Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 814 Қаулысы

      Қырғыз Республикасында қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына мүлікпен ізгілік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қырғыз Республикасына ізгілік көмекті Ош станциясына дейін тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен ізгілік көмек бар көліктің шекаралық бақылаудан өтуін және Қазақстан Республикасының шекарасынан жедел өтуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берілетін ізгілік көмекті алушыны айқындасын, сондай-ақ оны алу жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 12 тамыздағы
№ 814 қаулысына   
қосымша       

Қырғыз Республикасына ізгілік көмек ретінде берілетін
мүліктің тізбесі

      1. КП-125 дала асханалары                  - 10 бірлік
      2. Су тасуға арналған АРС-14               - 5 бірлік
      3. Ет консервілері                         - 20 тонна
      4. Ет өсімдік консервілері                 - 20 тонна

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады