Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 447 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Әзімханұлы Жарқынбаев» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады