«Түрік Республикасының Тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші» обьектісін республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 315 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласы әкімінің Астана қаласы, Тәшенов көшесі, № 8 үйдің ауданы мекен-жайында орналасқан Түрік Республикасының Түңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішін (бұдан әрі - объект) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің теңгерімінен республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектіні қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады