2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 531 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 531 қаулысымен   
бекітілген      

2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік
емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын
инвестициялық жобалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.04
N 785 Қаулысымен.

Р/с

Жобаның атауы

Жобаның жалпы құны (мың теңге)

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері (мың теңге)

Қарыз алушы


1

Қазақстан Ұлттық электр желісінің 500, 220 кВ кернеулі желілеріне жалғай отырып, 500/220 кВ «Алма» қосалқы станциясын салу

29 967 598

2009-2013

13 080 507

«Электр желілері басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамы

2

«Алматы қаласының электр көлігін дамыту» жобасын іске асыру

8 137 700

2009 - 2012

5 400 000

«Алматы электр көлігі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады