Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2010 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 344 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 266 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 266 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2010 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген каулымен бекітілген 2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 26-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мерзімді баспа басылымдарын әзірлеу және шығару»;
      3-бағандағы «ғылыми-әдістемелік журнал» деген сөздер «мерзімді баспа басылымы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады