"Назарбаев Зияткерлік мектептері" акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1510 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2015 № 158 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1510 қаулысымен   
бекітілген       

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы Мазмұны

      1. Кіріспе
      2. Ағымдағы жағдайды талдау
      3. Миссия және пайымдау
      4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, шешуші көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер

1. Кіріспе

      Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдындағы тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді. Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бойында жинақылық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеуі тиіс.
      Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылғы 13 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де еткен «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбындағы дәрісінде: «ұлттық интеллектің діңгегін, Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет» деп атап көрсетті.
      Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, өмірге белсенді көзқарас пен жоғары білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу, мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметке қатыстыру, қазақстандық және әлемдік білім беру жүйесінің таңдаулы дәстүрлеріне сәйкес жалпы орта білімнің инновациялық моделін құру осы заманға сәйкес білім берудегі объективтік қажеттілік болып табылады. Зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін қалыптасқан мектеп құрылымын, қарым-қатынастар жүйесін, білім беру мазмұнын жобалауды, оқыту әдістемесін, білім жетістіктерін бағалау қағидаларын өзгерту қажет.
      Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай құра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын зияткерлік мектептер жүйесін құру қажет. Жоғары сыныптардағы оқыту оқушыларды бейінді бағыттауға және беделді ұлттық, шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға жоғары сынып оқушыларын нысаналы даярлауға бағытталуы тиіс. Осылайша Зияткерлік мектептер жүйесін жаңа нысандағы ұстаздар құрамын, оқуға және өз-өзін жетілдіруге бағытталған оқушылар ортасын құруға және оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен әлеуметпен берік қатынастар орнатуға ықпал ететін инновациялық орта ретінде қарастыруға болады.
      Жоғарыда аталғандардың барлығы әлеуметтік саладағы «20 Назарбаев Зияткерлік мектептері» серпінді жобасын іске асыру үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының даму стратегиясын (бұдан әрі - Стратегия) әзірлеуді қажет етеді.

2. Ағымдағы жағдайды талдау 2.1 Сыртқы ортаны талдау

      Қазіргі замандағы қоғамды жаңғырту оның индустриалды үлгіден білім беру және тарату үрдістері негізгілер болып табылатын ақпараттық үлгіге ауысуды ұйғарады. Осыған орай, адам өмірінің түрлі салаларында прогрессивті өзгерістерге бағытталған идеяларды ұсынуға қабілетті дарынды, зияткерлік дамыған адамдарға қажеттілік туындайды. Сондықтан, бүгінде әлеуметтік экономикалық өзгерістер жағдайында мемлекеттің дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға белсенді ықпал ететін жоғары білімді, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруда қоғамның қажеттілігі өзекті болып тұр. Мұндай тұлғаны қалыптастыруда дарынды балалармен жұмыс істеу ерекше орын алады.
      Дарындылықты дамытуда педагогикалық қамтамасыз ету, бірінші кезекте жағымды жағдай жасауды талап етеді. Осыған байланысты, 90 жылдардың аяғында Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі аталған мәселені шешуге бағытталған бірқатар директивті құжаттарды қабылдады: 1996 жылғы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі, «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің өкімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
      Барлық республика бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы үйлестіретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер желісі пайда болды. Сондай-ақ, қазақстандық білім жүйесінде академиялық, шығармашылық қабілеттері бар балаларды анықтап, оқытумен айналысатын арнайы білім мекемелері - гимназиялар, лицейлер, музыкалық, спорттық, көркемдік, тілдік оқытуға бағыттағы мектептер бар.
      Дарынды және талапты балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне көзқарас алуан түрлі - дарынды балаларды қатардағы сыныптарға ықпалдастырудан бастап, дарынды балаларға арналған жеке мектептерге дейін ашу. Мектептер әдетте өзара байланысқан жеке деңгейлерге бөлінеді. Кейбір жағдайларда бұл жүйе мектепке дейінгі оқытудан басталады. Оқушылар бейімділіктері мен меңгерген білім деңгейіне қарай бірігеді.
      Барлық мектептерде оқушылардың білім беру процесіне белсенді қатысуы, оқушылар мен олардың ата аналарымен тіл табысу, балалардың уәждемесін ынталандыру және білім берудің үздік жағдайларын қамтамасыз ету міндетті болып табылады. Әр баланың жеке тілін табуға, сондай-ақ оқытуды оқушылардың қызығушылықтарына қарай бейімдеуге және олардың білім деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік беретін шағын топтарға бөлуге басымдық жасалады.
      Бүгінгі таңда республикада дарынды балаларға арналған 115 білім беру мекемесі жұмыс істеуде, оның ішінде: 50 - жаратылыстану-математика, 12 - жалпы-гуманитарлық, 10 - музыка-эстетикалық, 7 - әскери-спорттық, 1 - экономикалық, 33 - көп функционалды бағыттағы, 1 - оқыту-сауықтыру орталығы, 1 - мектеп кешен.
      2007-2008 жылдан бастап «Тілдердің ұштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру шеңберінде 33 дарынды балаларға арналған мектепте үш: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту енгізіледі. «Зияткерлік ұлт - 2020» жалпыұлттық жобасын іске асыру үшін Қазақстанда «Дарын» орталығы қызмет атқарған уақыт ішінде екі миллионнан астам оқушылар қатысқан 20-дан астам зияткерлік жарыстар, олимпиадалар, байқаулар өткізілуде.
      2008 жылы Елбасының бастамасымен «Дарынды балаларға арналған жаратылыстану-математика бағытындағы 20 зияткерлік мектептері» жобасы іске қосылды.
      Осы жобаны жүзеге асыру, зияткерлік мектептер желісін құру және олардың қызметін қамтамасыз ету, білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 13 мамырдағы № 452 қаулысымен «Өркен» акционерлік қоғамы құрылды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 7 маусымдағы № 532 қаулысымен «Өркен» акционерлік қоғамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып өзгертілді.
      Тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында құрамына тиісті пәндердің өкілдері кіретін жұмыс топтары құрылды. Бүгінгі таңда көрсетілген тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу жүргізілуде.
      Жаратылыстану-математикалық циклдың оқу бағдарламаларын игеруге бейім балаларды тәрбиелеу және оқытудың білім беру процесін ұйымдастыру, сондай-ақ зияткерлік мектептерде шет тілдерді оқыту тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылады. Бағдарлама балалардың бала бақша мен бастауыш сыныптарда өзін-өзі дамытуға, негізгі мектепте өзін-өзі тану және жоғары сыныптарда өзін-өзі жетілдіру мен анықтауға бағытталған.
      Өз кезегінде бағдарламаны жүзеге асыру үшін білім беру процесіне білімді игеруге ғана емес білім беру процесіне барлық қатысушылардың денсаулығының сақталуына ықпал ететін жаңа технологияларды енгізу көзделеді.
      Зияткерлік мектептердің бірыңғай білім беру және ақпараттық ортасын жобалау, салу және материалдық-техникалық жарақтандыру және құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру білім беру моделінің талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар, Зияткерлік мектептердің қалыптасып дамуын ұйымдастыруда қиындықтар орын алуда, білім беру мекемелерін материалдық техникалық және зертханалық базамен, сондай-ақ оқу әдістемелік әдебиетпен, көрнекі оқу құралдарымен жабдықтауды регламенттейтін еліміздегі қолданыстағы нормативті құқықтық база қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Жүйелі мониторингтің, нормативті құжаттарды заман талаптарына сәйкес жаңартудың жоқтығы Зияткерлік мектептерде білім беру үрдісін жүзеге асыру үшін барлық қажетті талаптар мен жабдықтау мүмкіндіктерін шектейді.
      Сондай-ақ, жүйелі ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу тәжірибесінің, мониторингтік зерттеулердің, бағдарламалардың, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу тәрбиелік үрдісін реттеудің жоқтығы Зияткерлік мектептерде үздік халықаралық тәжірибені енгізуді және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің ұштұғырлығын енгізу жөніндегі жобаны іске асыруды қиындатады.
      Бүгінгі таңда елімізде педагогтарды дайындау дарынды балаларды оқытып тәрбиелеуге бағытталмаған және пәндерді ағылшын тілінде оқытуды ескермейді. Осыған орай, Зияткерлік мектептер қойылған міндеттерді іске асыруда қиындықтарға тап болып отыр. Сонымен бірге Зияткерлік мектептердің алдына қойылған мақсаттарды іске асыруда дайындалған шетел мамандарын іздеу және тарту тиісті қаржылық және ресурстық қамтамасыз етуді, сондай-ақ мұндай мамандардың еңбек ақысын саралап төлеуді талап етеді.
      Дарынды оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың ауқымы мен қағидалары әлемнің жетекші елдерінде әр түрлі, дегенмен, барлығына мәлім бір нәрсе: қоғам мүдделері дарынды балалар мен жастарды қолдайтын арнайы моральдық және материалдық шараларды қажет етеді. Білім беру үдерісінде баланың дарындылығын қолдау қоғамның заманға сәйкес даму кезеңінде маңызды психологиялық-педагогикалық мәселе болып табылады, өйткені дарынды бала орташа оқушыға арналған білім үдерісіндегі аса күрделі субъект болып табылады.
      Антикалық дәуірдің өзінде дарынды балалар білім беру үдерісінің ерекше субъектісі ретінде анықталған. Мұндай балалар ұлы философ ғалымдардың: Сократ, Аристотель, Конфуций және тағы басқаларының жетекшілік етуімен элиталық білім алған. Ұлы Платон «алтын балаларды» лайықты қолдауға жиі шақырған.
      Әрбір өркениетті қоғамда дарынды балалар ерекше әлеуметтік құңықтарға ие болуға құқылы ұлттық байлық ретінде қарастырылады.
      Америка Құрама Штаттарында 1970 жылдардан бастап дарынды балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары дайындалған. Мәселен, мектептерде әйгілі педагог Дж. Рензуллидың стандарттан тыс сандық және сапалық өлшемдері бар бағдарламалары кеңінен қолданылуда, мысалы: базистік бағдарламаның аясынан тыс шығу, оқушылар мүдделерінің ерекшеліктерін ескеру, олардың білімді игеру стиліне сәйкестік, оқытудағы түйткілдігі және оқытуда зерттеу көзқарастары және басқалар.
      Дарынды балалардың мәселесі Ұлыбританияның әлеуметтік педагогикалық тәжірибесінде ерекше орын алады. Англияда 1970 жылдардың басында-ақ «қабілетті оқушылардың» ата-аналары, педагогтар, іскер ортаның өкілдері және жалпы қоғам қатысқан «дарындылықты қорғау» қозғалысы күш алды. Дарынды балалардың мәселелеріне жалпының назарын аудартуды, тиісті теоретикалық зерттеулерді, тәжірибелерді өткізіп, арнайы бағдарламаларды құрастыруды алдына мақсат етіп қойған арнайы қауымдастық құрылған болатын.
      Сондай-ақ, Ұлыбританияда 1997 жылдан бастап дарынды балаларды қолдайтын қолданысқа енгізілген «Дарынды және талантты оқушылардың білімін дамытудың Ұлттық бағдарламасы» деп аталатын арнайы бағдарлама бар.
      Алайда осы күнге дейін Англияда музыка және балет мектептерінен басқа, дарынды балаларға арналған арнайы мектептер жоқ. Мұндай балаларды оқыту оқушыларды түрлі үлгідегі мектептерде саралау - «топтарға» «лектерге» бөлу негізінде жүзеге асырылады. Әдістеме жағына келсек, Америка Құрама Штаттарындағы мектептердегідей дарынды балаларды оқытуда техникалық құралдар, зерттеулік әдістер, ықпалдасқан арнайы курстар, өз бетінше жобаларды әзірлеу кеңінен қолданылады.
      Германия және Франция мектептерінде дарынды балаларды оқыту бойынша ерекше кеңестік қызметтер, арнайы сыныптар мен гимназиялар жұмыс істейді.
      Бұл ретте бүгін үлкен табыстарға жеткен мемлекеттердің бірі болып табылатын Сингапурдың тәжірибесі де көңіл аударарлықтай.
      Бұл елдің табысы меритократия қағидатына (латын тілінен аударғанда лайықты, билікке қол жеткен) негізделген мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы пәрменді саясатпен шартталған, яғни бұл елде қызметте жылжу тек қана адамның талабы мен қабілетіне байланысты. Бұл қағидатты іске асыру үшін 1984 жылы Сингапурда дарынды балаларды қабілеттері мен бейімділіктеріне сәйкес біліммен қамтамасыз ету мақсатында дарынды балаларды оқыту бағдарламасы енгізілген.
      Бағдарламаның бастамашысы, әр оқушыға өзіне ыңғайлы ырғақта оқуға тиісті жағдай жасауды көздейтін және мүмкіндік беретін Жаңа білім беру жүйесін қолдайтын Сингапурдың Білім министрлігі болды. Дарынды оқушыларға оқудың ерекше жағдайлары жасалды.
      Бұл бағдарламаның жетістігі айқын көрініп түр. 1995 жылы оқу жетістіктерін бағалайтын Халықаралық қауымдастық өткізген математикалық және жаратылыстану ғылыми білімді бағалаудың халықаралық зерттеулерінің қорытындылары бойынша, ең жақсы нәтижені Сингапурдың оқушылары көрсетті.
      Жапонияда «Балаларды дамытып - Жапонияны дамытамыз!» атты қағида елді басқарудағы басты ережелердің бірі, «не ексең соны орарсың» мақалына ұқсас болып келеді. Бұл елде жүздеген жылдар бойы өсіп келе жатқан ұрпаққа парасаттылық дәндерін жеке фирмалар да, мемлекет те аянбай шашып келе жатыр.
      Бұрынғы кеңестік республикалар үшін дарынды балаларды тауып, оқыту және дамыту мәселесі жаңа міндет болып табылады. Әрине, кеңестік білім жүйесі бұл дәрежедегі оқушылармен айналыспаған деп айтуға болмайды. Бұл мақсатта сыныптан тыс жұмыс, мектептен тыс мекемелер желісі, 1930 жылдары бастау алған ғылыми негізіндегі олимпиядалық қозғалыс қызмет етті. 1960-1970 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы А.Н.Колмогоров атындағы мектеп дүние жүзіне танымал болды.
      Алайда жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайларда Тәуелсіз мемлекеттер достастығының барлық елдерінде зияткерлік әлеуетті, өзіндік жоғары білікті мамандарды дайындау мәселесі айқын көрінді. Сондықтан, соңғы жылдары дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жетілдірілуде.
      Мысалы, Ресей Федерациясында «Ресей балалары» атты Президенттік бағдарламаның шеңберінде «Дарынды балалар» нысаналы бағдарламасы іске асырылуда. Ресейдің өңірлерінде жергілікті жағдайларды ескеретін осыған ұқсас бағдарламалар бар.
      Сан алуан реформалардан кейін, көптеген батыс және азиялық елдердің білім жүйесі мынадай негізгі белгілермен ерекшеленеді:
      өкітілділік, бірнеше тілде оқыту, ағылшын тілін оқытуға көңіл бөлу;
      жаратылыстану ғылымдары мен математиканы оқытуға көңіл бөлу;
      дарынды балаларға арналған білім бағдарламаларын әзірлеу;
      адамгершілік құндылықтарды, сыни және шығармашылық ойлау негіздерін үйрету;
      оқушылардың қабілеттеріне қарай лектерге бөлу; дарынды балаларға даму ортасын құру және демалыс ұйымдастыру;
      ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, заманауи материалдық техникалық және зертханалық жабдықтау;
      мемлекеттік қаржыландыру бағдарламаларын әзірлеу;
      қызметте жылжудың және мұғалімдерді ынталандырудың тиімді жүйесін, педагогтарды даярлау және қайта біліктіліктен өткізу бағдарламаларын әзірлеу;
      білім беру саясаты мен экономикалық дамудың тиімді ықпалдастығы, шығармашылыққа үміт арту, жаңашылдық пен кәсіпкерлік, білімнің саяси маңыздылығын түсіну, білімнің өмір бойы қажеттігіне деген ерекше көңіл бөлу.
      Барлық реформаларда жеке тәуелсіз автономиялық мектептер мен дарынды және талантты балаларды оқытуға бағытталған мектептер желісі құрылады. Қолайлы білім ортасын құруға және материалдық-техникалық, зертханалық, ақпараттық-коммуникациялық базаға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес жақсы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
      Отандық білімге қойылатын қазіргі заманғы талаптар Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету қажеттілігімен, басқару құзыреттілігі бар және жоғары технологиялық ғылымды көп қажет ететін өндіріс және нарықтың инновациялық даму жағдайында шығармашылық бейімдеуші кәсіби мамандарды дайындау қажеттілігімен түсіндіріледі. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында экономикалық және әлеуметтік серпінге ықпал болатын «адамдардың өзі, олардың еркі, энергиясы, табандылығы, білімі», XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі қағидасы білімділік деңгейімен белгіленетін ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болады деп атап көрсетілген. Сондықтан, елдегі мемлекеттік білім саясатының басым бағыттарының бірі баға жетпес қазына және мемлекеттің негізгі зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ретінде, мемлекетті, экономиканы, ғылым мен мәдениетті басқара білетін балалар мен жастарды қолдауға, дамытуға бағытталған инновациялық, бейімделгіш, құзыретті және кәсіби бағдарланған білім жүйесі болып табылады.
      Педагогтардың кәсіби деңгейі, арнайы құрылған білім беру ортасы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше моделін құруға негіз болатын құзыретті бағдарланған мектепке ауысу білім беру үрдісінің мазмұнын, әдістерді таңдауды және технологиясын жетілдіруді жаңартуды талап етеді. Осылайша, жоғары зияткер жастардың заманға сәйкес мансап мүмкіндіктерін, өмірлік әлеуетті жүзеге асыру мен кеңейтудің икемді құралы ретінде білімге бағдар алынды.
      Жалпы білім беретін мектеп бұл міндетті толыққанды шешпейтіндіктен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы бүкіл мемлекетте іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Зияткерлік мектептері жобасы сияқты арнайы инфрақұрылымды-дарынды балаларға арналған элиталық мектептер желісін құру және әлемдік білім стандарттарына жауап беретін арнайы бағдарламаларды дайындау қажет.
      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» орта білім жүйесін жаңғыртуға ықпал етеді. Бұл мектептер балабақшасы мен мектеп алдындағы және 12 жылдық білім беру бағдарламасы үшін оқу-тәрбие бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және сынау жөніндегі бастапқы алаңдар болып табылады. Балабақша мен мектеп алдындағы оқу-тәрбие бағдарламалары Талдықорған қаласындағы мектеп негізінде әзірленеді. Бұл бағдарламалар әлемдік педагогикалық тәжірибенің озық үлгісімен үндесетін қазақстандық білім беру дәстүрлерінің ең үздігін үйлестіретін, физика-математикалық, химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша бағдарлануды қарастыратын, көп тілде білім беру ортасын құруға ықпал ететін болады. Бір мектепте Халықаралық бакалавриаттың қағидалары мен философиясына сәйкес бағдарламалар енгізіліп, авторландырылады.
      2010 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алып жатқан оқушылардың саны Семей қаласында - 737 оқушыны, Көкшетау қаласында - 780 оқушыны, Астана қаласында (физика-математикалық бағытында) - 841 оқушыны, Астана қаласында (химия-биологиялық бағытында) - 101 оқушыны, Талдықорған қаласында - 680 оқушыны, Өскемен қаласында - 554 оқушыны құрайды.
      «Назарбаев зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге мынадай факторлар әсер етуі мүмкін.
      Саяси-құқықтық факторлар
      Қазақстан Республикасының әлем мемлекеттерімен халықаралық қатынастары, қазіргі саяси жағдайлар, сондай-ақ елдің геосаяси орналасуы шетелдік алдыңғы қатарлы ұйымдарымен серіктестік орнатуда Қоғам жобаларын табысты жүзеге асыруға негізді қамтамасыз етеді.
      Қазақстанда білім саласында халықаралық қызметті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белгіленген заңнамалық база бар.
      Қоғам жобаларының табысты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін маңызды факторлардың бірі ретінде 2010 жылда жоспарланып отырған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы университет, зияткерлік мектептер және қордың қызметі туралы заңнамалық актінің қабылдануы болады.
      Экономикалық факторлар
      Дәйекті экономикалық өзгерістер әлемдік қаржы нарығында күтпеген қолайсыз жағдайлар болмаған жағдайда, Қоғамның қызметіне жағымды ықпал ететін, туындайтын барлық салдармен Қазақстан экономикасының біртіндеп қайта қалпына келетініне үміт артуға мүмкіндік береді.
      Әлеуметтік-мәдени факторлар
      Білім, қоғамдық прогресс және елдің болашағы бір бірімен тығыз байланысты және өзара шартталған. Білім жүйесі әрбір адамның мүдделерін, жалпы қоғамның мүдделерін қозғайтын, адамзат қызметінің ерекше саласы болып табылады. Өскелең ұрпақтың мақсатты дамуы мен тәрбиесін іске асыра отырып, білім жүйесі жаңа қоғамдық қатынастарды, Қазақстан адамдарының жаңа өмір сүру үлгісін дайындайды. Ғылыми техникалық прогресс кезінде кәсіби дайындалған, ғылыми көзқарасы бар адамның ролі артады. Адам өмірінің материалдық, саяси әлеуметтік, мәдени салаларында олардың білім, мәдениет, азаматтық жауапкершілік деңгейі үлкен рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектеп бұл міндетті толыққанды шешпейтіндіктен, арнайы инфрақұрылымды - дарынды балаларға арналған элиталық мектептер желісін құру және әлемдік білім стандарттарына сәйкес арнайы бағдарламаларды дайындау қажет.
      Осыған байланысты, елде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени факторлар Қоғамның стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға оң әсерін тигізеді.

2.2. Ішкі ортаны талдау Қоғам қызметіндегі күшті және әлсіз жақтарды талдау

      Қоғам білім беру саласында мемлекеттің функцияларын жүзеге асырып және маңызды әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды іске асыру саласында мемлекеттің рөлін күшейту қағидасын ұстанса, нарықтық айналым жағдайында жоғарыда көрсетілген мемлекеттік және бұқаралық мүдделерді қорғау мен қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Даму мақсаттарына арналған өзінің жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу жолымен бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылуы жоспарланған барлық іс-шараларды қоғам өзі жүзеге асыратын болады. Стратегиялық мақсаттарды орындау және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Қоғамның қажетті қаржылық және еңбек ресурстары бар. Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылуы ұйғарылған іс-шараларды Қоғам жүзеге асырған кезде экономикалық пайдалар мынадай:
      Қазақстанның түрлі аймақтарынан дарынды балаларды оқыту;
      физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттары (бейінді пәндер) бойынша тәжірибелі ықпалдастырылған оку бағдарламаларын енгізу арқылы оқушыларды тереңдетіп дайындау;
      жеке бейімділікті дамыту, жеке шығармашылық қабілеттілік пен азаматтылықты тәрбиелеу;
      дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау;
      олимпиадаларға, жоғары оқу орындарына түсуге оқушыларды іріктеу мен дайындау;
      оқушылардың білімінің тереңдетілген және жоғарғы деңгейін алуда халықты қанағаттандыру үшін республиканың зияткерлік әлеуетін құру.
      Қоғам «Назарбаев Зияткерлік мектептер» жобасы шеңберінде 20 мектеп салу арқылы ұстаздардың кәсіби деңгейі, арнайы құрылған білім беру ортасы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекше моделін құру үшін негіз болатын құзыреттілікке бағытталған мектептерге көшуді іске асырады.
      Зияткерлік мектептерді уақыттың тегеурінді талаптарына барабар жауап беру үшін жаңа мақсаттар мен технологиялардың, білім беру ресурстарын ұйымдастыру әдістерінің жолбасшысы рөлін атқаратын, осы заманға сәйкес оқу-білім беру және педагогикалық технологиялармен жабдықтау жоспарланып отыр.
      Зияткерлік мектептер өз қызметінде мынадай қағидаларды басшылыққа алады:
      Оқушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған біртұтас білім беру жүйесін құрайтын оқыту және тәрбиелеу үрдістерінің бірлігі;
      білім беру үрдісін ұйымдастыруда саралау, пән аралық ықпалдасу және деңгейаралық мирасқорлық;
      оқушылар мен оқытушыларды конкурстық іріктеуді жүзеге асыру кезінде ашықтылық, объективтілік және бірдей жағдайлар;
      барлық оқытушылардың кәсіби дамуына тең мүмкіндік беретін білім беру моделінің қажеттілігіне сай мектептің кадр саясатын қалыптастыру;
      мектепті басқару жүйесіндегі анықтық және есеп берушілік;
      мектеп қоғамдастығының барлық мүшелерін мектептің тыныс-тіршілігін ұйымдастыруға араластыру.
      Осылайша, жоғарыда көрсетілген Қоғам қызметіндегі күшті жақтар Қоғамның әлсіз жақтарын барынша азайтуға және тұтастай алғанда Қоғамды дамытуға қызмет етеді.
      Зияткерлік мектептердің қалыптасып дамуын ұйымдастырудағы әлсіз жақтардың арасында білім беретін оқу мекемелерін материалдық-техникалық және зертханалық базамен, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқу-көрнекі құралдарымен жарақтандыруды регламенттейтін елдегі қолданыстағы нормативтік құқықтық база және санитарлық ережелер мен нормалар заманауи талаптарға сәйкес келмейтінін атап өтуге болады. Заманауи талаптарға сәйкес жүйелік мониторингтің, нормативтік құжаттарды қадағалау және жаңартудың болмауы жарақтандыру және Зияткерлік мектептерде білім беру үрдісін іске асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасау мүмкіндігін шектейді.
      Сондай-ақ жүйелі ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу тәжірибесінің, мониторингтік зерттеулердің, бағдарламалардың, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, оқу тәрбиелік үрдісін реттеудің жоқтығы Зияткерлік мектептерде үздік халықаралық тәжірибені енгізуді және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің ұштұғырлығын енгізу жобасын іске асыруды қиындатады.

Ықтимал қауіптер мен тәуекелдер

      Тәуекелдерді бағалау кестесінде негізгі анағұрлым мүмкін тәуекелдер берілген.
      Кестеде әр тәуекелдің туу себептері мен болуы мүмкін салдары көрсетілген. Әр тәуекел өз қиындылығы мен ықтималдылығына сүйене отырып бағаланады. Тәуекелдің қиындылығы нақты қызмет түрін жүзеге асыруға оның ықпалының дәрежесін сипаттайды және 1-10 дейінгі сандармен белгіленеді (1-тәуекелдің ең аз мөлшерде ықпал етуі, 10-тәуекелдің барынша көп мөлшерде ықпал етуі). Тәуекелдің туындау ықтималдығы 10 балдық шкала бойынша шартты түрде бағаланады (1-тәуекелдің туындау мүмкіншілігі өте аз, 10-тәуекелдің туындау мүмкіншілігі өте көп). Тәуекелдердің сипаттамасының түпкі көрсеткіші сыншылдық болып табылады, ол ауырлық пен ықтималдықты көбейту арқылы есептеледі. Сыншылдықтың мәні 1-ден 100-ге дейінгі аралықта ауытқиды. Сыншылдық 50 тармақтан асқан жағдайда, тәуекелдің ықпалы айтарлықтай және оның туындау мүмкіндігі өте жоғары.
      Осылайша, кестеге сәйкес, сапасыз жабдықтарды сатып алу, Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын авторластырмау, жеткілікті мөлшерде шетел оқытушыларын тарта алмау, отандық оқытушыларды керекті мөлшерде жинай алмау және оқушылардың санын толтыра алмау сияқты тәуекелдердің ең маңызды екенін айта аламыз. Әсіресе, ең маңыздысы оқушыларды сапасыз іріктеу тәуекелі болып табылады. Аталған тәуекелдерді болдырмау ерекше зейінді, қаржыны және еңбекті талап етеді. 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тәуекел

Себебі

Салдар ы

Жауапты тұлға

Қауіп рейтингі

Алдын алу амалдары

(Т) (1-10)

(В) (1-10)

(Т* В)

Жобалау, құрылыс, жабдықтау

1

Жобалаудың кідіруі

Халықаралық талаптарға сәйкестік бойынша өзгертулер енгізумен байланысты жобаның күрделенуі

Мектеп құрылысы мен пайдалануға беру уақытының ауыстырылуы

«НЗМ» АҚ, жобалау ұйымы

7

3

21

Жоба өзгерістерінің тізбесін әзірлеу үшін жұмыс тобын құру

2

Құрылыстың кідіруі

Жобалаудың кідіруі, құрылыс кезінде қиындықтардың туындауы

Оқу үрдісінің бөгелісі

"НЗМ" АҚ, жобалау ұйымы, құрылыс компаниясы

9

4

36

Тапсырыс беруші тарапынан құрылыс жұмыстарының мерзімін мұқият бақылау

3

Мектеп оқу үрдісінің талаптарына сәйкес келмейді

Сапасыз жобалау, құрылыс

Оқу үрдісінің сапасы зардап шегеді

«НЗМ» АҚ

9

2

18

Дайын мектепті өзгерту үшін жүргізілетін құрылыс жұмыстары

4

Жабдықтардың және оларды монтаждаудың төмен сапасы

Мемлекет тік сатып алу рәсімі арқылы сапалы тауарды таңдай алмау

Оқу үрдісінің сапасы зардап шегеді

"НЗМ" АҚ

9

7

63

Жабдық тар мен олардың монтажын сатып алудың сапасын мұқият бақылау

5

Жабдықтарды жеткізуін кідіруі

Өнім берушінің қажетті жабдықты іздеуімен проблемалар

Оқу үрдісінің іркілуі

"НЗМ" АҚ, өнім берушілер

5

3

15

Сатып алу рәсімдерін уақтылы жүргізу

Оқу үрдісі

6

ХБ авторластырудан бас тарту

Оқу бағдарламаларының ХБ талаптарына сай келмеуі

Қайта авторластыру, қосымша қаржылық шығындар

"НЗМ" АҚ

9

6

54

ХБ қайта авторластыруды қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі мәселені әзірлеу

7

Жеткілікті мөлшерде шетелдік оқытушыларды тарту мүмкін болмады

Кәсіби білікті шетелдік оқытушылардың Қазақстанда еңбек етуге ынтасының жоқтығы

Оқу үрдісінің сапасымен ХБ бағдарламаларын іске асыру зардап шегеді

"НЗМ" АҚ

7

8

56

Көптеген жәрмеңкелерге қатысу, оқытушыларды тартудың басқа жолдарын қарастыру толық көлемде қажетті әлеуметтік жағдай мен қамтамасыз ету.

8

Жеткілікті мөлшерде білікті отандық оқытушыларды жинай алмау

Қазақстанда кәсіби білікті оқытушылардың аздығы

Оқу үрдісі зардап шегеді

"НЗМ" АҚ

10

6

60

Педагог икалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, облыстарда біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, Зияткерлік мектеп оқытушыларын тиісті мөлшерде әлеуметтік қамтамасыз ету

9

Күтілген оқушылар санының болмауы

Аймақтардағы оқушылардың білім деңгейінің төмендігі

Қаржылық шығындар

"НЗМ" АҚ

7

8

56

Оқушылар үшін дайындық курстарын ұйымдастыру

10

Оқушыларды конкурс арқылы іріктеуді сапалы түрде жүзеге асыра алмау

Бөгде тұлғалардың іріктеу үрдісіне араласуы

Оқу үрдісі зардап шегеді, оқушылардың құрамына дарынды балалардың қосылмауы

"НЗМ" АҚ

10

8

80

Конкурс арқылы іріктеуді жүргізу үшін тәуелсіз ұйымдарды тарту (грантқа конкурс арқылы іріктеуді жүргізу үшін шет ел ұйымдарын тарту)

Қоғамның мақсаттарға жетудегі мүмкіндіктері

      Зияткерлік мектептер желісін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен құрылған, өз қызметін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге атқаратын акционерлік қоғам басқарады.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - БҒМ) Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік орган болып табылады. БҒМ білім беру саласындағы заңнама талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, дарынды балаларды оқытуға бағытталған физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттағы арнайы тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру жөнінде әдістемелік және ғылыми жетекшілік жасайды, Зияткерлік мектептерде үш тілде оқытудың моделін әзірлеуге әдістемелік және ғылыми жетекшілік жасайды, мониторинг жүйесінің әдіснамасы мен технологиясына, балам беру сапасын бағалауға, ішкі және сыртқы бақылауға негізгі көзқарастарды анықтайды, Зияткерлік мектептердің таңдап алынған білім беру модельдеріне сәйкес Зияткерлік мектептерді жарақтандырудың негізгі бағыттарын анықтайды.
      Мектепішілік басқару жүйесі. Әрбір жеке Зияткерлік мектептің мектепішілік басқару жүйесі осы Стратегияны іске асыру шеңберінде құрылады. Басқарудағы жариялылық, жүйелік және тұтастық, бірлік, алқалылық және жоғары өзара сенімділік, ұсынылатын және таратылатын ақпараттың объективтілігі сипаттарына негізделеді.
      Мектепішілік басқаруды әрбір жеке Зияткерлік мектептің әкімшілігі жүзеге асырады. Басқару үрдісі ұжымның әрбір мүшесін қоса алғанда мектептің барлық бөлімшелерін қамтиды және барлық деңгейлерде басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер арасындағы көлденең және тікелей байланыстар арқылы жүзеге асырылады.
      Мектепішілік басқару жүйесін жүзеге асырудағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады:
      мектептің даму стратегиясын әзірлеу, мақсаттар қою, жоспарлау;
      оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, іске асыру және жетілдіру;
      оқушылардың ағымдағы білім деңгейіне, педагогикалық қызметкерлердің және көмекші персоналдың жұмысына бағалау, мониторинг және бақылау жасау, аралық және қорытынды аттестаттау;
      мектептің педагогикалық және басқа да қызметкерлердің кәсіби дамуын ұйымдастыру;
      мектептің әкімшілік-шаруашылық қызметін басқару;
      материалдық-техникалық және оқу-зертханалық жабдықтарын сақтау және жаңарту;
      мектеп қызметінің барлық бағыттарын реттеу және түзету;
      мектеп қызметін басқаруға ата-аналар, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын тарту;
      мектеп қызметінің тиімділігіне сыртқы бақылау және бағалау жүргізу үшін шынайы ақпаратты ұсыну және есепті әзірлеу.
      Мектептердің ұйымдастырушылық, әкімшілік, қаржылық және шаруашылық қызметін тиімді басқару үшін халықаралық стандарттарға және инновациялық білім беру моделіне сәйкес келетін әрбір Зияткерлік мектептің ұйымдастырушылық-әкімшілік құрылымы әзірленеді және тұрақты түрде жетілдіріліп отырады.
      Басқару жүйесінің және мектеп қызметінің тиімділігіне сыртқы бағалауды мектеп қызметінің барлық бағыттарын үйлестіретін Қоғам жүзеге асырады және талдау жүргізеді.
      Зияткерлік мектептердің қызметін сыртқы бағалау жүйесі. Жоғарғы сапалы білім беруді қамтамасыз ету және Зияткерлік мектептер қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында мониторинг, бағалау мен бақылау кешенді жүйесі құрылады.
      Бұл жүйенің негізгі міндеттері:
      Зияткерлік мектептер іске асыратын білім беру бағдарламаларының сапасына;
      жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеуге бейім балаларды іріктеу сапасына;
      оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріне;
      педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен іріктеу сапасына;
      педагогикалық және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру деңгейінің сапасына;
      оқушылардың денсаулық жағдайына;
      психологиялық қызмет жұмысының тиімділігіне;
      білім беру ортасы мен жасалатын жағдайлардың ахуалына;
      мектеп әкімшілігі қызметінің тиімділігіне;
      мектепті басқару тиімділігіне мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу болып табылады.
      Мониторинг, бағалау мен бақылаудың кешенді жүйесі мониторингтік зерттеулерді қамтиды, олардың қорытындылары бойынша нәтижелерді өңдеу және талдау жүргізіледі және мыналар бойынша ұсынымдар дайындалады:
      білім беру және оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру;
      балалар мен педагогтарды конкурстық іріктеу технологиялары;
      білім беру ортасының жағдайын және жасалатын жағдайлар сапасын жақсарту;
      педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;
      оқушылардың білімдегі жетістіктерінің нәтижелері;
      мектеп басқарудың тиімділігі;
      оқушылардың денсаулығы көрсеткіштерін сақтау.
      Мониторингтік зерттеулер сондай-ақ сауалнама және ата-аналар, педагогикалық және оқушылар ұжымдарының көзқарастарын зерттеу негізінде тұрады.
      Жүйе мектептердің рейтингін анықтауға және сапалы білім беру қызметін ұсынудағы бәсекелестікті құруға мүмкіндік береді.
      Стратегиялық серіктеспен жұмыс істеу. Бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың бірыңғай стандартталған технологиялары әзірленбеген, сондықтан мектептердің қызметіне мониторинг, бағалау мен бақылаудың кешенді жүйесінің технологиялары мен құралдарын әзірлеу мен енгізу үшін халықаралық нарықта мониторинг, бағалау және бақылаудың кешенді жүйесін әзірлеуде, енгізу мен дамытуда тәжірибесі бар Стратегиялық серіктес - Қоғамды тарту ұйғарылады.
      Стратегиялық серіктесті таңдау әлеуетті серіктестің:
      Зияткерлік мектептердің ерекшелігін есепке ала отырып, тиімді мониторинг, бағалау мен бақылау жүйесін әзірлеу мен енгізу бойынша бірлескен жобаны іске асыруға;
      Білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг, бағалау және бақылау саласындағы білімдерді, дағдыларды мен кәсіби құзыреттерді тапсыруға;
      Зияткерлік мектептердің жекелеген бағыттар бойынша қызметінің тиімділігін бағалау үшін мониторингтік зерттеулер жүргізуге;
      халықаралық тәжірибе алуда көмек көрсетуге дайын болуына негізделген.
      Тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын, үш тілдік оқыту моделін, тәрбие жұмысының жүйесін әзірлеу қазақстандық және халықаралық білім беру бағдарламаларын үздік халықаралық педагогикалық тәжірибемен (Халықаралық Бакалавриат, Аdvanced Placement, IGCSE, GCE A level және AS level) ықпалдастыруды ұйғарады. Өз кезегінде ықпалдастыру Зияткерлік мектептер түлектерінің халықаралық жоғарғы оқу орындарына сәтті түсуімен расталатын білім берудің сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
      Соңғыны қамтамасыз ету, сондай-ақ Зияткерлік мектептер беретін аттестатты халықаралық жоғарғы оқу орындарының мойындауы мақсатында озық халықаралық білім беру ұйымдары мен халықаралық деңгейде тәжірибелік ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруда танымал білім беру бағдарламаларының авторлары арасынан Стратегиялық серіктестерді тарту ұйғарылып отыр.
      Стратегиялық серіктесті таңдау әлеуетті серіктестің:
      халықаралық деңгейде танымал білім беру бағдарламаларының философиясы мен әдістерін ескере отырып, қазақстандық және халықаралық білім беру бағдарламаларын ықпалдастыратын тәжірибелік оқу бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыру жөнінде бірлескен жобаны іске асыруға;
      Қоғам мамандары үшін оқулар мен тренингтер жүргізуге және оқу бағдарламаларын әзірлеу, енгізу, жүзеге асыру мен түзету саласында білімдерді, дағдыларды мен кәсіби құзыреттерді беруге оқу бағдарламаларын сүйемелдеуді жүргізуге;
      халықаралық тәжірибе алуда жәрдем керсетуге негізделеді.
      Білім беру бағдарламалары. Халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасу мақсатында Зияткерлік мектептер білім берудің мынадай деңгейін көздейді: бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептер.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейі


Бастауыш мектеп

3-4 жаста

Бала бақша (ортаңғы және үлкен топтар)

5 жаста

Мектепке дейінгі (дайындық топ)

6-11 жаста

1-5 сыныптар

Негізгі білім беру деңгейі

Негізгі мектеп

12-16 жаста

6-10 сыныптар

Жалпы орта білім беру деңгейі

Жоғарғы мектеп

17-18 жаста

11-12 сыныптар

      Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламалары мектеп миссиясын іске асыруға бағытталған және мыналарды көздейді:
      әлемдік педогогикалық тәжірибемен жинақталған озық тәжірибені ескере отырып қазақстандық және халықаралық білім беру бағдарламаларының ықпалдастығы (Халықаралық бакалавриат, IGCSE, Аdvanced Placement, А-level және тағы басқалары);
      жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге бейінделуі;
      көптілді ортаны құру;
      оқушылардың жеке тұлғалық құндылықты қасиеттерін қалыптастыру;
      оқушылардың өзіндік жұмысын және ғылыми-тәжірибелік қызметін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;
      кәсіптік бағдар қызметі және шынайы мамандық таңдау;
      мектептердің және жоғары оқу орындарының бірізділік бағдарламалары.
      Халықаралық және отандық білім беру бағдарламаларын кіріктіру шеңберінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептердің бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептері үшін Зияткерлік мектептерде ықпалдастырылған білім беру бағдарламаларына ауысу көзделеді. Осы бағдарламаларды әзірлеу 2011-2012 оқу жылына іске асыру жоспарлануда, ауысу мынадай схема бойынша жүзеге асырылатын болады:

       

      Осылайша, жоғарғы мектептің алғашқы бітіруші 12 сыныбы 2013 жылға жоспарланған, Зияткерлік мектептерінің барлық сыныптарының ықпалдастырылған білім беру бағдарламаларына толық көшіруді 2015-2016 оқу жылында жүзеге асыру жоспарланып отыр.
      Ықпалдастырылған білім беру бағдарламалары мыналарды көздейтін болады:
      Бастауыш мектеп бағдарламалары (бастауыш мектеп 1-5 сыныптар мынадай пәндік топтармен берілген: тілдер, математика, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары және технология, бейнелеу өнері, әлеуметтік және дене тәрбиесі.
      Бастауыш мектеп бағдарламалары:
      баланың білуге құмарлылық, ойын-сауық, жобалық және танымдық қызметі арқылы жеке тұлғасын дамытуға;
      жалпы білім дағдылары мен шеберлігін дамытуға, зерттеу дағдыларын қапыптастыруға;
      жаратылыстану-математика пәндері бойынша ерте бейіндеуге;
      көптілді орта қалыптастыруға бағытталған.
      Бастауыш мектептің білім беру бағдарламалары негізгі пәндер топтары мен оқушылардың танымдық-іздестіру қызметі арқылы жүзеге асырылады және «бастапқы зияткерлі әлеует пен жас қазақстандықтардың денсаулығын қалыптастыруға» бағытталған1.
      ________________________
      1Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін" атты лекциясынан
      Негізгі мектеп бағдарламалары (6-10 сынып, 12-16 жас) бастауыш мектеп бағдарламаларының логикалық жалғасы болып табылады, мынадай пәндік топтармен берілген: ана тілі мен әдебиет, шет тілдері, математика, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, технология, өнер, дене тәрбиесі.
      Бағдарлама заманауи білім берудің терең ережелер тұжырымдамасына: біртұтас білім, тіл табысу құзыреттілігі және мәдениетаралық хабардарлықты қалыптастыруға негізделген.
      Негізгі мектеп оқу бағдарламаларының бағыты:
      жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша бейіндеуге;
      оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және тұрақты өсіруге;
      өзіндік, жобалық және зерттеу қызметіне деген икемділікті қалыптастыруға;
      пәнаралық ықпалдастыруға;
      көптілді білім беруге бағытталған.
      Білім беру бағдарламалары негізгі пәндер топтары, білім берудің инновациялық әдістемесі, пәнаралық жобалау қызметі арқылы жүзеге асырылады және оқушылардың «сындарлы және жаңашылдық ойлау қабілетін дамытуға»2 бағытталған.
      Жоғарғы мектеп бағдарламалары (11-12 сынып, 17-18 жас) орта және жоғары білімнің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, ана тілі мен әдебиеті, шет тілі, математика, жаратылыстану ғылымдары, элективті курстар пәндер топтарымен беріледі.
      Жоғары мектеп оқу бағдарламалары:
      жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқушылардың нысаналы дайындалуына, кәсіби қызығушылығын қалыптастыру мен нақты мамандық таңдауына;
      оқушылардың қызығушылығы, бейімділігі және қабілеттілігінің толыққанды ескерілуіне, оқудың жеке траекториясын құруға;
      халықаралық деңгейде танымал жоғары оқу орындарына түсуге дайындауға;
      зерттеу және ғылыми қызметке;
      ағылшын тілінде білім алуға бағытталған.
      Жоғары мектептің білім беру бағдарламалары өзіндік, жобалық және зерттеу қызметінің түрлі нысандары арқылы жүзеге асырылады және «халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын, Қазақстанның зияткерлі элитасын тәрбиелеудің іргетасын»3 қалыптастыруға бағытталған.
      Білім беру модельдері. Алға қойған стратегиялық мақсаттарға сәйкес мектептер үш білім беру моделін жүзеге асырады.
      Бірінші және екінші білім беру модельдері жаратылыстану-математика бағытындағы тәжірибелі ықпалдасқан білім беру бағдарламаларын іске асырады. Бірінші білім беру моделі білім берудің үш деңгейін көздейді бастауыш, негізгі және жоғары мектеп және Талдықорған қаласының Зияткерлік мектебінде енгізіледі.
      Екінші білім беру моделі білім берудің екі деңгейін көздейді: негізгі және жоғары мектеп және республикамыздың басқа 18 Зияткерлік мектептерінде енгізіледі.
      Үшінші білім беру моделі тәжірибелік ықпалдастырылған білім бағдарламаларымен бірге, Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын екі деңгейде іске асырады. Осы білім беру моделі бір ғана Астана қаласындағы мектепте енгізілуде және ол Халықаралық бакалавриатта авторластыруды көздейді.
      _____________________
      2Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін" атты лекциясынан
      3Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін" атты лекциясынан

1 білім беру моделінің сипаттамасы (Талдықорған қаласы НЗМ)

      Бастауыш мектеп
      балабақшадан, мектеп алдындағы дайындық және бастауыш мектептен тұрады;
      білім беру бағдарламаларының мазмұны жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ертеден бейімдеуді ескерген қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды ықпалдастыруға негізделген;
      бағалаудың критерийлік жүйесі қолданылады;
      үш тілді пән ретінде оқыту және көптілді білім беруді іске асыру.
      Негізгі мектеп:
      жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқыту іске асырылады;
      білім беру бағдарламасының мазмұны жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша бейінділікті ескере отырып қазақстандық және халықаралық бағдарламалардың ықпалдасуына негізделген;
      бағалаудың критерийлік жүйесі;
      үш тілді пән ретінде оқыту және көптілді білім беруді іске асыру;
      қорытынды аттестацияны ойдағыдай тапсырған оқушылар 10 сыныптан кейін Негізгі орта білім туралы куәлік алады.
      Жоғары мектеп:
      жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша нысаналы дайындық іске асырылады;
      білім беру бағдарламаларының мазмұны жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша бейіндеуді ескере отырып, қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды ықпалдастыруға негізделген;
      бағалаудың критерийлік жүйесі;
      үш тілді пән ретінде оқыту, ағылшын тілін жұмыс істеу тілі ретінде енгізу;
      қорытынды аттестацияны ойдағыдай тапсырған оқушылар 12 сыныпты бітіргеннен кейін жалпы орта мектепті бітіргендері туралы аттестатты, ҰБТ Сертификатын, IELTS, TOEFL, SAT I, SAT II және оқушылардың таңдауы бойынша тағы басқа сертификаттар алады.

      2 білім беру моделінің сипаттамасы (18 мектеп)

      

      Бастауыш мектеп:
      1-5-сыныптардан;
      білім беру бағдарламасының мазмұны табиғи - математикалық бағыттағы пәндер бойынша ерте кәсібилендіруді ескере отырып қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды біріктіруге негізделген;
      баға берудің өлшемдік жүйесі пайдаланылады;
      пәндер ретінде үш тілді зерделеу және тілді толығымен оқытуды іске асырудан тұрады.
      Негізгі мектеп:
      табиғи - математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп зерделеу іске асырылады;
      білім беру бағдарламасының мазмұны табиғи - математикалық бағыттағы пәндер бойынша ерте кәсібилендіруді ескере отырып қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды біріктіруге негізделген;
      баға беру жүйесі — өлшемдік;
      пәндер ретінде үш тілді зерделеу және тілді толығымен оқытуды іске асыру;
      қорытынды аттестациядан табысты өткен оқушылар 10-сыныпты бітіргеннен кейін Негізгі орта білім туралы куәлік алады.
      Жоғарғы мектеп:
      табиғи - математикалық бағыттағы пәндер бойынша мақсатты даярлау іске асырылады;
      білім беру бағдарламасының мазмұны табиғи - математикалық бағыттағы пәндер бойынша ерте кәсібилендіруді ескере отырып қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды біріктіруге негізделген;
      баға беру жүйесі - өлшемдік;
      пәндер ретінде үш тілді зерделеу, жұмыс тілі ретінде ағылшын тілін енгізу;
      қорытынды аттестациядан табысты өткен оқушылар 12-сыныпты бітіргеннен кейін Жалпы орта білім туралы аттестат, ҰБТ сертификатын,  IELTS, TOEFL, SAT I, SAT II сертификаттарын және оқушылардың таңдауы бойынша басқа да сертификаттар алады.

      3-білім беру моделінің сипаттамасы (Астана қаласының ҒЗМ)

      Бастауыш мектеп:
      1-5-сыныптардан тұрады;
      РҮР Халықаралық Бакалавриат бастауыш мектебінің бағдарламасын іске асырады;
      баға берудің өлшемдік жүйесі пайдаланылады;
      пәндер ретінде үш тілді зерделеу және тілді толығымен оқытуды іске асыру.
      Негізгі мектеп:
      Мынадай 2: 
      Табиғи - математикалық бағыттағы;
      МҮР — Халықаралық Бакалавриат негізгі мектеп бағдарламалары іске асырылады;

Табиғи - математикалық бағыттар

МҮР

Кәсібилендіруді ескере отырып қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды біріктіру;

МҮР - Халықаралық Бакалавриат Біріктіру оқу бағдарламасы;

пәндер ретінде үш тілді зерделеу және тілді толығымен оқытуды іске асыру;
баға беру жүйесі - өлшемдік;
қорытынды аттестациядан табысты өткен оқушылар 10-сыныпты бітіргеннен кейін Негізгі орта білім туралы куәлік алады;
қорытынды аттестациядан табысты
өткен оқушылар 12-сыныпты бітіргеннен кейін Жалпы орта білім туралы аттестат, ҰБТ сертификатын, IELTS, TOEFL, SAT I, SAT II сертификаттарын және оқушылардың таңдауы бойынша басқа да сертификаттар алады.

пәндер ретінде үш тілді зерделеу және тілді толығымен оқытуды іске асыру;
баға беру жүйесі - өлшемдік;
МБ Сертификатын алу үшін емтихандар мен кеңейтілген эссе тапсыру;
қорытынды аттестациядан табысты өткен оқушылар МҮР сертификатын, Халықаралық табель және Негізгі орта білім туралы куәлік алады.

      Жоғарғы мектеп:
      Мынадай екі бағдарлама:
      Табиғи-математикалық бағыттағы;
      DP - Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарламасы іске асырылады;

Табиғи - математикалық бағыттар

DP

Кәсібилендіруді ескере отырып қазақстандық және халықаралық бағдарламаларды біріктіру;
Пәндер ретінде үш тілді зерделеу, жұмыс тілі ретінде ағылшын тілін енгізу;
баға беру жүйесі - өлшемдік;
IELTS, TOEFL, SAT I, SAT II емтихандарына даярлық пен оларды және оқушылардың таңдауы бойынша басқаларын да тапсыру;

Дипломдық бағдарламаның мазмұны Халықаралық Бакалавриат ұйымымен қатаң регламенттелген;
Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасында оқу тек қана ағылшын тілінде жүргізіледі;
баға беру жүйесі - өлшемдік;
МБ Дипломын алу үшін емтихандар мен кеңейтілген эссе тапсыру;

12-сыныпты бітіргеннен кейін Жалпы орта білім туралы аттестат, ҰБТ сертификатын, IELTS, TOEFL, SAT I, SAT II сертификаттарын және оқушылардың таңдауы бойынша басқа да сертификаттар алады.

қорытынды аттестациядан табысты өткен оқушылар МБ Сертификатын (өтпелі кезеңде) және МБ Дипломын (авторландыруды ресми алғаннан кейін) және 12-сыныпты бітіргеннен кейін жалпы орта білім туралы куәлік, ҰБТ сертификатын алады.

      Үш тілдік оқытудың экспериментал моделі. Әлемдік білім беру кеңістігіне табысты бірігуді қамтамасыз ету, сондай-ақ оқушылар үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің кез келгенінде өзекті ақпараттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламаларында үш тілдік оқыту көзделеді.
      Зияткерлік мектептердің үш тілдік оқыту құру үшін, зерделеу үшін таңдап алынған тілдердің әрбіреуінің қызметі назарға алынады.
      Қойылған мақсатқа қол жеткізу, сондай-ақ үш тілдік оқыту құру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
      Екі және одан да көп тілдерді пән ретінде және негізгі оқитын тілі ретінде халықаралық және отандық іс-тәжірибелерді зерделеу;
      Орта білім беру ұйымдарында үш тілдік оқыту тұжырымдамасын әзірлеу;
      Зияткерлік мектептерінде үш тілдік оқыту моделін әзірлеу;
      оқушылардың тілдік құзыретін қалыптастыру және Зияткерлік мектептерінде үш тілдік оқытуды жүзеге асыру үшін қажетті оқу, оқу-әдістемелік және оқу - көрнекі құралдары мен материалдық-техникалық жағдай жасау;
      білім беру және тіл ортасын құру;
      таңдалған үш тілдік оқыту моделіне сәйкес педагогтарды даярлау және біліктілігін арттыру.
      Зияткерлік мектептерінде үш тілдік оқыту моделін әзірлеу және жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін білім беру ұйымдарында үш тілдік оқытуды әзірлеу, енгізу және іске асыру саласында тәжірибесі бар Стратегиялық әріптестер мен мамандарды тарту жөніндегі мәселені пысықтау қажет.
      Зияткерлік мектептерінде үш тілдік оқыту моделін әзірлеу кезінде көптеген еуропалық моделдердің үлгісі бойынша тілдерді зерделеудің 6 деңгейлі жүйесі ескеріледі. Бұл ретте табиғи - математикалық терминологияны зерделеу және тілдерді пәндер ретінде зерделеу шеңберінде ғылыми-техникалық талдау көзделеді.
      Жоғарыда аталған деңгейлер мынадай түрде ұсынылатын болады:

Деңгей

Жалпы сипаттама

А1

Нақты міндеттерді орындау үшін қажетті таныс сөздер мен ұғымдарды түсінемін және сөйлемде қолдана аламын. Өзімді/өзгелерді таныстыра аламын, тұрғылықты жері, таныстары туралы сұрақтар қоя/жауап бере аламын. Егер әңгімелесуші ақырын және анық сөйлейтін және көмек көрсетуге дайын болса, қиын емес әңгімелесуге қатыса аламын.

А2

Өмірдің негізгі салаларына (мысалы, өзім және менің отбасымның мүшелері, сатып алулар және тағы басқалар туралы негізгі мәліметтер) байланысты жекелеген сөйлемдер мен жиі кездесетін ұғымдарды түсінемін. Таныс және тұрмыстық тақырыптарға жай ақпарат алмасуға байланысты міндеттерді орындай аламын. Жай ұғымдарда өзім, менің туыстарым мен жақындарым туралы айта аламын, күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттай аламын.

В1

Оқу процесінде, бос уақытта және т.б. үлгілі туындайтын түрлі тақырыптарға әдеби тілде жасалған нақты хабарламалардың негізгі идеяларын түсінемін. Тілін үйреніп жатқан елде болу уақытында туындауы мүмкін көптеген жағдайларда араласа аламын. Таныс немесе мені ерекше қызықтырған тақырыптарға байланысты хабарлама құра аламын. Әсерлерімді, оқиғаларды, үміттерімді, ұмтылысымды сипаттай аламын, менің пікірімді және келешекке арналған жоспарымды айта және негіздей аламын.

В2

Абстракті және нақты тақырыптарға арналған қиын мәтіндердің, оның ішінде тар арнаулы мәтіндердің жалпы мазмұнын түсінемін. Тараптардың кез келгені үшін ерекше қиыншылықтарсыз, тіл тасушыларымен тұрақты сөйлесу үшін жеткілікті деңгейде тез және жылдам сөйлеймін. Мен түрлі тақырыптарға нақты, егжей-тегжейлі хабарлама жасай аламын және негізгі проблемаға өз көзқарасымды айта, түрлі пікірлердің басымдықтары мен жетіспеушіліктерін көрсете аламын.

С1

Түрлі тақырыптамаға арналған көлемді күрделі мәтіндерді түсінемін, жасырын мәнді танимын. Сөздер мен ұғымдар іріктеуде қиындықтарсыз тез қарқынмен жылдам сөйлеймін. Оқу процесі шеңберінде әңгімелесу үшін тілді икемді және тиімді пайдаланамын. Мәтінді ұйымдастыру моделдерін, байланыс құралдарын және оның элементтерін біріктіруді білуімді көрсете отырып, күрделі тақырыптарға нақты, егжей-тегжейлі, жақсы құрастырған хабарлама жасай аламын.

С2

Іс жүзінде кез келген ауызша немесе жазбаша хабарламаны түсінемін, бірнеше ауызша және жазбаша көздерге негізделе отырып, байланысты мәтін құра аламын. Ең күрделі жағдайларда да мазмұнның ерекшелігін көрсете отырып, жоғары қарқынмен және жоғары анықтық дәрежесімен жылдам сөйлеймін.

      Әрбір деңгей ана тілін де, сол сияқты шет тілді де білу сертификатымен расталады.
      Пәндерді тілдердің бірінде немесе бірнеше тілде қатар оқытуды ұйымдастыру таңдалған үш тілдік оқыту моделіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Бұл ретте 1-іншіден 12-сынып аралығындағы оқыту бойында қазақ тілі мен әдебиетін, орыс тілі мен әдебиетін, ағылшын тілін және әлемдік әдебиетті пәндер деңгейінде зерделеу көзделеді.
      Әлемді тану, өз-өзін тану, Қазақстан тарихы, қоғам, білім, Қазақстан географиясы, құқық тану сияқты пәндер қазақ тілінде зерделенеді, өйткені бұл пәндердің мазмұны мемлекеттік тілдің қоғамның  барлық салаларында жұмыс істеуіне, қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға тікелей әсер етеді.
      Бейіндік пәндер, оқушыларға заманауи әлемнің жетістіктерін бастапқы көздің тілі арқылы зерделеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде зерделенеді. Сондай-ақ бұл бүгінгі таңда білім берудің Зияткерлік мектептері үшін бейіндік болып табылатын осы салаларындағы пәндер бойынша орыс және ағылшын тілдерінде сапалы оқу-әдістемелік әдебиеттің үлкен көлемінің болуымен түсіндіріледі.
      12 сыныпты бітіргеннен кейін Зияткерлік мектептердің оқушылары ана тілдерін С2+ деңгейінде, екінші тілді С2 деңгейінде және ағылшын тілін В2-С1 деңгейінде білетін болады деп жоспарланып отыр, бұл IELTS халықаралық тестінің - әлемнің барлық жетекші оқу орындарына түсу үшін тіл білу деңгейі жеткілікті 6,5-7,5 баллдарына сәйкес келеді.
      Тәрбие жұмысы жүйесі. Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысы жүйесінің негізіне эрудиттелген, ойлайтын, тіл тапқыш, принципті, ашық және сынай ойлайтын, қамқор, үйлесімді, талдай білетін зерттеуші түлек даярлауға бағытталған оқу және тәрбие жұмыстары процестерінің бірлігі, барлық мүдделі тараптарды тарту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы принциптері салынған.
      Тәрбие жұмысы жүйесін іске асыру оқушының мынадай:
      азаматтық-отансүйгіштік тәрбиеге;
      зияткерлік дамытуға;
      рухани - адамгершілік тәрбиеге;
      кәсіби бағдарға;
      мәдени - эстетикалық тәрбиеге;
      экологиялық білім беруге;
      денсаулығын нығайтуға бағытталған, оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік және денесі даму Бағдарламасы арқылы тәрбиелеуде барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жүзеге асырылады.
      Тәрбие жұмыстарының бағыттары жетекшілік институттарымен іске асырылады, ол әрбір Зияткерлік мектепте сабақ және сабақтан тыс қызмет жүйесі, үйірмелер, секциялар, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызығушылықтары бойынша клубтар мен оқушыларды шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік қызметке белсенді тарту арқылы іске асырылады.
      Мектептің тәрбие жұмысының осы жүйесі оқушыларға ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін ашуға және іске асыруға мүмкіндік береді, мектептің және қоғамның түйткілдерін шешуге өзінің маңызын және қатысын сезіну тәрбие процесінің маңызды бөлігі, еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін «эксперименталдық алаңқай».
      Оқушылар контингентін қалыптастыру және табиғи - математика ғылымдарын зерделеуге қабілетті оқушыларды айқындау. Талдықорған қаласының балабақшасы мен мектеп алды контингенті жергілікті атқарушы органдар қалыптастырған кезектілік бойынша жинақталады.
      Балаларды балабақшада және мектеп алды оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін ақы төлеу мемлекеттік тапсырыс және ата-аналар төлемақысы есебінен жүргізілетін болады деп ұйғарылды.
      Талдықорған қаласының 1-сыныптар контингентін қалыптастыру балаларды балабақшадан конкурссыз көшіру жолымен жүзеге асырылады.
      Қазіргі бар 5 мектептің 1-6-сынып оқушыларын жеке оқыту 2016 жылға дейін жүзеге асырылатын болады.
      Зияткерлік мектептерге оқушыларды қабылдау конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      5-6-сынып оқушыларын сыныптан сыныпқа көшіру олардың үлгерімін ескере отырып, жүзеге асырылады.
      Табиғи - математикалық циклдағы пәндерді игеруге қабілетті оқушыларды айқындау географиясын кеңейту үшін 4-6-сынып оқушылары үшін виртуалды мектеп, 5-6-сынып оқушылары арасында табиғи - математика ғылымдарын игеруге қабілетті балаларды айқындау бойынша зияткерлік ойыны, демалыс мектебі, іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
      7-12-сыныптарда оқыту Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің «Өркен» білім беру гранты негізінде жүзеге асырылады.
      Балаларды іріктеу жүйесі. Балаларды іріктеудің қазіргі жүйесінде оқушының білім деңгейін анықтау үшін тестілік және конкурстық тапсырмалар пайдаланылады. Бұл тестілер зияткерлік даму (түсінуі, есте сақтауы, өз ойын ортаға сала білу), психикалық әлеуметтік (аңғарымдылығы, хабардарлығы, ой-өрісінің кеңдігі) дамуын, қисынды ойламы (қисынды операциялар жүргізе білуі, себеп-салдар байланысын түсіне білуі) деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейді.
      Бұл заманауи құралдарды қолдану және конкурстық тапсырмаларды әзірлеу технологиясы мен оларды талдау, өңдеу және түсінік беру саласында мамандардың жоқтығымен байланысты.
      Осыған байланысты және ұзақ мерзімді перспективада жаратылыстану-математикалық ғылымдарды зерделеуге бейім балаларды іздеу мен іріктеудің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» грантын беруге конкурстық іріктеу өткізудің айқындылығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді перспективада халықаралық тәуелсіз ұйым - балаларды бейімділіктері бойынша анықтау және іріктеудің кешенді жүйесін әзірлеуге, енгізуге және сүйемелдеуге жұмыс тәжірибесі және дарынды және талапты балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар стратегиялық серіктесті тарту ұйғарылады.
      Стратегиялық серіктесті таңдау мыналарды:
      психологиялық дамуын, жаңашылдығын, логикалық пайымдауын, дәл ғылымдарды игеруге икемділігін анықтау үшін пайдаланылатын психологиялық, психометрикалық тестілерді әзірлеуді және сынақтан өткізуді;
      тест нәтижелерін өңдеу, талдау, түсіндіру әдістерін әзірлеуді және енгізуді;
      білім беру үрдісінде оларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мақсатында оқушылардың оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындауды;
      тестілерді әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу, тестілеу нәтижелерін өңдеу және түсіндіру жөніндегі халықаралық тәжірибе білімдерін және дағдыларын беруді қамтитын жаратылыстану-математикалық ғылымдарды зерделеуге қабілетті балаларды анықтау мен іріктеудің кешенді жүйесін құру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыруға әлеуетті серіктестің дайындығына негізделеді.
      Педогогикалық қызметкерлерді іріктеу және кәсіби талдау жүйесі. Зияткерлік мектептердің педогогикалық қызметкерлерін, басқару кадрларын және көмекші персоналын іздеудің, қалыптастыру мен дамытудың жоғары сапасы:
      педагогикалық қызметкерлерді іріктеу;
      педогогикалық қызметкерлерді, басқару кадрларын және көмекші персоналды кәсіби дамыту;
      педагогтар мен басқа қызметкерлерді іріктеу және олардың кәсіби құзыреті сапасының мониторингі жүйесімен қамтамасыз етіледі.
      Зияткерлік мектептердің педагогикалық персоналының кадрлық құрамы неғұрлым дайындалған қазақстандық және халықаралық бағдарламаларда тәжірибесі бар шетелдік оқытушылардың қатарынан қалыптастырылады.
      Білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін Зияткерлік мектептерде жұмыс істеу үшін педагогикалық қызметкерлерді іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі.
      Педагогикалық қызметкерлерді іріктеу критерийлері мектептің ерекшелігін ескере отырып әзірленеді, олардың неғұрлым басымдары мыналар болып табылады:
      - арнайы кәсіби білімінің болуы;
      - психологиялық орнықтылық, командада жұмыс істей білу, инновациялық қызметке дайындық;
      - жұмыста кәсіби-педагогикалық және пәндік білімдерді кешенді пайдалану;
      - шығармашылыққа, суырып салмалыққа, жеке шығармашылық ізденіске қабілеті;
      - тіл табысу қабілеттері, риториканы жақсы меңгеру;
      - педагогикалық қызметте жеке жетістіктерінің болуы;
      - заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеру;
      - қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерді меңгеру.
      Конкурстық іріктеу мыналарды қамтиды:
      Конкурсқа қатысушының портфолиосын зерделеу;
      пәннің мазмұны және оны өткізу әдістемесі жөніндегі тестілеуден өту;
      Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламалары бойынша мұғалімнің сабақ беруге дайындығын және қабілетін анықтау;
      конкурсқа қатысушының кәсіби шеберлігінің деңгейін анықтау мақсатында сабақтың үзіндісін көрсету;
      тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын тілдері және басқалар) меңгеру деңгейін анықтау;
      АКТ меңгеру деңгейін анықтау;
      сұхбаттасу;
      ұсынымдарды зерделеу.
      Зияткерлік мектептің білім беру моделінің талаптарына жауап беретін жоғары білікті педагогикалық персоналды қалыптастырудың маңызды шарты - мұғалімнің Зияткерлік мектептің білім беру моделімен, ықпалдастырылған оқу бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған оқытуға ұстанымдармен таныстыруы.
      Конкурстық іріктеуде қатысу үшін әлеуетті отандық үміткерлерді ақпараттандыру бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, жеке ұсыныстар арқылы, сондай-ақ міндетті түрде педагогикалық іс-тәжірибеден өте отырып, Зияткерлік мектептерде жұмыс істеу үшін неғұрлым талапты студенттерді анықтау және шақыру мақсатында елдің педагогикалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтасу арқылы жүзеге асырылады.
      Шетелдік оқытушылар штатын тарту халықаралық білім беру және рекрутингтік ұйымдарының (CIS, Search Associates және басқалары) қолдауымен педагогтарды жалдау жөніндегі халықаралық жәрмеңкелерге қатысу арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мүмкін.
      Сондай-ақ Стратегиялық серіктес - оқушылар мен педагогикалық қызметкерлерді оқыту үшін жоғары маманданған және сертификатталған шетелдік педагогтар командасын тарта отырып, жобаны іске асыруда тәжірибесі бар ұйыммен бірлескен жобаны іске асыру жөнінде ұсыныс әзірленетін болады. Осы ынтымақтастық үш тілдік оқытуды іске асыру үшін білім беру және тілдік ортаны құруға мүмкіндік береді.
      Бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын жобалау, салу, материалдық-техникалық жарақтандыру және құру. Зияткерлік мектептердің бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын жобалау, салу, материалдық-техникалық жарақтандыру және құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру білім беру моделінің талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.
      Жобалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде іріктеледі.
      Елімізде мамандандырылған оқу орындарын материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырудың нормативтік құқықтық базасының болмауына байланысты Зияткерлік мектептерді отандық және халықаралық нарық зерттеулерінің негізінде озық технологиялар мен әдістерге сәйкес келетін заманауи жиһазбен, зертханалық-техникалық жабдықпен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен, оқу-әдістемелік материалдармен жарақтандыру стандарттарын әзірлеу қажет. Стандартты Қоғамның жалғыз акционері бекітеді.
      Стандартты әзірлегенге және бекіткенге дейін Қоғамның жалғыз акционері сатып алынатын оқу жабдықтарының тізбесін бекітеді.
      Зияткерлік мектептер оқыту бейініне қарай физика, химия, биология, информатика және басқа пәндер бойынша мамандандырылған оқулықтармен кеңейтілген зертханалармен жабдықтанатын болады.
      Зияткерлік мектептер желісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті Қоғам жүзеге асырады.
      Ақпараттандыру. Зияткерлік мектептерді ақпараттандыру ақпараттық-білім беру жүйесін әзірлеу мен енгізуді, компьютерлік, интерактивті және перифериялық жабдықпен жарақтандыруды қамтиды, олар білім беру бағдарламаларына сәйкес дәріс беру және оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін болады.
      Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:
      Басқарудың тиімді және ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру;
      тиімді ақпараттық-білім беру жүйесін құру;
      оқыту-тәрбиелеу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану саласында сауаттылық деңгейін арттыру;
      озық ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы тиімді оқыту-тәрбиелеу үрдісінің тиімділігін арттыру.
      Осы Бағдарламаны іске асыра отырып, мынадай қағидаттарды ұстану қажет:
      түсініктілік қағидаты - кез келген есеп құжатында ұсынылған ақпарат осы құжатты пайдаланушыға орынды және түсінікті болуы тиіс;
      нақтылық қағидаты - ақпарат шынайы және қарама-қайшы болмауы тиіс;
      толықтық қағидаты - оқу үрдісінде болатын барлық тетіктерді жүйеде көрсету;
      ашықтық қағидаты - Бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесі арқылы (бұдан әрі - БАБЖ) ата-аналар өз балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылайды, бақылау органдары Зияткерлік мектептерде басқару үрдістерін (бюджеттеу, сатып алу және т.б.);
      жеткіліктілік қағидаты - Зияткерлік мектептер білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар және қажетті ақпараттың жеткіліктілігіне қол жеткізеді;
      үйлесімдік қағидаты - барлық кіші жүйелер мен модулдердік үйлесімділігі. Бір деректер базасын бірнеше жүйелердің дұрыс қолдануы, ақпаратты дұрыс көрсету және есептілікті қалыптастыру.
      Талдамалы қызмет. Білім беруде талдамалы және ғылыми-зерттеу құрылымдарын құрудың халықаралық тәжірибесін талдау көп елдерде Білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін жетілдіру жөнінде негізделген ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлей отырып, озық тәжірибе негізінде білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің қызметін бағалау және талдау бойынша жұмысты жүзеге асыратын орталықтардың бар екенін көрсетті.
      Бірқатар Орталықтар жұмысының тәжірибесін зерделеу (Ирландияда білім беру саласындағы зерттеу орталығы, АҚШ-та Висконсина-Мэдисон университеті жанындағы білім беру зерттеу орталығы, Францияда Халықаралық педагогикалық зерттеу орталығы, АҚШ-та Массачусетс штатында Білім беру, зерттеулер және саясат орталығы, Францияда ЭЫДҰ жанындағы білім беру зерттеу және инновация орталығы және басқалары) олардың қызметі:
      білім беру саясаты басымдылықтары;
      білім беру мазмұны;
      пәндерді оқыту әдістемелері мен технологиялары;
      тілдерді оқыту әдістемелері;
      оқу құралдары мен оқулықтардың, оның ішінде электрондық мазмұны;
      мұғалімдердің кәсіптілігін дамыту;
      ИКТ қолдану;
      білім беру сапасын бағалаудың бағыттары, құралдары және технологиялары;
      тренингтер саласындағы әзірлеулерге байланысты екенін көрсетті.
      Бұған сүйене отырып, Зияткерлік мектептердің жұмыс жүргізуінің барлық жүйесін жетілдіру үшін мынадай бағыттар бойынша талдамалық қызметті үнемі жүргізу қажет:
      1. Талдау, білім беру мазмұнын таңдау және білім беру бағдарламаларын енгізу және іске асыру бойынша ұсынымдар дайындау;
      2. Оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етуін талдау және халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
      3. Кадрлық саясат жағдайын талдау және халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар және ұсынымдарды әзірлеу;
      4. Дарынды балаларды анықтаудың халықаралық тәжірибесін талдау және жаратылыс-математикалық ғылымдарды үйренуге қабілетті оқушыларды конкурстық іріктеу жүйесін әзірлеу;
      5. Білім беру сапасының мониторингі жүйелерін құрудың халықаралық тәжірибені талдау, ғылыми зерттеулер негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар және ұсынымдарды әзірлеу;
      6. Білім беру ұйымдарының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибенің талдау, ғылыми зерттеулердің негізінде оны жетілдіруі бойынша ұсыныстар және ұсынымдарды әзірлеу;
      7. Зияткерлік мектептерде елдегі және дүние жүзіндегі дарынды балалар үшін білім беруді ұйымдастыра отырып, салыстырмалы аспектіде білім беру жағдайы туралы жыл сайын талдамалы баяндама дайындау.
      Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін талдамалы орталық құру болжамдалады.
      Жобалау және құрылыс кезеңдері. Мектептер мен басқа да объектілерді жобалау және олардың құрылысы бойынша жұмысты аяқтау 2013 жылға жоспарланады.
      Бүгінгі таңда Зияткерлік мектептер Астана, Семей, Көкшетау, Өскемен және Талдықорған қалаларында жұмыс істейді.
      Болашақта Орал, Тараз, Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Қостанай қалаларында физика-математикалық бағыттағы, сондай-ақ Петропавл, Атырау, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтау және Қызылорда қалаларында химия - биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектептер ашу жоспарланады.
      Талдықорған, Өскемен, Семей және Көкшетау қалаларында жұмыс істейтін Зияткерлік мектептер жанында интернаттар салу жоспарланған.
      Балаларды жан-жақты дамытуы және оларды сауықтыруды қолдау мақсатында Ақмола облысының Зеренді ауданында және Маңғыстау облысының Каспий теңізінің жағалауында екі оқу - сауықтыру орталықтарын салу жоспарланады.
      Білім беру ұйымдармен ынтымақтастық. Зияткерлік мектептер өздерін білім беру қызметтерін көрсететін, отандық және халықаралық талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған білім беру ұйымдары ретінде көрсетеді. Бұған байланысты ынтымақтастық саясатын іске асыру мектептерді дамытудың басты факторлары болып табылады, оның негізгі бағыттары:
      Қазақстан Республикасының білім беру құрылымдарымен ынтымақтастық;
      халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері бойынша Қазақстанның және шет елдердің халықаралық мектептерімен ынтымақтастық, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және шет елдердің оқытушыларын тарту;
      мектептерді басқару үлгісін жетілдіру мақсатында халықаралық аккредитациялық білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық;
      Халықаралық Бакалавриат ұйымымен ынтымақтастық;
      мектеп және жоғарғы білім беру бағдарламаларының бірізділігін қамтамасыз ету, Зияткерлік мектептердің түлектерінің одан әрі оқу шарттары, Зияткерлік мектептерде жұмыс істеу үшін оқытушыларды тарту мәселелері бойынша отандық және шетел университеттерімен ынтымақтастық;
      Сапалы интеграцияланған білім беру бағдарламалардың жасау үшін және Халықаралық бакалавриаттың бағдарламаларын табысты енгізу және авторландыру үшін «Назарбаев Зияткерлік мектебі» акционерлік қоғамының АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Люксембург, Финляндия, Франция, Жапония халықаралық мектептеріне баруы, Халықаралық бакалавриаттағы білім беру бағдарламаларын, осы мектептердің тәжірибесін қайталау.
      Жиналған тәжірибені көрсету.
      Барлық 20 мектепте үйретудің жаңа технологияларын, мастер-класстарды көрсетумен педагогтардың біліктілігін арттыру, біріктірілген бағдарламаларды іске асыру жөнінде тәжірибемен алмасу бойынша шағын орталықтардың жұмыс істеуі болжамдалып отыр.
      Өңірлік мектептердің мұғалімдерімен тьюторлардың жұмыс істеуі, мектеп желісінің шетел әріптестерімен ынтымақтастық тәжірибесін таратуы, бірнеше тілді білуді енгізуі, мектептердің тәжірибесін, оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруды, мониторинг, бағалау және бақылау, мектепті басқару жүйесін көрсетуі жоспарланып отыр.

3. Миссиясы және көрінуі
Миссия

      Ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету. Өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылатын білімді, жоғары өнегелі, қырағы ойлайтын, тұлғалы және рухани дамыған азаматтың қалыптасуына ықпал ететін білім беру және машықтарды дамыту.

Көрінуі

      Жаратылыс-математикалық оқудың классикалық дәстүрлерімен ұштасатын білім берудің инновациялық бірнеше тілді үйрету үлгісі және қазақстандық және дүниежүзілік педагогикалық практиканың заманауи табыстары. Үлгі жоғары адамгершілік құндылықтарға бейімделген, ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттер жүйесіне интеграцияланған, қоғамның рухани және әлеуметтік дамытуына белсенді қатысуға, мамандықты саналы таңдауды жүзеге асыруға қабілетті зияткерлік тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, қызметтің негізгі көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер 4.1. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және қызметтің негізгі көрсеткіштері

      Стратегиялық бағыттар:
      1. Сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету.
      2. Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламаларының үлгілеріне сәйкес сабақ беру және оқыту сапасын қамтамасыз ету.
      3. Халықаралық ынтымақтастық.

4.1.1. Сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету

      Осы стратегиялық бағытты білім беру қызметтерін ұсынудың жоғары сапасын және Зияткерлік мектептердің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету призмасы арқылы қарау қажет.
      Осы бағыт жиырма Зияткерлік мектепті салу, ұсынылатын қызметтердің сапасын сырттай бағалау жүйесін жасау, табиғи-математикалық ғылымдарды үйренуге бейім және білім алудың өзге де сапалы деңгейіне қабілетті балаларды анықтау және іріктеу жүйесін құру, оқушылар мен педагогтарды конкурстық іріктеу жүйесін құру арқылы іске асырылатын болады.
      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес Қазақстан барлық өңірлерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептер» жобасы шеңберінде 20 мектеп жұмыс істейтін болады.
      Жиырма Зияткерлік мектеп құрылысы шеңберінде 2009 жылы үш мектеп ашылды:
      Астана қаласында физика-математикалық бағытта (2009 жылғы қаңтарда);
      Семей қаласында физика-математикалық бағытта (2009 жылғы қыркүйекте);
      Көкшетау қаласында физика-математикалық бағытта (2009 жылғы қыркүйекте);
      2010 жылы:
      Өскемен қаласында химия-биологиялық бағытта (2010 жылғы қыркүйекте);
      Талдықорған қаласында физика-математикалық бағытта (2010 жылғы қыркүйекте);
      Астана қаласында химия-биологиялық бағытта (2010 жылғы қыркүйекте).
      Қазақстан аумағындағы мектептердің құрылысы жоба-сметалық құжаттама негізінде іске асырылады.
      Балалардың жан-жақты дамытуды қолдау және оларды сауықтыру мақсатында Ақмола облысының Зеренді ауданында және Маңғыстау облысында екі оқу - сауықтыру орталығын салу жоспарланып отыр.
      Білім беру қызметтерін ұсынудың жоғары сапасына және Зияткерлік мектептердің қызметінің тиімділігіне қол жеткізу үшін берілетін қызметтердің сапасына сырттай бағалау жүргізу жүйесін құру мақсаттардың бірі болып табылады. Осы жүйе білім беру бағдарламаларының сапасын, оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін, оқу ортасының жағдайын, оқушылардың денсаулығының жағдайын, мектепті басқару сапасын бағалаудың құралдары мен тетіктерін әзірлеуді және енгізуді болжамдайды.
      Сыртқы баға Зияткерлік мектептің жағдайы мен дамуы туралы объективті және шынайы ақпаратты алу және ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында қажетті басқару шешімдерін қабылдау үшін, сондай-ақ Зияткерлік мектептің жағдайы мен дамуы туралы  пайдаланушылардың әртүрлі топтарының (билік органдары, ата-аналар, балалар, педагогтар, жұмыс берушілер, БАҚ) ақпарат алу деңгейін арттыру үшін қажет.
      Зияткерлік мектептер - дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары. Мектептерге оқушыларды іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта балаларды іріктеу үшін пәндер бойынша білім беру мемлекеттік стандартының талаптарына оқушылардың білімдерінің деңгейінің сәйкес келуін анықтауға тесттер қолданылады. Осы тесттер танымдық қабілеттер, логикалық ойлау, нақты ғылымдарды оқуға бейімділік деңгейін, психоәлеуметтік даму деңгейін бағалауға мүмкіндік бермейді.
      Нәтижесінде жоғарғы оқу орындарындағы білім алу бағдарламаларын болашақта ойдағыдай меңгеруге мүмкіндік беретін жоғары деңгейдегі математиканы, физиканы, химияны, биологияны игере алмайтын ықтимал қабілетсіз оқушыларды іріктеу және оқыту мүмкін.
      Табиғи-математикалық ғылымдарды оқуға бейім және білім алудың сапалы өзге деңгейіне қабілетті оқушыларды іріктеу үшін дарынды балаларды анықтау және іріктеу жүйесін құру қажет.
      Қабілетті балаларды анықтау жүйесін құру грант бойынша Зияткерлік мектептерге конкурстық іріктеуден өткізуге дайындау үшін виртуалды және демалыс мектептері, зияткерлік ойын, Зияткерлік мектептердің тапсырмалары бойынша оқушыларды тестілеу, табиғи-математикалық ғылымдар бойынша олимпиядаға қатысу арқылы елдің орта білім беру мектептерінен оқушыларды оқытуға және консультация беруге бағытталған.
      Конкурстық іріктеу жүйесін құру табиғи-математикалық ғылымдарды оқуға оқушылардың қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін құралдарды, сондай-ақ іріктелген оқушылардың қабілеттілігінің деңгейін ескере отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша және оқу үдерісінде оларды психология-педагогикалық сүйемелдеу бойынша әдістемелер мен ұсынымдарды әзірлеуді болжамдайды.
      Кәсіби және дарынды педагогтарды іздеу, таңдау және қолдау жүйесін құру педагогтарды конкурстық іріктеу барысында жүзеге асырылады.
      Одан басқа, Бейбітшілік корпусының волонтерлерін мектептерге тарту ұйымдастырылады.
      Балалардың қамту географиясын кеңейту, зерттеу және ғылыми жұмыстарға бейім оқушыларды қолдау уәжі дарынды балаларды іздеу жүйесінің мақсаты болып табылады.
      Тұтас алғанда іс-шараларды іске асыру:
      дарынды балаларды іздеу, таңдау және қолдау жүйесін құруды;
      атаулы мониторингтің болуы және статистика жүргізуді (деректер базасын);
      Мектептерде ауылдық жерлерден шыққан оқушылар санын арттыруды (Интернаттарға орналастыру);
      қоғамда мектептің оң имиджін қалыптастыруды (көбірек көңіл бөлу климатын құру);
      Зияткерлік мектептердің талаптарына сәйкес келетін оқушылар контингентін арттыруды болжамдайды.
      Нысаналы жұмыс on - Linе режимінде 5-6-шы сыныптардың оқушыларын оқытуды болжамдайтын Виртуалды мектеп жоба арқылы жүзеге асырылатын болады. Мектепке алу бастауыш мектеп мұғалімдерінің ұсынымдары бойынша жүргізіледі. «Назарбаев Зияткерлік мектептер» бағдарламасы бойынша оқыту 2 жыл ішінде жүргізіледі және Виртуалды мектепке қатысушылардың тапсырмаларды орындауы болжамдалады. on - Line мектебін ойдағыдай бітірген қатысушылар Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің грантын алуға конкурсқа қатысу үшін шақырылады.
      Жалпы білім беру мектептеріндегі математика, физика, химия, биология мұғалімдерінің қатысуымен өңірлердің Зияткерлік мектептері бағдарламалардың ұйымдастырушылары болып табылады.

4.1.2. Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламаларының үлгілеріне сәйкес сабақ беру және оқыту сапасын қамтамасыз ету

      Сабақ беруді және оқытуды жоғары сапада өткізу үшін профилді, тіл және гуманитарлық пәндер бойынша эксперименталдық интеграцияланған білім беру бағдарламалардың әзірлеу мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл үшін жүргізуші сарапшылар - білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер тартылды. Бағдарламаларды әзірлеу аяқтағаннан кейін оларды мектеп мұғалімдері оқу барысында апробациялады, одан кейін оларды оқу барысында кезең-кезеңімен енгізу ұсынды.
      Халықаралық Бакалавриаттың талаптары мен философиясына жауап беретін бағдарламаларды әзірлеу және енгізу Халықаралық бакалавриатта Зияткерлік мектептердің жандандыру үшін қажет. Осы жұмысты жүргізу үшін Астана қаласының химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектебі таңдалды.
      ЖБ бағдарламаларын әзірлеу, апробациялау және енгізу үшін ЖБ бағдарламаларымен жұмыс тәжірибесі бар халықаралық сарапшылар және мұғалімдер тартылады.
      Дүниежүзілік тәжірибені, жалпы білім беру мектептерінің ағымдағы жағдайын және оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардың қажеттілігін талдауды назарға ала отырып, міндеттерді іске асыру негізіне мынадай технологияларды енгізу жатады:
      «Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы» (БАБС) - өзімен бірыңғай ақпараттық әлеуметтік білім беру жүйесін көрсетеді, ол:
      1.1. «Ақпараттық білім беру жүйесі» (АБЖ) - бұл өзімен оқу барысын жүргізуді, оны ақпараттық қолдауды және құжаттамалауды қамтамасыз ететін бағдарламалық - телекоммуникациялық кешенді көрсетеді. АБЖ мынадай кіші жүйелерден тұрады:
      (LMS - Learning Management System) оқу үрдісін басқару, (SMS -  School Management System) мектепті басқару, (CRMS - Сlassroom Management System) сыныпты басқару, (CMS - Content Management System) контентгі басқару, сондай-ақ тестілеудің кіші жүйесін және «электрондық кітапхана» үлгісін енгізу болжамдалады.
      1.2. «Ақпараттық-әкімшілік жүйе» (АӘЖ) - бұл жоспарлаудың ішкі үрдістерін автоматтандыратын, Қоғамның әкімшілік қызметінің басқару жүйесі, ол мынадай кіші жүйелерден тұратын болады: материалдық-техникалық құралдарды есепке алу және бақылау кіші жүйесі, бюджеттеу кіші жүйесі, сатып алуды ұйымдастыру кіші жүйесі, адами ресурстарды басқару кіші жүйесі (HRM).
      «ІР-телефония» - бұл Интернет желісі бойынша немесе кез келген басқа ІР-желілер бойынша сөз сигналын жеткізуді қамтамасыз ететін байланыс жүйесі. Байланыс арнасы бойынша сигнал цифрлық түрде беріледі және әдетте артықшылықты алып тастау үшін беру алдында қайта түрленеді (қысылады). Қалааралық және халықаралық қоңырау соғуларға 8 сөндіріліп тұрғанның өзінде кіруге рұқсат оның артықшылығы болып табылады.
      «Видеоконференцбайланыс» - бұл көп салалы ұйымдардың өкілдеріне жоғары тиімділікпен және салынатын төмен шығыстармен корпоративтік кеңестерді, Қазақстанның басқа қалаларындағы және шет елдердегі әріптестермен іскери келіссөздерді ұйымдастыруға, қашықтан оқуға, кадрлерді іріктеу кезінде қашықтан интервью беруге, қашықтан кеңес алуға және басқаларына мүмкіндік береді.
      Зияткерлік мектептердің педагогтарын кәсіби дамыту мақсатында педагогты өмір бойы жетілдіру қағидаты бойынша (Life Lond Learning) біліктілікті арттыру жүйесі әзірленді, өзімен үлгі жинақтау жүйесін көрсетеді.
      Әрбір үлгі күрделігінің өсу дәрежесі бойынша біліктіліктің үш деңгейінен тұрады.
      Үлгі бойынша педагогтың деңгейі тиісті сертификаттармен расталады.
      Үлгілердің мазмұнды толықтырылуы (тақырыбы мен деңгейлері) педагогтың әлеуетінің артуына және Зияткерлік мектептің талаптарымен сәйкес өзгере алады. Педагогтардың курстық оқуы мектепке, елде, шетелде, оn және оff-line-де өткізіледі.
      Педагогтарды мектепте оқыту «жағдайы бойынша тең» (Рeer Education) тәсілі бойынша іске асырылады, онда оқуды әріптестер, яғни тіл курстарын - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері, ИКТ - информатика мұғалімдері жүргізеді. Одан басқа осы оқудың қаржы шығыны неғұрлым аз болып табылады.
      Елімізде оқыту республикалық және халықаралық деңгейлердегі мамандарды тарта отырып жүзеге асырылады.
      Шетелде оқыту халықаралық деңгейдегі үздік мамандарды тарта отырып білім беру ұйымдарының негізінде жүзеге асырылады.
      Педагогикалық қызметкерлерді Оn және оff-linе оқыту бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
      Біліктілікті арттыру курстары мұғалімнің жеке оқыту траекториясын көздейді.
      Кәсіби дамыту жүйесі педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейлерін беру мүмкіндігін ұсынады.
      Осы деңгейлер міндетті аттестаттау барысында педагогқа беріледі, ол екі-үш жылда бір рет беріледі.
      Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамуы педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейіне қарай сараланған еңбекақымен тығыз байланысты.
      Жоғары білікті оқытушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Қоғам жүргізуші педагогтармен ынтымақтастықта болады.
      Мыналар:
      Зияткерлік мектептердің эксперименталды интеграцияланған оқу бағдарламалары бойынша арнайы курстар ұйымдастыру;
      Зияткерлік мектептердің негізінде 3-4-курс студентерінің іс-тәжірибесін ұйымдастыру педагогикалық жоғары оқу орындарымен жұмыстың негізгі бағыттары болып табылады.
      Балабақшада, мектеп алды ұйымында, Зияткерлік мектепте, кәсіптік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін интернатта жұмыс істеу үшін үздік студенттерді алдын ала шақыру.
      Назарбаев Университетінің Білім саясаты орталығында бір жылдық педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттыру курсын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
      Британ Кеңесінің және басқа да халықаралық ұйымдардың жәрдем көрсетуімен бейінді пәндер және ағылшын тілі бойынша шетелдік педагогтарды тарту жөнінде мүмкіндік қарастырылуда.
      Әрбір Зияткерлік мектепке шетелдік педагогтарды, 10 адамнан құралған топ - Жобаның жетекшісі, ассистенті және 8 оқытушыны тарту жоспарланып отыр. Командаға жоғары сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде бейінді пәндерді жүргізу, ағылшын тілін оқыту, ұсынымдарды әзірлей отырып оқу үрдісін ұйымдастыру мониторингі, қазақстандық тараптан ассистенттер даярлау және педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі шеңберінде ағылшын тілін оқыту жөніндегі курстарды жүргізу міндеттері жүктеледі.

4.1.3. Халықаралық ынтымақтастық

      Қоғам қызметінің негізгі бағыттарының бірі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы білім беруді қамтамасыз ету болып табылады.
      Басқа елдермен бірлескен жобалар тәжірибесі бар білім беру ұйымдары ретінде танытқан ұйымдармен тығыз жоспарланған халықаралық серіктестіксіз осы мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес. Нәтижелерге қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс бәсекелі, тұрақты және өтеусіз (келісімшарт) негізінде және Қоғамның дамуының барлық бағыттары бойынша жүргізілуі тиіс екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
      Осыған байланысты Қоғамның құрылымында бөлімше жұмыс істейді, оның қызметінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдарымен мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады:
      білім беруді ұстау;
      оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыру;
      білім сапасының мониторингі;
      дарынды балаларды іріктеу.
      Стратегиялық бағытты іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылған:
      1) Қоғам қызметінің бағыттары бойынша халықаралық серіктестерді іздеу, байланыс орнату және іріктеу;
      2) Ықпалдастырылған білім бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
      3) Астана қаласының химия-биологиялық бағыттағы мектебінде Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
      4) Халықаралық білім беру ұйымдарында мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру;
      5) IELTS, TOEFL, SAT I, II бағдарламалары бойынша білікті емтихандар;
      6) Бағыттар бойынша шетелдік педагогтарды жалдау;
      7) Зияткерлік мектептерде білім беру сапасының мониторингі мен оны бағалау жүйесін әзірлеу;
      8) Жаратылыстану-математикалық ғылымдарды зерделеуге бейім балаларды анықтау және іріктеу үшін диагностика құралдарын әзірлеу.
      Жоғарыда айтылған салалар бойынша міндеттерді орындау үшін Қоғамның қызметі мыналарға бағытталатын болады:
      1. Жоғарыда айтылған қызмет салалары бойынша халықаралық серіктестерді іздеу;
      2. Әлеуетті халықаралық серіктестермен байланыстар орнату және қолдау;
      3. Қоғам қажеттіліктеріне олардың мүмкіндіктерінің сәйкес келу өлшемдері бойынша стратегиялық серіктестерді іріктеу рәсімдерін даярлау;
      4. Қоғам қызметінің салалары бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жұмысты орындауға халықаралық білім беру ұйымдарымен келісімдер және шетелдік жеке тұлғалармен жеке келісімшарттар даярлау және жасасу;
      5. халықаралық ынтымақтастық шеңберінде семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
      6. Қоғам және филиалдар қызметкерлерінің шетелдік сапарларын жоспарлау, ұйымдастыру және мониторингтеу.

4.2 Стратегияны іске асырудың күтілетін нәтижелері

      2011 жылы:
      Астана қаласы физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебі түлектерінің IELTS, TOEFL, SAT I, SAT II сертификаттарын алуы.
      2012 жылы:
      Қазақстанның барлық өңірлерінде химия-биологиялық және физика-математикалық бағыттардағы ықпалдастырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде 20 мектептің жұмыс істеуі;
      Мектептің оқыту деңгейлері арасында сабақтастықты қамтамасыз ететін Зияткерлік мектептің физика-математикалық бағыттағы ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын жасау (1-12 сыныптар);
      Жоғары мектеп пен жоғары оқу орны арасында мектептің оқыту деңгейлері арасында сабақтастықты қамтамасыз ететін Зияткерлік мектептің химия-биологиялық бағыттағы ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын жасау (1-12 сыныптар);
      Зияткерлік мектептер желісі үшін білім беру моделінің талаптарына жауап беретін педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды, арнайы курстарды әзірлеу;
      жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеуге қабілетті оқушыларды конкурстық іріктеу жүйесін енгізу;
      2013 жылы:
      Жоғары кәсіби педагогтарды іздеу, іріктеу және қолдаудың тиімді жүйесін құру;
      Педагогтардың біліктілігін арттырудың деңгейлік жүйесін құру;
      20 Зияткерлік мектепте бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру.
      2015 жылы:
      Астана қаласы химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектебінің Халықаралық Бакалавриат ұйымына кандидат мектеп мәртебесін алуы;
      Зияткерлік мектептердің қызметі тиімділігін сыртқы және ішкі бағалау жүйесін енгізу.
      2016 жылы:
      2016 жылы Астана қаласының химия-биологиялық бағыттағы мектебінде дипломдық бағдарлама бойынша алдын ала авторлық ету сапары;
      Халықаралық мектептер кеңесінде (CIS) Астана қаласы химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектебінің кандидат мектеп мәртебесін алуы.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ
2011-2020 жылдарға арналған даму 
стратегиясына қосымша       

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және түйінді көрсеткіштер

Атауы

Өлш. бірл.

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019
жыл

2020 жыл

1-стратегиялық бағыт. Сапалы және қолжетімді білімді қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Мектеп білімінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру

1.1.1-міндет. Мектеп жүйесінің дамуы

Көрсеткіштер:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы аясында мектептердің саны

Бірл.

9

20









Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін оқу-сауықтыру орталықтарының саны

Бірл.



2








1.2-мақсат. Көрсетілетін білім беру қызметтер сапасын сыртқы бағалау жүйесін әзірлеу мен енгізу

1.2.1-міндет. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім беру сапасын бағалау мен мониторингі құралдарын әзірлеу мен анықтап, қабылдау

Көрсеткіштер:

Зияткерлік мектептерде білім беру сапасын бағалау мен мониторингтің әзірленген технологиялары мен құралдарының байқаудан өткен мектептер саны

Бірл.

1

3

4

10







Зияткерлік мектептерде бағалау мен мониторингтің байқаудан өткен технологиялары мен құралдарының енгізілген мектептер саны

Бірл.


6

8

15

20

20

20

20

20

20

1.3-мақсат. Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға және сапалы басқа деңгейлі білімге қабілетті балаларды анықтау мен іріктеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету

1.3.1-міндет. Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында жаратылыстану-математика ғылымдарына қабілеттерді дамыту үшін жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына мүмкіндік беру

Көрсеткіштер: 

Зияткерлік мектептердің іс-шаралары (виртуалды және демалыс кезіндегі мектептер, зияткерлік ойындар, олимпиада және тестілеу) мен оқытудың әртүрлі нысандарына қол жететін оқушылары бар облыс, қала, республика маңызы бар қалалардың саны

облыс, республика маңызы бар қалалардың саны

7

16

16

16

16

16

16

16

16

16

1.3.2-міндет. Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілеті бар балаларды іріктеу жүйесін әзірлеу мен енгізу

Көрсеткіштер:

Қала мен ауылдарда виртуалды мектеп жұмысының нәтижелері бойынша грант беруге үміткер-кандидаттардың банкін құру

адам

40

80

150

160

160

160

160

160

160

160

1.4-мақсат. Жоғары мамандандырылған ұстаздар контингентін құру

1.4.1-міндет. Кәсіпқой және дарынды ұстаздарды іздеу, іріктеу мен қолдау жүйесін құру

Көрсеткіштер:

Зияткерлік мектептерде шетел мұғалімдерімен орындары басылған оқытушылардың саны

адам

5

10









1.5-мақсат. Педагогикалық қызметкерлердің, басқарушы кадрлардың және көмекші қызметкерлердің кәсіби және қызмет бабы бойынша өсуіне қажетті жағдайлар жасау

1.5.1-міндет. Біліктілікті арттыру

Көрсеткіштер:

Біліктілікті арттыру курстарын өткен оқытушылардың саны

адам

200

300

300

300

300

300

300

300

300

300

Аттестациядан өткен ұстаздар саны

адам

100

100

200

200

200

200

200

200

200

200

2-стратегиялық бағыт. Зияткерлік мектептері білім бағдарламаларының модельдеріне сәйкес оқыту мен үйретудің сапалылығын қамтамасыз ету

2.1-мақсат. Зияткерлік мектептерде инновациялық-ақпараттық технологиялар мен жүйелерді әзірлеу, енгізу мен дамыту

2.1.1-міндет. Ақпараттық-білім беру жүйесін құру (АБЖ)

Көрсеткіштер: 

АБЖ қолданушылар (мұғалімдер, оқушылар) саны

адам

9500

11200

16800

22350

22350

22350

22350

22350

22350

22350

2.1.2-міндет. Ақпараттық технологиялар саласында оқытушылардың біліктілігін арттыру

Көрсеткіштер:

Мicrosoft, Сisco сертификаттарын алған Зияткерлік мектептердің ІТ - мамандарының саны

адам

10

18

30

40







Оқу-тәрбиелік процесінде АБЖ қолдану бойынша оқыту курстарын өткен мұғалімдердің саны

адам

700

900

1400

2000







2.2-мақсат. Оқу-тәрбиелік процесінің тиімділігін арттыру мен үнемдеуді қамтамасыз ету

2.2.1-міндет. Оқу-тәрбиелік процесінің тиімділігін арттыру мен шығыстарды үнемдеу үшін жаңа ақпараттық технологиялар қолдану

Көрсеткіштер:

Талапкерлер (оқушылар, ұстаздар) үшін іріктеу тестілерді өткізуге кеткен шығындардың азайтылу пайызы

%

22

43

48








Ұстаздың жұмыс орнының компьютерлік және интерактивті жабдықтармен жабдықталуы

%

100










2.3-мақсат. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы тәжірибелік интегралды білім беру бағдарламалары

2.3.1-міндет. Тәжірибелік интегралды білім беру бағдарламаларын әзірлеу

Көрсеткіштер: 

Әзірленген тәжірибелік интегралды білім беру бағдарламалардың үлесі

%

100










2.3.2-міндет. Тәжірибелік интегралды білім беру бағдарламаларын байқаудан өткізу

Көрсеткіштер:

Байқаудан өткізілген тәжірибелік интегралды білім беру бағдарламалардың үлесі

%

40

80

100








2.3.3-міндет. Зияткерлік мектептердің барлық сыныптарының оқу үрдісіне тәжірибелік интегралды білім беру бағдарламаларын енгізу

Көрсеткіштер: 

Енгізілген тәжірибелік интегралды білім беру бағдарламалардың үлесі

%



40

80

100







2.4-мақсат. Халықаралық Бакалавриат (ХБ) білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізу

2.4.1-міндет. ХБ білім беру бағдарламаларын әзірлеу

Көрсеткіштер: 

Әзірленген ХБ білім беру бағдарламалардың үлесі

%

30

60

100








2.4.2-міндет. ХБ білім беру бағдарламаларын байқаудан өткізу

Көрсеткіштер: 

Байқаудан өткізілген ХБ білім беру бағдарламалардың үлесі

%



30

60

100







2.4.3-міндет. ХБ білім беру бағдарламаларын енгізу

Көрсеткіштер:

Енгізілген ХБ білім беру бағдарламалардың үлесі

%




30

60

100






3-стратегиялық бағыт. Халықаралық ынтымақтастық

3.1-мақсат. Білім беру ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық

3.1.1-міндет. Қоғам қызметінің бағыттары бойынша халықаралық серіктестерді іздеу, байланысты орнату мен іріктеу

Көрсеткіштер:

Мектеп-серіктестердің саны

Бірлік

3

6

9

12

15

18

20






Қоғаммен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан халықаралық білім беру ұйымдарының саны

Бірлік

2

4

6

8

8

8








Стратегиялық серіктес-ұйымдардың саны

Бірлік

2

3

4

4

4

4








3.2-мақсат. Біліктілікті арттыру саласында халықаралық ынтымақтастық

3.2.1-міндет. Ұстаздардың шетел білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыруы

Көрсеткіштер:

Шетелде біліктілікті арттыру курстарын өткен ұстаздардың саны (сертификат)

Адам

50

50

50

50

50

50

50

50

50

50

3.3-мақсат. IELTS, TOEFL, SAT I, II бағдарламалары бойынша халықаралық ынтымақтастық

3.3.1-міндет. IELTS, TOEFL, SAT I, II бағдарламалары бойынша біліктілік емтихандар

Көрсеткіштер:

Халықаралық сертификаттарға емтихандар тапсырған ұстаздардың саны

Адам

30

50

50

50

50

50

50

50

50

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады