Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1022 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 749 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1022  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      тақырыбында "тәртiбi туралы Ереженi" деген сөздер "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      кiрiспесiнде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар  Жарлығын " деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы  Заңын " деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "тәртiбi туралы Ережесi" деген сөздер "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын, "(қоса берiлiп отыр)" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ережеде:
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "бекiтiлген" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
      тақырыбында:
      "тәртiбi туралы Ереже" деген сөздер "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Пайдалы қазбалар" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын;
      мемлекеттiк тілдегi мәтінде 1-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын;
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын пайдалану министрлiгінiң органдары үшiн", "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарына" деген сөздер тиiсiнше "геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органы", "геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк орган үшiн", "геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "мемлекеттiк баланстарының есебiнен алынған" деген сөздер "мемлекеттiк баланс есебiнен алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тілдегi мәтiнде алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жерасты суларының барлық түрлерiнің, сондай-ақ көпдебиттi бұлақтар түрiндегi көрiнiстерi, емдiк балшықтар кен орны";
      6-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақтағы "бiрлесiп" деген сөз "келiсiм бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Паспортқа геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк орган қол қояды. Төрт данада дайындалған паспорттың: екi данасы - геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органға, үшiншiсi - жер қойнауын пайдаланушыға, төртiншiсi - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi.";
      20-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады