума км





тау-кен жұмыстары

шаршы км





мың теңге/$





геофизикалық жұмыстар, жиыны:

кума км





оның ішінде сейсмикалық барлау

шаршы км





(2 D және/немесе 3 D)
 

мың теңге/$





кума км





сейсмикалық барлау деректерін өңдеу мен түсіндіру

шаршы км





мың теңге/$





сейсмикалық барлау деректерін қайта өңдеу мен түсіндіру

нүктелер






мың теңге/$






кума км






мың теңге/$





ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер және ұңғымалық геофизика

шаршы км





мың теңге/$





бұрғылау жұмыстары

мың теңге/$






мың теңге/$






кума км





объектілерді сынау мен байқау

ұңғыма






мың теңге/$





гидрогеологиялық жұмыстар

нысандар





инженерлік-геологиялық жұмыстар

мың теңге/$






бр/см





минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту)

мың теңге/$





геологиялық барлау бойынша басқа да жұмыстар (көрсету)

бр/см





Оның ішінде:

мың теңге/$





жобалау

мың теңге/$





геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп құрастыру

мың теңге/$





басқа да пайдалану шығыстары (негізгі баптарын көрсете отырып)

мың теңге/$





Технологиялар сатып алу

мың теңге/$





Оның ішінде отандық технологиялар

мың теңге/$





Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымдарын дамыту

мың теңге/$





жер қойнауы жағдайының мониторингі

мың теңге/$





Тәуекелді сақтандыру, барлығы

мың теңге/$





(негізгі түрлерін көрсету)

мың теңге/$





Тарату қорына жіберілетін аударымдар

мың теңге/$





ҚР азаматтарын оқыту, біліктілігін жоғарылату, қайта даярлау

мың теңге/$





Еңбекақы төлеу қоры

мың теңге/$





жанама шығыстар (негізгі баптарды көрсету)

мың теңге/$





оның ішінде Қазақстан аумағында

мың теңге/$





салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер, барлығы

мың теңге/$





қол қойылатын бонус

мың теңге/$





тарихи шығындар

мың теңге/$





(Бюджетке төлеуге жататын барлық салықтар мен міндетті төлемдерді көрсету)

мың теңге/$





Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2010 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1412 қаулысымен   
бекітілген       

ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН МОДЕЛЬДІК КЕЛІСІМШАРТ

      Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының атынан құзыретті орган ретінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
                     (мемлекеттік органның атауы)
және
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
               (азаматтың аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы,
____________________________________________________________________
                   бұдан әрі-жер қойнауын пайдаланушы)
арасындағы
____________________________________________________________________
     (әкімшілік-аумақтың бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
                 (кен орны, учаске немесе блок)
____________________________________________________________________
              (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
барлауға арналған келісімшарт.
      Қазақстан Республикасының ____________________________________
           (әкімшілік-аумақтың бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
                   (жер қойнауы учаскесі)
____________________________________________________________________
              (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
барлауға арналған келісімшартқа Тараптар
____________________________________________________________________
(келісімшарт жасасуға негіз болатын конкурстық комиссия хаттамасына
____________________________________________________________________
     немесе ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер хаттамасына)

сәйкес 20___жылғы «___» _____________ қол қойды.

Мазмұны

1. Кіріспе
2. 1-бөлім. Анықтамалар
3. 2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты
4. 3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
5. 4-бөлім. Келісімшарттық аумақ
6. 5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа меншік құқығы
7. 6-бөлім. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және реквизициялау құқығы
8. 7-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері
9. 8-бөлім. Өндіру кезеңі
10. 9-бөлім. Коммерциялық табу
11. 10-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу
12. 11-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау
13. 12-бөлім. Қаржыландыру
14. 13-бөлім. Салық салу
15. 14-бөлім. Бухгалтерлік есеп
16. 15-бөлім. Сақтандыру
17. 16-бөлім. Консервациялау немесе тарату және тарату қоры
18. 17-бөлім. Жер қойнауын мен қоршаған ортаны қорғау
19. 18-бөлім. Халықтық және персоналдың қауіпсіздігі
20. 19-бөлім. Мердігердің (Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы)
21. 20-бөлім. Еңсерілмейтін күш
22. 21-бөлім. Құпиялылық
23. 22-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру
24. 23-бөлім. Қолданылатын құқық
25. 24-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
26. 25-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері
27. 26-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату талаптары
28. 27-бөлім. Келісімшарт тілі
29. 28-бөлім. Қосымша ережелер

Өндіруге арналған келісімшартқа қосымша:
1-қосымша - Келісімшарт жасасуға негіз болатын Конкурстың комиссия шешімі немесе тікелей келіссөздер хаттамасы
2-қосымша - Конкурстың ұсыныс
3-қосымша — Тау-кендік бөлу
4-қосымша - Жұмыс бағдарламасы

Кіріспе

      Мынаны:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігі болатындығын, Қазақстан Республикасы жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шарттарымен _____________________________
                              (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
өндіруді жүзеге асыруға ниет білдіретіндігін;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа сәйкес ____________________________________________________________________
      (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
өндіруді ұтымды, қауіпсіз, кешенді әрі тиімді жүргізуге ниеті және қаржылық мүмкіндігі бар екендігін;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі құзыретті органға келісімшарт жасасуға және орындауға құқық бергендігін;
      4) Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) Қазақстан Республикасы _________________ облысы, ____________________ ауданында орналасқан
_________________ кен орнында _____________________________________
      (атауы)                   (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізгендігін және конкурстық комиссия онымен өндіруге арналған келісімшарт жасалуы тиіс конкурс жеңімпазы деп _________________________ анықтағандығын;
                          (конкурс жеңімпазын көрсету)
      немесе
      Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының ____-бабына сәйкес
      Негізге алынып өндіруге арналған келісімшарт жасалуы тиіс тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған келісімшарт жасасу құқығын иеленушімен _______________________________________________
                              (ұлттық компанияны немесе
___________________________________________________________________
      коммерциялық табуды жасаған тұлғаны көрсету)
тікелей келіссөздер жүргізгендігін;
      5) Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт _________________________________ кен орнында
                  (кен орны мен оның орналасқан жерін көрсету)
__________________________________ өндіруде өздерінің өзара құқықтары
(пайдалы қазбаның түрін көрсету) мен міндеттерін реттейді деп уағдаласқандықтарын, козерға ала отырып, жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы келісті:

1-бөлім. Анықтамалар

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мағынасы бар.
      1) кен орнын игеруді талдау - пайдалану объектісін игеру үдерісінде ұңғымалар мен қаттарды геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ мұнай өндіруді оңтайландыру мен оны алу коэффициентін ұлғайту мақсатында мұнай мен газ қорларының ағымдағы орналасуын және өнімділік қаттарда жүріп жатқан үдерістерді анықтау үшін және осының негізінде игеруді реттеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлей отырып, игеру көрсеткіштерінің динамикасын кешенді зерделеу;
      2) мемлекет — Қазақстан Республикасын білдіреді;
      3) геологиялық ақпарат - геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
      4) тау-кендік бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) жасалатын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құжат;
      5) келісімшарттың қолданылу жылы - григориан күнтізбесі бойынша тізбектеле келетін 12 айға тең кезеңді білдіреді, келісімшарт контекстінде ол келісімшарттың күшіне енген күнінен немесе осы енудің кез келген жылынан басталады;
      6) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      7) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімдік бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы — жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейінгі кезеңге немесе келісімшарттың қолданылуы аяқталғанға дейінгі мерзімге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу мерзімдерін айқындайтын құжат;
      9) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі — Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
      10) келісімшарттың күшіне ену күні — осы келісімшарттың 3-тарауының 2-тармағында көрсетілген күнді білдіреді;
      11) өндіру - минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) барлық кешені;
      12) жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Заңды, оған өзгерістер мен толықтыруларды және аталған Заңға сәйкес қабылданған, жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білдіреді;
      13) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
      14) келісімшарт - құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялар жүргізуге арналған шартты, сондай-ақ оның барлық қосымшаларын білдіреді;
      15) келісімшарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
      16) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
      17) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші - Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар;
      18) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
      19) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық үлесi;
      20) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
      21) тарату қоры — Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
      22) кен орны - құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;
      23) салық заңнамасы - Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексі (Салық кодексі), сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілер;
      24) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
      25) бағалау жұмыстары - анықталған объектінің жалпы ресурстарын айқындау, олардың өнеркәсіптік маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатында жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
      26) жер қойнауын пайдаланушы - Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
      27) Үкімет - Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіреді;
      28) жобалау құжаттары - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен жобаны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын бағалауды қоса алғанда, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары ескеріле отырып, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеудің, бағалаудың және игерудің техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткіштерін негіздейтін және белгілейтін құжаттар;
      29) мердігер — жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушымен шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны білдіреді;
      30) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;
      31) мемлекеттің басым құқығы - Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға бірінші кезекті құқығы;
      32) пайдалы қазба - химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары;
      33) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
      34) кен орнын өнеркәсіптік игерудің жобасы - берілген өнімділікті және өндіруге ілеспелі басқа да өндірістік операцияларды қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді айқындайтын, тиісті кен орнында пайдалы қазбалар өндіру тәсілін, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу параметрлерін реттейтін жобалау құжаты;
      35) кен орындарын өнеркәсіптік игеру - жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды ескере отырып, одан пайдалы қазбалардың бекітілген қорларын алуға бағытталған жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;
      36) жұмыс бағдарламасы - жобалау құжаттарында берілген көрсеткіштер негізінде жасалатын, келісімшарттың қолданылу мерзіміне көлемі мен шығындары бойынша жылдарға бөлініп жинақталған көрсеткіштері бар жер қойнауын пайдаланушы жоспарларының жиынтығын айқындайтын құжат;
      37) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызмет үшін де өзге қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
      38) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      39) электрондық сатып алу жүйесі - сатып алуды ұйымдастырушы (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе;
      40) Тараптар - олар бірге айқындалған құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) мен жер қойнауын пайдаланушыны білдіреді;
      41) Қазақстанда шығарылған тауар - тауардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғанын растайтын, оның ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;
      42) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдықтар, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құнды заттар;
      43) үшінші тұлға — келісімшарт бойынша Тараптарды қоспағанда, кез-келген жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді;
      44) көрсетілетін қызметтер - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажетті қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
      45) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
      46) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық-экономикалық негіздеме - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, кен орындарын игеру жобасының техникалық және экономикалық параметрлерін және оны іске асырудың экономикалық мақсатқа сай екенін бағалауды қамтитын құжат;
      47) өлшеу/жеткізу пункті - кез келген көмірсутек шикізаты немесе ілеспе пайдалы қазбаларға қатысты Қазақстан Республикасы аумағындағы көмірсутек шикізаты немесе ілеспе пайдалы қазбалар өндіру, тазалау (тиісті жұмыс бағдарламасына сәйкес) объектілерінен жеткізілетін және көмірсутек шикізаты мен ілеспе пайдалы қазбалар өлшенуге тиісті пункт;
      48) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін, келісімшартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болады;
      49) минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі, ол өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сұрыптауды), брикеттеуді, агломераттауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, ұсақ тау-кен жынысы бар кен орнын түйіршіктеу және гидравликалық жолмен игеру) қамтуы мүмкін.

2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты

      1. Келісімшарттың мақсаты мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған келісімшарттық аумақта ___________________________________
                                    (пайдалы қазба түрін көрсету)
өндіруді жүргізу барысында Тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау болып табылады.
      2. Келісімшартта міндетті түрде тікелей келіссөздер нәтижелері немесе конкурс жеңімпазының конкурстық ұсынысы бекітіледі. Келісімшарттың талаптары Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша не конкурстық ұсыныста белгіленген талаптардан төмен болмауы керек.

3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

      1. Өндіруге арналған келісімшарт өндіру жұмыстарын жүргізу жобасында айқындалған мерзімге жасалады және _____ жылды құрайды (жиырма бес жылдан аспайды, ал пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорлары бар кен орындары бойынша қырық бес жылдан аспайды).
      2. Келісімшарт құзыретті органда келісімшартты мемлекеттік тіркелу сертификаты міндетті түрде беріле отырып, ол мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық міндеттемелерді бұзбаған жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың аяқталуына дейін алты айдан кешіктірмей, құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен мұндай ұзартудың себебін негіздей отырып жүгінсе, құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өндіруге арналған келісімшарттың мерзімін ұзартады.
      4. Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.
      5. Келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту кезінде келісімшартқа Тараптардың қосымша келісімімен ресімделетін тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      6. Келісімшарттың қолданылу мерзімі оның қолданылу мерзімі мен күшіне ену күні ескеріле отырып, Заңда және келісімшартта көзделген негіздемелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларды қоспағанда, келісімшарт қолданылуының соңғы күні аяқталады.

4-бөлім. Келісімшарттық аумақ

      1. Жер қойнауын пайдаланушы __________________________________
                                    (пайдалы қазба түрін көрсету)
өндіруді келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінде жүргізеді.
      2. Егер _____________________________________ өндіруді жүргізу
                 (пайдалы қазба түрін көрсету)
кезінде кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келісімшарт жобасын келісу және оны жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде конкурс өткізілмей-ақ, келісімшарт талаптарын өзгерту жолымен шешуге тиіс.
      3. Келісімшарттық аумақты қайтарудың шарттары мен тәртібі Заңда және келісімшартта айқындалады.
      Келісімшарттық аумақты қайтару, коммерциялық табу жасалған аумақты қоспағанда, мынадай кесте бойынша жүзеге асырылады:
      келісімшарт қолданылуының екінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының үшінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының төртінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының бесінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының алтыншы жылының соңына %
      4. Егер жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операциялар жүргізіп отырған кен орнының бір бөлігі басқа жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумағының шегінде болған жағдайда, онда мұндай жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің таңдауы бойынша:
      1) осы кен орнында өндіру құқығына ие тек бір ғана жер қойнауын пайдаланушы қалатындай немесе бір келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану құқығына ішінара ие бірнеше жер қойнауын пайдаланушы қалатындай етіп жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде белгіленген беру рәсімдерін сақтай отырып, өздерінің өндіруге арналған құқықтарын беруге;
      2) мұндай шартты құзыретті органмен алдын ала келісіп, жобалау құжаттарына тиісті езгерістер енгізе отырып, кен орнына бірыңғай тұтас нәрсе ретінде бірлесіп өндіруді жүргізу туралы шарт жасасуға міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылар осы талаптарды сақтамаған жағдайда, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушылардан кен орнында бірыңғай объект ретінде бірлескен өндіру туралы шарт жасасуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Бірлесіп өндіру туралы шартты жасасу кезінде бүкіл кен орны үшін бірыңғай жұмыс бағдарламасы әзірленеді, ол жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен міндетті түрде келісуге жатады.
      6. Бірлесіп өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өздеріне келісімшартта, сондай-ақ жұмыс бағдарламасында жүктелген міндеттемелерді орындау жөнінде ортақ жауапкершілікте болады.
      7. Бір келісімшарттық аумақ шегінде әртүрлі келісімшарттар бойынша екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақ шегінде жұмыстар жүргізудің тәртібі осындай жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісіммен айқындалады.
      8. Егер бір келісімшарттық аумақ шегінде әртүрлі келісімшарттар
бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы мәселе бойынша келісімге келе алмаса, келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына құзыретті органмен жасалған келісімшарт бойынша ______________________________ өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен жасалған келісімшарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалану барлаушы немесе құзыретті органмен жасалған келісімшарт бойынша______________ өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы белгілеген келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін сақтауға міндетті.
      10. Бір келісімшарттық аумақ шегінде құзыретті органмен жасалған әртүрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына келісімшарт бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      11. Келісімшарт кешірек жасалған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің келісімшарт бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы белгілеген тәртібін сақтауға міндетті.
      12. Бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы

      1. Өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
      Өндіруді өткізуге арналған жер қойнауын пайдаланушы қолданатын бағалы қағаздардан және өндірістік емес мүліктен, ақшадан басқа мүлікке және жабдыққа меншік құқығына көшу мәселелері келісімшартта белгіленуі мүмкін.
      2. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының мемлекетке
ауысуына қарамастан, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған кезде не келісімшартта өзгеше белгіленген жағдайда мұндай жабдықты және өзге де мүлікті құзыретті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа жер қойнауын пайдаланушыға беру жағдайларын қоспағанда, келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен кезден бастап бір жыл ішінде, жер қойнауын пайдаланушыға мұндай жабдық пен өзге де мүлікті өз есебінен демонтаждау не келісімшарттық аумақтан әкету міндеті сақталады.
      Құрылыстардың, жабдықтың және өзге де мүліктің тиесілігіне қарамастан, оларды демонтаждауды және келісімшарттық аумақтан әкетуді жер қойнауын пайдаланушы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
      3. Құзыретті орган келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда жер қойнауын пайдаланушы технологиялық үдерістің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
      4. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген адамы ретінде іс-қимыл жасайды.
      5. Геологиялық ақпарат, егер ол жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік меншіктегі келісімшарттық аумақ бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттің заңнамасымен бекітілген тәртіпте алады.
      7. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны мемлекет бюджетіне төленеді.
      8. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты бекітілген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау, қорыту міндетті түрде өтеусіз беруі тиіс.
      9. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз тапсыруға міндетті.

6-бөлім. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және реквизициялау құқығы

      1. Мемлекеттің, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы мәмілелер жасасу кезінде қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөніндегі мәмілені жасасу күніне әлемдік нарықта қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады.
      3. Мемлекет сатып алатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі жер қойнауын пайдаланушының жылдық өндіру көлемінің___%-нан аспайды.
      4. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде, Үкіметтің жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі пайдалы қазбалардың бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау мемлекеттің мұқтаждығы үшін қажет мөлшерде төтенше немесе соғыс жағдайының барлық қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Пайдалы қазбаларды реквизициялау меншік нысанына қарамастан кез келген жер қойнауын пайдаланушыға жүргізіледі.

7-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

      1. Жер қойнауын пайдаланушының:
      1) Келісімшарттық аумақта ____________________________ өндіруді
                              (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
ерекше негізде жүргізуге;
      2) келісімшартта көзделген жобалаушы құжаттарға және талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде өндіру жөніндегі іс-қимылдарды дербес жасауға;
      3) егер келісімшартта не мемлекеттің заңдарында өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералды шикізатты өз қалауынша пайдалануға;
      4) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде _____________________________ өндіру бойынша жұмыстарды
             (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
      5) Заңмен белгіленген негізде және тәртіппен келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздерге бастамашылық жасауға;
      6) ______________________________________ өндірумен байланысты
            (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға;
      7) Заңда белгіленген шарттарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
      8) Заңда немесе келісімшартта айқындалған шарттарда
____________________________________________________________________
               (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
өндіруді жүргізумен байланысты операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап өндіруге кірісуге;
      2) өндіру жөніндегі операцияларды келісімшартқа және мемлекет заңнамасына сәйкес жүргізуге, мемлекет заңнамасында жөніндегі операцияларға қойылатын белгіленген талаптарды сақтауға;
      3) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген ____________________________ өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен
(пайдалы қазбаның түрін көрсету)
технологияларын таңдауға;
      4) өндіру операцияларын жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      5) келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға;
      6) Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның шарттарын сақтауға жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда;
      7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық сызбалардың ережелерін сақтауға;
      8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;
      9) мемлекетте өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімдерді, олар конкурстың және мемлекеттің техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға;
      10) егер осы көрсетілетін қызметтер мемлекеттің резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілерді тартуға;
      11) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге тиіс. Бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту конкурстық ұсыныста көзделгеннен темен болмау тиіс, жұмысқа тартылатын кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік жұмыстарға тартылған персоналды қоса алғанда, басшылық құрам бойынша ___ %, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша ___ %, білікті жұмысшылар бойынша ___ %, оның ішінде жылдар бойынша:

Жыл

Басшылық құрам

ЖБ және ОКБ бар мамандар

жұмысшылар

1 жыл




2 жыл




...




(бағалауда)




      12) қазақстандық персонал үшін тартылған шетелдік персоналға қатысты алғанда еңбек ақы төлеудің тең жағдайын қамтамасыз етуге;
      13) өндіруді жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды инвестициялардың жыл сайынғы көлемінің ____ пайызы көлемінде қаржыландыруды жүзеге асыруға. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелер толық орындалмаған жағдайда, қаражаттың қалған сомасы құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға пайдаланылады.
      14) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауардағы, жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
      15) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:

Жыл

тауарлар

жұмыстар

қызметтер

1 жыл




2 жыл







(бағалау кезінде)




      16) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда мемлекет Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға;
      17) құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына) жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекет заңнамасына сәйкес өзге ақпарат беруге;
      18) мемлекеттің бақылаушы органдары лауазымды адамдары өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
      19) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      20) мемлекет заңнамасына сәйкес кедендік декларация қабылданған күнге қолданыстағы кедендік төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      21) келісімшарттық аумақта орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға;
      22) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
      23) өндіру жөніндегі операциялар жүргізген кезде мемлекеттің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      24) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;
      25) сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жыл сайын құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын ұсынуға;
      26) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;
      27) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы кезеңдерге арналған орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламасын ұсынуға;
      28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнiнен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
      29) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен мемлекеттің азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша мемлекеттің азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
      30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;
      31) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде тіркелуге (тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда);
      32) құзыретті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;
      33) ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс қағаздарын жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға;
      34) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді мемлекет заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге;
      35) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      36) өндіру жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде өзінің барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелерін халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге, ал жұмысының салдарын мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға;
      37) келісімшарт және жобалаушы құжаттар ережелеріне сәйкес конкурстық ұсыныста көзделген немесе тікелей келіссөздер нәтижесінде келісілген шарттардан нашар болмайтын жағдайда жоғары технологияларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді салу мен бірлесіп пайдалану бойынша міндеттемелерді жүзеге асыруға;
      38) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджетіне конкурстық ұсыныста көзделген немесе тікелей келіссөздер хаттамасында көрсетілген мөлшерден төмен болмайтын __________ теңге көлемінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға төлемдер жүргізуге;
      39) * тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды келiсiмшaрттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
      Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 aқпaндaғы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
      Ескертпе*: осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
      жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған;
      жерасты суларын өндіруге арналған;
      емдік балшықтарды өндіруге арналған;
      39-1) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар және тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп беруге;
      40) Заңмен бекітілген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын (бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруді, мұндай рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының) рұқсатымен жүзеге асыруға;
      41) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына) хабарлауға;
      42) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес, аудиторлық есеппен расталған есептілікті Үкімет бекіткен тәртіппен ұсынуға;
      43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға кететін шығыстар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, өндіру жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;
      44) өндірумен байланысты жұмыстарды жобалауда, пайдалы қазбалар кен орындарын игеруді жүзеге асыру кезінде осы келісімшарттың 16—бөлімінде көзделген жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау бойынша талаптарды қамтамасыз етуге;
      45) егер жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттық аумақта немесе осы келісімшартта көзделген жұмыстар жүргізіліп жатқан өзге учаскелерде қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін және орын алған қандай да бір құбылыс немесе жағдай туралы мәлім болса, онда дереу мемлекеттік органдарды хабардар етуге;
      46) бұдан бұрын тоқтатылған жер қойнауы учаскесіне келісімшарт жасалған жағдайда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы және сенімгерлік басқарушы жүргізген шығындарды, осы келісімшарттың 5-тарауының 2-тармағына сәйкес берілген мүліктердің құнын қоса алғанда, сондай-ақ, сенімгерлік басқарушыға сыйақы төлеу міндеттемесін де өтеуге;
      47) көмірсутек шикізатын өндіруге арналған келісімшартта әр үш жыл сайын жаңарып тұруға тиісті мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітуге және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісуге жататын газды кәдеге жарату, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын көздеуге;
      48) келісімшарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге;
      49) көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға зиянды барынша азайтуға, көмірсутек газын жағу көлемін барынша азайтуға, ілеспе газды, оны өңдеуді қоса алғанда, ұтымды және кешенді пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті;
      50) жер қойнауын пайдаланушы ілеспе газды өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі міндеттемелер қабылдайды;
      51) мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін кестелерде айқындалған көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде өңдеу үшін шикі мұнайды жеткізуге;
      52) жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшартта және мемлекет заңнамасында көзделген басқа да міндеттер үшін жауапкершілікте болады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы):
      1) келісімшарт талаптары бойынша жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерде және оның орындалу үрдісінде мемлекеттің мүддесін білдіруге;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын орындауына бақылау жасауға және мониторинг жүргізуге;
      3) техникалық регламенттерде және мемлекеттің өзге де заңнамаларында белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      4) жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарт талаптарының орындалуы туралы ұдайы есептілік талап етуге, жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарт талаптарына және мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарына қатысты өзге де ақпаратты сұратуға;
      5) жер қойнауын пайдаланушыдан жұмыс бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты сұратуға;
      6) жер қойнауын пайдаланушыдан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімдік бағдарламаларын сұратуға;
      7) жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарттық міндеттемелерін орындауын талап етуге;
      8) келісімшарттық аумақтағы кез келген жұмыстардың қол жетімділігіне;
      9) Заңда көзделген жағдайларда бір жақты тәртіпте келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      4. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы):
      1) келісімшарт талаптарының орындалуы мен тоқтатылуын қамтамасыз етуге;
      2) келісімшарт талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру барысында жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаттарын және келісімшартта көзделген талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде өндіру жөніндегі іс-әрекетті дербес жасау құқығын бұзбауға;
      3) келісімшартқа сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

8-бөлім. Өндіру кезеңі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операцияларды келісімшартқа, бекітілген жобалау құжаттарын, жұмыс түрлері, олардың көлемдері мен шығындарын көздейтін жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушыға жобалау құжаттарына сәйкес кен орнындағы пайдалы қазбалардың қорларының толық өңделу мерзімі ескеріле отырып, келісімшарттық аумақта өндіруге айрықша құқық беріледі.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасы келісілгеннен кейін _______ (құны көрсету) кешіктірмей өндіруді бастауы тиіс.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы алдын ала___ күн бұрын құзыретті органды кен орнында өндіру басталуының нақты күні туралы хабардар етеді.
      5. Кен орнын өнеркәсіптік (тәжірибелік-өнеркәсіптік) игеру барысында жер қойнауын пайдаланушы жобалаушы құжаттардың және жұмыс бағдарламасының ережелерін сақтауға міндетті. Өнеркәсіптік игеруді, (тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді) өндіруге байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ мұндай жобалау құжаттарының талаптарын бұзатын жағдайларда жүзеге асыруға тыйым салынады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутек кен орындарын игеруді жүргізуді Үкімет бекітетін пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы кен орындарды өнеркәсіптік игеруді жүзеге асыру кезінде геологиялық және маркшейдерлік бақылаулардың және тиісті құжаттаманың толық, жүйелі және сапалы жүргізілуін, оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      8. Кен орындарын игерумен байланысты жұмыстарды жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізбей және кен орнын игеруге бақылау жасамай жүзеге асыруға тыйым салынады.
      9. Табиғи газды өндіру барысында табылған кен орнынан өндірілетін табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі мәмілелер жасалғанға дейін табиғи газды өндіруді бастауды талап етуге құзыретті органның құқығы жоқ, ал жер қойнауын пайдаланушы өндіруді бастауға міндетті емес. Бұл ретте келісімшарттың қолданылу мерзімі табылған табиғи газ кен орнынан өндірілетін табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі тиісті мәмілелер жасалғанға дейін үзіледі.
      10. Егер жер қойнауын пайдаланушы табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі мәмілелерді кен орнын жайластырғаннан кейінгі бір жыл ішінде жасаспаса, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының үшінші тұлғамен қисынды шарттар бойынша газ жеткізіп беруге, оның ішінде үшінші тұлға жер қойнауын пайдаланушымен мәміле жасасуға келіскен жағдайда, жеткізіліп берілетін газды отандық не шетелдік тұтынушыларға кейін қайта сату мақсатында шарт жасасуды талап етуге құқылы. Егер жер қойнауын пайдаланушы және құзыретті орган айқындаған мұндай үшінші тұлға осы мәселе бойынша келісімге келмеген жағдайда, олар бұл даудың сот тәртібімен шешілуін талап етуге құқылы.
      11. Мұнай-газ кен орындарын ілеспе және (немесе) табиғи газды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жаратусыз өнеркәсіптік игеруге тыйым салынады.
      12. Мынадай жағдайларда:
      1) апаттық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі;
      2) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде;
      3) технологиялық жабдықты іске қосу-баптау; технологиялық жабдықты пайдалану; технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу жағдайларын қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады.
      13. Жер қойнауын пайдаланушы қажетті кәсіпшілік объектілерді және пайдалы қазбаларды өндіру, дайындау, сақтау және тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салуды белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
      14. Кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау мен салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі, ықтимал апаттық жағдайлардың зардаптарын оқшалау мен мейлінше азайту жөніндегі қажетті шаралар қамтамасыз етілуге тиіс.
      15. Жайластыру объектілерін салу кезінде кен орнын игерудің қабылданған технологиялық нұсқасының жобалау көрсеткіштерінің өзгеруіне және өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың бұзылуына әкеп соқпас үшін оларды пайдалануға берудің жобалау құжатында белгіленген кезектілігі сақталуға тиіс.
      16. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан алынған кезде, мұндай ұңғыманы бақылауға алу үшін өзге әдістерді қолдану мүмкін емес не қалыптасқан жағдайларда тиімсіз болып табылатын қысымды шығаруға арналған тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы құзыретті органның жазбаша рұқсатынсыз бұрғылауға тыйым салынады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға мұндай тығындау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешім қабылдауға әсер еткен нақты жағдайлар мен себептерді көрсете отырып, қисынды мерзімде жазбаша хабарлауға міндетті.
      17. Игерілген және мемлекетке қайтарылатын кен орнының игерілген учаскелері мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жүргізу нәтижесінде бүлінген қайтарылатын аумақтарды және өзге де табиғи объектілерді одан әрі мақсаты бойынша пайдалануға жарамды қалыпқа дейін өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.

9-бөлім. Коммерциялық табу

      1. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының иесі тау-кендік бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесі шегінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы.
      Қорлардың өсімі және оларды жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына) отыз жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауы тиіс.
      2. Табуды растау мен оны бағалау мерзімін айқындауды құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану бойынша уәкілетті органның қорытындысы бойынша белгіленеді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы хабарлайды.
      3. Бағалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты талаптарға және жұмыс көлеміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда жобалау құжаттарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      4. Қорлардың өсімін жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растағаннан және жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін келісімшартқа тараптардың жазбаша келісімімен тиісті өзгерістер енгізіледі.

10-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу

      1. Өлшеу өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ала отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге құқылы болған жағдайларда қолданылады.
      2. Келісімшарттық аумақта өндірілген _______________________,
                                      (пайдалы қазба түрін көрсету)
(мұнайды қоспағанда) өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекетте қолданылатын әдістер мен практикаға сәйкес жүргізеді.
      3. ________________________________ өлшеу және таразылау үшін
          (пайдалы қазба түрін көрсету)
қолданылатын жабдық пен аспаптарды сынаудан өткізу мемлекеттің метрология және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      4. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы Үкімет бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      5. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы құрлықта орналасқан өлшеу пункттарында және Үкімет бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      6. Егер сынақ немесе тексеру кезінде жабдықтар немесе аспаптарда ақау байқалса, бүліну мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ақау мерзімі ақау табылған күнге дейінгі алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретінде белгіленеді.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіппен уақыттың белгілі бір кезеңі сайын құзыретті орган және метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен мұнайды таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.

11-бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау

      1. Жер қойнауын пайдаланушы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына және бекітілген бюджетке сәйкес өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға құқылы.
      2. Егер мемлекеттің заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес иеленетін жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы мердігерлерді тартуы өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың Үкімет бекіткен тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мердігерлердің жер қойнауын пайдаланушымен жасалған мердігерлік шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) алдында жауапты болады.
      4. Өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттің заңнамасына сәйкес сатып алуға міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға байланысты рәсімдерді мемлекет аумағында жүзеге асыруға міндетті.

12-бөлім. Қаржыландыру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес келісімшарт бойынша өз қызметін қаржыландыру жөнінде міндеттеме алады.
      2. Келісімшарт бойынша қызметті қаржыландыру өз қаражаты есебінен де, тартылған қаражат есебінен де жүргізілуі мүмкін.
      3. Келісімшартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлері мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердігерлері валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

13-бөлім. Салық салу

      1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекет аумағында келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемесін орындаудан босатпайды.
      2. Келісімшартты жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қол  қойылатын бонустың белгіленген сомасының елу пайызын 20__жылғы "___" __________ № ____ төлем тапсырмасы бойынша төлейді.
      3. Қол қойылатын бонустың __________________ мөлшердегі қалған
                                 (сомасын көрсету)
елу пайызын жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт күшіне енгеннен кейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей төлейді.
      4. Қол қойылатын бонус мөлшері конкурстық ұсыныста (тікелей келіссездер өтінімінде) көзделген мөлшерден төмен болуы мүмкін емес.
      5. Қол қойылатын бонус бойынша төлемнің кезеңділігі мен тәртібі мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді _________ мөлшерде мемлекеттің салық заңнамасында бекітілген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органмен құпиялылық туралы ________ № _______ келісімге сәйкес төлейді.
      7. Қол қойылған бонустың уақтылы және толық төленуін бақылау мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

14-бөлім. Бухгалтерлік есеп

      1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы мемлекет заңнамасының, халықаралық стандарттардың немесе шетел мемлекеттерінің стандарттарының талаптарына және бухгалтерлік есеп шотының үлгі жоспарларына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін, олардың қажеттілігіне мен қызмет ерекшелігіне сүйене отырып, жер қойнауын пайдаланушы есепке алу саясатын қабылдауға міндетті.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      2. Активтерді сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда жымқыру мен қателесу оқиғаларын анықтау мен алдын алу бойынша шараларды қоса алғанда, мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын сақтауды, есеп саясатын, операцияларды тиімді жүргізуді қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.

15-бөлім. Сақтандыру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу барысында мемлекет заңнамасына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы меншік иесі ретінде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      3. Қызметшілердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында денсаулығы мен өміріне зиян келтіру мүмкін жағдайлардан, олардың мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде олар еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жазатайым жағдайлардан қызметкерді сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      4. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға оның апаттық ластануы нәтижесінде келтірілген зардаптың орнын толтыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Үкімет анықтайтын тізбеге сәйкес, шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін жүзеге асырушы субъект ретінде міндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатқызылған жер қойнауын пайдаланушы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесі ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік бөлігінде ғана жасалады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің заңнамасында көзделген сақтандырудың өзге де түрлерін жүзеге асырады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушының ерікті сақтандыру шарттарын жасасуы оны міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша міндетінен босатпайды.
      7. Мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарт қолданысы мерзімінде жер қойнауын пайдаланушы келесі сақтандыруларды жүзеге асырады:
      1) Келісімшарттық аумақта ____________________________________
          (жер койнауын пайдалану бойынша операцияның түрін көрсету) немесе келісімшарттық аумаққа(тан) тасымалдау кезінде қолданылатын немесе қолдануға жоспарланып отырған барлық жабдықты, ғимараттарды, технологиялық объектілерді және тауардың барлық түрлерін қамтитын мүлікті зардаптан сақтандыру.
      2) ___________________________________________________________
          (жер қойнауын пайдалану бойынша операцияның түрін көрсету)
байланысты туындаған үшінші тұлғалардың мүлкіне және (немесе) өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін:
      құрлықтағы өндіру жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша кемінде 3 000 000 айлық есептік көрсеткіш;
      теңіздегі өндіру жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша кемінде 9 000 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру.
      3) Мынадай шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз ететін зиян келтіргені үшін жауапкершілік қаржылық шығындарынан және тәуекелдерінен сақтандыру:
      а) атқылайтын ұңғыманы бақылауға алу бойынша шығындар;
      б) атқылау нәтижесінде ұңғыманы жоғалтқан жағдайда қайталама бұрғылауды жүзеге асыру бойынша шығындар;
      в) ұңғымада атқылау нәтижесінде орын алған ластануды тазалау мен оқшаулау бойынша шығындар;
      а) - в) тармақтар бойынша мұндай сақтандырудың жалпы сомасы:
      құрлықтағы өндіру жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен;
      теңіздегі өндіру жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 9 000 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде жүзеге асырылады.
      4) Жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерін медициналық сақтандыру.
      8. Осы бөлімінің 7-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын сақтандыру шарттары жер қойнауын пайдаланушының мүдделеріне қатысты сақтандыруды қорғаудың төмендетілмеуі шартымен қосымша сақтандырылғандар ретінде мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді, аффилиирленген тұлғаларды және басқа тұлғаларды қамтуы мүмкін.
      9. Осы бөлімге сәйкес егер жер қойнауын пайдаланушы жасасатын сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушы ұйым қабылдайтын тәуекел Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта сақтандыруға жататын болса, сақтандырушы ұйым мұндай қайта сақтандыруды:
      халықаралық шәкіл бойынша қаржылық қамтамасыз етудің халықаралық рейтингі келесі рейтинг агенттіктері растаған:
      Standard & Poors - А- төмен емес
      немесе FITCH - А- төмен емес
      немесе Moody's Investors Service - A3 төмен емес
      немесе, тек қана акцияларына (қатысу үлестеріне) ұлттық компания тікелей немесе жанама иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты,
      акцияларының (қатысу үлестерінің) 100% ұлттық компания тікелей немесе жанама иелік ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын ұйымдар қамтамасыз етуі тиіс.
      10. Келісімшарт күшіне енгеннен кейін____күн ішінде жер қойнауын пайдаланушы осы бөлімге сәйкес сақтандыру көзделген өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасын жасайды және құзыретті органға келісуге жібереді.

16-бөлім. Консервациялау немесе тарату және тарату қоры

      1. Өндіру жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауына пайдалану жөніндегі операцияларда қолданылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды, әртүрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, өндіру жөніндегі жұмыстар жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.
      2. Өндіру жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілерді тарату немесе консервациялау басталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.
      3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен тарату немесе консервациялау жобасын басшылыққа алуы тиіс. Тарату немесе консервациялау жобасын жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыруды жер қойнауын пайдаланушы Үкімет бекітетін жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау қағидасына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстар құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін тарату мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.
      6. Объектіні таратуымен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін тарату қорын құрады.
      8. Өндіру кезеңінде тарату қорына аударымдарды жыл сайын жер
қойнауын пайдаланушы жылдық шығындарының 1 %-ынан кем емес мөлшерде
мемлекет аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік есеп-шотқа
аударады.
      9. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
      10. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі және салық салынатын табысқа енгізіледі.
      11. Тарату немесе консервациялау жобасы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақтағы қызметі барысында пайдаланылған объектілерді таратуды немесе консервациялауды көздейді.
      12. Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.
      13. Құзыретті орган келісімшартты біржақты тәртіпте тоқтатқан жағдайда тарату қоры Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес анықталатын сенімгерлікпен басқарушыға беріледі.

17-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау

      1. Өз қызметін жүзеге асыруда жер қойнауын пайдаланушы мынадай жалпы экологиялық талаптарды сақтауға міндетті:
      1) жер қойнауын мемлекеттің экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;
      2) жер бетін кен орнын игерудің арнайы әдістерін қолдану есебінен сақтау;
      3) жердің техногендік шөлейттенуін болдырмау;
      4) өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында қауіпті техногендік үрдістердің алдын алу шараларын қолдану;
      5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орнын игеру мен пайдалануды қиындататын өзге де күтпеген факторлардан қорғауды жүзеге асыру;
      6) жер қойнауының ластануының алдын алу;
      7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырумен байланысты объектілерді консервациялау мен таратудың белгіленген тәртібін сақтау;
      8) қалдықтарды жиып қою мен орналастыру кезінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
      9) ұтымды сызба бойынша жұмыстар басталғанға дейін автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ басқа әдістерді пайдалану арқылы бұзылатын және иеліктен шығарылатын жердің аумақтарын азайту;
      10) топырақтың жел эрозиясын, арналған жыныстар мен өндіріс қалдықтарының үйінділерін, олардың қышқылдануы мен өздігінен жануын болдырмау;
      11) ластануды болдырмау үшін сіңіретін және тұщы сулы жерлерді оқшаулауды жүргізу;
      12) жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу, оның ішінде шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде уытты емес реагенттерді қолдану;
      13) бұрғылау ерітінділерін тазарту мен қайта пайдалануды жүргізу;
      14) бұрғылау және жанар-жағар материалдар қалдықтарын таратуды экологиялық қауіпсіз жолмен жүзеге асыру;
      15) шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде уытты емес реагенттерді қолдану;
      16) мұнай шоғырларының қатішілік қысымын қолдау жүйесінде мұнай өнеркәсіптік ағындарды тазалауды және қайта пайдалануды жүзеге асыру.
      2. Жер қойнауына нормативтік көрсеткіштерге дейін тазартылмаған ағын суларды төгуге тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбамен ілеспе өндірілген суларды кері ағызу, сондай-ақ мемлекет заңнамасында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама мен өзге сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар және технологиялық регламенттерде көзделген, пайдалы қазбаларды өндіруге технологиялық ерітінділерді жер қойнауына ағызу ағын суларды төгу деп есептелмейді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) халықаралық тәжірибелерде қабылданған стандарттарға негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;
      2) жер қойнауын тиімді пайдалануды, қызметкерлердің, тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық схемалар мен жұмыстар жүргізу жобаларын сақтауға міндетті.
      4. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыруының міндетті шарты жер қойнауы ластануының алдын алу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз ету болып табылады. Жер қойнауын тиімді әрі кешенді пайдалану саласында:
      1) жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) бай учаскелерді таңдап өндіруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
      3) кен орнын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бір жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және іліспе компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алу;
      4) бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді болдырмау;
      5) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
      6) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындата түсетін басқа да дүлей факторлардан қорғау;
      7) жер қойнауының ластануын, әсіресе мұнайды, газды немесе басқа да заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;
      8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
      9) қалдықтарды жиып қою мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
      5. Пайдалы қазбаларды өндіру шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрі болып табылады және жер қойнауын пайдаланушы мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) ұңғымалардың және тау-кен қазбаларының құрылымы сенімділік, технологиялылық және экологиялық қауіпсіздік бөлігінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуі тиіс;
      2) дизель-генераторлық және дизельдік құрылғыларды қолданумен бұрғылау және басқа жұмыстар барысында мұндай құрылғылардан тазартылмаған газдардың атмосфераға шығуы, олардың техникалық сипаттамаларға және экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс;
      3) құрылғыны монтаждауға даярлау жұмыстарын жүргізу барысында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде өндіру жөніндегі құрылыстарды салу барысында топырақ қабаты алынып аймақты кейінгі рекультивациялау үшін жеке сақталады;
      4) уытты заттардың табиғи объектілерге өтуін болдырмау мақсатында технологиялық алаңдарды гидрооқшаулаумен қалдықтарды жинау мен сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуі тиіс;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ұңғыма салынған жағдайда амбарсыз технологияны ғана қолдану қажет;
      6) белгіленген талаптарға сәйкес бұрғылау барысында қайта пайдалану, қоршаған ортаға қайтару мақсатында бұрғылау, карьерлік, шахталық ағын суларды, бұрғылау ерітіндісін бейтараптандыру және шөгінділерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс;
      7) көмірсутектік негіздегі (әк-битумды, инвертті-эмульсионды және басқа) бұрғылау ерітінділерін қолданған жағдайда ауа қабаты газдануының алдын алу бойынша шаралар қабылдануы тиіс;
      8) өртену немесе адамдарды улау мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында пирофорлы түзілістерді, шөгінділерді және кернді көму жобаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша жүргізіледі;
      9) өндіру жөніндегі құрылыстарды іске қосу жобалау құжаттарында көзделген барлық экологиялық талаптарды толық көлемде орындау шартымен жүргізіледі;
      10) өндіру жөніндегі операциялар мен құрылғыларды бөлшектеу аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі;
      11) бұрғылау ұңғымаларын, оның ішінде өздігінен төгілетін, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды жер қойнауын пайдаланушы реттеуші құралдармен жабдықтайды, мемлекет заңнамасына сәйкес консервациялайды немесе таратады;
      12) қызметі жер асты сулары объектілеріне жағымсыз әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін жер қойнауын пайдаланушылар су объектілерінің ластануы мен сарқылуының алдын алу шараларын жүргізуге міндетті;
      13) ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты су объектілерінің су жиналу алаңдарында қалдықтарды көму, молалар, мал өлекселерін көметін шұңқырлар және жер асты суларының жай-күйіне әсерін тигізетін өзге де объектілерді салуға жол берілмейді;
      14) сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының бұл ұңғымаларды бұрғылау ауданындағы арнайы тексеруден кейін берілетін оң қорытындылары болған жағдайда жол беріледі;
      15) өндірістік, емдік минералды суларды пайдаланғаннан кейін төгу мемлекеттің су заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс;
      16) келісімшарт аумағындағы ұңғымаларды консервациялау мен тарату мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі;
      17) игерілген суларды сіңірме ұңғымаларға кері айдау жүргізілетін ауданда су пайдаланушының күшімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауатылығы саласындағы мемлекеттік органымен келісілген жоспар бойынша жақын жердегі ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасын жүйелі зертханалық тексеру ұйымдастырылуы тиіс.
      6. Өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
      1) қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органның келісімімен су қорын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жерасты су объектілеріне зиянды әсердің рұқсат етілген шекті нормативтерін сақтауға;
      2) төгілетін судың химиялық құрамын мемлекеттің техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген өзінің немесе өзге де зертханаларда анықтауды қамтамасыз етуге;
      3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың апаттық төгінділері туралы, сондай-ақ жер асты суларын жинау мен оларға суды ағызу (айдау) объектісінің белгіленген режимінің бұзылуы туралы шұғыл ақпаратты беруге міндетті.
      7. Жер қойнауын пайдаланушыға:
      1) құрылысқа берілген учаскеден тыс өсімдік және топырақ қабаттарын бүлдіруге;
      2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын үстіңгі су объектілері мен жер қойнауына төгуге;
      3) егер бұл жер асты су объектілерінің жай-күйіне әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса жерлерді ағын сулармен суғаруға;
      4) шаруашылық-ауыз су сулары бар қаттарға ерітінділер мен материалдарға жол беруге;
      5) бұл ұңғымалар шаруашылық-ауыз су сумен қамту немесе емдік мақсатта пайдаланылатын немесе пайдалануға жарамды су қабатын ластау көзі болуы мүмкін жағдайда өндірістік, емдік минералды және жылу-энергетикалық ағын суларды төгу үшін сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға;
      6) сумен қамту көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында сіңірме ұңғымалар мен құдықтар құруға;
      7) радиоактивті заттары бар игерілген суларды сіңірме ұңғымалар мен құдықтарға төгуге тыйым салынады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшарт бойынша өз қызметі нәтижелерінің тигізетін әсерін зерттеу мен жағымсыз әсерді уақтылы жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында жер қойнауы мен қоршаған ортаның мониторингін жүргізуі тиіс.
      9. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі және зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асыруға тиіс. Бұл ретте, теңізді заңға сай пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңіздің қорғау аймақтарының немесе қауіпсіздік аймақтарының режимін сақтауы тиіс.
      10. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғаудың ең озық тәжірибесін басшылыққа алуға міндетті.
      11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітуге міндетті. Бұл бағдарламалар жүргізілетін мұнай операцияларына ішкі бақылау, персоналды оқыту, ұңғымаларды бақылауға алу, апаттық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ теңізде апаттарды болдырмау және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөніндегі іс-шараларды қамтуға тиіс.
      12. Авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қолданған алдын алу шараларына қарамастан теңіз ластанған жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшін өзінің қолжетімді барлық құралдарымен теңіздің ластануын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.
      13. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды судың деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болғызбайтындай не барынша азайтатындай етіп жүргізуге міндетті.
      14. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болғызбау жөнінде арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттары құрамында бекітуге міндетті.
      Бұл бағдарламалар барлау немесе өндіру объектілерін теңіз аясынан қорғаудың тиісті дәрежесімен жедел консервациялау жөніндегі, сақтаудағы мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерітінділерін және қоршаған ортаға зиян келтіретін өзге де заттарды су басқан аймақтан шығару жөніндегі, теңіз ластанған жағдайда ластану ошақтарын оқшаулау және суды тазарту жөніндегі, теңізді заңды пайдалануға және үшінші тұлғалардың өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыруына жол беретін іс-шараларды қамтуға тиіс.
      15. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өзінің қолжетімді барлық құралдарымен теңіздің ластануы қауіптілігінің салдарын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті және жедел түрде ластану оқиғасы жайлы құзырлы органға, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдарға хабарлауға міндетті.
      16. Теңізде өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңіз жабдығында немесе отыз минут шегіндегі қолжетімді жерде теңізді тазарту бойынша жұмыс жүргізуге қажетті мөлшерде жабдығы, материалдар мен заттары болуы тиіс. Материалдар мен заттарға, олардың саны мен қолжетімділігі бойынша нормативтер мен талаптар мемлекет заңнамасында белгіленеді.
      17. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде жүргізілетін операциялардың адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
      18. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салынады.
      19. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастауға және теңіз түбіне көмуге тыйым салынады.

18-бөлім. Халықтың және персоналдың қауіпсіздігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы __________________________________
                                     (пайдалы қазба түрін көрсету)
кәсіптік аурулардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.
      2. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
      3. Өндіруге байланысты операциялардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз етуге арналған негізгі талаптар:
      1) жұмысқа - арнаулы дайындығы және біліктілігі бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиісті арнаулы білімі бар, мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес міндетті медициналық тексеруден өткен адамдарды жіберу;
      2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киімдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
      3) қауіпсіздік талаптарына және санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
      4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
      5) жұмыстардың технологиялық тізбегін қамтамасыз етуге қажет және қауіпті жағдайларды болжауға жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де байқау кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
      6) кеніш атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды жүйелі бақылау;
      7) жұмысты жүргізудің қауіпсіз аймақтарының шектерін анықтайтын техникалық құжаттаманы және аварияларды жоюдың жоспарларын деректермен уақтылы толықтыру;
      8) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің жобалау жүйелерін, мұнай, газ және жерасты суы кен орындарын игеру мен жайластырудың жобаларын және технологиялық сызбаларын сақтау;
      9) газдардың күтпеген жерден шығуын, судың, пайдалы қазбалардың және тау-кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуін, сондай-ақ тау-кен соққыларын болжау және олардың алдын алу жөніндегі арнаулы іс-шараларды жүзеге асыру.
      4. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақтарда халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті ұйымдардың басшылары ол туралы жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
      6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқығы жоқ. Қауіпті болдырмау үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауіпті әсер ету аймағынан халық көшірілгеннен кейін ғана өндіру жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы азаматтың денсаулығына жер қойнауын пайдаланушының алдындағы келісімшарттық міндеттемелерін және еңбек міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зардаптың орнын мемлекет заңнамасына сәйкес толтырады.
      8. Өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жұмыстар жүргізудің оң тәжірибесін басшылыққа ала отырып, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үдерісінде адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, сондай-ақ меншіктің жойылу қаупін туғызатын авариялар мен басқа қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті іс-шаралар қолдануға міндетті.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу барысында, сондай-ақ кәсіпшілік және өзге де мұнай-газ құбырларын салу мен пайдалану барысында авариялар мен өзге қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар бағдарламасын әзірлеп, оларды жобалау құжаттары құрамында бекітуге міндетті.
      10. Мұнай өндіру операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде жер қойнауын пайдаланушы пайдаланатын жабдық және өзге де мүлік техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      11. Мұнайды төгу және құю режимі, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның тіршілік тізбегінің үдерістеріне қатысты техникалық регламенттерде белгіленген өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келуге тиіс.
      12. Мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін жеткізілетін мұнай техникалық реттеу саласындағы мемлекет заңнамасында белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге тиіс.
      13. Өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және мұнай мен газды тасымалдау барысында қауіпсіздік шараларының кешені бекітілген тәртіпте бекітілген тиісті жобалау құжаттарында көзделуі тиіс.

19-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы тұрақсыздық төлемі түрінде (айыппұл, өсімпұл) өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді орындамағаны үшін:
      1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
      2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
      3) басқа да қаржылық міндеттемелерді орындамағаны үшін (салықтық міндеттемелерді қоспағанда) есепті мерзімдегі орындалмаған міндеттеме сомасының 30 % мөлшерінде жауапкершілікте болады.
      4) кеден одағының және мемлекеттің кеден заңнамасында белгіленген мөлшерде кедендік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
      Бұл ретте, егер нарықта қолданыстағы бағалар өзгеруінің нәтижесінде, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркінен тыс болатын басқа да жағдайлар бойынша жер қойнауын пайдаланушының нақты шығындары келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасын және жобалау құжаттарын бекіту кезінде есепке алынғаннан бағадан төмен болса, бірақ жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасын және жобалау құжаттарын бекіту кезінде көзделген міндеттемелерінің физикалық көлемі толық көлемде орындалған болса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығындарының мұндай төмендеуі келісімшарт талаптарын бұзу болып есептелмейді және тұрақсыздық төлемі мен айыппұл салуға негіз болып табылмайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Мемлекет аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленудің Үкімет белгілеген тәртібі бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы заңнаманы бұзуы мемлекет заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктейді.
      4. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан зиян келтірген тұлғалар, егер тек зиян еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, келтірілген зиянды мемлекет заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтеуге міндетті.
      5. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, Үкімет зиянның белгілеген тәртіппен айқындайды.
      6. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттің экологиялық заңнамасына сәйкес айқындайды.
      7. Сақтық аймағының шектерінде барлау бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушының кінәсіне қарамастан, оның келісімшарттық аумақта теңіз ластанған жағдайда қоршаған ортаға, жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген залал үшін жауапкершілікте болады.
      8. Мемлекет заңнамасының талаптарын бұза отырып жасалған жер қойнауын пайдалануға байланысты мәмілелер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады. Мәмілелердің жарамсыздығының салдары мемлекеттің Азаматтық кодексімен анықталады.
      Мұндай мәмілелердің жасалуына кінәлі тұлғалар мемлекет заңдарына сәйкес, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікте болады.

20-бөлім. Еңсерілмейтін күш

      1. Келісімшарт бойынша қандай да болсын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікте болмайды.
      2. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдаяттар жатады, мысалы: қарулы жанжалдар, табиғат апаттары, дүлей апаттар (өрт және т.с.). Келтірілген тізбе түпкілікті болып табылмайды.
      3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күшке мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын анықтаған жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу жолымен екінші Тарапқа дереу хабарлайды.
      4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      5. Еңсерілмейтін күш мән-жайларымен байланысты келісімшарт бойынша жұмыстардың толық немесе ішінара тоқтауы кезінде, бұл жұмыстардың жүргізілу кезеңі еңсерілмейтін күшінің қолданылу мерзіміне ұзартылады және еңсерілмейтін күш тоқтаған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.

21-бөлім. Құпиялылық

      1. Келісімшартты орындау үдерісінде қандай да болсын Тараптың алған немесе сатып алған ақпараты құпия болып табылады. Тараптар мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін құпия ақпаратты пайдалана алады.
      2. Тараптардың екінші Тараптың келісімінсіз құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда беруге құқығы жоқ:
      егер бұл ақпарат сотта іс қарауды жүргізу барысында пайдаланылса;
      ақпарат жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін Үшінші тұлғаға мұндай үшінші Тарап мұндай ақпаратты құпия қарап және оны Тараптар белгілеген мақсаттарға және белгіленген мерзімдерде ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайда;
      ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайда;
      ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына, оларға қызметтік міндеттерін орындау барысында ұсынылған болса.
      3. Тараптар, мемлекет заңнамасына сәйкес, келісімшарттық аумақта өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге байланысты және геологиялық ақпараттарды қамтитын барлық құжаттардың, ақпараттардың және есептердің құпиялылығын сақтау мерзімін айқындайды.
      4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

22-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы Заңда және келісімшартта белгіленген талаптарды сақтай отырып, келісімшарт бойынша құқықтарды немесе олардың бір бөлігін беруге құқылы.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру:
      1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық иеліктен шығару;
      2) жер қойнауына пайдалану құқығын өзге заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
      3) банкроттық кезіндегі конкурстық өндіріс үдерісінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару;
      4) жер қойнауын пайдалану құқығына иелікті, оның ішінде кепілзат кезінде өндіріп алуға жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру Заңда белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) рұқсатымен жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығы айналымындағы бастапқы шығарылым, акциялар немесе акцияға меншік құқығын растайтын басқа да құнды қағаздар немесе жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларында конверсияланған құнды қағаздар, оның ішінде ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында қосымша эмиссиялар шеңберінде шығарылған мұндай құнды қағаздардың тұңғыш рет орналастырылуы құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) рұқсатымен жүзеге асырылады.
      5. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) кепілге беру белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығы кепілге қойылып алынған кредит келісімшартта көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдаланылуға немесе жер қойнауын пайдалану келісімшартында қарастырылған мемлекет аумағындағы кейінгі бөліктерді ұйымдастыруға жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе оның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысу үлесі бар еншілес ұйымы пайдалануы тиіс.
      6. Келісімшарттың осы бөлімінің жоғарыда аталған ережелері Заңда тікелей көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға ішінара беру жағдайында жер қойнауын пайдаланушы және осындай тұлға келісімшарт бойынша бірлесіп құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт не келісімшарт бойынша қызмет шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт құзыретті органмен (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен) келісіледі және келісімшарт Тараптары үшін міндетті күші бар келісімшартқа толықтыру болып табылады.
      8. Иелері бірнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін беру жағдайында мұндай беру осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелерінің келісімімен ғана мүмкін болады.
      9. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа қандай да болсын қатысуы сақталатын кезге дейін ол және жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлға келісімшарттың негізінде туындаған міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілікте болады.
      10. Жер қойнауын пайдалану құқығын толық беру жер учаскесін жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарт талаптары бойынша қалыптастырылған тарату қорын қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
      11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша барлық шығыстар, егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының шығыстарына жатқызылады.
      12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеп соғады және осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы орган) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәміле жасасу фактісі болмаған кезде не жер қойнауын пайдаланушының мұндай құқықты беру туралы құзыретті органнан (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органынан) рұқсаты болмаған кезде (рұқсат беруден бас тарту жағдайында) немесе құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға рұқсат беруіне негіз болған жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органға дәйексіз ақпарат беру фактісі анықталған кезде, не келісімшарттағы осы бөлімнің 21-тарауының 6-тармағының ішінара беру туралы ережелері сақталмаған жағдайда келісімшартты тіркеуден бас тартуға құқылы.
      13. Жер қойнауын пайдаланушы Заңда көзделген құзыретті органның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының) рұқсатынсыз жасаған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де әрекеттер жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады.
      14. Жасалған мәміле туралы құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) ол жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарламау мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

23-бөлім. Қолданылатын құқық

      1. Келісімшарт және келісімшарт негізінде қол қойылған басқа да
келісімдер үшін мемлекет құқығы қолданылады.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелердің құқықтары мен міндеттемелеріне мемлекет құқығы қолданылады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта және онымен іргелес учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерді сақтауды өзіне міндеттеме етіп қабылдайды.
      4. Мемлекет қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келмейтін болса, мемлекеттің жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының нормалары шекара маңындағы кен орындарында өткізілетін өндіруге байланысты операцияларға, теңізде жүзеге асырылатын мұнай операцияларына қатысты қолданылады.
      Каспий теңізінде, аумақтық сулардан тыс жерде, құрлықтағы шекара маңы кен орындарында мемлекет ратификациялаған халықаралық келісімшарттарда белгіленген өндіру жөніндегі операцияларды өткізудің тәртібі мен шарттары мемлекет заңнамасының нормалары алдында басымдыққа ие болады.

24-бөлім. Дауларды шешу тәртібі

      1. Келісімшартты орындауға, өзгертуге және тоқтатуға байланысты
даулар келіссөздер жолымен шешіледі.
      2. Егер келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы шешілмейтін болса, онда Тараптар дауларды мемлекет заңдарына және мемлекет ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.

25-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері

      1. Жер қойнауын пайдаланушыға мемлекет заңнамасына сәйкес оның құқығы қорғалатынына кепілдік беріледі.
      2. Келісімшарт шарттарына өзгерістер мен толықтырулар, егер Заңда және келісімшартта өзгеше көзделмесе, Тараптардың келісімі бойынша енгізуге жол беріледі.
      3. Тараптардың біреуінің талабымен келісімшарттың шарттарына өзгеріс мен (немесе) толықтыру енгізуге мемлекеттің Заңы мен келісімшартта көзделген негізде және тәртіппен рұқсат етіледі.
      4. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауына (кен орындары) қатысты учаскелерде өндіру бойынша операциялар жүргізу барысындағы жер қойнауын пайдаланушылардың әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын мемлекеттің экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соқса, құзыретті орган мемлекеттің экономикалық мүддесін қалпына келтіру мақсатында келісімшарт шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді талап етуге құқылы.
      5. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметінің нәтижесін төмендетіп жіберетін өзгерістер мен толықтырулар егер ол осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізгенге дейін енгізілген болса, келісімшартқа қолданылмайды.
      6. Осы келісімшарттың 25-тарауының 5-тармағында белгіленген кепілдіктер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.

26-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру шарттары

      1. Егер Тараптар келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, келісімшарт қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
      2. Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға Тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ Тараптардың біреуінің талабы бойынша Заңда көзделген жағдайларда жол беріледі.
      3. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мынадай жағдайларда:
      1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзу жағдайларын құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаса;
      2) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, құзыретті органның рұқсатынсыз берген кезде, мұндай рұқсат Заңға сәйкес талап етілмеген жағдайды қоспағанда, келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
      4. Егер:
      1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде Тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге келмесе;
      3) мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде Тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, осы келісімшарттың 25-тарауының 4-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті орган біржақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне (кен орындарына) қатысты өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, мемлекеттің экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын болса, Үкімет шешімі бойынша құзыретті орган келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
      Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган ол жөнінде жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
      6. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес басқа да мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге немесе келісімшартта белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.
      8. Келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және өндіру жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      9. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде технологиялық үрдістің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
      10. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз тапсыруға міндетті.
      11. Тараптар жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы хабарлама табыс етілгенге дейінгі орындалмай қалған ағымдағы міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
      12. Егер өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы кен орны шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда, ол бұл туралы құзыретті органға дереу хабарлауға міндетті.
      Аумағында не заңды құзырында осы шекара маңындағы кен орнының бір бөлігі бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық келісімдері болмаған жағдайда, құзыретті орган шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиісті келісімге қол жеткізгенге дейін өндіруді тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте құзыретті орган өндіру операцияларын жаңғыртуға рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданылуын кездейсоқ жағдайларға байланысты үзген болып есептеледі.

27-бөлім. Келісімшарт тілі

      1. Келісімшарттың мәтіні Тараптардың әрбірі үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде _________ данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, барлық даналары бірдей.
      Келісімшарт Тараптарының келісімі бойынша келісімшарттық мәтіні шет тіліне аударылуы мүмкін.
      2. Келісімшарттің мазмұны мен талқылау барысында мәтінің нұсқалары арасында келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда ____________________ нұсқасы басым күшке ие болады.
  (тілді көрсету)
      3 Тараптар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдері қатынас тілдері ретінде қолданылатындығына уағдаласады.
      4. Келісімшарт күшіне енген күннен бастап_____________________
                                       (пайдалы қазба түрін көрсету)
өндіру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.

28-бөлім. Қосымша ережелер

      1. Осы келісімшартты іске асыруға байланысты талап етілетін барлық хабарламалар мен құжаттар тиісінше оларды алу фактісі бойынша ғана Тараптардың әрқайсысына ұсынылған және жеткізілген деп есептеледі.
      2. Хабарламалар мен құжаттар Тарапқа тікелей тапсырылады немесе пошта, тапсырысты авиапошта, факс арқылы жіберіледі.
      3. Осы келісімшарт бойынша пошта мекенжайы өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа 7 күн ішінде жазбаша хабарлама беруге міндетті.
      4. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөлігі ретінде қаралады. Қосымшалардың ережелері және келісімшарттың өзі арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, келісімшарттың негіз қалаушы мәні болады.
      5. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімімен ресімделеді. Мұндай келісім келісімшарттың құрамдас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар құзыретті органда немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында міндетті тіркеуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар олар тіркелген кезінен бастап күшіне енген деп танылады.
      6. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы) Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
      7. Келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде келісімшартқа қосымша келісімді белгіленген тәртіппен келіседі және жасасады, онда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелері, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет үзілісімен байланысты мәселелер және жауапкершілік мәселелері реттелуге тиіс. Құзыретті органның
шешімі бойынша келісімшартқа қосымша келісімді келісу және жасасу үшін осы тармақта көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
      8. Осы келісімшартқа 20__ жылы ___ (күні) __________ (айы) ________________ қаласында (Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
      9. Тараптардың заңды мекенжайы мен қолдары:

Өндіруге арналған   
модельдік келісімшартқа
1-қосымша      

2010 жылғы "__"_______
тіркеу № келісімшартқа
№ 4-қосымша     

Өндіруге арналған келісімшартқа жұмыс бағдарламасы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
__________________________________
(пайдалы қазба түрі көрсетіледі)

      Жұмыс бағдарламасы бекітілген күнге АҚШ долларының бағамы



Барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Қаржылық міндеттемелер (ҚМ)

мың теңге/$





Инвестициялар, барлығы

мың теңге/$





күрделі шығындар, барлығы

мың теңге/$





оның ішінде: ғимарат, құрылыстар

мың теңге/$





жайластыру, қайта жаңарту

мың теңге/$





машиналар, құрал-жабдықтар

мың теңге/$





көлік құралдары

мың теңге/$





қоршаған ортаны тазалық құрылғыларына/қорғауға жұмсалатын шығындар

мың теңге/$





өндіру шығындары, барлығы

мың теңге/$





тау-кен дайындық жұмыстары

кума м





мың куб м





күрделі тау жұмыстары

тонна м





мың текше м





кесу жұмыстары

кума м





мың текше м





пайдалану мақсатындағы барлау жұмыстары

кума м





мың текше м





оның ішінде пайдалану мақсатындағы бұрғылау

мың теңге/$





ұңғыманың кума м










өндіруге жөніндегі өзге шығындар (қайтадан іске қосу, ұңғымаларды жөндеу)

мың теңге/$





сынама

сынама





басқа да пайдалану шығындары (негізгі баптарды ашып көрсете отырып)

мың теңге/$





минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту)

мың теңге/$





өндіру көлемі: (пайдалы қазбаны көрсету)

мың тонна/млн текше м





жоба бойынша жалпы және өнім түрлері бойынша жиынтық табыс

мың теңге/$





технологиялар сатып алу

мың теңге/$





оның ішінде отандық технологиялар

мың теңге/$





Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымдары дамыту

мың теңге/$





Жер қойнауы жай-күйінің мониторинг

мың теңге/$





Тәуекелдерді сақтандыру, барлығы

мың теңге/$





(негізгі түрлерін көрсету)

мың теңге/$





Тарату қорына аударымдар

мың теңге/$





ҚР азаматтарын оқыту, біліктілігін арттыру, қайта даярлау

мың теңге/$





Еңбекақы төлеу қоры

мың теңге/$





жанама шығыстар (негізгі баптарды көрсету)

мың теңге/$





оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында

мың теңге/$





салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, барлығы

мың теңге/$





қол қойылатын бонус

мың теңге/$





тарихи шығындар

мың теңге/$





(барлық салықтар мен бюджетке төлеуге жататын міндетті төлемдерді көрсету)

мың теңге/$





салық төленгеннен кейін кәсіпорынның иелігінде қалатын таза табыс

мың теңге/$





инфляцияның индексіне түзетілген жылдық ақша ағыны

мың теңге/$





дисконттау ставкалары 10, 15 және 20 пайыздарға тең болған кездегі жобаның таза ағымдағы келтірілген құны;

мың теңге/$





жоба бойынша жалпы және жылдар бойынша жоба рентабельділігінің ішкі нормасы

%





Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 25 желтоқсандағы
N 1412 қаулысымен    
бекітілген      

БІРЛЕСІП БАРЛАУҒА ЖӘНЕ ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН
МОДЕЛЬДІК КЕЛІСІМШАРТ

      Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының аталатын құзыретті орган ретінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)
және
____________________________________________________________________
      (азаматтың аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы,
____________________________________________________________________
              бұдан әрі - жер қойнауын пайдаланушы)
арасында жасалған
____________________________________________________________________
      (әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
      (кен орны, учаске немесе блок)
____________________________________________________________________
      (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарт.
      Қазақстан Республикасы
____________________________________________________________________
      (әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жері көрсетілсін)
____________________________________________________________________
      (жер қойнауы учаскесі)
____________________________________________________________________
      (пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін)
бірлесіп барлауға және өндіруге арналған осы келісімшартқа Тараптар
____________________________________________________________________
      (келісімшарт жасасуға негіз болатын конкурстың комиссия хаттамасы немесе ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер хаттамасы)

      сәйкес 20__жылғы "___" ___________________ қол қойды.

Мазмұны

1. Кіріспе
2. 1-бөлім. Анықтамалар
3. 2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты
4. 3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
5. 4-бөлім. Келісімшарттық аумақ
6. 5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы
7. 6-бөлім. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға және реквизициялау құқығы
8. 7-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері
9. 8-бөлім. Барлау кезеңі
10. 9-бөлім. Коммерциялық табу
11. 10-бөлім. Өндіру кезеңі
12. 11-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу
13. 12-бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау
14. 13-бөлім. Қаржыландыру
15. 14-бөлім. Салық салу
16. 15-бөлім. Бухгалтерлік есеп
17. 16-бөлім. Сақтандыру
18. 17-бөлім. Консервациялау немесе тарату және тарату қоры
19. 18-бөлім. Жер қойнауын мен қоршаған ортаны қорғау
20. 19-бөлім. Халықтық және персоналдың қауіпсіздігі
21. 20-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі
22. 21-бөлім. Еңсерілмейтін күш
23. 22-бөлім. Құпиялылық
24. 23-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру
25. 24-бөлім. Қолданылатын құқық
26. 25-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
27. 26-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері
28. 27-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру шарттары
29. 28-бөлім. Келісімшарт тілі
30. 29-бөлім. Қосымша ережелер

Қосымша:
1-қосымша - Келісімшарт жасасуға негіз болатын Конкурстық комиссия шешімі немесе тікелей келіссөздер хаттамасы
2-қосымша - Конкурстық ұсыныс
3-қосымша — Геологиялық бөлу
4-қосымша - Тау-кендік бөлу
5-қосымша - Жұмыс бағдарламасы

Кіріспе

      Мынаны:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігі болатынын, Қазақстан Республикасы жер қойнауын ұтымды, қауіпсіз, әрі кешенді пайдалануды қамтамасыз ету шарттарымен _____________________________
                         (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
бірлесіп барлау мен өндіруді жүзеге асыруға ниет білдіретінін;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа сәйкес бірлесіп барлау және өндіру жұмыстарын ұтымды әрі тиімді жүргізуге ниеті, қаржылық және техникалық мүмкіндігі бар екенін;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі құзыретті органға келісімшарт жасасуға және орындауға құқық бергенін;
      4) Құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы ______________________________________ бірлесіп барлау мен өндіру
      (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
кезінде келісімшарт олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейді деп уағдаласқанын назарға ала отырып,
      құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы төмендегілер туралы келісті:

1-бөлім. Анықтамалар

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мағынасы бар.
      1) кен орнын әзірлеуді талдау - пайдалану объектісін әзірлеу үдерісінде-ұңғымалар мен қаттарды геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ мұнай өндіруді оңтайландыру мен оны алу коэффициентін ұлғайту мақсатында мұнай мен газ қорларының ағымдағы орналасуын және өнімділік қаттарда жүріп жатқан үдерістерді анықтау үшін және осының негізінде игеруді реттеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлей отырып, игеру көрсеткіштерінің динамикасын кешенді зерделеу;
      2) мемлекет - Қазақстан Республикасын білдіреді;
      3) геологиялық ақпарат - геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
      4) геологиялық бөлу - бірлесіп барлау мен өндіруге жасалатын келісімшарттың қосымшасы және оның ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін кестелік және сипаттамалық түрде айқындайтын құжат.
      5) тау-кендік бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын бірлесіп барлау мен өндіруге жасалатын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құжат;
      6) келісімшарттың қолданылатын жылы - григориан күнтізбесі бойынша тізбектеле келетін 12 (он екі) айға тең кезеңді білдіреді, келісімшарттың түпмәтінінде ол тіркейтін құзыретті орган келісімшарттың күшіне енетін күнін мемлекеттік тіркеген сәттен немесе осы енудің кез келген жылынан басталады;
      7) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімдік бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      9) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейінгі кезеңге немесе келісімшарттың қолданылуы аяқталғанға дейінгі мерзімге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу мерзімдерін айқындайтын құжат;
      10) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі — Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
      11) келісімшарттың күшіне ену күні - осы келісімшарттың 3-тарауының 7-тармағында көрсетілген күнді білдіреді;
      12) өндіру — минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) барлық кешені;
      13) жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Заңды, оған өзгерістер мен толықтыруларды және аталған Заңға сәйкес қабылданған, жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білдіреді;
      14) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
      15) келісімшарт — құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялар жүргізуге арналған шарт, сондай-ақ оның барлық қосымшалары;
      16) келісімшарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
      17) қазақстандық тауар өндіруші - Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
      18) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші — Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар;
      19) коммерциялық табу - келісімшарттық аумақтағы барлау нәтижесінде коммерциялық мүддені білдіретін, жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын табу;
      20) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
      21) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық үлесі;
      22) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
      23) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
      24) кен орны - құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;
      25) салық заңнамасы — "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) Кодексі, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілер;
      26) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
      27) бағалау жұмыстары - анықталған объектінің жалпы ресурстарын айқындау, олардың өнеркәсіптік маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатында жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
      28) жер қойнауын пайдаланушы - Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
      29) Үкімет - Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіреді;
      30) бағалау жұмыстарының жобасы - табылған объектінің жалпы ресурстарын айқындау, өнеркәсіптік маңызын жіті бағалау және оны өнеркәсіптік игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу әдістемесі мен көлемін белгілейтін, пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелері мен көрініс-белгілері табылған жағдайда барлау жүргізген кезде жасалатын жобалау-құжаты. Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемдерін көрсетеді;
      31) жобалау құжаттары - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен жобаны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын бағалауды қоса алғанда, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары ескеріле отырып, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеудің, бағалаудың және игерудің техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткіштерін негіздейтін және белгілейтін құжаттар;
      32) мердігер — жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушымен шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны білдіреді;
      33) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;
      34) мемлекеттің басым құқығы - Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға бірінші кезекті құқығы;
      35) пайдалы қазба - химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары;
      36) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
      37) кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы - берілген өнімділікті және өндіруге ілеспелі басқа да өндірістік операцияларды қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді айқындайтын, тиісті кен орнында пайдалы қазбалар өндіру тәсілін, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу параметрлерін реттейтін жобалау құжаты;
      38) кен орындарын өнеркәсіптік игеру - жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды ескере отырып, одан пайдалы қазбалардың бекітілген қорларын алуға бағытталған жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;
      39) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен оны бағалауға қатысты жұмыстар (операциялар);
      40) жұмыс бағдарламасы - жобалау құжаттарында берілген көрсеткіштер негізінде жасалатын, келісімшарттың қолданылу мерзіміне көлемі мен шығындары бойынша жылдарға бөлініп жинақталған көрсеткіштері бар жер қойнауын пайдаланушы жоспарларының жиынтығын айқындайтын құжат;
      41) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызмет үшін де өзге қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
      42) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      43) электрондық сатып алу жүйесі - сатып алуды ұйымдастырушы (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе;
      44) Тараптар - олар бірге айқындалған құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушыны білдіреді;
      45) Қазақстанда шығарылған тауар - тауардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғанын растайтын, оның ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;
      46) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдықтар, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құнды заттар;
      47) үшінші тарап - келісімшарт бойынша Тараптарды қоспағанда кез-келген заңды немесе жеке тұлғаны білдіреді;
      48) көрсетілетін қызметтер - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажетті қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
      49) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
      50) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық-экономикалық негіздеме - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, кен орындарын игеру жобасының техникалық және экономикалық параметрлерін және оны іске асырудың экономикалық мақсатқа сай екенін бағалауды қамтитын құжат;
      51) өлшеу/жеткізу пункті - кез келген көмірсутек шикізаты немесе ілеспе пайдалы қазбаларға қатысты Қазақстан Республикасы аумағындағы көмірсутек шикізаты немесе ілеспе пайдалы қазбалар өндіру, тазалау (тиісті жұмыс бағдарламасына сәйкес) объектілерінен жеткізілетін және көмірсутек шикізаты мен ілеспе пайдалы қазбалар өлшенуге тиісті пункт;
      52) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін, келісімшартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болады;
      53) минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) — тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі, ол өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сұрыптауды), брикеттеуді, агломераттауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, ұсақ тау-кен жынысы бар кен орнын түйіршіктеу және гидравликалық жолмен игеру) қамтуы мүмкін.

2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты

      1. Келісімшарттың мақсаты мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған келісімшарттық аумақта ___________________________________
                                    (пайдалы қазба түрін көрсету)
бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізу барысында Тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау болып табылады.
      2. Келісімшартта тікелей келіссөздер нәтижелері немесе конкурс
жеңімпазының конкурстық ұсынысы міндетті түрде бекітіледі. Келісімшарт талаптарының мемлекет үшін тиімділігі тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша не конкурстық ұсыныста белгіленген талаптардағыдан төмен болмауы керек.

3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

      1. Бірлесіп барлау мен өндіруге қатысты келісім _____ мерзімге жасалады.
      2. Барлау бойынша операциялар жүргізген кезде, теңізде мұнай операцияларын жүргізген кезде, егер жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталуына алты ай қалғанға дейінгі мерзімнен кешіктірмей құзыретті органға келісімшарт мерзімін ұзарту туралы өтініш жазып және мұндай ұзартудың себебін негіздеп берсе, келісімшарттың қолданылу мерзімін құзыретті орган екі жылға дейін ұзартуы мүмкін.
      3. Кен орындары табылған жағдайда оны бағалауға қажетті барлау жұмыстарын жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға құқылы.
      4. Табылған кенді бағалау үшін келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға байланысты өтініш оның құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей қарастырылуы керек.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт міндеттерін бұзбаған жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың аяқталуына дейін алты ай қалғаннан кешіктірмей, құзыретті органға келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен мұндай ұзартудың себебін негіздей отырып жүгінсе, қүзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өндіруге арналған келісімшарттың мерзімін ұзартады.
      6. Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.
      7. Келісімшарт егер оның басқалай, әлдеқайда кеш мерзімде күшіне енуі туралы келісімшартта келісілмеген болса, құзыретті органда міндетті түрде келісімшарттың мемлекеттік тіркелу актісін берілетін, мемлекеттік тіркеуден өткен күні күшіне енеді.
      8. Келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту кезінде келісімшартқа Тараптардың қосымша келісімімен рәсімделетін тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      9. Келісімшарттың қолданылу мерзімі оның қолданылу мерзімі мен күшіне ену күнін ескере отырып, Заңда және келісімшартта көзделген негіздемелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларды қоспағанда, келісімшарт әрекет етуінің соңғы күні аяқталады.

4-бөлім. Келісімшарттық аумақ

      1. Жер қойнауын пайдаланушы __________________________________
                                    (пайдалы қазба түрін көрсету)
Барлауды және/немесе өндіруді келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тау-кендік бөлуде немесе геологиялық бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінде жүргізеді.
      2. Егер _________________________________________ жер қойнауын
                        (пайдалы қазба түрін көрсету)
пайдалануға байланысты операциялар жүргізу кезінде кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) тау-кендік және геологиялық бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келісімшарт жобасын келісу және оны жасасу үшін Заңда белгіленген тәртіп және мерзімде конкурс өткізбей-ақ, келісімшарт талаптарын өзгерту жолымен шешуге тиіс.
      3. Келісімшарттық аумақты қайтарудың талаптары мен тәртібі Заңда және келісімшартта айқындалады.
      Келісімшарттық аумақты қайтару, коммерциялық айқындау жасалған аумақты қоспағанда, мынадай кесте бойынша жүзеге асырылады:
      келісімшарт қолданылуының екінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының үшінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының төртінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының бесінші жылының соңына %
      келісімшарт қолданылуының алтыншы жылының соңына %
      4. Егер жер қойнауын пайдаланушы ашқан кен орнының бір бөлігі басқа жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумағының шегінде болған жағдайда, онда мұндай жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің таңдауы бойынша:
      1) осы кен орнында өндіру құқығына ие тек бір ғана жер қойнауын пайдаланушы қалатындай немесе бір келісімшарттың негізінде ішінара құқыққа ие бірнеше жер қойнауын пайдаланушы қалатындай етіп жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде белгіленген беру рәсімдерін сақтай отырып, өзінің өндіру мен (немесе) барлау құқығын беруге;
      2) жобалық құжаттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, кен орындарында бірлесіп барлау және (немесе) өндіру жұмыстарын біртұтас атқару үшін келісімшарт жасауға, және мұндай келісімшартты құзыретті органмен алдын ала келісуі керек.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылар осы талаптарды сақтамаған жағдайда, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушылардан кен орнында бірыңғай объект ретінде бірлесіп барлау және (немесе) өндіру туралы шарт жасасуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Бірлесіп барлау және (немесе) өндіру туралы шартты жасасу кезінде бүкіл кен орны үшін бірыңғай жұмыс бағдарламасы әзірленеді, ол жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен міндетті түрде келісуге жатады.
      6. Бірлесіп барлау және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өздеріне келісімшартта, сондай-ақ жұмыс бағдарламасында жүктелген міндеттемелерді орындау жөнінде ортақ жауапкершілікте болады.
      7. Бір келісімшарттық аумақ шегінде әртүрлі келісімшарттар бойынша екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақ шегінде жұмыстар жүргізудің тәртібі осындай жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісіммен айқындалады.
      8. Егер бір келісімшарттық аумақ шегінде әртүрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы мәселе бойынша келісімге келе алмаса, келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына құзыретті органмен жасалған келісімшарт бойынша ___________ барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен жасалған келісімшарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе ендіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органыдарымен жасалған келісімшарт бойынша ___________ барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы белгілеген келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін сақтауға міндетті.
      10. Бір келісімшарттық аумақ шегінде құзыретті органмен жасалған әртүрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына келісімшарт онымен бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      11. Келісімшарт онымен кешірек жасалған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің келісімшарт онымен бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы белгілеген тәртібін сақтауға міндетті.
      12. Бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүргізудің тәртібі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы

      1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы сатып алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
      Барлау мен өндіруді өткізуге арналған жер қойнауын пайдаланушымен қолданылатын бағалы қағаздардан және өндірістік емес мүліктен, ақшадан басқа мүлікке және жабдыққа меншік құқығына көшу мәселелері келісімшартпен белгілене алады.
      2. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының мемлекетке ауысуына қарамастан, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай жабдықты және өзге де мүлікті құзыретті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен кезден бастап бір жыл ішінде не келісімшартта өзгеше белгіленген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыда мұндай жабдық пен өзге де мүлікті өз есебінен демонтаждау не келісімшарттық аумақтан әкету міндеті сақталады.
      Жабдықтың және өзге де мүліктің тиесілігіне қарамастан, мұндай жабдық пен өзге де мүлікті демонтаждауды және келісімшарттық аумақтан әкетуді жер қойнауын пайдаланушы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен, мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
      3. Құзыретті орган келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан Жағдайда жер қойнауын пайдаланушы технологиялық үдерістің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
      4. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген адамы ретінде іс-қимыл жасайды.
      5. Геологиялық ақпарат, егер ол жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік меншіктегі келісімшарттық аумақ бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттің заңнамасымен бекітілген тәртіпте алады.
      7. Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны мемлекет бюджетіне төленеді.
      8. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін бекітілген тәртіпке сәйкес міндетті түрде ақысыз беруге жатады.
      9. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдың жеткізгіштерін жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз тапсыруға міндетті.

6-бөлім. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға және реквизициялау құқығы

      1. Мемлекеттің басқа тұлғалар алдында, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға артықшылықты құқығы бар.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы мәмілелер жасасу кезінде қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, әлемдік нарықта мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөніндегі мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады.
      3. Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі жер қойнауын пайдаланушы өндіруінің жылдық көлемінің ___ %-нан аспайды.
      4. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, Үкіметтің жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі пайдалы қазбалардың бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау мемлекеттің мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше немесе соғыс жағдайының барлық қолданылу мерзімі ішінде жүргізілуі мүмкін. Пайдалы қазбаларды реквизициялау кез келген жер қойнауын пайдаланушыға меншік түріне қарамастан жүргізіледі.

7-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

      1. Жер қойнауын пайдаланушының:
      1) келісімшарттық аумақта ________________________ барлау және
                             (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
(немесе) өндіруді ерекше негізде жүргізуге;
      2) келісімшартта көзделген талаптарға және жобалаушы құжаттарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасауға;
      3) егер келісімшартта не мемлекеттің заңдарында өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералдық шикізаттарды өз қалауынша пайдалануға;
      4) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде _________________________________ барлау және (немесе)
              (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
өндіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
      5) Заңмен бекітілген негізде және тәртіпте келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздерге бастамашылық жасауға;
      6) _____________________________ бірлесіп барлау және өндіруге
      (пайдалы қазбаның түрін көрсету)
байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға;
      7) Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
      8) Заңда немесе келісімшартта айқындалған жағдайларда
_______________________________ барлау және (немесе) өндіруді
(пайдалы қазбаның түрін көрсету)
жүргізумен байланысты операцияларды тоқтатуға құқығы бар.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап барлауды жүргізуге кірісуге;
      2) барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды келісімшартқа және мемлекет заңнамасына сәйкес жүргізуге, мемлекет заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;
      3) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген __________________________________ барлау және (немесе) өндірудің
(пайдалы қазбаның түрін көрсету)
неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;
      4) барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      5) келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға;
      6) Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға (жер асты сулары мен жалпыға танымал пайдалы қазбалалар туралы келісімшарттарды қоспағанда);
      7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлау мен (немесе) ендіру операцияларын жүргізуге арналған жобалау құжаттар мен технологиялық сызбалардың ережелерін сақтауға;
      8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;
      9) мемлекетте өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және мемлекеттің техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде
пайдалануға;
      10) егер осы көрсетілетін қызметтер мемлекеттің резиденті еместер орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді тартуға;
      11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге, бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту конкурстық ұсыныста көзделгеннен төмен болмайды, жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік жұмыстарға тартылған қызметкерлерді қоса алғанда жетекші құрам бойынша %, жоғары және орта кәсіптік білімді мамандар бойынша %, білікті жұмысшылар бойынша %, соның ішінде жылдар бойынша:

жыл

басшы құрам

ЖБ және ОКБ мамандар

жұмысшылар

1 жыл




2 жыл




...




(бағалауда)




      12) жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық қызметкерлерге тартылған шетелдік қызметкерлерге қатысты алғанда еңбекке ақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
      13) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауардағы, жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
      14) барлау және (немесе) өндіру кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жыл сайынғы инвестициялардың көлемінің пайызы көлемінде қаржыландыруға міндетті.
      Егер Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелер толық орындалмаған жағдайда, қаражаттың қалған бөлігі құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға пайдаланылады.
      15) бірлесіп барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:

Жыл

тауарлар

жұмыстар

қызметтер

1 жыл




2 жыл







(бағалау кезінде)




      16) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда мемлекет Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға;
      17) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекет заңнамасына сәйкес, құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы және басқа да ақпарат беруге;
      18) мемлекеттің бақылаушы органдары лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
      19) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      20) кедендік декларация қабылданған күнге қолданыстағы мемлекет заңнамасына сәйкес, кедендік төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      21) өз қызметі барысында келісімшарттық аумақта орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға;
      22) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
      23) жер қойнауын пайдалануға байланысты операциялар жүргізген кезде мемлекеттің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтауға;
      24) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;
      25) сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға мемлекеттің Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасына ұсынуға;
      26) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға мемлекеттің Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;
      27) 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға мемлекеттің Үкіметі  бекіткеннысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдағы кезеңдерге арналған орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
      28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
      29) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Үкімет бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен мемлекеттің азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша мемлекеттің азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
      30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;
      31) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде тіркелуге;
      32) құзыретті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;
      33) ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс-қағаздарын жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға;
      34) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді мемлекет заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге;
      35) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кең орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      36) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелерін халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының зардаптарын мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға;
      37) келісімшарт және жобалаушы құжаттар ережелеріне сәйкес конкурстық ұсыныста көзделген немесе тікелей келіссөздер нәтижесінде келісілген шарттардан нашар болмайтын жағдайда жоғары технологияларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану бойынша міндеттемелерді жүзеге асыруға;
      38) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджетіне конкурстық ұсыныста көзделген мөлшерден төмен болмайтын немесе тікелей келіссөздер хаттамасында көрсетілген ________ теңге көлемінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға төлемдер жүргізуге;
      39) * тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
      Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 aқпaндaғы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
      Ескертпе*: осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
      жалпы таралған пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған;
      жерасты суларын бірлесіп барлауға және өндіруге арналған;
      емдік балшықтарды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған;
      39-1) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар және тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп беруге;
      40) Заңда бекітілген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруды, мұндай рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асыруға;
      41) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде құзыретті органға хабарлауға;
      42) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес, аудиторлық есеппен расталған есептілікті мемлекет Үкіметі бекіткен тәртіппен ұсынуға;
      43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушымен тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерді сатып алуды жоспарлау және өткізу туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға шығындар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;
      44) кен орны табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұл жөнінде құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына отыз жұмыс күні ішінде хабарлауға;
      45) кен орны табылған жағдайда жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы бойынша құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы белгілеген мерзімде бағалау жұмыстарының жобасын жасауға;
      46) өндірумен байланысты жұмыстарды жобалауда, пайдалы қазбалар кен орындарын игеруді жүзеге асыру барысында осы келісімшарттың 18 бөлімінде көзделген жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау бойынша талаптарды сақтауға;
      47) егер жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттық аумақта немесе осы келісімшартпен көзделген жұмыстар жүргізіліп жатқан өзге учаскелерде орын алған қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін қандай да бір жағдай немесе құбылыс туралы мәлім болса, онда дереу мемлекеттік органдарды хабардар етуге;
      48) бұдан бұрын келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесіне келісімшарт жасалған жағдайда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушымен және сенімгерлік басқарушымен жасалған шығындарды, оның ішінде осы келісімшарттың 5-тарауының 2-тармағына сәйкес, берілген мүліктердің құнын қоса алғанда, сондай-ақ, сенімгерлік басқарушыға сыйақы төлеу міндеттемесін де өтеуге;
      49) көмірсутек шикізатын бірлесіп барлау мен өндіру келісімшарты бойынша әр үш жыл сайын жаңарып тұруға тиісті қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен келісілуге және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бекітілуге жататын газды кәдеге жаратудың, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын көздеуге;
      50) көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға зиянды барынша азайтуға, көмірсутек газын жағу көлемін барынша азайтуға, ілеспе газды, оны өңдеуді қоса алғанда, ұтымды және кешенді пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүргізуге;
      51) жер қойнауын пайдаланушы ілеспе газды өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі міндеттемелер қабылдайды;
      52) келісімшарттың аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге;
      53) мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін кестелерде айқындалған көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде өңдеу үшін шикі мұнайды жеткізуге;
      54) жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшартта және мемлекет заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді көтереді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы):
      1) келісімшарт шарттары бойынша жері қойнауын пайдаланушымен келіссөздерде және оның орындалу үдерісінде мемлекетті білдіруге;
      2) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт талаптарының орындалуына бақылау және мониторинг жүргізуге;
      3) техникалық регламенттерде және мемлекеттің өзге заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      4) жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарт талаптарының орындалуының есебін беруді үнемі талап етуге, жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарт шарттарына және мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына талаптарына қатысты өзге де ақпаратты сұратуға;
      5) жер қойнауын пайдаланушыдан жұмыс бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ақпаратты сұратуға;
      6) жер қойнауын пайдаланушыдан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімдік бағдарламаларын сұратуға;
      7) жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарттық міндеттемелерін орындауын талап етуге;
      8) келісімшарттық аумақтағы кез келген жұмыстарға қол жетімділік;
      9) Заңда көзделген жағдайларда бір жақты тәртіпте келісімшарт қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      4. Құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы):
      1) келісімшарт шарттарының орындалуы мен тоқтатылуын қамтамасыз етуге;
      2) келісімшарт талаптарының орындалуына бақылау жүргізу барысында жер қойнауын пайдаланушының жобалаушы құжаттарда және келісімшартта көзделген талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасауға құқығын бұзбауға;
      3) келісімшартқа сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

8-бөлім. Барлау кезеңі

      1. Барлау кезеңі ________ (бірақ алты жылдан көп емес) тізбекті жылдан тұрады және егер кен орны табылған жағдайда оны бағалауға қажетті кезеңге дейін ұзартылуы мүмкін.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы барлауды келісімшарт күшіне енген
күннен кейінгі _________ күн мерзімнен кешіктірмей бастауы керек.
      Жер қойнауын пайдаланушы алдын ала ______ күн бұрын құзыретті органды барлау басталатын нақты күн туралы хабардар етеді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы барлау бойынша жыл сайынғы операцияларды келісімшартқа, бекітілген жобалаушы құжаттарға, жұмыс түрлері, олардың көлемдері мен шығындарын көздейтін жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Барлау жүргізілудің мүмкіндігіне қарай, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу жасалған аумақты қоспағанда келісімшарттық аумақты келісімшарт және жұмыс бағдарламасының шарттарына сәйкес, қайтаруға міндеттенеді.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының қайтарылатын аумағын анықтайды және ол туралы құзыретті органға __________________
                                           (мерзімін белгілеу)
алдын ала күн қалғанға дейін хабарлайды.
      6. Қайтарылатын учаскелер мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы барлау салдарынан бүлінген қайтарылатын аумақтарды және өзге де табиғи объектілерді одан әрі тікелей мақсатына пайдалануға жарамды қалыпқа дейін өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.

9-бөлім. Коммерциялық табу

      1. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға отыз жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауы тиіс.
      2. Құзыретті орган хабарламаны алғаннан кейінгі бір ай мерзімде бағалау жұмыстары кезегіне өтуге рұқсат береді. Бағалау жұмыстар кезегіне өту барысында келісімшарттың жұмыс бағдарламасында міндетті түрде өзгеріс енгізіледі.
      3. Табуды растау мен оны бағалау мерзімі құзыретті органмен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану бойынша құзыретті органның тұжырымдамасы бойынша белгіленеді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы хабарлайды.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы бағалау жұмыстары кезегіне өту барысында Заңға сәйкес, бағалау жұмыстарының жобасын әзірлейді. Бағалау жұмыстарында қатты пайдалы қазбаларды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы (немесе көмірсутекті шикізат бойынша сынамалы пайдалану) болуы мүмкін.
      5. Бағалау жұмыстарының жобасында белгіленген тәртіпте бекітілгеннен тыс, сондай-ақ, бағалау жұмыстарының жобасы талаптарын бұза отырып кен орындарына бағалау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру (немесе көмірсутекті шикізат бойынша сынамалы пайдалану) жобасында белгіленген тәртіпте бекітілгеннен тыс, сондай-ақ, осындай жобаның талаптарын бұза отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру (немесе көмірсутекті шикізат бойынша сынамалы пайдалану) жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

10-бөлім. Өндіру кезеңі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайынғы өндіру жөніндегі операцияларды келісімшартқа, бекітілген жобалаушы құжаттарға, жұмыс түрлері, олардың көлемдері мен шығындарын көздейтін жұмыс бағдарламасына сәйкес, жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушыға жобалаушы құжаттарға сәйкес кен орнындағы пайдалы қазбалардың қорларының толық өңделу мерзімі ескеріле отырып, келісімшарттық аумақта өндіруге айрықша құқық беріледі.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасы келісілгеннен кейін _________________ өндіруді күннен кешіктірмей бастауы тиіс.
      (күнін көрсету)
      4. Жер қойнауын пайдаланушы алдын ала ____ күн бұрын кен орнында өндіру басталуының нақты күні туралы құзыретті органға хабардар етеді.
      5. Көмірсутек шикізаты кен орнын өнеркәсіптік игеру барысында жер қойнауын пайдаланушы жобалаушы құжаттардың және жұмыс бағдарламасының ережелерін сақтауға міндетті. Өнеркәсіптік игеруді, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді бекітілген тәртіпте бекітілген өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жобалаушы құжаттарсыз, сондай-ақ мұндай жобалаушы құжаттар талаптарына қайшы келетін жағдайларда жүзеге асыруға тыйым салынады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын игеруді жүргізуді мемлекет Үкіметі бекітетін, Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай ережелерге сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
      7. Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізатының кен орындарын өнеркәсіптік игеруді жүзеге асыру кезінде геологиялық және маркшейдерлік бақылаулардың және тиісті құжаттаманың толық, жүйелі және сапалы жүргізілуін, оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      8. Кен орындарын игерумен байланысты жұмыстарды жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізбей және кен орнын игеруге бақылау жасамай жүзеге асыруға тыйым салынады.
      9. Табиғи газды өндіру барысында табылған кен орнынан өндірілетін табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі мәмілелер жасалғанға дейін табиғи газды өндіруді бастауды талап етуге құзыретті органның құқығы жоқ, ал жер қойнауын пайдаланушы өндіруді бастауға міндетті емес. Бұл ретте келісімшарттың қолданылу мерзімі табылған табиғи газ кен орнынан өндірілетін табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі тиісті мәмілелер жасалған кезге дейін үзіледі.
      10. Егер жер қойнауын пайдаланушы табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі мәмілелерді кен орнын жарақтандырғаннан кейінгі бір жыл ішінде жасаспаса, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының үшінші тұлғамен қисынды шарттар бойынша газ жеткізіп беруге, оның ішінде үшінші тұлға жер қойнауын пайдаланушымен мәміле жасасуға келіскен жағдайда, жеткізіліп берілетін газды отандық не шетелдік тұтынушыларға кейін қайта сату мақсатында шарт жасасуды талап етуге құқылы. Егер жер қойнауын пайдаланушы және құзыретті орган айқындаған мұндай үшінші тұлға осы мәселе бойынша келісімге келмеген жағдайда, олар бұл даудың сот тәртібімен шешілуін талап етуге құқылы.
      11. Мұнай-газ кен орындарын ілеспе және (немесе) табиғи газды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жаратусыз өнеркәсіптік игеруге тыйым салынады.
      12. Мынадай жағдайларды:
      1) апаттық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе тұрғындар денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі;
      2) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде;
      3) технологиялық жабдықты іске қосу-баптау; технологиялық жабдықты пайдалану; технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу жағдайларын қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады.
      13. Жер қойнауын пайдаланушы қажетті кәсіпшілік объектілерді және пайдалы қазбаларды өндіру, дайындау, сақтау және тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салуды белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
      14. Кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау мен салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі, ықтимал апаттық жағдайлардың зардаптарын шектеу мен мейлінше азайту жөніндегі қажетті шаралар қамтамасыз етілуге тиіс.
      15. Жайластыру объектілерін салу кезінде кен орнын игерудің қабылданған технологиялық нұсқасының жобалау көрсеткіштерінің өзгеруіне және өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың бұзылуына әкеп соқпас үшін оларды пайдалануға берудің жобалау құжатында белгіленген кезектілігі сақталуға тиіс.
      16. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан алынған кезде, мұндай ұңғыманы бақылауға алу үшін өзге әдістерді қолдану мүмкін емес не қалыптасқан жағдайларда тиімсіз болып табылатын қысымды шығаруға арналған тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы құзыретті органның жазбаша рұқсатынсыз бұрғылауға тыйым салынады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға мұндай тығындау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешім қабылдауға әсер еткен нақты жағдайлар мен себептерді көрсете отырып, қисынды мерзімде жазбаша хабарлауға міндетті.
      17. Игерілген және мемлекетке қайтарылатын кен орны учаскелері мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жүргізу нәтижесінде бүлінген қайтарылатын аумақтарды және өзге де табиғи объектілерді одан әрі тікелей мақсатына пайдалануға жарамды қалыпқа дейін өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.

11-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу

      1. Өлшеу бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ала отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге немесе табудың сынамалы пайдалануына құқылы болған жағдайларда қолданылады.
      2. Келісімшарттық аумақта өндірілген _________________________,
                                       (пайдалы қазба түрін көрсету)
(мұнайды қоспағанда) өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекетте қолданылатын әдістер мен тәжірибеге сәйкес жүргізеді.
      3. _____________________ өлшеу және таразылау үшін қолданылатын
      (пайдалы қазба түрін көрсету)
жабдық пен аспаптарды сынаудан өткізу мемлекеттің метрология және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      4. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекет Үкіметі бекітетін тәртіппен сәйкес жүзеге асырады.
      5. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы құрлықта орналасқан өлшеу пункттарында және мемлекет Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      6. Егер сынақ немесе тексеру кезінде жабдықтар немесе аспаптарда ақау байқалса, бүліну мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ақау мерзімі ақау табылған күнге дейінгі алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретінде белгіленеді.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіппен уақыттың белгілі бір кезеңі сайын құзыретті орган және метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен мұнайды таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.

12-бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау

      1. Жер қойнауын пайдаланушы бекітілген бюджетке және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға құқылы.
      2. Егер мемлекеттің заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес иеленетін жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы мердігерлерді тартуды жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың мемлекет Үкіметі бекіткен тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мердігерлердің жер қойнауын пайдаланушымен жасалған мердігерлік шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган алдында жауапты болады.
      4. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден мемлекет заңнамасына сәйкес сатып алуға міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға байланысты рәсімдерді мемлекет аумағында жүзеге асыруға міндетті.

13-бөлім. Қаржыландыру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне жобалаушы құжаттар және жұмыс бағдарламасына сәйкес келісімшарт бойынша өз қызметін қаржыландыру жөнінде міндеттеме алады.
      2. Келісімшарт бойынша қызметті қаржыландыру өз қаражаты есебінен де, тартылған қаражат есебінен де жүргізілуі мүмкін.
      3. Келісімшартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлері мемлекет заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердігерлері валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

14-бөлім. Салық салу

      1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекет аумағында келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемесін орындаудан босатпайды.
      2. Осы келісімшартты жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонустың белгіленген сомасының елу пайызын 20 жылдың "___"________ күнгі N___ төлем тапсырмасы бойынша төледі.
      3. Қол қойылатын бонустың мөлшердегі қалған елу пайызын жер қойнауын пайдаланушы (сомасын көрсету) келісімшарт күшіне енгеннен кейінгі отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді.
      4. Қол қойылатын бонус көлемі конкурстың ұсыныста (тікелей келіссөздер өтінімінде) көзделген көлемнен төмен бола алмайды.
      5. Қол қойылатын бонус бойынша төлемнің кезеңділігі мен тәртібі мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындардың өтеу бойынша  төлемді жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудың N ___ ____________, бойынша және ____________ мөлшерде, мемлекеттің салық заңнамасымен бекітілген тәртіп пен мерзімде уәкілетті органмен құпиялылық туралы келісімге сәйкес төлейді.
      7. Қол қойылған бонустың дер кезінде және толық төленуін бақылау мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

15-бөлім. Бухгалтерлік есеп

      1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы мемлекет заңнамасының, халықаралық стандарттардың немесе шетел мемлекеттерінің стандарттарының талаптарына және бухгалтерлік есеп шотының үлгі жоспарларына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін, олардың қажеттілігіне мен қызмет ерекшелігіне сүйене отырып, жер қойнауын пайдаланушы есепке алу саясатын қабылдауға міндетті.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      2. Активтерді сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда жымқыру мен қателесу оқиғаларын анықтау мен алдын алу бойынша шараларды қоса алғанда, мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын сақтау, есеп саясатын, операцияларды тиімді жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.

16-бөлім. Сақтандыру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу барысында мемлекет заңнамаларына сәйкес, міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы меншік иесі ретінде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      3. Қызметшілердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында денсаулығы мен өміріне зиян келтіру мүмкін жағдайлардан, олардың мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы мемлекет заңнамасында көзделген көлемде қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жазатайым жағдайлардан жұмыскерлерді сақтандыру туралы жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      4. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға оның апаттық ластануы нәтижесінде келтірілген зардаптың орнын толтыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Үкімет анықтаған тізілімге сәйкес, шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін жүзеге асырушы субъект ретінде міндетті экологиялық сақтандырудың келісімшартын жасасуды жүзеге асыруға міндетті.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатқызылған жер қойнауын пайдаланушы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесі ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырған жағдайда міндетті экологиялық сақтандыру тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік бөлігінде ғана жасалады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің заңнамасымен көзделген сақтандырудың өзге де түрлерін жүзеге асырады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушының ерікті сақтандыру шарттарын жасасуы оны міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша міндетінен босатпайды.
      7. Мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарт әрекет етуінің барлық мерзіміне жер қойнауын пайдаланушы мынадай сақтандыруды жүзеге асырады:
      1) Келісімшарттық аумақта_____________________________________
          (жер қойнауын пайдалану бойынша операцияның түрін көрсету)
немесе келісімшарттық аумақтан\қа тасымалдау кезінде қолданылатын немесе қолдануға жоспарланып отырған барлық құрылғыларды, ғимараттарды, технологиялық объектілерді және барлық түрдегі тауарды қамтитын мүлікті зардаптан сақтандыру.
      2) ___________________________________________________________
          (жер қойнауын пайдалану бойынша операцияның түрін көрсету)
байланысты туындаған үшінші тұлғалардың мүлкіне және (немесе) өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін:
      Құрлықтағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен;
      Теңіздегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 9 000 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде сақтандыру.
      3) Келесі шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз ететін, зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің тәуекелдері мен қаржылық шығындары мен тәуекелдерінен сақтандыру:
      а) атқылайтын ұңғыманы бақылауға алу бойынша шығындар;
      б) атқылау нәтижесінде ұңғыманы жоғалтқан жағдайда қайталама бұрғылауды жүзеге асыру бойынша шығындар;
      в) ұңғыма атқылау нәтижесінде орын алған ластануды тазалау мен оқшаулау бойынша шығындар;
      а) - в) тармақшалар бойынша мұндай сақтандырудың жалпы сомасы;
      Құрлықтағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қатысты бір оқиға бойынша 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен;
      Теңіздегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 9 000 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде жүзеге асырылады.
      4) Жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерін медициналық сақтандыру.
      8. Осы бөлімінің 7-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын сақтандыру шарттары жер қойнауын пайдаланушының мүдделеріне қатысты төмендетудің болмауы шартымен қосымша сақтандырылғандар ретінде мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді, аффилиирленген тұлғаларды және басқа тұлғаларды қамтуы мүмкін.
      9. Осы бөлімге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы жасасатын сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушы ұйым қабылдайтын тәуекел Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы талаптарына сәйкес қайта сақтандыруға жататын болса, сақтандырушы ұйым мұндай қайта сақтандыруды келесі сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ұйымдарда қамтамасыз етуі тиіс:
      - халықаралық шкала бойынша қаржылық қамтамасыз етудің халықаралық рейтингі келесі рейтинг агенттіктерімен расталған:
      Standard & Poors - А - төмен емес
      немесе FITCH - А - төмен емес
      немесе Moody's Investors Service - A3 темен емес
      немесе, тек қана акцияларына (қатысу үлестеріне) ұлттық компания тікелей немесе жанама иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты,
      - акцияларының (қатысу үлестерінің) 100% ұлттық компания тікелей немесе жанама иелік ететін сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ұйым болып табылатын ұйымдарда.
      10. Келісімшарт күшіне енгеннен кейін күн ішінде жер қойнауын пайдаланушы осы бөліммен сақтандыру көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді сактандыру бағдарламасын жасайды және құзыретті органға келісуге жібереді.

17-бөлім. Консервация немесе тарату және тарату қоры

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалаушы құжаттарға және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларда қолданылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды, әртүрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, барлау және (немесе) өндіру жөніндегі жұмыстар жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Жер қойнауын пайдалануға байланысты операцияны тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілерді жою немесе консервациялау басталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.
      3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидаларының негізінде жобаны жобалау мен іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.
      4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстар құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер  қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, (облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.
      6. Объектіні жоюмен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты операциялардың салдарын жою үшін тарату қорын құрады.
      8. Жер қойнауын пайдалану операцияларына байланысты тарату қорына аударымдар жыл сайын жер қойнауын пайдаланушымен жылдық шығындардың 1 %-ынан кем емес мөлшерде мемлекет аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік есеп-шотқа аударылады.
      9. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
      10. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі және салық салынатын табысқа енгізіледі.
      11. Тарату немесе консервация жобасы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақтағы қызметі барысында пайдаланылған объектілерді таратуды немесе консервациялауды көздейді.
      12. Жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.
      13. Құзыретті орган келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатқан
жағдайда тарату қоры Заңның 72-бабының 10-тармағымен анықталатын
сенімгерлікпен басқарушыға беріледі.

18-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау

      1. Өз қызметін жүзеге асыруда жер қойнауын пайдаланушы мынадай жалпы экологиялық талаптарды сақтауға міндетті:
      1) жер қойнауын мемлекеттің экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес пайдалану;
      2) жер бетін кен орнын игерудің арнайы әдістерін қолдану есебінен сақтау;
      3) жердің техногендік шөлейттенуін болдырмау;
      4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында қауіпті техногендік үдерістердің алдын алу шараларын қолдану;
      5) Жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орнын игеру мен пайдалануды қиындататын өзге де күтпеген факторлардан қорғауды жүзеге асыру;
      6) жер қойнауының ластануының алдын алу;
      7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі оперцияларды жүзеге асырумен байланысты объектілерді консервациялау мен таратудың бекітілген тәртібін сақтау;
      8) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
      9) ұтымды сызба бойынша жұмыстар басталғанға дейін автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ басқа әдістерді пайдалану арқылы бұзылатын және иеліктен шығарылатын жерлер аумақтарын азайту;
      10) топырақтың жел эрозиясын, өндіріс қалдықтарының қышқылдануы мен өздігінен жануының алдын алу;
      11) ластануды болдырмау үшін тартылатын және тұщы сулы жерлерді оқшаулау;
      12) жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу, сонымен бірге шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде улы емес реагенттерді қолдану;
      13) бұрғылау ерітінділерін тазарту мен қайта пайдалануды жүргізу;
      14) бұрғылау және жанар-жағар материалдар қалдықтарын таратуды экологиялық қауіпсіз жолмен жүзеге асыру;
      15) шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде улы емес реагенттерді қолдану;
      16) мұнай шоғырларының қабатішілік қысымын қолдау жүйесінде мұнай өнеркәсіптік ағындарды тазалауды және қайта пайдалануды жүзеге асыру.
      2. Жер қойнауына нормативтік көрсеткіштерге дейін тазартылмаған ағын суларды төгуге тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбамен ілеспе өндірілген суларды кері ағызу, сондай-ақ мемлекет заңнамасымен көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама мен өзге сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар және технологиялық регламенттерде көзделген, пайдалы қазбаларды өндіруге технологиялық ерітінділерді жер қойнауына ағызу ағын суларды төгу деп есептелмейді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) халықаралық тәжірибелерде қабылданған стандарттарға негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;
      2) жер қойнауын ұтымды пайдалануды, қызметкерлердің, тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық сызбалар мен жұмыстар жүргізу жобаларын сақтауға міндетті.
      4. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыруының міндетті шарты жер қойнауы ластануының алдын алу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз ету болып табылады. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында:
      1) Жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) бай учаскелерді таңдап өндіруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
      3) кен орнын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бір жерде жатқан пайдалы қазбалар қорын және қосалқы компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алу;
      4) бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді жою;
      5) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;
      6) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындата түсетін басқа да дүлей факторлардан қорғау;
      7) жер қойнауының ластануын, әсіресе мұнайды, газды немесе басқа да заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;
      8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
      9) өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде олардың су жинау алаңдары мен жер асты суларына қосылып, жиналуының алдын алу мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз ету қажет.
      5. Пайдалы қазбаларды өндіру шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрі болып табылады және жер қойнауын пайдаланушы мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) ұңғымалардың және тау-кен қазбаларының құрылымы сенімділік, технологиялық және экологиялық қауіпсіздік бөлігінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуі тиіс;
      2) дизель-генераторлық және дизельдік құрылғыларды қолданумен бұрғылау және басқа жұмыстар барысында мұндай құрылғылардан тазартылмаған газдардың атмосфераға шығуы олардың техникалық сипаттамаларына және экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс;
      3) құрылғыны монтаждауға даярлау жұмыстарын жүргізу барысында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу барысында топырақ қабаты алынып аймақты кейінгі рекультивациялау үшін жеке сақталады;
      4) улы заттардың табиғи объектілерге өтуін болдырмау мақсатында технологиялық алаңдарды гидрооқшаулаумен қалдықтарды жинау және сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуі тиіс;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ұңғыма салынған жағдайда тек қана амбарсыз технологияны қолдану қажет;
      6) бекітілген талаптарға сәйкес, бұрғылау барысында қайта пайдалану, қоршаған ортаға қайтару мақсатында бұрғылау, карьерлік, шахталық ағын суларды, бұрғылау ерітіндісін бейтараптандыру және шөгінділерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс;
      7) көмірсутектік негіздегі (әк-битумды, инвертті-эмульсионды және басқа) бұрғылау ерітінділерін қолданған жағдайда ауа қабаты газдануының алдын алу бойынша шаралар қабылдануы тиіс;
      8) өртену және адамдарды улау мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында пирофорлы түзілістерді, шөгінділерді және кернді көму қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органмен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен келісілген жобаға сәйкес жүргізіледі;
      9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды іске қосу жобалаушы құжаттармен көзделген барлық экологиялық талаптарды толық көлемде орындау шартымен жүргізіледі;
      10) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен құрылғыларды демонтаждау аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес, жер учаскесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі;
      11) бұрғылау ұңғымаларын, оның ішінде өздігінен төгілетін, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануы тоқтатылған ұңғымаларды жер қойнауын пайдаланушы реттеуші құралдармен жабдықтайды, мемлекет заңнамасына сәйкес консервациялайды немесе таратады;
      12) қызметі жер асты сулары объектілеріне жағымсыз әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін жер қойнауын пайдаланушылар су объектілерінің ластануы мен сарқылуының алдын алу шараларын жүргізуге міндетті;
      13) ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты су объектілерінің су жиналу алаңдарында қалдықтарды көму, молалар, мал өлекселерін көметін шұңқырлар және жер асты суларының жай-күйіне әсерін тигізетін өзге де объектілерді салуға жол берілмейді;
      14) сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының бұл ұңғымаларды бұрғылау ауданындағы арнайы тексеруден кейін берілетін оң қорытындылары болған жағдайда жол беріледі;
      15) өндірістік, емдік минералды суларды пайдаланғаннан кейін төгу мемлекеттің су заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс;
      16) келісімшарт аумағындағы ұңғымаларды консервациялау мен тарату мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі;
      17) игерілген суларды сіңірме ұңғымаларға кері айдау жүргізілетін ауданда су пайдаланушының күшімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісілген жоспар бойынша жақын жердегі ұңғымалардағы бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасын жүйелі зертханалық тексеру ұйымдастырылуы тиіс.
      6. Өндіру жүргізуде жер қойнауын пайдаланушы міндетті:
      1) қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының келісімімен су қорын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жерастылық су объектілеріне зиянды әсердің рұқсат етілген шекті нормативтерін сақтауға;
      2) төгілетін судың химиялық құрамын мемлекеттің техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген өзінің немесе өзге де зертханаларда анықтауды қамтамасыз етуге;
      3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына ластаушы заттардың апаттық шығарылымдары, сондай-ақ жер асты суларын aлу режимі мен оларға суларды кері айдау (шайқау) объектілері режимінің бұзылуы туралы ақпаратты беруге.
      7. Жер қойнауын пайдаланушыға тыйым салынады:
      1) құрылысқа берілген учаскеден тыс өсімдік және топырақ қабаттарын бүлдіруге;
      2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын үстіңгі су объектілері мен жер қойнауына төгуге;
      3) егер бұл жер асты су объектілерінің жай-күйіне әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса жерлерді ағын сулармен суғаруға;
      4) шаруашылық-ауыз су сулары бар қабаттарға ерітінділер мен материалдарға жол беруге;
      5) бұл ұңғымалар шаруашылық-ауыз су сумен қамту немесе емдік мақсатта пайдаланылатын немесе пайдалануға жарамды су қабатын ластау көзі болуы мүмкін жағдайда өндірістік, емдік минералды және жылуэнергетикалық ағын суларды төгу үшін сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға;
      6) сумен қамту қайнар көздерін санитарлық қорғау аймақтарында сіңірме ұңғымалар мен құдықтарды құруға;
      7) радиоактивті заттары бар игерілген суларды сіңірме ұңғымалар мен құдықтарға төгуге тыйым салынады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша қызметі басталғанға дейін жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізіп, мемлекеттік табиғат қорғау органдарынан рұқсат алуы тиіс.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшарт бойынша өз қызметі нәтижелерінің тигізетін әсерін зерттеу мен жағымсыз әсерді уақтылы жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында жер қойнауы мен қоршаған ортаның мониторингін жүргізуі тиіс.
      10. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі және зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асыруға тиіс. Осыған байланысты, теңізді заңға сай пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздік қорғау аймақтарының немесе қауіпсіздік аймақтарының режимін сақтауға тиіс.
      11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғаудың ең озық тәжірибесін басшылыққа алуға міндетті.
      12. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітуге міндетті. Бұл бағдарламалар жүргізілетін мұнай операцияларына ішкі бақылау, персоналды оқыту, ұңғымаларды бақылауға алу, апаттың және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету, теңіздегі апаттарды болдырмау және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөніндегі іс-шараларды қамтуға тиіс.
      13. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы апаттар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес, қолданылған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшін өзінің қолжетімді барлық құралдармен теңіздің ластануын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.
      14. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды судың деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болғызбайтындай не барынша азайтатындай етіп жүргізуге міндетті.
      15. Сақтық аймағының шегінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болғызбау жөнінде арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттары құрамында бекітуге міндетті.
      Бұл бағдарламалар барлау немесе өндіру объектілерін теңіз аясынан қорғаудың тиісті дәрежесімен жедел консервациялау жөніндегі, сақтаудағы мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерітінділерін және қоршаған ортаға зиян келтіретін өзге де заттарды су басқан аймақтан шығару жөніндегі, теңіз ластанған жағдайда ластану ошақтарын оқшаулау және суды тазарту жөніндегі, теңізді заңды пайдалануға және үшінші тұлғалардың өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыруына жол беретін іс-шараларды қамтуы тиіс.
      16. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өзінің қолжетімді барлық құралдармен теңіздің ластануы қауіптілігінің салдарын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті және жедел түрде ластану оқиғасы жайлы құзырлы органға, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдарға хабарлауға міндетті.
      17. Теңізде өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңіз жабдығында немесе отыз минут шегінде қолжетімді жерде теңізді тазарту бойынша жұмыс жүргізуге қажетті мөлшерде құрал-жабдықтары, материалдар мен заттары болуы тиіс. Материалдар мен заттарға, олардың саны мен қол жетімділігіне арналған нормативтер мен талаптар мемлекет заңнамасында айқындалады.
      18. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде жүргізілетін операциялардың адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
      19. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салынады.
      20. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қалдықтарды теңізге тастауға және теңіз түбіне көмуге тыйым салынады.

19-бөлім. Халық пен персоналдың қауіпсіздігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы _________________________________
                                    (пайдалы қазба түрін көрсету)
келісімшартқа сәйкес бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізу барысында  мемлекеттің заңнамасында көзделген жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің ережелері мен нормалары қамтамасыз етілуін, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіптік аурулары және апаттардың алдын алу мен оны жою жөніндегі іс-шараларды жүргізуі тиіс.
      2. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
      3. Жер қойнауын пайдалануға байланысты операциялардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз етуге арналған негізгі талаптар:
      1) жұмысқа - арнаулы дайындығы және біліктілігі бар адамдарды, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға тиісті арнаулы білімі бар, мемлекеттің денсаулық саласындағы заңнамаларына сәйкес, міндетті медициналық тексеруден өткен адамдарды жіберу;
      2) тау-кен және бұрғылау жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киімдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
      3) қауіпсіздік талаптарына және санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
      4) қопарғыш заттар мен қопару құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
      5) жұмыстардың технологиялық циклін қамтамасыз етуге қажет және қауіпті жағдайларды болжауға жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де байқау кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
      6) кеніш атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды ұдайы бақылау;
      7) жұмысты жүргізудің қауіпсіз аймақтарының шектерін анықтайтын техникалық құжаттаманы және апаттарды жоюдың жоспарларын деректермен уақтылы толықтыру;
      8) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің жобалау жүйелерін, мұнай, газ және жерасты суы кен орындарын игеру мен жайластырудың жобаларын және технологиялық сызбаларын сақтау;
      9) газдардың күтпеген жерден шығуын, судың, пайдалы қазбалардың және тау-кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуін, сондай-ақ тау-кен соққыларын болжау және олардың алдын алу жөніндегі арнаулы іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
      4. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Барлау және (немесе) өндіру әсер ететін аймақтарда халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті ұйымдардың басшылары ол туралы жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
      6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауіпті болдырмау үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауіпті әсер ету аймағынан халық көшірілгеннен кейін ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес азаматтың денсаулығына жер қойнауын пайдаланушының алдындағы келісімшарттық міндеттемелерін және еңбек міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зардаптың орнын толтырады.
      8. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жұмыстар жүргізудің оң тәжірибесіне негіздей отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, мүліктің жойылу қаупін туғызатын апаттар мен басқа жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу барысында, сондай-ақ өнеркәсіптік және өзге де мұнай-газ құбырларын салу мен пайдалану барысында апаттар мен өзге жағдайлардың алдын алу бойынша шаралардың бағдарламасын әзірлеуі және оларды жобалаушы құжаттар құрамында бекітуі тиіс.
      10. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезінде жер қойнауын пайдаланушымен пайдаланылатын жабдық және өзге де мүлік техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      11. Сынамалы пайдалану кезіндегі мұнайды төгу және құю режимі, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның өмірлік циклінің үдерістеріне қатысты техникалық регламенттерде белгіленген өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келуге тиіс.
      12. Сынамалы пайдалану кезінде мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін жеткізілетін мұнай мемлекеттік техникалық реттеу заңнамасында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.
      13. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және мұнай мен газды сынамалы пайдалану үшін тасымалдау барысында қауіпсіздік шараларының кешені белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жобалаушы құжаттарында көзделуі тиіс.

20-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған келесі міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі түрінде (айыппұл, өсімпұл):
      1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
      2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
      3) міндеттемелерді орындамағаны үшін (салықтық міндеттемелерді қоспағанда) мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 30% мөлшерінде;
      4) кеден одағының және мемлекеттің кеден заңнамасында белгіленген мөлшерде кедендік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
      Бұл ретте, егер нарықта қолданыстағы бағалар өзгеруінің нәтижесінде немесе жер қойнауын пайдаланушының еркінен тыс болатын басқа да жағдайлар бойынша жер қойнауын пайдаланушының нақты шығындары келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасын және жобалық құжаттарды бекіту кезінде есепке алынған бағадан төмен болса, бірақ, жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасын және жобалық құжаттарды бекіту кезінде көзделген міндеттемелерінің физикалық көлемі толық көлемде орындалған болса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығындарының бұлайша төмендеуі келісімшарт талаптарын бұзу болып есептелмейді және тұрақсыздық төлемі мен айыппұл өндіруге негіз болып табылмайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Мемлекет аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленудің мемлекет Үкіметі белгілеген тәртібі бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді иелену жөніндегі шығыстар құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының орындауы ретінде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы заңнаманы бұзуы мемлекет заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктейді.
      4. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан зиян келтірген тұлғалар, егер тек зиян еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, келтірілген зиянды мемлекет заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтеуге міндетті.
      5. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, мемлекет Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.
      6. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін қоршаған органы қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттің экологиялық заңнамасына сәйкес айқындайды.
      7. Сақтық аймағының шектерінде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіз ластанған жағдайда қоршаған ортаға не басқа жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген зиян мен задал үшін жауапкершілікте болады.
      8. Мемлекет заңнамасы талаптарын бұза отырып жасалған жер қойнауын пайдалануға қатысты мәмілелер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады. Мәмілелердің жарамсыздығының салдары мемлекеттің Азаматтық кодексімен анықталады.
      Мұндай мәмілелердің жасалуына кінәлі тұлғалар мемлекет заңдарына сәйкес, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікте болады.

21-бөлім. Еңсерілмейтін күш

      1. Келісімшарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күшке байланысты болса, Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
      2. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдаяттар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, табиғи зілзалалар (өрт және т.с.). Келтірілген тізбе бәрін толық қамтыған болып табылмайды.
      3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегуші Тарап бұл туралы кездейсоқ оқиға мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын анықтаған жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жіберу жолымен екінші Тарапқа дереу хабарлайды.
      4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      5. Еңсерілмейтін күш мән-жайларымен байланысты келісімшарт бойынша жұмыстардың толық немесе ішінара тоқтауы кезінде, бұл жұмыстардың жүргізілу кезеңі Еңсерілмейтін күшін қолданылу мерзіміне ұзартылады және кездейсоқ оқиға тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.

22-бөлім. Құпиялылық

      1. Келісімшартты орындау үдерісінде қандай да болмасын Тараптың алған немесе сатып алған ақпараты құпия болып табылады. Тараптар мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есеп берулерді құрастыру үшін құпия ақпаратты пайдалана алады.
      2. Тараптардың екінші Тараптың келісімінсіз құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда беруге құқығы жоқ:
      егер бұл ақпарат сотта іс қарауды жүргізу барысында пайдаланылса;
      ақпарат жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететін үшінші тұлғаға мұндай үшінші Тарап мұндай ақпаратты құпия қарап және оны Тараптар белгілеген мақсаттарға және белгіленген мерзімдерде ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайда;
      ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалануға міндеттеме алу шартымен берілген жағдайда;
      егер ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына, олардың қызметтік міндеттерін орындауы барысында берілсе.
      3. Тараптар, мемлекет заңнамасына сәйкес, келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге байланысты және геологиялық ақпараттарды қамтитын барлық құжаттардың, ақпараттардың және есептердің құпиялығын сақтау мерзімін айқындайды.
      4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

23-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы Заңмен және келісімшартпен бекітілген талаптарды сақтай отырып, келісімшарт бойынша құқықтар мен олардың бір бөлігін беруге құқылы.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру:
      1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық иеліктен шығару;
      2) жер қойнауын пайдалану құқығын өзге заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
      3) банкроттық кезіндегі конкурстық өндіріс үдерісінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару;
      4) жер қойнауын пайдалану құқығына иелікті, оның ішінде кепілзат кезінде өндіріп алуға жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру Заңмен бекітілген тәртіпте берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығы айналымындағы алғашқы шығарылым, акциялар немесе акцияға меншік құқығын растайтын басқа да құнды қағаздар немесе жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларында конверсияланған құнды қағаздар, оның ішінде ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында қосымша эмиссиялар шеңберінде шығарылған мұндай құнды қағаздардың тұңғыш рет орналастырылуы құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      5. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін) кепілге беру бекітілген тәртіпте берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығы кепілге қойылып алынған кредит келісімшартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдаланылуға немесе жер қойнауын пайдалану келісімшартында қарастырылған мемлекет аумағындағы келесі бөліктерді ұйымдастыруға жер қойнауын пайдаланушының өзімен немесе оның жарғылық капиталына жүз пайыздық қатысу үлесі бар еншілес ұйымдарымен пайдаланылуы тиіс.
      6. Осы бөлімнің жоғарыда аталған ережелері Заңда тікелей көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға ішінара беру жағдайында жер қойнауын пайдаланушы және осындай тұлға келісімшарт бойынша бірлесіп құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт не келісімшарт бойынша қызмет шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт құзыретті органмен немесе кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі және келісімшарт Тараптары үшін міндетті күші бар келісімшартқа толықтыру болып табылады.
      8. Иелері бірнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін беру жағдайында мұндай беру осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелерінің келісімімен ғана мүмкін болады.
      9. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа қандай да болсын қатысуы сақталатын кезге дейін ол және жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлға келісімшарттың негізінде туындаған міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілікте болады.
      10. Жер қойнауын пайдалану құқығын толық беру жер учаскесін жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарт талаптары бойынша қалыптастырылған тарату қорын қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
      11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша барлық шығыстар, егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының шығыстарына жатқызылады.
      12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшартқа тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеп соғады және осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәміле жасасу фактісі болмаған кезде не жер қойнауын пайдаланушының мұндай құқықты беру туралы құзыретті органнан рұқсаты болмаған кезде (рұқсат беруден бас тарту жағдайында), немесе құзырлы органның жер қойнауын пайдалануға рұқсат беруіне негіз болған жер қойнауын пайдаланушының құзырлы органға дәйексіз ақпарат беру фактісі анықталған кезде, не келісімшарттағы осы бөлімнің 6-тармағының ішінара беру туралы ережелері сақталмаған жағдайда келісімшартты тіркеуден бас тартуға құқылы.
      13. Жер қойнауын пайдаланушы заңмен көзделген құзыретті органның рұқсатынсыз жасаған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де әрекеттер жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады.
      14. Жасалған мәміле туралы құзыретті органға ол жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарламау мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

24-бөлім. Қолданылатын құқық

      1. Келісімшарт және келісімшарт негізінде қол қойылған басқа да келісімдер үшін, егер мемлекет ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, мемлекет құқығы қолданылады.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелердің міндеттемелері мен құқықтары бойынша мемлекет құқығы қолданылады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта және онымен іргелес учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекетпен қабылданған халықаралық міндеттемелерді сақтауды өзіне міндеттеме етіп қабылдайды.
      4. Мемлекет қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келмейтін болса, мемлекеттің жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының нормалары шегара маңындағы кен орындарында өткізілетін жер қойнауын пайдалануға байланысты операцияларға, теңізде жүзеге асырылатын мұнай операцияларына қатысты қолданылады.
      Каспий теңізінде, аумақтық сулардың шегінде, құрлықтағы шегара маңы кен орындарында мемлекет ратификациялаған халықаралық келісімшарттарда белгіленген жер қойнауын пайдалануға байланысты операцияларды өткізудің тәртібі мен жағдайлары мемлекет заңнамасы алдында басымдылыққа ие болады.

25-бөлім. Дауларды шешу тәртібі

      1. Келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      2. Егер келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы шешілмейтін болса, онда Тараптар дауларды мемлекет заңдарына және мемлекет ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.

26-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері

      1. Жер қойнауын пайдаланушыға мемлекеттің заңнамасына сәйкес, оның құқықтар қорғалатындығына кепілдік беріледі.
      2. Келісімшарттың мәніне өзгертулер мен толықтырулар егер басқалай Заңмен және келісімшартпен бекітілмеген болса, Тараптардың келісімі арқылы рұқсат етіледі.
      3. Тараптардың біреуінің талабымен келісімшарттың мәніне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу мемлекеттің заңы мен келісімшартта көзделген негізде және тәртіпте рұқсат етіледі.
      4. Егер жер қойнауын пайдаланушының қызметі стратегиялық маңызды жер қойнауы учаскесіне (кен орындарына) қатысты жер қойнауын пайдалану операциясын өткізу кезінде ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретіндей мемлекеттің экономикалық мүддесін өзгертуге апаратын болса, құзыретті орган мемлекеттің экономикалық мүдделерінің орнын толтыру мақсатында келісімшарт мәніне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді талап етуі мүмкін. Осы бапта белгіленген кепілдіктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.
      5. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметінің жағдайын нашарлататын заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, олар енгізілгенге дейін берілген және жасалған келісімшартқа қолданылмайды.
      6. Осы келісімшарттың 26-тарауының 5-тармағы бойынша берілген кепілдіктер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу салаларындағы өзгерістерге қолданылмайды.

27-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру шарттары

      1. Егер Тараптар келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, келісімшарт қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
      2. Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ Тараптардың біреуінің талабы бойынша Заңда көзделген жағдайларда жол беріледі.
      3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
      1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен көп бұзған жағдайларды құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаса;
      2) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, құзыретті органның рұқсатынсыз берген кезде, мұндай рұқсат Заңмен талап етілмеген жағдайды қоспағанда, келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылу жағдайлары келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
      4. Осы келісімшарттың 4-тармағында 26-тарауында көзделген
жағдайларда құзыретті орган келісімшартты мерзімінен бұрын бір Тараптық тәртіпте тоқтатуға құқылы, егер:
      1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде Тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге келмесе;
      3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде Тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, біржақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарын қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
      Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган ол жөнінде жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
      6. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес басқа да мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге немесе келісімшартта белгіленген негіздер бойынша келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.
      8. Келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      9. Құзыретті орган келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде ұлттық компания келісімшарттық аумақты сенімгерлікпен басқаруға қабылдайды. Технологиялық үдерістің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушы мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген адамы ретінде іс-қимыл жасайды.
      10. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз тапсыруға міндетті.
      11. Тараптар жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттың тоқтатылғандығы туралы хабарлама тапсырылғанға дейін орындалмай қалған ағымдағы міндеттемелерді орындау жауапкершілігінен босатылмайды.
      12. Егер жүргізілетін жер қойнауын пайдалану операциялары кезінде жер қойнауын пайдаланушы кен орны шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда, бұл туралы құзыретті органға дереу хабарлауға міндетті.
      Аумағында не заңды құзырында осы шекара маңындағы кен орнының бір бөлігі бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық келісімдері болмаған жағдайда, құзыретті орган шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиісті келісімге қол жеткізгенге жер қойнауын пайдалану операцияларын тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте құзыретті орган жер қойнауын пайдалану операцияларын жаңғыртуға рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданылуын кездейсоқ жағдайларға байланысты үзген болып есептеледі.

28-бөлім. Келісімшарт тілі

      1. Осы келісімшарттан мәтіні ______ данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі барлық даналары Тараптар үшін бірдей болып есептеледі.
      Келісімшарт Тараптарының келісімі бойынша келісімшарт мәтіні шетел тіліне аударылуы мүмкін.
      2. Келісімшарттың мазмұны мен талқылау барысында мәтіннің нұсқалары арасында келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда
_______________________ нұсқасы басым күшке ие болады.
(қалайтын тілді көрсетілсін)
      3. Тараптар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдері қатынас тілдері ретінде қолданылатындығына уағдаласады.
      4. Келісімшарт күшіне енген күннен бастап ____________________
                                    (пайдалы қазба түрі көрсетілсін)
бірлесіп барлау мен жөніндегі операцияның жүргізуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.

29-бөлім. Қосымша ережелер

      1. Осы келісімшартты іске асыруға байланысты талап етілетін барлық хабарламалар мен құжаттар, осы келісімшарт бойынша Тараптардың әрқайсысына ұсынылған және жеткізілген деп оларды алу фактісі бойынша есептеледі.
      2. Хабарламалар мен құжаттар Тараптарға тікелей қолға тапсырылады немесе пошта, тапсырыс авиапоштасы, факс бойынша жіберіледі.
      3. Осы келісімшарт бойынша мекен-жайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа 7 күн ішінде жазбаша хабарлама ұсынуы тиіс.
      4. Барлық қосымшалар келісімшарттың құрамдас бөлігі болып қарастырылады. Қосымшалардың және келісімшарттың өзінің ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, келісімшарттың негіз қалауша мәні болады.
      5. Келісімшартқа өзгерістер мен қосымшалар Тараптардың жазбаша келісімдері арқылы жасалады. Мұндай келісім келісімшарттың құрамдас бөлігі болып саналады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар да келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізіліміне тиісті жазбалар енгізу жолымен құзыретті органда міндетті тіркеуге жатады. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар олар тіркелген кезінен бастап күшіне енген деп танылады.
      6. Құзыретті орган Заңмен көзделген жағдайларда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
      7. Келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде келісімшартқа қосымша келісімді белгіленген тәртіппен келіседі және жасасады, онда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелері, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет үзілісімен байланысты мәселелер және жауапкершілік мәселелері реттелуі тиіс. Құзыретті органның шешімі бойынша келісімшартқа қосымша келісімді келісу және жасасу үшін осы тармақта көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
      8. Осы келісімшартқа 20 ___ жылы ___ (күні) ___ (айы) ________ қаласында (Қазақстан Республикасы) Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
      9. Тараптардың заңды мекенжайы мен қолдары:

Бірлесіп барлау мен өндіруге
арналған келісімшартқа    
қосымша           

2010 жылғы "___"__________
тіркеу N ___ келісімшартқа
N 4-қосымша       

Бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
__________________________________
(пайдалы қазба түрі көрсетіледі)

      Жұмыс бағдарламасы бекітілген күнге бойынша АҚШ долларының бағамы


өлшем бірлігі

барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Қаржылық міндеттемелер (ҚМ)

мың теңге/$





Инвестициялар, барлығы

мың теңге/$





Күрделі шығындар, барлығы

мың теңге/$





оның ішінде: ғимарат, құрылыстар

мың теңге/$





жайластыру, қайта жаңарту

мың теңге/$





машиналар, құрал-жабдықтар

мың теңге/$





көлік құралдары

мың теңге/$





қоршаған ортаны қорғауға/тазалық құрылғыларына жұмсалатын шығындар

мың теңге/$





Барлауға арналған шығындар

мың теңге/$





оның ішінде іздеу бағыттары:

мың теңге/$






мың теңге/$





геологиялық түсіру жұмыстары

мың теңге/$






мың теңге/$





топографикалық жұмыстар

мың теңге/$






мың теңге/$





литогеохимиялық жұмыстар

мың теңге/$






кума км





тау-кен жұмыстары

кв.км






мың теңге/$





геофизикалық жұмыстар, жиынтығы:

кума км





оның ішінде сейсмикалық барлау

шаршы км





(2 D жеке/немесе 3 D)

мың теңге/$






қума км





сейсмикалық барлау деректерін өңдеу мен түсіндіру

шаршы км






мың теңге/$





пайдалану мақсатындағы барлау

нүктелер





электробарлау

мың теңге/$






кума км





магниттік барлау

шаршы км






мың теңге/$





ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер

шаршы км





және ұңғымалық геофизика

мың теңге/$





геофизикалық деректерді өңдеу

м





зертханалық және технологиялық зерттеулер

мың теңге/$





бұрғылау жұмыстары

мың теңге/$






мың теңге/$






кума м





объектілерді сынама алу мен сынақтан өткізу

ұңғыма






мың теңге/$





гидрогеологиялық

нысандар






мың теңге/$





инженерлік-геологиялық

бр/см






мың $





геологиялық барлау бойынша басқа да жұмыстар

бр/см





оның ішінде:

мың теңге/$





жобалау

мың теңге/$





геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп құрастыру

мың теңге/$





тау-кен дайындық жұмыстары

мың теңге/$






кума м





таудағы күрделі жұмыстар

мың текше м






кума м





кесу жұмыстары

мың текше м






қума м





Пайдалану мақсатындағы барлау жұмыстары

мың текше м






қума м





оның ішінде мақсатындағы бұрғылау

мың текше м






мың теңге/$





өндіруге байланысты басқа да шығындар (қайтадан іске қосу, ұңғымаларды жөндеу)

ұңғыманың кума м





сынама

мың теңге/$





басқа да пайдалану шығындары (негізгі баптарды ашып көрсете отырып)

сынама





минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту)

мың теңге/$





өндіру көлемі: (пайдалы қазбаны көрсету)

мың теңге/$





жоба бойынша жалпы және өнім түрлері бойынша жиынтық табыс

мың теңге/$





Технологиялар сатып алу

мың теңге/$





оның ішінде отандық технологиялар

мың теңге/$





Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымдарының дамуы

мың теңге/$





Жер қойнауы жағдайының мониторингі

мың теңге/$





Тәуекелді сақтандыру, барлығы

мың теңге/$





(негізгі түрлерін көрсету)

мың теңге/$





Тарату қорына жіберілетін аударымдар

мың теңге/$





ҚР азаматтарын оқыту, біліктілігін жоғарылату, қайта даярлау

мың теңге/$





Еңбекақы төлеу қоры

мың теңге/$





Жанама шығыстар (негізгі баптарды көрсету)

мың теңге/$





оның ішінде Қазақстан Республикасында

мың теңге/$





салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, барлығы

мың теңге/$





Коммерциялық табу

мың теңге/$





(бюджетке төлеуге жататын барлық салықтар мен міндетті төлемдерді көрсету)

мың теңге/$





салық төленгеннен кейін кәсіпорынның иелігінде қалатын таза кіріс

мың теңге/$





инфляция индексіне түзетілген жылдық ақша ағыны

мың теңге/$





дисконттау ставкаларының 10%, 15% және 20% болған кездегі жобаның таза ағымдағы келтірілген құнының өлшемдері;

мың теңге/$





жоба бойынша жалпы және жылдар бойынша жоба рентабельділігінің ішкі нормасының көрсеткіші

%






Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2010 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1412 қаулысымен    
бекітілген      

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Бұдан әрі тараптар деп аталатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен
_______________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә немесе заңды тұлғаның атауы (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы)
арасындағы
____________________________________________________________________
            (әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жерін көрсету)
____________________________________________________________________
                          (объектінің атауын көрсету)

барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт.
      Осы Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартқа Тараптар
_______________________________________________________________
(Келісімшарт жасауға негізі болып табылатын тікелей келіссөздер хаттамасына)
сәйкес 20 «__» ___________ қол қойды.

Мазмұны

    Кіріспе
1.  1-бөлім. Анықтама
2.  2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты
3.  3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
4.  4-бөлім. Келісімшарттық аумақ
5.  5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа арналған меншік құқығы
6.  6-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері
7.  7-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу
8.  8-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау
9.  9-бөлім. Қаржыландыру
10. 10-бөлім. Салық салу және кедендік төлемдер
11. 11-бөлім. Бухгалтерлік есеп
12. 12-бөлім. Сақтандыру
13. 13-бөлім. Консервациялау немесе тарату және тарату қоры
14. 14-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау
15. 15-бөлім. Халық пен персоналдың қауіпсіздігі
16. 16-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын
              бұзғаны үшін жауапкершілігі
17. 17-бөлім. Еңсерілмейтін күш
18. 18-бөлім. Құпиялылық
19. 19-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру
20. 20-бөлім. Қолданылатын құқық
21. 21-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
22. 22-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері
23. 23-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
              шарттары
24. 24-бөлім. Келісімшарт тілі
25. 25-бөлім. Қосымша ережелер

Келісімшартқа қосымша:
    1-қосымша – Келісімшартты жасасу үшін негіздеме болып табылатын тікелей келіссөздер хаттамасының шешімі
    2-қосымша – Тау-кендік бөлу
    3-қосымша – Жұмыс бағдарламасы

Кіріспе

      Мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігі болатындығын, Қазақстан Республикасы жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шарттарымен __________________________
                                        (объектінің атауын көрсету)
барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыруға ниет білдіретіндігін;
      2) жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес ______________
                                               (объектінің атауын көрсету)
барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануды ұтымды, қауіпсіз, кешенді әрі тиімді жүргізуге ниеті және қаржылық және техникалық мүмкіндігі бар екендігін;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарт жасасуға және оның орындалуын қамтамасыз етуге құқық бергендігін;
      4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 35-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тікелей келіссөздер жүргізгенін және соның негізінде осы келісімшарт жасалғанын;
      5) Келісімшарт талаптарын тікелей келіссөздердің нәтижесі бойынша белгіленген шарттарға қарағанда мемлекет үшін тигізетін пайдасы аз болмауға тиіс екендігін;
      6) Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдаланушы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану (бұдан әрі - жер қойнауын пайдалану операциялары) кезінде келісімшарт олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтінін назарға ала отырып.
      Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, Тараптар төмендегілер туралы уағдаласады:

1-бөлім. Анықтамалар

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мағынасы бар.
      1) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшiн жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдiктегi құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшiн жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрi өнеркәсiптiк суларды жер қойнауына ағызу үшiн өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгiндi қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;
      2) геологиялық ақпарат – геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
      3) тау-кендік бөлу – жер қойнауын пайдаланушының өндіруді, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге құқығы бар жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) жасалатын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құжат;
      4) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      5) мемлекет – Қазақстан Республикасын білдіреді;
      6) жер қойнауын пайдалану туралы заңнама – Заңды, өзгерістер мен толықтыруларды және көрсетілген Заңға сәйкес оған қабылданған жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді білдіреді;
      7) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімдік бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
      8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейінгі кезеңге немесе келісімшарттың қолданылуы аяқталғанға дейінгі мерзімге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын және көлемін, оларды сатып алу мерзімдерін айқындайтын құжат;
      9) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі — Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
      10) келiсiмшарт - жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған шарт;
      11) келісімшарттық аумақ – жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;
      12) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
      13) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші – Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар;
      14) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
      15) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық үлесі;
      16) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту - жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
      17) тарату қоры – Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою үшін жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
      18) кен орны – құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;
      19) жер қойнауын қорғау – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
      20) жер қойнауын пайдаланушы – Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
      21) мемлекеттің басым құқығы – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға бірінші кезекті құқығы;
      22) жұмыс бағдарламасы – жобалау құжаттарында берілген көрсеткіштер негізінде жасалатын, келісімшарттың қолданылу мерзіміне көлемі мен шығындары бойынша жылдарға бөлініп жинақталған көрсеткіштері бар жер қойнауын пайдаланушы жоспарларының жиынтығын айқындайтын құжат;
      23) жұмыстар – тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызмет үшін де өзге қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
      24) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      25) Қазақстанда шығарылған тауар – тауардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғанын растайтын, оның ішкі айналыс үшін шығарылғаны туралы сертификат берілген тауар;
      26) тауарлар – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдықтар, дайын өнім және өзге де материалдық–техникалық құнды заттар;
      27) көрсетілетін қызметтер – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажетті қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру;
      28) жер қойнауы учаскесі – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
      29) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрi кешендi пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру және бақылау жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      30) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар - барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар.

2-бөлім. Келісімшарттың мақсаты

      1. Келісімшарттың мақсаты мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған келісімшарттық аумақта_____________________________________
                                      (объектінің атауын көрсету)
жүргізуге Тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау болып табылады.
      2. Келісімшартта міндетті түрде тікелей келіссөздердің нәтижелері бекітіледі. Мемлекетке келісімшарт талаптарының тиімділігі тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша белгіленген талаптардағыдан төмен болмауы керек.

3-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

      1._________________________________________________________
                    (объектінің атауын көрсету)
арналған келісімшарт жұмыстар жүргізу жобасында көзделген мерзімге жасалады және ___ жылды (жиырма бес жылдан аспайды) құрайды.
      2. Келiсiмшарт жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келiсiмшарттың тiркелгенi туралы актіні мiндеттi берумен ол мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт міндеттерін бұзбаған жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың аяқталуына дейін алты ай қалғаннан кешіктірмей, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану уәкілетті орган келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен мұндай ұзартудың себебін негіздей отырып жүгінсе, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арналған келісімшарттың мерзімін ұзартады.
      4. Келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.
      5. Келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту кезінде келісімшартқа тараптардың қосымша келісімімен рәсімделетін тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      6. Келісімшарттың қолданылу мерзімі Заңда және келісімшартта көзделген негіздемелер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларды қоспағанда, оның күшіне ену күнінен қолданылу мерзімін ескере отырып, келісімшарт қолданысының соңғы күні аяқталады.

4-бөлім. Келісімшарттық аумақ

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінде жүргізеді.
      2. Егер жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселе өтініш, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болса, келісімшарт жобасын келісу және оны жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде келісімшарт талаптарын өзгерту жолымен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен қабылданады.
      3. Келісімшарттық аумақты қайтарудың талаптары мен тәртібі Заңда айқындалады.
      4. Бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жасалған әртүрлі келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды екі немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің тәртібін белгілеу құқығына келісімшарт бұрын жасалған жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      5. Келісімшарт кешірек жасалған жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта жұмыстар жүргізудің келісімшарт бұрын жасалған жер қойнауын пайдаланушы белгілеген тәртібін сақтауға міндетті.
      6. Бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізудің тәртібі жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

5-бөлім. Мүлік пен ақпаратқа меншік құқығы

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
      2. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының өтуіне қарамастан, келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде не келісімшартта өзгеше көзделмеген жағдайда жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес мұндай жабдық пен өзге де мүлікті басқа жер қойнауын пайдаланушыға беру жағдайларын қоспағанда, мұндай жабдықты өзге де мүлікті өз есебінен бөлшектеу немесе келісімшарттық қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік меншіктегі келісімшарттық аумақ бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алады.
      4. Мемлекет меншіктегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны мемлекет бюджетіне төленеді.
      5. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және қорыту үшін белгіленген тәртіппен міндетті түрде өтеусіз беруге тиіс.
      6. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз тапсыруға міндетті.

6-бөлім. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

      1. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) келісімшарттық аумақта осы келісімшартпен ұсынылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды ерекше негізде жүргізуге;
      2) келісімшартта көзделген жобалау құжаттарына және талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша дербес іс-қимылдар жасауға;
      3) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операция бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін өзіне қажетті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
      4) Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздерге бастама жасауға;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлерді тартуға;
      6) Заңда белгіленген шарттарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
      7) Заңда немесе келісімшартта айқындалған шарттарда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы:
      1) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кірісуге;
      2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды келісімшартқа және мемлекет заңнамасына сәйкес жүргізуге, мемлекет заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;
      3) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды таңдауға;
      4) адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      5) келісімшарттық аумақты тек келісімшартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
      6) Қазақстан Республикасындағы қызмет ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;
      7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды ұтымды әрі кешенді пайдалануды қамтамасыз ететін, мемлекет заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық схемалардың ережелерін сақтауға;
      8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;
      9) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімдерді, олар конкурстың және мемлекеттің техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға;
      10) әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді тартуға, егер осы көрсетілетін қызметтер мемлекеттің резидент еместері орындайтын біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе;
      11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге. Бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту конкурстық ұсыныстар көзделгеннен төмен болмауы тиіс, жұмысқа тартылатын кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік жұмыстарға тартылған персоналды қоса алғанда, құрам бойынша ___%, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша ___%, білікті жұмысшылар бойынша __%, соның ішінде жылдар бойынша:

Жыл

Басшылық құрам

ЖБ және ОКБ мамандар

жұмысшылар

1 жыл




2 жыл




...




      12) қазақстандық персоналға тартылған шетелдік персоналға қатыстылығы бойынша еңбек ақы төлеудің тең жағдайын қамтамасыз етуге;
      13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жыл сайынғы инвестициялардың көлемiнiң ____ пайызы көлемінде қаржыландыруды жүзеге асыруға. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелер толық орындалмаған жағдайда, қаражаттың қалған сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен толық келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға пайдаланылады;
      14) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауардағы, жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
      15) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:

Жыл

тауарлар

жұмыстар

қызметтер

1 жыл




2 жыл







(бағалау кезінде)




      16) Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға;
      17) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпаратты жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес басқа да ақпарат беруге;
      18) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
      19) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      20) заңнамаға сәйкес кедендік декларация қабылданған күнге қолданыстағы кедендік төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
      21) келісімшарттық аумақта орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға;
      22) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
      23) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға;
      24) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;
      25) сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын ұсынуға;
      26) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты беруге;
      27) 1 ақпаннан кешіктірмей не келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, жыл сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы кезеңдерге арналған орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
      28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
      29) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен мемлекеттің азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе уәкілетті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша мемлекеттің азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
      30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;
      31) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде тіркелуге (мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда);
      32) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;
      33) ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс қағаздарын жүргізуін, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға;
      34) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарларынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді мемлекет заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге;
      35) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және операцияларды жүргізуге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      36) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелерін халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге, ал өз қызметінің зардаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға;
      37) жобалау құжаттарының және келісімшарттың ережелеріне сәйкес тікелей келіссөздер нәтижесінде нашар болмайтын жағдайда жоғары технологияларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді салу мен бірлесіп пайдалану бойынша міндеттемелерді іске асыруға;
      38) тікелей келіссөздердің хаттамаларында көзделген мөлшерден төмен болмайтын __________ теңге мөлшерінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджетіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға төлемдер жүргізуге;
      39) Қазақстан Республикасының аумағындағы келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға қажетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды кемінде _______ мөлшерде және жылдар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асыруға:____________________;
      40) Заңды белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын (бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруді, мұндай рұқсат талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, толық жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асыруға;
      41) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға;
      42) Қызметтің ашықтығы бастамасының талаптарына сәйкес, аудиторлық есеппен расталған есептілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ұсынуға;
      43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға шығындар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;
      44) егер жер қойнауын пайдаланушыға қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін және келісім шарттық аумақта немесе осы келісімшартта көзделген жұмыстар жүргізіліп жатқан өзге учаскелерде орын алған қандай да бір жағдай немесе құбылыс туралы мәлім болған жағдайда, дереу мемлекеттік органдарға хабарлауға міндетті;
      45) жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер атқарады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның:
      1) келiсiмшарт талаптары бойынша және оның орындалу үдерісінде жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргізуге;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын орындауына бақылау және мониторинг жүргізу;
      3) техникалық регламенттерде және мемлекеттің өзге де заңнамаларында белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      4) жер қойнауын пайдаланушыдан келiсiмшарт талаптарының орындалуы бойынша ұдайы есептілік талап етуге. Жер қойнауын пайдаланушыдан келiсiмшарт талаптарына және мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарына қатысты өзге де ақпаратты сұратуға;
      5) жер қойнауын пайдаланушыдан жұмыс бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты талап етуге;
      6) жер қойнауын пайдаланушыдан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын талап етуге;
      7) жер қойнауын пайдаланушыдан келісімшарттық міндеттемелерді орындауын талап етуге;
      8) келісім шарттық аумақтағы кез келген жұмыстарға қол жеткізуге;
      9) Заңда көзделген жағдайларда келісімшарттың қолданылуын бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
      4. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган:
      1) келiсiмшарттың орындалуы мен оның тоқтатылуын қамтамасыз етуге;
      2) келісімшарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаттарында және келісімшартта тіркелген талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасау құқығын бұзбауға;
      3) келісімшартқа сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

7-бөлім. Пайдалы қазбаларды өлшеу

      1. Қатты және сұйық қалдықтарда өлшеуді және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекетте қолданылатын әдiстер мен практикаға сәйкес жүргiзедi.
      2. Өлшеу және таразылау үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды сынау мемлекеттің метрология және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      3. Келісімшарттық аумақта өлшеуді және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
      4. Егер сынақ немесе тексеру кезiнде жабдықтарда немесе аспаптарда ақау байқалса, онда бүлiну мерзiмін анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақау мерзiмi ақау табылған күнге дейiн алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретiнде белгiленедi.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы уақыттың белгіленген бір кезеңі сайын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.

8-бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау

      1. Жер қойнауын пайдаланушы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына және бекітілген бюджетке сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға құқылы.
      2. Егер мемлекеттің заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының мердігерлерді тартуы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қосалқы мердігерлердің жер қойнауын пайдаланушымен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган алдында жауапты болады.
      4. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекет заңнамасына сәйкес сатып алуға міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға байланысты рәсімдерді Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруға міндетті.

9-бөлім. Қаржыландыру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес келiсiмшарт бойынша өз қызметiн қаржыландыру жөнінде міндеттеме алады.
      2. Келісімшарт бойынша қызметті қаржыландыру өз қаражаты есебінен де, тартылған инвесторлар есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Келiсiмшартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердiгерлері валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

10-бөлім. Салық салу және кедендік төлемдер

      1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттемелер туындаған сәтте қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемені орындаудан босатпайды.
      2. Қол қойылатын бонус ______ теңге сомасында белгіленді. Бұл ретте келісімшартты жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, 20___ жылғы «___» _________№_____ банк тапсырмасына сәйкес қол қойылатын бонустың белгіленген сомасының елу пайызын төлейді.
      3. Қол қойылатын бонустың ___________ мөлшердегі белгіленген
сомасының қалған елу пайызын ______________ жер қойнауын пайдаланушы
                            (сомасын көрсету)
келісімшарт күшіне енген күннен бастап кейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей төлейді.
      4. Жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес _____ __________ № ___ мөлшерде, жер қойнауын пайдаланушы және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган құпиялылық туралы келісімге негізінде төлейді.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының заңнамасына сәйкес декларация қабылданған күнге қолданыстағы кедендік төлемдерді төлеуге міндеттенеді.

11-бөлім. Бухгалтерлік есеп

      1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы мемлекет заңнамасының, халықаралық стандарттардың немесе шетел мемлекеттерінің стандарттарының талаптарына және бухгалтерлік есеп шотының үлгі жоспарларына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін, олардың қажеттілігіне мен қызмет ерекшелігіне сүйене отырып, жер қойнауын пайдаланушы есепке алу саясатын қабылдауға міндетті.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      2. Активтерді сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізу қаржылық есептілік жасау кезінде жымқыру мен қателесу оқиғаларының олардың алдын алу және анықтау бойынша шараларды қоса алғанда, мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының сақталуын, есеп саясатын, операцияларды тиімді жүргізуді қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.

12-бөлім. Сақтандыру

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы сақтандыру бағдарламасына және мемлекет заңдарына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпіне байланысты объектілердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы тиісінше иесі ретінде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпіне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      3. Қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру мүмкін еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде олардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан оларды міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      4. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға оның авариялық ластануы нәтижесінде келтірілген зардапты өтеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкімет айқындайтын тізбеде көзделген шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырушы субъект ретінде міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын жер қойнауын пайдаланушы қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілерді иесі ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған жағдайда, онда міндетті экологиялық сақтандыру шарты тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік бөлігінде ғана жасалады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті сақтандырудың өзге де түрлерін жүзеге асырады.
      6. Жер қойнауын пайдаланушының ерікті сақтандыру шарттарын жасасуы оны міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
      7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт қолданысы мерзімі ішінде жер қойнауын пайдаланушы мынадай сақтандыруларды жүзеге асырады:
      1) келісімшарттық аумақта немесе келісімшарттық аумаққа (тан) тасымалдау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты пайдаланылатын немесе пайдалану жоспарланып отырған барлық жабдықтарды, ғимараттарды, технологиялық объектілерді және тауардың барлық түрлерін қамтитын залалдан мүлікті сақтандыру;
      2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты туындаған үшінші тұлғалардың мүлкіне және (немесе) өмірі мен денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерін медициналық сақтандыру.
      8. Осы бөлімнің 7-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жасайтын сақтандыру шарттары жер қойнауын пайдаланушының мүдделеріне қатысты сақтандыру қорғанышын төмендетпеу шартымен қосымша сақтандырылғандар ретінде мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді, аффилиирленген тұлғаларды және басқа тұлғаларды қамтуы мүмкін.
      9. Келісімшарт күшіне енген күннен кейін ___ күн ішінде жер қойнауын пайдаланушы осы бөлімге сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты сақтандыру көзделген тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасын әзірлейді және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісуге береді.

13-бөлім. Консервация немесе тарату және тарату қоры

      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін қоспағанда, жұмыстар жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.
      2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілерді тарату немесе консервациялау басталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.
      3. Таратуды немесе консервациялауды жүзеге асыру кезде жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен тарату немесе консервациялау жобасын басшылыққа алуға тиіс.
      4. Жобаны жобалау мен іске асыру жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау қағидасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асырады.
      5. Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды аяқтау қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен уәкілетті орган құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісіне қол қоюмен ресімделеді.
      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісін алғаннан кейін жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылған геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.
      7. Объектіні таратумен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын тарату үшін жою қорын құрады.
      9. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын жылдық шығындардың кемінде 1 % мөлшерінде мемлекет аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік шотқа аударады.
      10. Егер таратуға немесе консервациялауға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы таратуды қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
      11. Егер таратуға немесе консервациялауға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға берiледi және салық салынатын табысқа енгiзiлуге тиіс.
      12. Тарату немесе консервациялау жобасы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақтағы қызметі процесінде пайдаланылған жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды көздейді.
      13. Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.
      14. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатқан жағдайда тарату қоры Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес анықталатын сенімгер басқарушыға беріледі.

14-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау

      1. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы мынадай жалпы экологиялық талаптарды сақтауға міндетті:
      1) жер қойнауын мемлекеттің экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;
      2) жер бетін кен орнын игерудің арнайы әдістерін қолдану есебінен сақтау;
      3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;
      4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпті техногендік процесс құбылыстарынан алдын алу шараларын қолдану;
      5) жер қойнауын су басудан, өрттен және жер асты құрылыстарын салу (немесе) және пайдалануды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғауды жүзеге асыру;
      6) жер қойнауы ластануының алдын алу;
      7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырумен байланысты объектілерді консервациялау мен таратудың белгіленген тәртібін сақтау;
      8) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
      9) ұтымды схема бойынша автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталғанға дейін, сондай-ақ басқа да әдістерді пайдалану арқылы бұзылатын және иеліктен шығарылатын жерлердің аумақтарын қысқарту;
      10) топырақтың жел эрозиясын, қазылатын жыныстардың үйінділері мен өндіріс қалдықтарының қышқылдануының және өздігінен жануының алдын алу;
      11) ластануын болдырмау үшiн тартылатын және тұщы сулы жерлердi  оқшаулау;
      12) жанар-жағар материалдарының қалдықтарын экологиялық қауіпсіз жолмен жоюды жүзеге асыру.
      2. Халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттарға негізделген жұмыстарды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдау.
      3. Жер қойнауын ұтымды пайдалануды, қызметкерлердің, тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізуге арнаған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтау.
      4. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыруының міндетті шарты жер қойнауы ластануының алдын алу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен оларды қорғау саласында:
      1) жер қойнауының ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) су жинау алаңдарында және жерасты сулары жинақталған жерлерде ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болдырмау;
      3) жер қойнауын жерасты құрылыстарының салу және пайдалану сапасын төмендететін немесе су басудан, өрттен және басқа да дүлей факторлардан қорғау;
      4) жер қойнауын пайдалану, әсіресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ластанудан сақтау;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, тоқтату, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен тарату жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;
      6) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды үю және орналастыру кезінде су ағызатын алаңдарда және жерасты сулары орналасқан жерлерде олардың жиналуын болдырмау мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз ету.
      6. Пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрі болып табылады және мынадай талаптар сақталған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асырады:
      1) жерасты су объектілеріне шекті рұқсат етілген зиянды әсер етудің қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдармен, халықтың санитарлық–эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтерін сақтау;
      2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген меншікті немесе өзге де зертханаларда жіберілетін судың химиялық құрамын айқындау;
      3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдарға, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық төгілуі туралы, сондай-ақ жерасты суларын жинаудың және оларға су жіберу (айдау) объектісінің белгіленген режимінің бұзылуы туралы шұғыл ақпарат беру.
      7. Жер қойнауын пайдаланушыға:
      1) құрылысқа берілген учаскеден тыс өсімдік және топырақ қабаттарын бүлдіруге;
      2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын үстіңгі су объектілері мен жер қойнауына төгуге;
      3) егер бұл жер асты су объектілерінің жай-күйіне әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса жерлерді сарқынды сулармен суаруға;
      4) шаруашылық-ауыз су сулары бар қабаттарға ерітінділер мен материалдарды жіберуге тыйым салынады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшарт бойынша өз қызметі нәтижелерінің тигізетін әсерін зерделеу мен жағымсыз әсерді уақтылы жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында жер қойнауы мен қоршаған ортаның мониторингін жүргізуі тиіс.

15-бөлім. Халықтың және персоналдың қауіпсіздігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мемлекеттің заңнамасында көзделген жұмыс жүргізу қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының орындалуын, сондай-ақ авариялардың және қызметкерлердің кәсіптік ауруларының алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.
      2. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
      3. Мыналар:
      1) жұмысқа арнаулы дайындығы және біліктілігі бар адамдарды, ал  құрылыс жұмыстарына басшылық етуге тиісті арнаулы білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес міндетті медициналық тексеруден өткен адамдарды жіберу;
      2) құрылыс жұмыстарындағы адамдарды арнаулы киімдермен, дербес және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
      3) қауіпсіздік талаптарына және санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
      4) жарғыш заттар мен жару құралдарын есепке алу, тиісінше сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
      5) жұмыстардың технологиялық тізбегін қамтамасыз етуге қажет және қауіпті жағдайларды болжауға жеткілікті геологиялық, маркшейдерлік және өзге де байқау кешенін жүргізу, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына түсіру;
      6) атмосфераның жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды жүйелі бақылау;
      7) техникалық құжаттаманы және аварияларды жою жоспарларын жұмысты жүргізудің қауіпсіз аймақтарының шекараларын анықтайтын деректермен уақтылы толықтыру;
      8) жерасты құрылыстарын әзірлеу мен жайластырудың жобалау жүйелерін, жобаларын және технологиялық схемаларын сақтау жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары болып табылады.
      4. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының лауазымды адамдары жұмысты дереу тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақтарда халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда тиісті ұйымдардың басшылары ол туралы жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.
      6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететін аймақта халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша оны қайта бастауға құқығы жоқ. Қауіпті болдырмау үшін өзге шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауіпті әсер ету аймағынан халық көшірілгеннен кейін ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы азаматтың денсаулығына жер қойнауын пайдаланушының алдындағы келісімшарттық міндеттемелерін және еңбек міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зардапты мемлекет заңнамасына сәйкес өтейді.
      8. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жұмыстар жүргізудің оң тәжірибесін басшылыққа ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу процесінде мүліктің жойылу қаупін туғызатын авариялар мен өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялар мен өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша шаралардың бағдарламасын әзірлеуге және оларды жобалаушы құжаттар құрамында бекітуге міндетті.

16-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді тиісті орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімпұл) түрінде:
      1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
      2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
      3) өзге де қаржылық міндеттемелерді орындамағаны үшін (салықтық  міндеттемелерді қоспағанда, көрсету) есептік кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 %-ы мөлшерінде жауап болады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Бұл ретте, егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес басқа да мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемді толық орындаса жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және тұрақсыздық төлемін немесе айыппұл есептеу үшін негіз болып табылмайды.
      3. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану қорғау саласындағы заңнаманы бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
      4. Мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан зиян келтірген тұлғалар, егер тек зиян еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтеуге міндетті.
      5. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зардаптардың мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.
      6. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зардаптың мөлшерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес айқындайды.
      7. Сақтық аймағының шектерiнде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өзінің келісімшарттық аумағында теңiз ластанған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының кінәсіне қарамастан қоршаған ортаға, жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапты болады.
      8. Мемлекет заңнамасының талаптарын бұза отырып жасалған жер қойнауын пайдалануға байланысты мәмілелер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады. Мәмілелер жарамсыздығының салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде анықталады.
      Көрсетілген мәмілелердің жасалуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапты болады.

17-бөлім. Еңсерілмейтін күш

      1. Келiсiмшарт бойынша қандай да бір мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл орындамаушылық немесе тиiсiнше орындамаушылық еңсерілмейтін күш мән-жағдайларына байланысты болса, тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапты болмайды.
      2. Еңсерілмейтін күштiң мән-жайларына бұл жағдайлар кезiнде төтенше болдырмау мүмкін болмайтын мән-жайлар, мысалы: әскери қақтығыстар, табиғат апаттары, дүлей зiлзалалар (өрт және т.с) жатады. Келтiрiлген тiзбе түпкілікті болып табылмайды.
      3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегушi тарап бұл туралы форс-мажорлық мән-жайлар басталған күнiн және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру не почтамен жiберу жолымен екiншi тарапқа дереу хабарлайды.
      4. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу мәжіліс өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      5. Форс-мажорлық мән-жайлармен байланысты келiсiмшарт бойынша жұмыстар толық немесе ішiнара тоқтаған кезде бұл жұмыстардың жүргiзiлу кезеңі форс-мажорлық мән-жайлар болған мерзiмге ұзартылады және жұмыстар форс-мажорлық мән-жайлар тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.

18-бөлім. Құпиялылық

      1. Келiсiмшартты орындау үдерісінде қандай да бір тараптың алған немесе сатып алған ақпараты құпия болып табылады. Тараптар мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасақтау үшiн құпия ақпаратты пайдалана алады.
      2. Тараптардың екiншi тараптың келiсiмiнсiз құпия ақпаратты үшiншi тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда, беруге құқығы жоқ:
      1) егер мұндай ақпарат сотта іс қарауды жүргiзу барысында пайдаланылса;
      2) ақпарат жер қойнауын пайдаланушыға қызмет көрсететiн үшiншi тұлғаға, мұндай үшiншi тұлға мұндай ақпаратты құпия ретінде қарап және оны тараптар белгiлеген мақсаттарға және белгiлі бір мерзiмдерде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда;
      3) ақпарат жер қойнауын пайдаланушы қаржы қаражатын алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетiлген мақсаттарға ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда;
      4) ақпарат Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларына, олардың қызметтік міндеттерін орындау барысында ұсынылған болса.
      3. Тараптар, мемлекет заңнамасына сәйкес геологиялық және келiсiмшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге байланысты ақпараттарды қамтитын барлық құжаттардың, ақпараттар мен есептердiң құпиялығын сақтау мерзiмiн айқындайды.
      4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуларды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

19-бөлім. Құқықтар мен міндеттерді беру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Заңында және келісімшартта белгіленген талаптарды сақтай отырып, басқа тұлғаларға келісімшарт бойынша құқықтарды немесе олардың бір бөлігін беруге құқылы.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру:
      1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық иеліктен шығару;
      2) жер қойнауын пайдалану құқығын басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
      3) банкрот кезіндегі конкурстық өндіріс үдерісінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару;
      4) жер қойнауын пайдалану құқығына, оның ішінде кепілзат кезінде өндіріп алуға жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру Заңда белгіленген тәртіппен берілетін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығы айналымындағы бастапқы шығарылым, акциялар немесе акцияға меншік құқығын растайтын басқа да құнды қағаздар не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын құнды қағаздар, оның ішінде ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында қосымша эмиссиялар шеңберінде шығарылған мұндай құнды қағаздардың бастапқы орналастырылуы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      5. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) кепілге беру белгіленген тәртіппен берілетін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге қойылып алынған кредит жер қойнауын пайдалану мақсаттарына пайдаланылуға не жер қойнауын пайдалануға келісімшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағындағы кейіннен қайта бөлу ұйымы, жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе оның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысу үлесі бар еншілес ұйымдары пайдалануы тиіс.
      6. Жер қойнауын пайдалану құқығы басқа тұлғаға ішінара берілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы және осындай тұлға келісімшарт бойынша құқықтарды бірлесіп жүзеге асыру мен міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт не келісімшарт бойынша қызмет шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт құзырлы органмен келісіледі және келісімшарт тараптары үшін міндетті күші бар келісімшартқа қосымша болып табылады.
      7. Иелері бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігі берілген жағдайда мұндай беру осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелерінің келісімімен ғана мүмкін болады.
      8. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа қандай да бір қатысуы сақталатын кезге дейін ол және жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлға келісімшарт бойынша ортақ жауапты болады.
      9. Жер қойнауын пайдалану құқығын толық беру жер учаскесін жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын пайдалануға беру келісімшарт талаптары бойынша қалыптастырылған тарату қорын және жер қойнауын пайдалануды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
      10. Егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша барлық шығыстар жер қойнауын пайдаланушының шығыстарына жатқызылады.
      11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеледі және мұндай өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәміле жасасу фактісі болмаған кезде, жер қойнауын пайдаланушының мұндай беруге уәкілетті органның рұқсатын алмаған (рұқсат беруден бас тартқан) кезде не жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқықтарын беруге рұқсат беруге негіз болған дұрыс емес ақпаратты құзыретті органға (облыстың, республиканың маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына) беру фактісі анықталған кезде не келісімшарттың 23-бөлімінің 6-тармағының ішінара беру туралы ережелері сақталмаған кезде келісімшартты тіркеуден бас тартуға құқылы.
      12. Жер қойнауын пайдаланушы заңда көзделген жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз жасаған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де әрекеттер олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады.
      13. Жасалған мәміле туралы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ол жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарламау мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

20-бөлім. Қолданылатын құқық

      1. Келiсiмшарт және келiсiмшарт негiзiнде қол қойылған басқа да келiсiмдер үшiн мемлекет құқығы қолданылады.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге бағытталған мәмілелердің құқықтары мен міндеттемелеріне Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттық аумақта және онымен iргелес учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет қабылдаған халықаралық мiндеттемелердi сақтау міндеттемесін қабылдайды.
      4. Егер мемлекет қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға  қайшы келмейтін болса, Қазақстан Республикасының жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының нормалары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қатынастарына қолданылады.

21-бөлім. Дауларды шешу тәртібі

      1. Келісімшартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жолымен шешіледі.
      2. Егер келісімшартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер арқылы шешілмейтін болса, онда тараптар дауларды мемлекет заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шешуге құқылы.

22-бөлім. Келісімшарт тұрақтылығының кепілдіктері

      1. Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құқығын қорғауға кепілдік беріледі.
      2. Егер Заңда және келісімшартта өзгеше көзделмесе тараптардың келісімі бойынша келісімшарт талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріледі.
      3. Тараптардың біреуінің талабы бойынша келісімшарттың талаптарына өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімшартта көзделген негізде және тәртіпте рұқсат етіледі.
      4. Егер стратегиялық мәні бар жер қойнауы учаскесіне қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын мемлекеттің экономикалық мүдделерін өзгертуге әкелсе, құзырлы орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарт талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді талап етуге құқылы.
      5. Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметтерінің нәтижесін нашарлатып жіберетін заңнаманың өзгерістері мен толықтырулары егер ол осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізгенге дейін жасалған болса, келісімшартқа қолданылмайды.
      6. Осы бөлімінің 5-тармағында белгіленген кепілдіктер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасы өзгерістеріне қолданылмайды.

23-бөлім. Келісімшарттың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату шарттары

      1. Егер тараптар келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, ол қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
      2. Келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ тараптардың біреуінің талабы бойынша Заңда көзделген жағдайларда рұқсат етіледі.
      3. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
      1) жер қойнауын пайдаланушы келісімшартта не жобалау құжаттарында белгіленген міндеттемелерді екі реттен астам бұзуларды учаскесіне уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаса;
      2) жер қойнауын пайдаланушы мұндай рұқсат Заңмен талап етілмеген жағдайды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз берген кезде, келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның хабарламасында белгіленген мерзімде толық жойған келісімшарт талаптарының бұзылуы келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
      4. Осы келісімшарттың 22-бөлімінің 4-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган, егер:
      1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін жазбаша түрде растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі келісімге қол жеткізбесе;
      3) мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, біржақты тәртіппен келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, мемлекеттің экономикалық мүдделерін өзгертуге әкелген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
      Келісімшарттың қолданылуы аталған негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
      6. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруі салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркінен тыс басқа мән-жайларға байланысты келісімшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекіту кезінде ескерілгендерден кем болып шықса, бірақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің келісімшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемі толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келісімшарт талаптарын бұзу және келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
      7. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге немесе келісімшартта белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен келісімшартты орындаудан біржақты бас тартуға құқылы.
      8. Келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      9. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде технологиялық үрдістің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
      10. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз беруге міндетті.
      11. Тараптар жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы хабарлама табыс етілгенге дейінгі орындалмай қалған ағымдағы міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
      12. Егер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы кен орны шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.
      Аумағында не құқықтық құзыретінде осы шекара маңындағы кен орнының бір бөлігі бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық келісімдері болмаған жағдайда уәкілетті орган шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиісті келісімге қол жеткізгенге дейін өндіруді тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жаңғыртуға рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданылуын форс-мажорлық мән-жағдайлар бойынша үзген болып есептеледі.

24-бөлім. Келісімшарт тілі

      1. Осы келiсiмшарттың мәтiнi әрбір тарап үшін мемлекеттік және орыс тiлдерiнде ____ данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және барлық даналары сәйкес.
      Келісімшарт тараптарының келісімі бойынша келісімшарт мәтіні шет тіліне аударылуы мүмкін.
      2. Келісімшарттың мазмұнын анықтау және оны түсіндіру кезінде
келiспеушiлiктер мен даулар туындаған жағдайда ______________ мәтін
нұсқасы басым күшке ие болады.                 (тілді көрсету)
       3. Тараптар мемлекеттік және (немесе) орыс тiлдерi қатынас тiлдерi ретiнде пайдаланатындығына уағдаласады.
      4. Келiсiмшарт күшiне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат мемлекеттік және (немесе) орыс тiлдерiнде жасалады.

25-бөлім. Қосымша ережелер

      1. Осы келiсiмшартты iске асыруға байланысты талап етiлетiн барлық хабарламалар мен құжаттар, осы келiсiмшарт бойынша оларды алу фактiсiмен ғана тараптардың әрқайсысына ұсынылған және жеткiзiлген деп есептеледi.
      2. Хабарламалар мен құжаттар тараптарға тiкелей тапсырылады немесе почтамен, тапсырыстық авиапочтамен, факспен жiберiледi.
      3. Осы келiсiмшарт бойынша почталық мекен-жайлар өзгерген кезде тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа 7 күн ішінде жазбаша хабарлама ұсынуға тиiс.
      4. Келісімшартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымшалардың және келісімшарттың өз ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде келісімшарттың негiз қалаушы мәнi болады.
      5. Келiсiмшартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімдерімен ресімделеді. Мұндай келісім келісімшарттың құрамдас бөлігі болып табылады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге тиіс. Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар олар тіркелген кезінен бастап күшіне енген болып танылады.
      6. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
      7. Келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және уәкілетті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешім қабылданған жағдайда жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде келісімшартқа қосымша келісімді белгіленген тәртіппен келіседі және жасасады, онда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелері, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет үзілісіне байланысты мәселелер мен жауапкершілік мәселелері реттелуге тиіс. Тараптардың келісімі бойынша келісімшартқа қосымша келісімді келісу және жасасу үшін осы тармақта көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
      8. Осы келісімшартқа 20____жылы _______ (күні)______ (айы) Қазақстан Республикасының ______________ қ. тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.
      9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

Барлауға және (немесе) өндіруге  
байланысты емес жерасты құрылыстарын
салуға және (немесе) пайдалануға 
арналған модельдік келісімшартқа 
қосымша             

Барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартқа жұмыс бағдарламасы

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 405 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

__________________________________
(пайдалы қазба түрі көрсетіледі)
Жұмыс бағдарламасы бекітілген күнге АҚШ долларының бағамы



Барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Қаржылық міндеттемелер (ҚМ)

мың теңге/$





Инвестициялар, барлығы

мың теңге/$





күрделі шығындар, барлығы

мың теңге/$





оның ішінде: ғимарат, құрылыстар

мың. теңге/$





жайластыру, қайта жаңарту

мың теңге/$





машиналар, құрал-жабдықтар

мың теңге/$





көлік құралдары

мың теңге/$





тазалық құрылғыларына/ қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар

мың теңге/$





шығындары, барлығы

мың теңге/$





Қоймалау (көму) көлемі

мың теңге/$





өзге де пайдалану шығыстары (негізгі баптарды ашып көрсете отырып)

мың теңге/$





технологиялар сатып алу

мың теңге/$





оның ішінде отандық технологиялар

мың теңге/$





Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымын дамыту

мың теңге/$





Жер қойнауы жай-күйінің мониторингі

мың теңге/$





Тәуекелдерді сақтандыру, барлығы

мың теңге/$





(негізгі түрлерін көрсету)

мың теңге/$





Тарату қорына аударымдар

мың теңге/$





ҚР азаматтарын оқыту, біліктілігін арттыру, қайта даярлау

мың теңге/$





Еңбекақы төлеу қоры

мың теңге/$





жанама шығыстар (негізгі баптарды көрсету)

мың теңге/$





оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында

мың теңге/$





салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, барлығы

мың теңге/$





тарихи шығындар

мың теңге/$





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады