"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 489 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 137 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі

Р/с

Тауардың атауы

1

2

1

Бірінші сортты бидай ұны

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

3

Рожки (өлшеніп салынатын)

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

6

Картоп

7

Асханалық сәбіз

8

Басты пияз

9

Ақ қауданды қырыққабат

10

Ақ қант – құмшекер

11

Күнбағыс майы

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

15

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

17

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

18

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

19

Сүзбе: майлылығы 5-9%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады