Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығын қараңыз.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 570 қаулысымен   
бекітілген       

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аңшылық, балық ресурстары және басқа да су жануарларының объектісі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды балық шаруашылығы ұйымдарының арасында бөлу тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі;
      2) Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу жануарлар ресурстарын, аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.
      4. Аңшылық объектісі болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды бөлуді балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық
объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып
қоюға арналған квоталарды бөлу тәртібі

       6. Аңшылық шаруашылығы субъектісі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне аңшылық алқаптардың өнімділігі және аңшылық шаруашылығын жүргізудің деңгейі туралы қысқаша анықтамамен бірге алдағы жылдың 1 қазанына дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың аңшылық объектілері болып табылатын түрлері бойынша есеп деректерінің негізінде өтінім береді.
      7. Өтінімде:
      1) аңшылық шаруашылығының атауы;
      2) жануардың түрі;
      3) ағымдағы жылғы (дарақтардың) саны;
      4) бекітілген алып қою нормативі;
      5) (дарақтарды), соның ішінде (тұяқтылар үшін) аталықтарды, аналықтарды, шабақтарды алып қоюға сұратылған квота көрсетіледі.
      8. Аңшылық шаруашылығы субъектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюдың тиісті жылға арналған квоталарын қалыптастыруды берілген өтінімдер негізінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      9. Жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.
      10. Қазақстан Республикасының Үкіметі аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен берілген өтінімдерді ескере отырып, аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде алдын ала Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен келісілген аңшылық объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қою квоталарын бөлуді және бекітуді жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру және басқалар) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.
      12. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе немесе аңшылық шаруашылығы субъектісі аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттемелерді бұзса, онда аталған аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жануарлар түрлерін аулауға арналған квота бөлінбейді.

3. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға
арналған квоталарды бөлу тәртібі

      13. Балық ресурстарын алып қоюға арналған квоталар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті жылға арналған жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерінің (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) негізінде балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектілері арасында балық ресурстары және басқа да су жануарларының түрлік құрамына пайыздық қатынаста бөлінеді.
      14. Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін (балық ресурстары және басқа су жануарлары бөлігінде) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы лимитінің 7 % шегінде өсімін молайту, әуесқойлық (спорттық) балық аулау мақсаттарында аулаудығылыми-зерттеубақылаумелиоративтікэксперименталдық аулауды жүзеге асыру үшін квота белгілейді.
      Балық шаруашылығы су айдынында резервтік қор болған жағдайда Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері осы су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталар бөлінгенге дейін ғылыми ұйымдардың ұсыныстары бойынша алынған көлем шегінде квота белгілейді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алу үшін балық шаруашылығы субъектілері ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Өтінімде:
      1) балық шаруашылығы субъектісінің атауы;
      2) Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың жасалған күні мен нөмірін көрсете отырып, бекітілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы;
      3) ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі (теңге) көрсетіледі.
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      18. Кәсіпшілік учаскелеріне бөлінбеген су айдындарына балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған лимиттерге сәйкес бөледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19. Әртүрлі балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген екі және одан да көп балық шаруашылығы учаскелеріне бөлінген балық шаруашылығы су айдындарына квоталарды бөлу балық шаруашылығы субъектілері берген өтінімдерді ескере отырып, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимитінің түрлік құрамына пайыздық қатынаста барабар жүзеге асырылады.
      Су айдынында ғылыми ұйымдардың ұсынымдары бойынша айқындалған балық кәсіпшілігі аудандары (биотоптар) болған жағдайда квотаны бөлу балық кәсіпшілігі аудандарын (биотоптарды) ескере отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      20. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн ішінде шығарылады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алған балық шаруашылығы субъектілері ай сайын Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне оның пайдаланылуы туралы есеп береді.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Балық шаруашылығы субъектісі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квотаның 25 % ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін игермеген жағдайда Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының қатысуымен бөлінген квотаның игерілмеген бөлігін, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квотасын басқа балық шаруашылығы субъектісіне осы балық шаруашылығы су айдынының басқа учаскелеріне қайта бөледі.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      23. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      25. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      26. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Жануарлар дүниесі       
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына 
1-қосымша           

________ аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып
табылатын жануарларды түрлері бойынша алып қоюға арналған
квотаны алуға өтінім

Аңшылық шаруашылығының атауы

Жануардың түрі

Ағымдағы жылғы (дарақтардың) саны

Алып қоюдың бекітілген нормативі

Алып қоюға (дарақтарды) сұратылған квота

Соның ішінде (тұяқтылар үшін)






аталығы

аналығы

шабақтары









































Берілген күні
МО

Аңшылық шаруашылығы
субъектісі басшысының Т.А.Ә.                          қолы

Жануарлар дүниесі       
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына 
2-қосымша           

Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында
және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су
жануарларын алып қоюға
ӨТІНІМ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Балық шаруашылығы субъектісінің атауы ______________________
      2. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және
(немесе) учаскенің атауы ____________________________________________
      Аумақтық бөлімшемен жасалған Балық шаруашылығын жүргізуге
арналған ______ жылғы «___» ________ № ____ шарт
      3. Балық өнімділігінің аудандарын (биотоптар) ескере отырып,
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға сұрап отырған
квота _______________________________________________________________

      Берілген күні
          М.О.

      Балық шаруашылығы субъектісі
      басшысының Т.А.Ә.___________________       Қолы _______________

Жануарлар дүниесі      
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына 
3-қосымша           

Балық және басқа су жануарларын аулау квоталарын бөлу
қорытындылары

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Жануарлар дүниесі       
объектілерін алып қоюуға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
4-қосымша           

Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады