Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 шілдедегі N 733 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 19 шілдедегі
№ 733 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 қаулысында:
      2-тармақтың 2) тармақшасында және 34-тармақтарда "және ақпарат" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      3-бағанда:
      реттік нөмірі 4-1-жолда "МАМ-ға" деген сөз "БАМ-ға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 18, 19, 20, 21, 22, 23, 37, 43-2-жолдарда "МАМ-ға" деген сөз "ММ-ге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-бағанда:
      реттік нөмірі 5-жолда "МАМ" деген аббревиатура "ММ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 17-жолда "МАМ", "ИСМ", "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ММ" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 25-жолда "МАМ" деген аббревиатура "ММ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 29, 41, 42 және 44-жолдарда "МАМ" деген аббревиатура "БАМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 46-жолда "МАМ", "ЭБЖМ", "ИСМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ММ" және "ЭДСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 25-1-жолдың 3 және 4-бағандарында "МАМ" және "ЭБЖМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ММ" және "ЭДСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ММ - Қазақстан Республикасы Мәденист министрлігі";
      "Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі";
      "ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі".
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. "Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 7 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      4-бағанда:
      реттік нөмірлері 7, 20, 40, 42, 47 және 53-жолдарда "МАМ" деген аббревиатура "ММ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 15, 43, 52 және 54-жолдарда "МАМ" деген аббревиатура "БАМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 38-жолда "ЭБЖМ" деген аббревиатура "ЭДСМ"
деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі";
      "Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі";
      "АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі".
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 266 Қаулысымен.
      5. "Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 179 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      3-бағанда:
      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдарда "Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген сөздер "Байланыс және ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 4-жолда "және ақпарат" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 4-жолдың 3-бағанында "және ақпарат" деген сөздер алынып тасталсын.
      6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
      13-тармақтың үшінші абзацында "29," деген сандар алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады