Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 201 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:
«Бішімбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы           көмекшісі

Сұлтанов                   - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы            бюджеттік жоспарлау министрі

Исекешев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы              сауда министрі

Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы          және минералдық ресурстар министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы            көмекшісі

Исекешев                   - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы              Премьер-Министрінің орынбасары -
                             Қазақстан Республикасының Индустрия және
                             жаңа технологиялар министрі

Айтжанова                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы          даму және сауда министрі

Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы          министрі».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады