"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімінің "Щучье-Бурабай курорттық аймағының Щучье көліндегі туристік ойын-сауық кешені (инфрақұрылым). Щучинск қаласындағы сыртқы су құбыры, кәріз, электрмен жабдықтау және су тазарту станциясының желілері (1-кезек)" объектісінің осы қаулыға қосымшаға сәйкес сыртқы сумен жабдықтау және кәріз желілерін (бұдан әрі - сыртқы желілер) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының теңгерімінен республикалық меншіктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының қосымшасында көрсетілген сыртқы желілерді қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 16 наурыздағы № 210 қаулысына қосымша |
Республикалық меншіктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне
берілетін "Щучье-Бурабай курорттық аймағының Щучье көліндегі
туристік ойын-сауық кешені (инфрақұрылым). Щучинск қаласындағы
сыртқы су құбыры, кәріз, электрмен жабдықтау және су тазарту
станциясының желілері (1-кезек)" объектісінің сыртқы сумен
жабдықтау және кәріз желілерінің тізбесі
Р/с № | Атауы | Ұзындығы, километр | Теңгерімдік құны, теңге |
1. | Сыртқы сумен жабдықтау желілері | 2,157 | 102 822 914 |
2. | Сыртқы кәріз желілері | 0,78 | 22 854 056 |
Жиыны: | 125 676 970 |