Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1529 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 170-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері» деген 3-бөлімде:
      «Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, қызметін дамытудың стратегиялық мақсаттары және негізгі индикаторлары» деген кестеде:
      «Мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларын жасау және оларды пайдалану» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Спутниктік байланыс, сандық теле- және радиохабар таратудың ішкі және сыртқы тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру» деген 1.1-мақсат мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.1-мақсат
Спутниктік байланыс, сандық теле- және радиохабар таратудың ішкі және сыртқы тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру

Мақсатты индикатор:

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

ЖҚҚ өсуі, млрд. теңге







85

Экспорттың өсуі, млрд. теңге







15

Тіркелген спутниктік байланыс арналарында еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, %

-

-

-

30

50

80

80

Қазақстандық операторлардың халықаралық операторлардан спутниктік байланыс арналарын жалға алуына арналған шығыстарды қысқарту, %

-

-

-

25

25

25

25

Жоғары дәлдікті спутниктік навигация қызметіне еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, Қазақстан аумағын қамту %





10

20

30

Тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы санындағы қазақстандық ЖҚЗ ҒЖ деректерінің үлесі %






25

50

»;

      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 6-бөлімде:
      006 «Үкіметаралық келісім аясында несиелерге қызмет көрсету бойынша агент-банктердің бюджеттік қызметтерін төлеу» деген бюджеттік бағдарламада:
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолдың «2010 жыл» деген бағанындағы «5 465» деген сандар «4 323» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығындар жиынтығы» деген бөлімнің «2010 жыл» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

2010 жыл

14 970 766

1 202 963

13 767 803

0

0

0

14 970 766

1 202 963

13 767 803




                               »;

      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды бөлу» деген бөлімде:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «Мемлекеттік органның барлық шығындары, оның ішінде:» деген жолдағы «7 983 002» деген сандар «14 970 766» деген сандармен ауыстырылсын;
      «1. Стратегиялық бағыт. Нысаналы ғарыш жүйелерін, технологияларын жасау және оларды пайдалану» деген жолдағы «6 920 421» деген сандар «13 897 421» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2. Стратегиялық бағыт. «Байқоңыр» кешенін және ғарыш аппараттары өндірісі құралдарын дамыту» деген жолдағы «84 465» деген сандар «83 323» деген сандармен ауыстырылсын;
      006 «Үкіметаралық келісім аясында бюджеттік несиелерге қызмет көрсету бойынша агент банктердің бюджеттік қызметтерін төлеу» деген жолдағы «5 465» деген сандар «4 323» деген сандармен ауыстырылсын;
      «4. Стратегиялық бағыт. Ғарыштық қызметті институционалды қамтамасыз ету» деген жолдағы «247 456» деген сандар «259 362» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады