Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 940 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.16 № 940 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 62) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1449 қаулысымен  
бекітілген    

Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан
Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды
айқындау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида), «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары - жаңа ғылыми немесе техникалық білімдер мен ұғымдар алу мақсатында жүргізілетін бірегей немесе жоспарланған зерттеулер;
      2) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезіндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар - ғылыми-зерттеу немесе басқа да білімдердің нәтижелерін қолдану негізінде жаңа және неғұрлым жетілдірілген материалдарды, механизимдерді, өнімдерді, технологияларды, жүйелерді немесе қызметтерді коммерциялық өндіру басталғанға дейін оларды жоспарлау және жобалау.
      3. Қағида құзыретті орган мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) арналған шығыстардың шамасын айқындау тәртібін белгілейді.
      4. Қағида өнеркәсіптің өндіру салаларындағы пайдалы қазбаларды барлаумен, өндірумен байланысты ҒЗТКЖ-ның барлық түрлеріне қолданылады.
      5. ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар:
      1) пайдалы қазбаларды барлау, өндіру кезінде жаңа технологиялар мен әдістерді әзірлеуді немесе қолданыстағыларын жақсартуды;
      2) осы зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми немесе техникалық білімдерді практикада қолдануды қамтиды.

2. ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстарды айқындау тәртібі

      6. Құзыретті орган келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті және жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының шартына қосылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстарды айқындау кезінде пайдалы қазбалардың қорын және (немесе) келісімшарт аумағының ауданын ескереді.
      7. Көмірсутек шикізатын барлауға ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады:
      P = (l,5 AEKxS), мұнда:
      Р - көмірсутек шикізатын барлауға ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы;
      S - кен орнының ауданы, шаршы километрмен.
      8. Көмірсутек шикізатын өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады:
      Р = (Қ х 0,04 %) + (Қа х 0,01 %), мұнда:
      Р - көмірсутек шикізатын өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы;
      Қ - Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - ҚМК) бекіткен көмірсутек шикізатының жиынтық қорларының құны;
      Қа - алдын ала бағаланған С санатындағы қорлардың жиынтық құны.
      9. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады:
      Р = 1 АЕК х S, мұнда:
      Р - қатты пайдалы қазбаларды барлауға ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы;
      S - кен орнының ауданы, шаршы километрмен.
      10. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады:
      Р = (Қ х 0,01 %) + (Қа х 0,005 %), мұнда:
      Р - қатты пайдалы қазбаларды өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы;
      Қ - ҚМК бекіткен қатты пайдалы қазбалардың жиынтық қорларының құны;
      Қа - алдын ала бағаланған С санатындағы қорлардың жиынтық құны.
      11. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың жиынтық қорларының құны инфляция ескеріле отырып түзетілген жұмыс бағдарламасында көрсетілген барлық кезеңде өндіруге жұмсалған жалпы шығындардың сомасы ретінде айқындалады.
      12. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлауға ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады:
      Р = 0,5 АЕК х S, мұнда:
      Р - кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлауға ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы;
      S - кен орнының ауданы, шаршы километрмен.
      13. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады:
      Р = Қ х 0,01%, мұнда:
      Р - кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы;
      Қ - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша минералдық шикізаттың ҚМК бекіткен жиынтық қорының құны.
      14. Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелері мен кен орындарында пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы барлауға және (немесе) өндіруге жұмыс бағдарламасында белгіленген шығындардан пайыздық арақатынасында көрсетіледі.
      15. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптары бойынша конкурс жеңімпазымен келіссөздер жүргізу кезінде ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы бөлігінде конкурстық ұсыныстың шарттары азайтуға жатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады