Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы - құрылыстарының тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы
67) тармақшамен толықтырылсын:
«67) Ақешкі өзеніндегі Ақешкі су қоймасы.»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Сырдария өзенінің Қараөзек тармағының бас құрылысы»;
25) тармақша «Асы - Талас бассейнаралық каналы бар» деген сөздермен толықтырылсын;
65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) ҮКМК жүйесіндегі Р-1, Р-3, Р-15 бөлгіштер»;
мынадай мазмұндағы 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140), 141), 142), 143), 144), 145), 146), 147), 148), 149), 150) тармақшалармен толықтырылсын:
«112) Ақсу өзеніндегі Жоғарғы Ақсу су торабы;
113) Ақсу өзеніндегі Төменгі Ақсу су торабы;
114) Тентек өзеніндегі Бас тоғанды су торабы;
115) Көксу өзеніндегі Көксу бөгеті;
116) Қаратал өзеніндегі Қаратал бөгеті;
117) Тышқан өзеніндегі Бас тоғанды су торабы;
118) Өсек өзеніндегі Бас тоғанды су торабы;
119) Барахудзир өзеніндегі Бас тоғанды су торабы;
120) Ақсу өзеніндегі Солжаға магистралды каналы;
121) Ақсу өзеніндегі Оңжаға магистралды каналы;
122) Ақсу өзеніндегі Көкқамыс магистралды каналы;
123) Тентек өзеніндегі Оңжаға магистралды каналы;
124) Көксу өзеніндегі Солжаға магистралды каналы;
125) Көксу өзеніндегі Оң бөлігі магистралды каналы;
126) Қаратал өзеніндегі Үштөбе магистралды каналы;
127) Қаратал өзеніндегі Күшік - Қалпы магистралды каналы;
128) Қорғас өзеніндегі бас құрылысы бар магистралды канал;
129) Тышқан өзеніндегі магистралды канал;
130) Өсек өзеніндегі магистралды канал;
131) Барахудзир өзеніндегі магистралды канал;
132) Тасөткел бөгетінің Солжаға магистралды каналы;
133) Тасөткел бөгетінің Оңжаға магистралды каналы;
134) Сырдария өзеніндегі Қараөзек бас тоған құрылысы;
135) Әйтек магистралды каналының бас құрылысы;
136) Елтай магистралды каналының бас құрылысы;
137) Соркөл магистралды каналының бас құрылысы;
138) К-2, К-2-1, К-2-2, К-2, Кеңес Арық магистралды коллекторлары;
139) Оңтүстік коллекторлары;
140) Солтүстік коллекторлары;
141) Үйдене өзеніндегі су торабы;
142) Базар өзеніндегі су торабы;
143) Қандысу өзеніндегі су торабы;
144) Жеменей өзеніндегі су торабы;
145) Қарабута өзеніндегі су торабы;
146) Үлкен Кескен өзеніндегі су торабы;
147) Оңтүстік Қазақстан облысының тік кәрізді ұңғымалары (366);
148) Ачынау - Алпамыс Батыр сутартқышы;
149) Сборный суару-суландыру жүйесінің гидротехникалық құрылыстары;
150) Кобяково - Забурун магистралды каналы.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов