"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 321 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      «Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 206-құжат; 2006 ж., № 10, 88-құжат, № 50, 529-құжат; 2007 ж., № 2, 22-құжат, № 13, 146-құжат, № 45, 528-құжат; 2008 ж., № 1, 1-құжат, № 28, 263-құжат; 2009 ж., № 21, 186-құжат, № 27-28, 234-құжат, № 32, 295-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен айқындалған Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Исекешев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы            орынбасары - Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрі, төрағаның
                           орынбасары;

      Комиссия мүшелері:

Айтжанова                - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы        даму және сауда министрі;

Шоқпытов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Андар Мәулешұлы            вице-министрі;

Дәленов                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы          вице-министрі;

Шолпанқұлов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі;

      мына:

«Кармазина               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Лена Мағауияқызы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы»,

«Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы          бюджеттік жоспарлау министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Кармазина               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Лена Мағауияқызы           вице-министрі, хатшы»,

«Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы          көмекшісі»;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан С.Н. Ахметов, Қ.У. Бішімбаев, М.Ә. Құсайынов, Т.М. Сүлейменов шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады