"Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1457 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы
№ 67 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 65-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында:
      «Кіріспеде»:
      он үшінші бөліктегі «Астана қаласы дамуының орта мерзімді бағдарламалары» деген сөздер «аумақтарды дамыту бағдарламасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      он төртінші бөліктегі «әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының» деген сөздер «аумақтарды дамыту бағдарламасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Астана қаласын орнықты дамытудың стратегиялық мақсаттары» деген 4-бөлімде:
      «Орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету» деген 4.1-кіші бөлімде:
      «Астана қаласының орнықты экономикалық дамуы жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 4.1.2-тарауда:
      «Инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет үшін жағдай жасауда»:
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаланың жоғары оқу орындары жоғары технологиялар саласында кадрларды жеткізуші болады. Кадрлық ресурстарды жеткізушілердің бірі Қазақстан экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін халықаралық деңгейдегі жаңа жоғары оқу орны - «Назарбаев Университеті» болып табылады. Бұдан басқа, Астана елорда ретінде әлемнің дамыған елдерінің алдыңғы қатарлы әрі беделді оқу орындарында оқыған жоғары білікті жас кадрларды тартып отыр.»;
      он екінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Құрылыс материалдарын өндіру саласын дамыту жергілікті өндірушілерді қолдауға (импортты алмастыруға) және экспортты ынталандыруға бағытталатын болады. Мемлекет тарапынан жәрдем көрсету құрылыс индустриясы саласындағы, оның ішінде Индустриялық парк аумағындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады»;
      «Бәсекелестікті дамыту және қолайлы инвестициялық ахуал жасауда»:
      бірінші бөлікте:
      бесінші абзац «жою» деген сөзден кейін «, отандық кәсіпкерлер үшін де, халықаралық инвесторлар үшін де бизнесті жүргізу құнын төмендету» деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші абзацтағы «жалғастыру.» деген сөз «жалғастыру;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «тиімсіз жобаларды іске асыруға қарсы тұру, мемлекеттік қаражатты жұмсау үрдістерінің ашықтығын және айқындығын арттыру.»;
      «Халықты жоғары сапалы қол жетімді коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуде»:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жыл сайын жергілікті бюджеттен 250-300 млн. АҚШ доллары қаланың инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға жұмсалады. Жобаларды бағалау экономикалық негіздемелер, қазіргі заманғы ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу бойынша талаптарды қамтитын инвестициялық жобаларды іріктеудің әзірленген өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
      екінші бөліктегі «бағдарламасында көзделген іс-шаралар іске асырылатын болады» деген сөздер «бағдарламасында, аумақтарды дамыту бағдарламасында көзделген іс-шаралар іске асырылатын болады. Сонымен қатар, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен толық қамтуды қамтамасыз ету тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ынталандырушы нарықтық жағдай жасау және азаматтардың, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді жеткізушілер мен жергілікті мемлекеттік органдардың өзара тиімді әрекет етуі жолымен жүзеге асырылатын болады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту үлестік пайдалану шығындарының төмендеуімен, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізумен, нормативтік шығасыларды қысқартуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеу тиімділігін көтерумен сүйемелденетін болады.»;
      «Қолайлы қоршаған ортаны және орнықты қызмет ететін инфрақұрылымды ұстау» деген 4.2-кіші бөлімде:
      «Қалалық жоспарлау және дизайн» деген 4.2.1-тарауда:
      «Астана қаласында орнықты қалалық жоспарлау және дизайн жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 2-тармақта:
      «Қала құрылысын жоспарлауда жаңа тәсілдерді пайдалану, қалаға өзіндік ерекшелік пен даралық беруде»:
      тоғызыншы бөліктегі «ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленеді» деген сөздер «аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде оларды іске асыру бойынша шаралар қабылданатын болады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшінші бөліктегі үшінші абзац алып тасталсын;
      «Экологиялық инфрақұрылым» деген 4.2.2-тарауда:
      «Астана қаласының орнықты экологиялық инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 2-тармақта:
      «Қалдықтарды мейлінше азайту және қайта өңдеуде»:
      екінші бөліктегі «2010», «15», «80» деген цифрлар тиісінше «2015», «24», «50» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Көліктік инфрақұрылым» деген 4.2.4-тарауда:
      «Астана қаласының тиімді көліктік инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 2-тармақта:
      «Қоғамдық көлік пен жаяу жүргінші қозғалысын дамытуда»:
      бірінші бөлік «бағдарламасында» деген сезден кейін «, аумақтарды дамыту бағдарламасында» деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөліктегі «қаланың көлік жүйесінің 2010 - 2030» деген сөздер «аумақтарды дамытудың 2011 - 2015» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Әлеуметтік орнықты қоғамды қалыптастыру» деген 4.3-кіші бөлімде:
      «Серпінді дамып келе жатқан қоғамды қалыптастыру» деген 4.3.1-тарауда:
      «Серпінді дамып келе жатқан қоғамды қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 2-тармақта:
      «Білім алу және денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда»:
      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілген проблемаларды шешу үшін дене тәрбиесі мен спортты жан-жақты дамыту үшін жағдай жасай отырып, қоғамдық саулықты сақтау мәселелері жөніндегі сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдардың тиімділігін арттыру, қаладағы санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөнінде әлеуметтік саясат жүргізу, әлеуметтік сипаттағы аурулардың алдын алуды жүзеге асыру, халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудың балама жүйесін құру, жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін жауапкершілігін арттыру, қызметкерлерді профилактикалық тексеруді және оларды уақтылы сауықтыруды жүргізу қажет.
      Әкімдік денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға да жәрдемдесетін болады.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, қаланың денсаулық сақтау саласына салынатын инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында түпкі нәтижеге және әрбір нақты ауруды емдеуге жұмсалған нақты шығыстар үшін ақы төлеуге, сапаны бақылау негізінде ақы төлеуге, бәсекелестікті дамытуды көздейтін медициналық-экономикалық тарифтерді енгізе отырып, медициналық қызметтерге ақы төлеудің ашықтығына, медициналық қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын арттыруға бағдарланған тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемін (бұдан әрі - ТМККК) қаржыландырудың жаңа моделін іске асырумен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі - БҰДЖ) одан әрі енгізу жұмысы жалғасады. Меншік нысанына қарамастан, барлық әлеуетті жеткізушілерге ТМККК көрсетуге арналған мемлекет тапсырысын орналастыруға бәсекелесу мен қатысу құқығы ұсынылады. Денсаулық сақтау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру үшін барлық медицина ұйымдарын аккредиттеуден өткізу, 2020 жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмекке (бұдан әрі - БМСК) арналған шығыс деңгейін ТМККК бөлінетін қаражаттың жалпы мөлшерінің 40 %-ына дейін ұлғайта отырып, БМСК-нің әлеуметтік бағдарланған моделін құру, мүгедектерді қалпына келтіріп емдеу мен оңалту қызметін дамыту жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау ұйымдарында елорда тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ішкі ауруханалық менеджмент пен медициналық қызметтердің аудиті жүйесі тиісінше дамитын болады.»;
      тоғызыншы, оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мектепке дейінгі мекемелерді салу 1-ден 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін балаларды қамтуды 2010 жылы 41,8 %-дан 2015 жылы 69 %-ға дейін және 2020 жылы 100 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар 5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығын да қамтамасыз ететін болады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу қызметтерін көрсететін жеке қызмет көрсетушілердің дамуын ынталандыратын жағдай жасалатын болады.
      Мектепте білім беру жүйесінде оқушы орындары тапшылығының проблемалары шешіледі, 2014 жылға қарай сабақтарды 3-4 ауысымда оқыту жойылады. 2015 жылы 10 жыл бойы жалпыға бірдей міндетті білім беруді көздейтін 12 жылдық білім беру және келесі 2 жыл бойы бейіндік білім беру моделіне ауысу жүзеге асырылатын болады. Техникалық, кәсіби білім беруде кадрларды даярлау заманауи еңбек нарығының талаптарымен өзара байланыста болады, білім беру стандарттары Ұлттық біліктілік жүйесі арқылы кәсіби стандарттар бойынша қалыптасатын болады. Сондай-ақ білім беру жүйесінде электрондық оқыту жүйесі енгізілетін болады.»;
      «Қалалық басқару жүйесін жетілдіру» деген 4.4-кіші бөлімде:
      «Астана қаласында қалалық басқару жүйесін дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 2-тармақта:
      бірінші бөліктің төртінші абзацындағы «арттыруды шешудің нәтижесінде қамтамасыз етілетін болады.» деген сөздер «арттыруды;» деген сөзбен ауыстырылып, абзацтан мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті элементтер енгізуді шешудің нәтижесінде қамтамасыз етілетін болады.»;
      «Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және оларды орнықты дамыту жөніндегі жаңа білімдер мен дағдыларға, стратегиялық басқару жүйесіне оқытуда»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2012 жылға қарай жұмыстың көлемі мен сапасын, жауапкершілік деңгейін, кәсіпқойлықты арттыруды, Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауды ескеретін мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі енгізіледі; нәтижелерге бағдарланған біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығы құрылатын болады.»;
      төртінші бөліктен кейін:
      мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
      «Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті элементтер енгізу»;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік жоспарлауды сапалы өзгерту, мемлекеттік басқарудың нәтижелілігі мен есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға қарай:
      барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асырудың кешенді стратегиялық тәсілін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына негізделген бесжылдық стратегиялық жоспарларды қабылдайды;
      2012 жылы тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі енгізіледі (нәтижеге бағдарланған бюджеттеу).»;
      «Астана қаласын орнықты дамыту көрсеткіштерін бағалау» деген 5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Астана қаласын орнықты дамыту көрсеткіштерін бағалау
      Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу қалада жоғары қарқынмен серпінді дамып келе жатқан әртараптандырылған және бәсекелі инновациялық экономиканың қалыптасуына алып келеді.
      Есептеулердің нәтижелері 1-кестеде келтірілген. Болжамды есептемелер бойынша 2030 жылға қарай ЖӨӨ көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 4,8 еседен артық, өнеркәсіп өндірісі - 3,5 есеге ұлғаятын болады.
      Бұл нәтижелер қаланың өнеркәсіптік өндірісі құрылымының жақсаруымен қатар жүреді. Оның өсу сапасы мүлдем өзгеше сипат алады: қазақстандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өнімдер басым орынға ие болады. Қала шын мәнінде экологиялық таза өндірісі бар инновациялық орталыққа айналады.

                                                           1-кесте

Астана қаласын 2030 жылға дейінгі орнықты дамыту
көрсеткіштерінің болжамы

Р/с

Көрсеткіштер

2009 ж.
нақты

2010 ж.
бағалау

2015 ж.

2020 ж.

2025 ж.

2030 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

1

ЖӨӨ, млрд. теңге

1 373,2

1 410,3

1 775,9*

2 141,8*

2 602,5*

3 109,0*

2

Өнеркәсіп өнімін шығару, млрд. теңге

98,8

101,1

127,6*

161,5*

175,0*

210,0*

3

Халық саны, мың адам

649,5

691,5

855,1*

991,3*

1 104,2*

1 220,1*

      Қаланың орнықты дамуына қол жеткізу - ұзақ үдеріс. Орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың іске асырылу барысына ұдайы бақылауды жүзеге асырып, пайдаланылатын қаражаттың тиімдігіне бағалау жүргізу алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін айқындау кажет. Бұл тиісті көрсеткіштердің - орнықты даму индикаторларының болуын көздейді.
      Орнықты даму саласындағы халықаралық институттар мен мамандар тұтастай елдер үшін де, сондай-ақ жекелеген елді мекендер үшін де орнықты даму индикаторларын үш: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық топтар бойынша анықтау жөніндегі жұмыстарды жалғастырып отыр.
      Осыған байланысты Астана қаласы үшін орнықты даму индикаторларын қолдану мүмкін болады: өмір сүру ұзақтығы, жалпы өңірлік өнім, атмосфераның ластану индексі, қалдықтар көлемінің қысқаруы және тағы басқалар. Орнықты даму индикаторларының болуы стратегиялық басқару жүйесін әзірлеумен және енгізумен бірге мемлекеттік органдардың тиісті стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге бағытталған қызметіне бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

                                                            2-кесте

Астана қаласын орнықты дамытудың индикаторлары және олардың
нысаналы мәндерін бағалау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл




1-кезең

2-кезең

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Экологиялық индикаторлар












1

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары,
оның ішінде:

мың
тонна

139,6

138

136

134

132

130

125

125

120

115


ластаудың тұрақты көздерінен

мың
тонна

49,6

49

48

47

46

45

45

45

45

45


ластаудың жылжымалы көздерінен (автокөлік)

мың
тонна

90

89

88

87

86

85

80

80

75

70

2

Атмосфераның ластану деңгейі (АЛД5)

индекс

6,9

6,55

6,5

6,45

6

5,5

5,5

4,5

4

4

3

Ластаушы заттар шығарындыларының рұқсат етілген көлемінің деңгейі

мың
тонна

106,28

106,28

101,52

101,52

101,52

98,33

98,33

98,33

95,16

95,13

4

Ластаушы заттар төгінділерінің рұқсат етілген көлемінің деңгейі

мың
тонна

11,6

11,6

11,39

11,39

11,39

11,18

11,18

11,18

10,97

10,97


5

Қала ішіндегі бір тұрғынға шаққандағы жасыл екпелер алаңы

шаршы
метр/
адам

10

11

12

13

13

14

15

16

17

17

6

Қалдықтар көлемінің қысқаруы

%

17

19

20

22

24

25

26

27

28

30


Экономикалық индикаторлар












ЖӨӨ

млрд.
теңге

1 468,1

1 531,2

1 610,8

1 691,4

1 775,9

1 858,5

1 933,8

2 015,2

2 071,6

2 141,8

8

Өндіруші өнеркәсіпке отандық инвестициялар көлемі

млрд.
теңге

12,5

13,2

14,0

14,9

15,7

16,0

17,6

19,4

20,0

21,0

9

Қаланың ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі

%

33,8

34,1

34,2

34,6

35,3

35,4

35,9

36,3

37,2

37,8

10

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны

мың
бірлік

36,9

37,0

37,1

37,3

37,5

37,7

37,9

38,1

38,3

38,5

11

Құрылыс материалдары өнімінің отандық өндірісінің үлесін ұлғайту

%

8,31

8,34

8,5

8,6

8,6

8,8

8,9

9,0

9,1

9,2

12

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млрд.
теңге

104,9

109,5

115,0

121,0

127,6

134,6

141,1

148,0

155,0

161,5

13

Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың үлесі

%

2,6

3,7

4,8

5,3

6,3

7,6

8,7

9,8

11,0

11,5


Әлеуметтік индикаторлар












14

Халықтың саны

мың
адам

726,5

760,8

792,8

825,1

855,1

880,8

907,2

934,4

962,4

991,3

15

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту

%

55,3

60,7

64,3

66,9

69

70,1

73,1

75,2

77,3

100

16

Электронды оқыту жүйесін енгізген орта білім беру (мемлекеттік) ұйымдарының үлесі, олардың жалпы санынан

%

7,6

41,5

63,1

100

100

100

100

100

100

100

17

Үлгілік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби біліммен қамту үлесі

%

25

27,8

28

29

29

30

30

31,5

31,5

32

18

Өмір сүру межелдің ұзақтығы

жас

75,84

75,86

75,88

75,89

76,00

76,10

76,35

76,40

76,45

76,50

19

Жалпы өлім-жітім

1000
адамға
шаққанда

4,9

4,75

4,65

4,5

4,35

4,15

3,95

3,8

3,64

3,62

20

Ана өлімі

100 тірі
жаңа
туған
нәрестеге

28,5

26,3

24,2

22,7

21,0

18,7

17,4

16,8

15,7

15,1

21

Сәби өлімі

100 тірі жаңа
туған
нәрестеге

8,78

8,77

8,76

8,75

8,74

8,70

8,65

8,57

8,0

8,0

22

Туберкулезбен ауыру

100
мың
адамға

184,3

179,3

174,3

169,3

165,0

163,5

161,9

156,9

153,4

153,0

23

Жүйелі түрде спортпен және дене шынықтырумен айналысатын адамдар

%

21,0

22,0

23,0

24,0

25,0

26,0

27,0

28,0

29,0

30

24

Жұмыссыздық деңгей

%

5,9

5,8

5,7

5,6

5,5

5,4

5,3

5,2

5,1

5,0

25

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі

%

3,8

3,6

3,4

3,2

3,2

3,1

3,0

3,0

3,0

3,0

26

Ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық-еңбек қатынастарының жүйесімен қамту

%

66

67

68

69

70

72

74

76

78

80

27

Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға қатысатын ҮЕҰ саны

бірлік

40

45

50

55

60

65

65

65

65

65

28

Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі

%

2

10

20

40

50

60

70

75

80

90



Қалалық басқару жүйесін жетілдіру индикаторлары























29

«Электроңдық үкімет» және «электрондық әкімдіктер» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызды
мемлекеттік
қызметтердің кемінде 50 %-ын электронды нысанға ауыстыру

%

10

20

30

50

75

80

85

90

95

100

                                                                »;
      «Қорытындыда»:
      төртінші бөлік «жоспары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламасы» деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы бөлікте:
      екінші абзацтағы «20» деген цифрлар «4,8» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «25» деген цифрлар «3,5» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «4» деген цифр «4,4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы «20» деген цифрлар «50» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы «3» деген цифр «2» деген цифрмен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады