Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидаларын бекіту және "Келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 940 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.12.2016 № 796 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулы 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидалары бекітілсін.
      2. «Келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 112-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 16 шілдедегі  
№ 940 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;
      2) ғылым саласындағы уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шектерінде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) қорғау құжаттары – Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес берiлген инновациялық патенттер мен өнертабыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдерге патенттер;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) – осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган өтінім берушіге беретін Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізу фактісін растайтын құжат;
      6) өнеркәсіптік меншiк объектiлерi – өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіп үлгілері;
      7) өтінім беруші – ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізген және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағында олардың нәтижелерін енгізуді растауды алуға уәкілетті органға өтінім берген салық төлеуші;
      8) техникалық тапсырма (техникалық ерекшелік) – әзірленетін объектінің негізгі қолданысын, оның техникалық және тактикалық-техникалық сипаттамаларын, сапа көрсеткіштерін және техникалық-экономикалық талаптарын, құжаттаманы (конструкторлық, технологиялық, бағдарламалық және т.б.) әзірлеудің қажетті деңгейлерін орындау бойынша нұсқаманы және оның құрамын, сондай-ақ арнайы талаптарды айқындайтын техникалық объектіні жобалауға арналған құжат;
      9) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау.

2. Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізу фактісін растау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау рәсімі үш кезеңде жүзеге асырылады:
      1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі – ұлттық институт) өтінімдерді олардың толықтылығы мен ресімдеу сапасын қарау;
      2) ұлттық институттың іріктеудің бірінші кезеңінен өткен өтінімдер бойынша сараптамалық қорытынды әзірлеуі;
      3) уәкілетті органның ұлттық институттың сараптамалық қорытындысы негізінде қорытындыны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы.
      4. Өтінім берушілер Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізу фактісін растау үшін ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізу фактісін растауға арналған өтінім;
      2) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізуге техникалық тапсырма (техникалық ерекшелік) көшірмесі;
      3) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізу бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
      4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін өндіріске енгізу актісі;
      5) өтінімде көрсетілген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде алынған өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатының көшірмесі;
      6) қорғау құжатының күшін сақтау туралы өнеркәсіптік меншік саласындағы сараптамалық ұйымның растау хаты;
      7) ғылым саласындағы уәкілетті органмен айқындайтын тәртіппен берілген нақты орындалған жұмыстарды ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп тану туралы қорытынды;
      8) қосылған құн салығын көрсете отырып, оның ішінде жылдар, салық кезеңдері бойынша бөліп, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге кеткен тікелей және ілеспе шығыстар бойынша нақты шығындар сметасы.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуге растау алуға ұсынылатын құжаттар бірыңғай бумаға қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қатаң рәсімделеді.
      6. Ұлттық институт құжаттар қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімдерді толықтығына және оларды рәсімдеу дұрыстығына, осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарауды жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, бұл туралы олар анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіні хабардар етеді.
      Салық төлеуші ұлттық институттың хабарламасы жіберілген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды, теріс жағдайда өтінім қараудан бас тартылады.
      Өтінім беруші көрсетілген сәйкессіздіктерді жойған жағдайда өтініш ол қайта ұсынылған сәтінен бастап жалпы негіздерде қаралады.
      7. Салық төлеушінің толық емес және дұрыс емес деректер ұсынуы өтінімді қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Өтінім қараудан бас тартылған жағдайда ұлттық институтының хабарламасы жіберілген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң ұсынылған құжаттар салық төлеушіге қайтарылады.
      8. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растауды ұсыну үрдісінің бірінші кезеңінен өткен өтінімдер сараптамалық қорытындыны әзірлеуге жіберіледі.
      9. Ұлттық институт сараптамалық қорытындыны әзірлеу үшін іріктеудің бірінші кезеңі аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде:
      1) атқарылған жұмыстарға және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге кеткен нақты шығындарға талдауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы өндіріске ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың мәлімделген нәтижесін енгізу фактісін тексеруді жүзеге асырады.
      Қажет болған жағдайда кәсіпорында (өндірісте) енгізу фактісіне көшпелі тексеріс жүргізеді;
      3) өтінім бойынша сараптамалық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады.
      10. Сараптамалық қорытынды негізінде уәкілетті орган сараптамалық қорытынды ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қорытынды беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      11. Уәкілетті орган қорытынды беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге тиісті жауап жібереді.

Қазақстан Республикасының аумағында
ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе)
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін
енгізуді растау қағидаларына
1-қосымша

______________________
______________________

Қорытынды

_____________________________________________________________________
        (индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
                    саласындағы уәкілетті орган)
___________________________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан _____________________________________________кәсіпорнында
                     атауы, СТН, (ЖИН, БИН)
өндіріске____________________________________________________________
                      ұйымның атауы, СТН, (ЖИН, БИН)
___________________________________________ енгізу фактісін растайды.
     (әзірлеменің, технологияның атауы)

      Лауазымы                                 Т.А.Ә.

      М.О.

Қазақстан Республикасының аумағында
ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе)
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін
енгізуді растау қағидаларына
2-қосымша

__________________________________
__________________________________
(индустриялық-инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау саласындағы
уәкілетті орган)

Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізу фактісін растауға арналған өтінім

___________________________________________ұйымы атынан ұйымның атауы
_____________________________________________ ұйымның ғылыми-зерттеу,
               басшының Т.А.Ә.
ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін _______________________________________________
                               әзірлеменің, технологияның атауы
енгізу фактісін растауды сұрайды.

      Қосымша: ___ п. (қоса берілген құжаттардың тізбесімен)

      Лауазымы                                Т.А.Ә.

      М.О.

Қазақстан Республикасының аумағында
ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе)
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін
енгізуді растау қағидаларына
3-қосымша

БЕКІТЕМІН

______________________________________
______________________________________
(ҒЗТКЖ нәтижелері өндірістік қызметіне
енгізілген ұйым басшысының лауазымы,
Т.А.Ә. және қолы)

20 жылғы « »

М.О.

Өндіріске ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізу актісі

1. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың атауы:___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Қысқаша аннотация:________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Енгізу әсері:_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Енгізу орны мен уақыты:___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Енгізу нысаны:____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қолы:

      1. Өтінім берушінің (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізген салық төлеуші) өкілі/өкілдері

      Лауазымы _____________________ Т.А.Ә.
                       (қолы)
      Лауазымы _____________________ Т.А.Ә.
                       (қолы)

      2. ҒЗТКЖ нәтижелері өндірістік қызметіне енгізілген ұйымның өкілі/өкілдері

      Лауазымы _____________________ Т.А.Ә.
                       (қолы)

      Лауазымы _____________________ Т.А.Ә.
                       (қолы)

      Ескертпе: қолдары мөрмен бекітіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады