Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 994 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 791 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1796 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      3) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай  және газ министрлігі туралы ережеде:
      15-тармақта:
      32) тармақшада «жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асырады;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
      «33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1796 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.08.2013 № 791 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 23 тамыздағы
№ 826 қаулысына 
1-қосымша     

Өнеркәсіп саласындағы
жекелеген қызмет түрлерін
лицензиялау ережесіне
1-қосымша   

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
лицензиялайтын қызмет түрлерінің
тізбесі

      1. Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық).
      Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      1) тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
      2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау;
      3) мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау;
      4) мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
      5) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру;
      6) шахталарды (мұнай-газ кен орындарын) жабу жөніндегі тарату жұмыстары;
      7) кен орындарында (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты) технологиялық жұмыстар жүргізу;
      8) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
      9) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
      10) мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау;
      11) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу, мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергішін орнату;
      12) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау;
      13) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
      14) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
      15) құрлықта және теңізде мұнай төгілуінің, ұңғымалардың өздігінен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
      16) мыналардың:
      органикалық химия (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты); каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсібі өнімдерінің, техникалық көміртегінің, химиялық талшықтардың, полимерлік материалдар мен пластмассаның;
      құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
      17) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын (мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын) пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия өндірістері саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау;
      18) мына:
      мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерінің;
      октан санын арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және құрамдауыштар енгізу жөніндегі;
      белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен құрамдауыштар енгізу жөніндегі;
      дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу жөніндегі;
      мұнай майларына телімдер енгізу жөніндегі мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық).
      2. Мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см -ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда).
      Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу);
      2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);
      3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату);
      4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 23 тамыздағы
№ 826 қаулысына  
2-қосымша    

Өнеркәсіп саласындағы
жекелеген қызмет түрлерін
лицензиялау ережесіне
1-1-қосымша    

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі лицеизиялайтын қызмет түрлерінің
тізбесі

      1. Тау-кен, химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану.
      Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      1) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіруді жобалау;
      2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау;
      3) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
      4) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру;
      5) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жер асты тәсілдерімен ашу және игеру;
      6) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу;
      7) кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда);
      8) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда);
      9) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);
      10) ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);
      11) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);
      12) мыналардың:
      органикалық (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда) және органикалық емес химия өнімдерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
      13) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда) пайдалану, химиялық өндіріс саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау.
      2. Минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда).
      Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      1) пайдалы қазбаларды бөлудің физикалық тәсілі;
      2) пайдалы қазбаларды бөлудің физика-химиялық тәсілі;
      3) пайдалы қазбаларды бөлудің химиялық тәсілі;
      4) пайдалы қазбаларды бөлудің металлургиялық (пирометаллургия, күйдіру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсілі;
      5) құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық  және басқа да өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу.
      3. Тау-кен саласында химиялық, бұрғылау, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда).
      Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу);
      2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);
      3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату);
      4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады