Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 346 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 31

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 31.12.2015 № 1185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 512-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және 1-тармақта:
      «өнімін» деген сөзден кейін «және оның терең қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      «оны» деген сөз «оларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесінде:
      тақырыбында:
      «өнімін» деген сөзден кейін «және оның терең қайта өңдеу өнімдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      «оны» деген сөз «оларды» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады