Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 455 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 765 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 765 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Жақсыбеков           - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,
Әділбек Рыскелдіұлы    төрағаның орынбасары,

Елемесов             - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Омархан Көптілеуұлы    Әскери-техникалық саясат департаменті
                       бастығының міндетін уақытша атқарушы, хатшы,

Айтжанова            - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Жанар Сейдахметқызы    және сауда министрі,

Жәмішев              - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы

Қырғызбаев          - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Болат Исатайұлы       комитеті төрағасының орынбасары - Шекара
                      қызметінің директоры (келісім бойынша),

Мұхамедияров        - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы»
Марат Елжасұлы        акционерлік қоғамының президенті (келісім
                      бойынша);

      мына:

«Исекешев           - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы       сауда министрі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Исекешев           - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы       орынбасары - Қазақстан Республикасының
                      Индустрия және жаңа технологиялар министрі,
                      төрағаның орынбасары»;

      көрсетілген құрамнан Ахметов Серік Нығметұлы, Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Ыбыраев Азамат Болатұлы, Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы, Ноғаев Аюхан Төлеутайұлы шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      3-тармақ 2) тармақшадағы «әзірлеу» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) пайдаланылмайтын қару-жарақты өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу»;
      7-тармақтағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қорғаныс министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады