Әскери міндеттілерді әскери оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 314 Қаулысы

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы әскери оқу-жаттығу жиындарын өткеру үшін осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда денсаулық жағдайы бойынша жарамды әскери міндеттілер заңнамада белгіленген тәртіппен шақырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 314 қаулысына   
қосымша        

2010 жылы әскери оқу-жаттығу жиындарына тартылатын әскери
міндеттілердің саны

Р/с

Әскери бөлімнің атауы

Әскери міндеттілердің саны

Өткізу кезеңі

1.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (Құрлық әскерлерінің) резервтегі кіші мамандарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығы (Спасск кенті)

100

Маусым

100

Шілде

100

Тамыз

100

Қыркүйек

2.

30212 ә/б (Гвардейск кенті)

105

Қыркүйек

3.

14805 ә/б (Приозерск қаласы)

140

Шілде

4.

01731 ә/б (Тараз қаласы)

80

Шілде

5.

78639 ә/б (Талдықорған қаласы)

95

Тамыз

6.

68602 ә/б (Қапшағай қаласы)

60

Қыркүйек

7.

58012 ә/б (Қапшағай қаласы)

140

Қыркүйек

8.

65476 ә/б (Қапшағай қаласы)

60

Маусым

9.

54380 ә/б (Талдықорған қаласы)

60

Тамыз

60

Қыркүйек

Жиыны:

1200

Маусым - қыркүйек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады