Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 531 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 785 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 531 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

«

2

«Алматы қаласының электр көлігін дамыту» жобасын іске асыру

8 137 700

2009 - 2012

5 400 000

«Алматы электр көлігі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады