"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2011 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1433 Қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2011 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2010 жылғы 30 желтоқсанға дейін Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарапына жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикаcының
      Премьер-Министрі                                 Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1433 қаулысымен  
бекітілген     

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және
зымырандарды сынақтық ұшырудың 2011 жылға арналған
жоспарлары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы СІМ 2010 жылғы 16 қарашадағы шығ. № 13617 және/3дснг):
      1) Ғарыштық орбиталарға шығарылуы зымыран-тасығыштарының бөлінетін бөлшектерінің халықаралық шарттарда көзделмеген құлау аудандарын пайдалануды талап ететін ғарыш аппараттарын ұшыруды қоспағанда, Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасы, «Ғаламдық навигациялық жүйе» федералдық нысаналы бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2011 жылға арналған жоспарымен, оның ішінде «КазСат-2» ғарыш аппаратын «ОС-2» ғарыш аппаратымен бірге «Протон-М» зымыран-тасығышымен 48о көлбеу ұшу трассасы арқылы ұшыру;
      2) Ғарыш аппараттарын «Протон-К» зымыран-тасығышымен ұшыруды қоспағанда, көрсетілген зымыран-тасығышынан бөлінетін бөлшектерде зымыран отынының жоғары уытты компоненттерінің қомақты мөлшердегі қалдықтарының болуына байланысты «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2011 жылға арналған жоспарымен келіседі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы СІМ 2010 жылғы 16 қарашадағы шығ. № 13617 және/3дснг) PC-18 КБЗ зымырандарының ұшу трассасы Қазақстан Республикасы астанасының маңынан өтуіне байланысты «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2011 жылға арналған жоспарымен келіспейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады