Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 626 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінде:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«екі білікті автобустар 13,5»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«екі біліктен артық біліктері бар автобустар 15»;
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«төрт білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш 44»;
14-тармақта:
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) екі еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7,5
1,8 метрден 2 метрге дейін 8
болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;
9) бір еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,10
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7
1,8 метрден 2 метрге дейін 7,5
болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс»;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) екі еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін сабақтас біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7,5
1,8 метрден 2 метрге дейін 8
болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;
11) бір еңкулі доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен артық тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін сабақтас біліктердің арасындағы ара қашықтық:
0,5 метрден 1 метрге дейін 5
1 метрден 1,3 метрге дейін 6,10
1,3 метрден 1,8 метрге дейін 7
1,8 метрден 2 метрге дейін 7,5
болғанда, біліктік салмақтардың қосындысы әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов