Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған резервінен 2010 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізуге ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 847530000 (сегіз жүз қырық жеті миллион бес жүз отыз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1401 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2010 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов