Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.07.2015 № 552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 41) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын және Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 тамыздағы № 1022 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 34, 322-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 тамыздағы № 1022 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 749 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 390-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2010 жылғы 31 желтоқсандағы 
№ 1494 қаулысымен     
бекітілген        

Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің
мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 41) тармақшасына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасында кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі - мемлекеттік кадастр) жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік кадастрды жүргізу Жер қойнауының мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
      3. Жер қойнауын геологиялық зерттеуді, кен орындарын кешенді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу мақсатында мемлекеттік кадастрды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.09.2013 № 1004 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс
белгілерінің мемлекеттік кадастрын
жүргізу тәртібі

      4. Мемлекеттік кадастр әрбір кен бойынша негізгі және онымен бірге жатқан пайдалы қазбалардың, ондағы құраластарының саны мен сапасы, кен орнын игерудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайлары, оны геологиялық-экономикалық бағалауды, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған көріністері бойынша мәліметтерді сипаттайтын мемлекеттік кадастрды есепке алудың паспорттары (бұдан әрі - Паспорт) түрінде ресімделетін жүйеленген, ауық-ауық толықтырылып және нақтыланып отыратын мәліметтердің жиынтығын білдіреді.
      5. Мемлекеттік кадастрда есепке алуға мыналар жатады:
      мемлекеттік теңгерімдерде есепке алынған пайдалы қазбалар қоры бар кен орындары;
      пайдалы қазбалар қоры пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімінің есебінен алынған кен орындары;
      ірі кен орындарының геологиялық және кеңістік жағынан оқшауланған учаскелері;
      игерілетін кен орындарына өнеркәсіптік талаптарды қанағаттандыратын сапа жағынан (бағалы құрамдастарының болуына қарай) пайдалы қазбалардың кемінде бір бөлігінің (иірімі) болуы белгіленген қатты пайдалы қазбалардың көрініс белгілері;
      барлық жерасты сулары түрлерінің кен орындары, сондай-ақ көп дебитті бастаулар түрінде көрініс тапқан емдік балшықтар кен орындары;
      пайдалы қазбалар қорлары С2 санаты бойынша бағаланған іздеу жұмыстарының перспективалы учаскелері;
      мұнай-, газ көрініс белгілері;
      геохимиялық элементтердің шашырау ореолдары, геофизикалық ауытқулар, геофизикалық құрылымдар, жерасты суларының көрініс белгілері.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Паспорттар мынадай нысандардағы арнайы бланкілерде жасалады:
      А – металл пайдалы қазбалар кен орындары;
      Б – металл емес пайдалы қазбалар кен орындары;
      В – ұсақтау жыныстары бар кен орындары;
      Г – қатты пайдалы қазбалар, мұнай және газ көрініс белгілері;
      Д – мұнай мен газ кен орындары;
      Е – көмір және жанар тақтатастар кен орындары;
      Ж – гидроминералдық шикізат кен орындары;
      3 – жерасты суларының кен орындары;
      И – емдік балшық кен орындары.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6-1. Геохимиялық элементтердің шашырау ореолдарын, геофизикалық ауытқуларды, геофизикалық құрылымдарды есепке алу парақтары (бұдан әрі – есепке алу парақтары) және жерасты суларының көрініс белгілерін есепке алу карточкалары (бұдан әрі – есепке алу карточкалары) арнайы нысандардағы бланкілерде жасалады.
      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Паспорттар, есепке алу парақтары мен есепке алу карточкалары индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасында кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес толтырылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Паспорттарды жасауды меншік нысанына және жұмысты қаржыландыру көзіне қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушылар:
      пайдалы қазбалар қоры бекітілген немесе қайта бекітілген;
      геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде қатты пайдалы қазбалар көрініс белгілері кен орындары анықталған;
      әзірлеменің жаңа технологиялық жобалары бекітілген;
      барлау жұмыстары аяқталған және Қазақстан Республикасының Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясында алдын ала немесе егжей-тегжейлі барлау, сондай-ақ қосымша барлау мен сынама пайдалану жүргізілген кен орындары немесе олардың жекелеген учаскелері бойынша қорлар бекітілген жағдайларда жүргізеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы паспортты үш дана жасайды және қойнауына мемлекеттік сараптау жүргізген сәттен бастап бір айдан кешіктірмей екеуін - уәкілетті органның өңіраралық департаментіне (одан әрі — ӨД) жолдайды, үшіншісін жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.
      ӨД паспортты тексергеннен кейін бір данасын уәкілетті органға жолдайды.
      «8-1. Есепке алу парақтары мен есепке алу карточкаларын толтыруды меншік нысандары мен жұмыстарды қаржыландыру көздеріне қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт аумағында іздеу жұмыстарының нәтижесінде геохимиялық элементтердің шашырау ореолдарын, геофизикалық ауытқуларды, геофизикалық құрылымдарды және жерасты суларының көріністерін анықтаған жағдайда жүргізеді.
      Есепке алу парақтарын және есепке алу карточкаларын жер қойнауын пайдаланушы үш данада жасайды және геологиялық есеппен бірге екеуін ӨД-ге жібереді, үшіншісін жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.
      ӨД есепке алу парағын немесе есепке алу карточкасын тексергеннен кейін оның бір данасын уәкілетті органға жібереді.
      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Уәкілетті орган келіп түскен паспорттарды, есепке алу парақтары мен есепке алу карточкаларын мемлекеттік кадастрға енгізеді және:
      мемлекеттік кадастр материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеу мен сақтауды;
      электрондық техниканы пайдалана отырып, мемлекеттік кадастр деректерін өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін, оның негізінде жер қойнауын пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1764 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады