"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2009 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 366 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2009 жылғы есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2009 жылғы есепті бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 134-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2009 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2009 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ақпарат ретінде ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2009 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы «__» ________
№ ____ Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2009 жылғы
ЕСЕП МАЗМҰНЫ

1-бөлім.   Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және
           оны пайдалану туралы есеп
2-бөлім.   Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік
           басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық
           Банкінің қызметі туралы 2009 жылғы есеп
3-бөлім    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі
           2009 жылғы өзге де деректер

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері
және оны пайдалану туралы 2009 жылғы есеп

Р/с

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің басындағы қаражаты

3 310 783 255*

2.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер:

2 297 417 901

оның ішінде:
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда)

1 371 362 802

оның ішінде:



корпоративтік табыс салығы

559 481 255

үстеме пайдаға салынатын салық

233 318 841

бонустар

4 606 909

пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

317 072 658

өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

52 525 353

экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

204 357 786

қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі

0

мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда)

6 083 054

оның ішінде:


орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

6 073 958

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

9 096

республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер

467

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

654 091

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер

919 317 487

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер

0

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының пайдаланылуы:

1 107 498 030

оның ішінде:


кепілдік берілген трансферттер

843 100 000

нысаналы трансферттер

261 500 000

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу

2 898 030

4.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты:

4 500 703 126**

      * 2009 жылдың басындағы сальдо 1 411 680 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 51 мың теңге айырма мен «Эрнст энд Янг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - «Эрнст энд Янг» ЖШС) сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген;
      ** 2009 жылдың аяғындағы сальдо 4 211 788 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын, 51 мың теңге айырма мен «Эрнст энд Янг» ЖШС сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 486 962 410 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.
      2009 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 3 310 783 255 мың теңгені (3 309 371 524 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен), 2009 жылғы 31 желтоқсанға 4 500 703 126 мың теңгені (4 009 528 878 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.
      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (бұдан әрі - ХҚЕС) 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау» талаптарын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қоржынына сатып алынған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгро» АҚ) облигацияларының баланстық құнын түзету жүргізілді (сатып алу-сату шарттары бойынша номиналдық құн 749 900 000 мың теңгені құрады). Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерінің өзгерістері туралы есебінде «Басқа да бөлулер» бабы бойынша көрсетілген түзетулердің мөлшері 486 962 410 мың теңгені құрады және кірістілік бойынша дисконтталған, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыс мерзімдері ұқсас қазынашылық облигацияларына ұқсас бағалы қағаздардың деректері бойынша болашақ ақша ағындарының номиналдық құны мен келтірілген құны арасындағы айырма ретінде есептелді.
      2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1 378 100 414 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 1 371 362 802 мың теңге, оның 467 377 170 мың теңгесі (3 329 148 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) - 6 083 054 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 654 091 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер - 919 317 487 мың теңге.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы

Салық төлемдерінің түрі

Сомасы (мың теңге)

Жалпы көлемдегі үлесі (%)

1

2

3

Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде

559 481 255

40,62

КТС 101105*

430 426 705

31,25

КТС 101106*

15 518 684

1,13

КТС 101107*

110 078 468

7,99

КТС 101109*

3 457 398

0,25

Үстеме пайдаға салынатын салық

233 318 841

16,94

Бонустар

4 606 909

0,33

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

317 072 658

23,02

Өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

52 525 353

3,81

Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

204 357 786

14,84

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

6 073 958

0,44

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

0

0

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

9 096

0

БАРЛЫҒЫ:

1 377 445 856

100,00

      Ескертпе:
      * КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы ұйымдарынан алынатын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101106 - мұнай секторы ұйымдары резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101107 - мұнай секторы ұйымдары резидент емес заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101109 - мұнай секторы ұйымдары болып табылатын резидент емес заңды тұлғалардың таза табысына салынатын корпоративтік табыс салығы.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (40,62 %) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдердің жалпы сомасының 23,02 %-ін құрайтын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық алады. Үстеме пайдаға салынатын салық түсімдердің жалпы сомасының 16,94 %-ін құрайды, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы түсімдердің жалпы сомасының 14,84 %-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 3,81 %-ін құрады.
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007 - 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы № 189 Заңына сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 843 100 000 мың теңгенің 843 100 000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 100 %-ін құрайды.
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 777 Жарлығына сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі өсу деңгейін болдырмау және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін мақсатты трансферт түрінде жоспарланған 347 900 000 мың теңгеден 261 500 000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 75,2 %-ін құрайды.

2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2009 жылғы есеп

      «КПМГ Аудит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дұрыс деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.

1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы

2009 жылы

2008 жылы

Активтер



Ақша және оның баламалары

200 429 000

49 161 183

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы құралдары

3 536 888 162

3 258 923 673

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

276 814 215


Туынды қаржы құралдары

1 568 264

4 901 962

Дебиторлық берешек

2 543

1 259 171

Активтер жиыны

4 015 702 184

3 314 245 989

Міндеттемелер мен таза активтер



Туынды қаржы құралдары

1 956 773

2 466 448

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

4 216 533

2 408 017

Міндеттемелер жиыны

6 173 306

4 874 465

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

4 009 528 878

3 309 371 524

      2009 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кредиторлық берешегінің және есептелген шығыстарының жалпы сомасы 4 216 533 мың теңгені құрады, одан:
      инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы кредиторлық берешек - 4 745 мың теңге;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін кредиторлық берешек теңгемен - 4 211 788 мың теңге, оның ішінде:
      активтерді басқарғаны үшін комиссия - 4 146 484 мың теңге, оның ішінде:
      - 3 115 204 мың теңге - сыртқы басқарушылардың қызметтері үшін комиссия;
      - 1 031 280 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы;
      - басқа да есептелген шығыстар - 65 304 мың теңге, оның ішінде:
      - 54 440 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы кастодианы BNY Mellon қызметтері үшін;
      - 10 864 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының аудитін жүргізу жөніндегі қызмет үшін;
      - 2009 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешекті білдіретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 2 543 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың 2009 жылғы қорытындылары бойынша есептелген кірістер мен шығыстар бойынша негізгі көрсеткіштер мынаны құрады:
      1) басқару нәтижелері бойынша кірістер - 266 737 159 мың теңге;
      2) басқарудан келген шығыстар - 5 698 137 мың теңге;
      3) теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша оң айырма - 652 580 328 мың теңге.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару шығыстары шегерілгенге дейін жалпы жиынтық кіріс 919 317 487 мың теңгені, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару шығыстары шегерілгеннен кейінгі жалпы жиынтық кіріс 913 619 350 мың теңгені, 2009 жылғы таза пайда 261 039 022 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының BNY Mellon кастодиан банкінің деректері бойынша 2009 жылғы 1 қаңтар - 2009 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде базалық валюта - АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (іске асырылған және іске асырылмаған) пайда болды, ол 1 464 078 мың АҚШ долларын құрады. Мәмілелер жасауға арналған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық кіріс BNY Mellon кастодиан банкінің деректері бойынша осы кезеңде 1 463 647 мың АҚШ долларын құрады.

2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайдасы мен шығындары туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2009 жылы

2008 жылы

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер

89 071 200

78 740 645

Дивидендтер түріндегі кірістер

12 534 617

13 464 972

Форвардтық валюталық келісім-шарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс

66 736 172

(88 789 714)

Форвардтық валюталық келісім-шарттардан түсетін таза пайда/(шығын)

(1 594 031)

5 128 845

Шетел валюталарын қайта бағалаудан түсетін таза пайда/(шығын)

99 989 201

(88 009 645)

Кірістердің жиыны

266 737 159

(79 464 897)

Шығыстар



Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

5 395 086

1 360 501

Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

279 389

227 349

Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

10 864

14 820

Кәсіби қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

-

1 774

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар

12 798

17 898

Шығыстардың жиыны

5 698 137

1 622 342

Таза кіріс (шығын)

261 039 022

(81 087 239)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқаруға байланысты жалпы сомасы 2 898 030 мың теңге мынадай шығыстар төленді:
      1 925 203 мың теңге - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы, оның ішінде 1 327 028 мың теңге 2009 жылғы қызметтер үшін, 598 175 мың теңге 2008 жылғы қызметтер үшін;
      601 330 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы, оның ішінде 88 041 мың теңге 2009 жылғы қызметтер үшін, 513 289 мың теңге өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      317 513 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ғаламдық кастодианы BNY Mellon Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсеткені үшін төлемақы, оның 180 059 мың теңгесі 2009 жылғы қызметтер үшін, 137 455 мың теңге 2008 жылғы қызметтер үшін;
      26 324 мың теңге - теңгеге номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау жөнінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы көрсеткен қызметтерге төлемақы;
      14 820 мың теңге - 2008 жылғы сыртқы аудит қызметіне ақы төлеу;
      8 700 мың теңге - 2009 жылы «The Yield Book Inc.» компаниясы көрсеткен қызметтер үшін төлемақы;
      3 763 мың теңге - 2008 жылы «Barra International LTD» компаниясының бағдарламалық өнімін пайдаланғаны үшін төлемақы;
      334 мың теңге - «Fitch Ratings» компаниясының бағдарламалық өнімін пайдаланғаны үшін төлемақы;
      32 мың теңге - «Бірінші тәуелсіз тіркеуші» акционерлік қоғамының теңгеге номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау жөніндегі қызметтері үшін;
      11 мың теңге - «Қор орталығы» акционерлік қоғамының теңгеге номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау жөніндегі қызметтері үшін.

3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2009 жылы

2008 жылы

1

2

3

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы



Таза пайда (шығын)

261 039 022



Түзетулер:



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша дисконтты босату

(13 876 625)



Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан іске асырылмаған шығын немесе пайда

(161 669 914)

153 003 360

Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы

85 492 483

71 916 121

Операциялық активтердің азаюы (ұлғаюы):



Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

536 285 753

(940 488 712)

Туынды қаржы құралдары

3 333 698

(3 953 396)

Дебиторлық берешек

1 256 628

1 307 327

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы):



Туынды қаржы құралдары

(509 675)

1 408 772

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

1 808 516

(239 327)

Ақша қаражатын операциялық қызметте таза пайдалану

627 667 403

(870 049 215)

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын сатып алу



Инвестициялық қызметте ақша қаражатын таза пайдалану



Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 378 100 414

1 718 764 804

Республикалық бюджетке аударымдар

(1 104 600 000)

(1 072 421 333)

Басқа аударымдар

(486 962 410)



Қаржы қызметінен ақша қаражатының таза түсімі/(әкетілуі)

(213 461 996)

646 343 471

Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

151 267 817

(223 705 744)

Кезең басындағы ақша және оның баламалары

49 161 183

272 866 927

Кезең соңындағы ақша және оның баламалары

200 429 000

49 161 183

4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп

(мың теңгемен)

Баптың атауы

Түсімдер

Алулар

Таза пайда (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы

1

2

3

4

5

6

2007 жылғы 31 желтоқсанға сальдо

2 778 955 910

(265 509 108)

419 572 731

(202 131 625)

2 730 887 908

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 718 764 804




1 718 764 804

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар


(1 072 421 333)



(1 072 421 333)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері




11 123 317

11 123 317

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері




2 104 067

2 104 067

Таза пайда (шығын)



(81 087 239)


(81 087 239)

2008 жылғы 31 желтоқсанға сальдо

4 497 720 714

(1 337 930 441)

338 485 492

(188 904 241)

3 309 371 524

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 378 100 414




1 378 100 414

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар


(1 104 600 000)



(1 104 600 000)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері




758 095 124

758 095 124

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері




(105 514 796)

(105 514 796)

Таза пайда (шығын)



261 039 022


261 039 022

Басқа бөлу


(486 962 410)



(486 962 410)

2009 жылғы 31 желтоқсанға сальдо

5 875 821 128

(2 929 492 851)

599 524 514

463 676 087

4 009 528 878

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері 2009 жылдың аяғында 4 009 528 878 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 21 %-ті құрады. Негізінен активтердің ұлғаюына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) бойынша түсімдер көлемінің артуы есебінен қол жеткізілді.

3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2009 жылғы өзге де деректер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
басқару
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюталық қоржынының жалпы нарықтық құны 2009 жылғы 31 желтоқсанда 27 632 355 942 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде валюта қоржыны - 24 352 264 270 АҚШ доллары (88,13%) және «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазАгро» АҚ облигациялар қоржыны - 3 280 091 672 АҚШ доллары (11,87%). Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюталық қоржынының құрамына кіретін тұрақтандыру және жинақ қоржынының нарықтық құны тиісінше 5 989 807 637 (24,60%) және 18 362 456 632 (75,40%) АҚШ доллары болды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық қоржынының құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны BNY Mellon кастодиан банкінің деректеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тарихи кірістілігі

      РҚАО-ның ескертпесі: диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтерін
бөлу құрылымы

Мандат түрі

Барлығы

USD-мен нарықтық құны

%

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

14 131 248 817

58,03

Ақша нарығы

5 989 807 637

24,60

Акциялар

3 330 530 098

13,68

Жаһандық тактикалық бөлу

900 677 718

3,70

БАРЛЫҒЫ

24 352 264 270

100,00

Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні


31.12.2008

31.03.2009

30.06.2009

30.09.2009

31.12.2009

Ақша және ақша нарығының құралдары

94,96

97,63

93,52

81,41

94,68

Облигациялар

5,04

2,37

6,48

18,59

5,32

Тұрақтандыру қоржынының барлығы

100,00

100,00

100,00

100,00

100,00

Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні


31.12.2008

31.03.2009

30.06.2009

30.09.2009

31.12.2009

Ақша және ақша нарығының құралдары

3,82

3,92

4,81

4,14

4,08

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

80,24

81,23

78,33

77,62

77,07

Акциялар

15,94

14,85

16,86

18,23

18,85

Жинақтау қоржынының барлығы

100,00

100,00

100,00

100,00

100,00

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылғаннан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы инвестициялық кіріс 4 157 млн. АҚШ долларын құрады. Құрылғаннан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі 54,98% құрады, ол жылдық мәнде 5,24%-ті құрайды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
      тұрақтандыру қоржыны;
      жинақтау қоржыны;
      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
      акциялар қоржыны;
      активтерді тактикалық орналастыру қоржыны.
      Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы эталондық қоржынға (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланады. Эталондық қоржындар (индекстер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде айқындалған.
      2009 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дербес басқаруындағы тұрақтандыру қоржынының активтері ақша нарығы құралдарына, Америка Құрама Штаттарының қазынашылығының бағалы қағаздарына, сондай-ақ Батыс Еуропа елдерінің мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды.
      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2009 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында 1,24 %-ті құрады, осы кезеңде эталондық қоржынның (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 0,58 %-ті құрады. Осылайша, тұрақтандыру қоржынының активтерін басқару нәтижесінде 2009 жылы 0,66 % мөлшерінде оң үстеме кірістілік алынды.
      Жинақтау қоржынының кірістілігі 2009 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында 10,19 %-ті құрады. 2009 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында эталондық қоржынның кірістілігі 11,95 %-ті құрады. 2009 жылы жинақ қоржынының үстеме кірістілігі теріс және (-) 1,76 % болды, бұл әлемдік қор нарықтарының өсу аясында активтерді 2009 жылғы 15 желтоқсанға дейін облигациялар қоржынының пайдасына тактикалық бөлу жөніндегі активтік ұстанымға байланысты болды1.
      Сонымен бірге, жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижелері барлық мандат түрлері бойынша оң нәтижемен қатар, теріс нәтижелерді де көрсетті.
      Осылайша, 2009 жылы оң үстеме кірістілікке «Жаһандық акциялар» мандат түрі бойынша 1,10 %-ті құраған және «Активтерді жаһандық тактикалық бөлу» мандат түрі бойынша 8,88 %-ті құраған активтерді басқару нәтижесінде қол жеткізілді, «Жаһандық облигациялар» мандат түрі бойынша (-) 0,20 %-ды құраған теріс үстеме кірістілік көрсетілді.

_______________________________
1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 107  қаулысына сәйкес бейтарап ұстанымға келтіру.

Мандаттардың түрлері бойынша жинақтау қоржынының
кірістілігі

      РҚАО-ның ескертпесі: диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз.

Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі

      РҚАО-ның ескертпесі: диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнінде 2009 жылы өткізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат

      Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Бірлескен іс-қимыл жоспары) мақұлданды.
      Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы 2 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және 2009 жылғы 18 ақпанда «ҚазАгро» АҚ-ның облигацияларын сатып алу-сату шарттарын жасасты және осы облигацияларды тиісінше 480 млрд. теңге және 120 млрд. теңге сомасына сатып алуды жүзеге асырды.
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 6 қаулысына сәйкес тәуекелдерді барынша азайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Қор активтерінің өтімділігін арттыру мақсатында 2009 жылғы 1 сәуірден бастап облигациялар қоржыны үшін эталондық қоржынға кіретін бағалы қағаздарды өтеуге дейінгі орташа мерзім азайтылды, осылайша ол:
      Merrill Lynch US Treasury (G0Q0) - 45%,
      Merrill Lynch EMU Direct Governments (EG00) - 30%,
      Merrill Lynch UK Gilts (G0L0) - 10%,
      Merrill Lynch Japan Governments (G0Y0) - 10%,
      Merrill Lynch Australian Governments (G0T0) - 5%-тен:
      Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 45%,
      Merrill Lynch EMU Direct Governments, 1-10 Yrs (EG05) - 30%,
      Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-10 Yrs (G5L0) - 10%,
      Merrill Lynch Japan Governments, 1-10 Yrs (G5Y0) - 10%,
      Merrill Lynch Australian Governments, 1-10 Yrs (G5T0) - 5%-ке өзгертілді.
      2009 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы болды, онда мынадай ұсыныстар мақұлданды:
      1. «Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысу үлесінің 50%-ін және «Богатырь Аксесс Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысу үлесінің 50%-ін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алуы жөніндегі мәмілені қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаражат бөлу жөнінде;
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтаушы қоржыны эталондық қоржынының қолданыстағы тактикалық бөлінуін 80% облигациялардан және 20% акциялардан тұратын индекске өзгерту жөнінде;
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтаушы қоржынының қолданыстағы валюталық бөлінуін еуроның үлесін 30%-тен 35%-ке ұлғайту есебінен АҚШ долларының үлесін 45%-тен 40%-ке дейін төмендету жолымен өзгерту жөнінде;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес отырысының 2009 жылғы 23 қарашадағы № 01-7.14 хаттамасының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен облигацияларын сатып алу-сату туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 603 шартты жасасты және осы облигацияларды 149,9 млрд. теңге сомасына сатып алуды жүзеге асырды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтаушы қоржынының эталондық қоржынының қолданыстағы тактикалық бөлінуін 80% облигациялардан және 20% акциялардан тұратын индекске өзгертуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтаушы қоржынының қолданыстағы валюталық бөлінуін еуроның үлесін 30%-тен 35%-ке ұлғайту есебінен АҚШ долларын 45%-тен 40%-ке дейін төмендетуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 107 қаулысы қабылданды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:
      2009 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын инвестициялауға байланысты мәселелер бойынша «Республика. Іскерлік шолу. Дубль 2» газетіне түсіндірмелер жіберді;
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі 2009 жылғы мамырда «Астана» елордалық телеарнасының эфирінде шыққан «Vision on films» продюсерлік орталығының «Артық емес ақша» алғашқы бағдарламасына қатысты;
      2009 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі «Алаш Айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газетіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының дағдарыс кезінде жұмыс істеуіне қатысты мәселелері бойынша сұхбат берді;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп пен сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2009 жылғы 23 маусымдағы № 211-213 «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 маусымдағы № 151 «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің web-сайтына орналастырылды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің web-сайтына (www.minfin.kz) орналастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады