"СК-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 564 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қадағалау кеңесінің құрамына мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевты қадағалау кеңесінің төрағасы;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиевті қадағалау кеңесінің мүшесі;
      3) «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры етіп тағайындай отырып, бұл міндеттерден Вадим Павлович Зверьковты босатып, Сыздық Асылбекұлы Баймұқановты қадағалау кеңесінің мүшесі етіп сайлау ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады