"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 838 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 65-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ауыр жұмыстар - қызметкердің едәуір ауыр заттарды (10 кг-дан жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, орнын ауыстыруға және тасымалдауға байланысты әрі үлкен күш-қуатты талап ететін (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) жұмыстары;»;
      14) тармақшадағы «үзіліссіз» деген сөз алып тасталсын;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) еңбек стажы - еңбек шарты бойынша жұмысты орындау, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек стажына қосылатын өзге де кезеңдер;»;
      мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «53-1) кәсіптік стандарт - нақты кәсіптік қызмет саласындағы қызметкерлердің біліктілігіне әртүрлі біліктілік деңгейлері бойынша қойылатын талаптарды айқындайтын құқықтық акті;»;
      56) тармақшадағы «еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы» деген сөздер «кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      57) тармақшадағы «еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға)» деген сөздер «кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      60) тармақшадағы «қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке  және (немесе) заңды тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «60-1) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар - білікті кадрлары мен өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен шарттары бар, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі ұйымдар;»;
      62) тармақшадағы «салыстырмалы түрде» деген сөздер алып тасталсын;
      63) тармақшада:
      «өндірістік жарақаттануы,» деген сөздерден кейін «кәсіптік ауруы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына» деген сөздер «кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      67) тармақшада «, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын» деген сөздер «(цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ ұйымның бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 10-баптың 2-тармағы «танылады» деген сөзден кейін «және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 11-баптың 3-тармағы «табылады» деген сөзден кейін «және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 12-бапта:
      2-тармақтағы «осы Кодекстің 266-бабына сәйкес құрылған комиссияға» деген сөздер «қызметкерлердің өкілдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадан редакцияда жазылсын:
      «3. Жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қызметкерлердің өкілдері талқылайды.»;
      4-тармақтағы «Комиссияның» деген сөз «Қызметкерлер өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы «не олар ұсынған редакциядағы актіні шығаруға» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақтағы «нормативтік актіні» деген сөздер «акті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 16-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін айқындайды;»;
      6) 17-бапта:
      8) тармақшада «қарайды.» деген сөз «қарайды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады.»;
      7) 22-баптың 1-тармағының 22) тармақшасындағы «қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» деген сөздер «және сонымен тікелей байланысты қатынастар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 23-баптың 2-тармағында:
      6) тармақшадағы «жұмыс берушінің актілерімен» деген сөздер «ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) тармақшада «талап етуге міндетті.» деген сөздер «талап етуге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) жұмыс беруші айқындайтын, 18 жасқа дейінгі қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты және туған күні көрсетілетін тізілімдерді немесе басқа да құжаттарды жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
      9) 28-баптың 3-тармағындағы «танылады» деген сөзден кейін «және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 29-баптың 1-тармағының 2)тармақшасында:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен еңбек шарты, ол атқаратын еңбек функциясы бойынша қайтадан жасалған жағдайда, ол да белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші бөліктерінің ережесі еңбек қызметін шетелдік жұмысшы күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды.»;
      төртінші бөліктегі «тәулік» деген сөз «соңғы жұмыс күні (ауысым)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 31-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы «немесе оралманның куәлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ «1-тармағында» деген сөзден кейін «, сондай-ақ өзге де заңнамалық актілерде» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 33-баптың 2-тармағында «үш күн мерзімде» деген сөздер «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 34-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қызметкердің жалақысы туралы анықтама;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын;
      «5-1) аударылған зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме;
      5-2) жүргізілген әлеуметтік аударымдары туралы Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;»;
      14) 36-баптың 5-тармағында:
      екінші абзац алып тасталсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «орта біліммен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін бір жылдан кешіктірмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға;»;
      15) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
      «40-1 бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету аймағының
                 ұлғаюы) және уақытша болмаған қызметкердің
                 міндеттерін орындау

      Қызметкерге оның жазбаша келісуімен еңбек шартында айқындалған жұмыспен қатар, осы Кодекстің 131-бабына сәйкес қосымша еңбекақы үшін басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты атқару тапсырылуы мүмкін.
      Қызметкерге басқа лауазым бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс лауазымдарды қоса атқару жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Қызметкерге өзінің лауазымы бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс қызмет көрсету аймағын ұлғайту жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін, еңбек шартында айқындалған жұмыстан босатпай орындау үшін, қызметкерге басқа, сондай-ақ сол өзінің лауазымы бойынша қосымша жұмыс тапсырылуы мүмкін.
      Қызметкердің қосымша жұмыс атқаратын мерзімін, жұмыстың мазмұны мен көлемін жұмыс беруші қызметкердің жазбаша келісуімен белгілейді.
      Басқа тарапты үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда ескерте отырып, қызметкердің қосымша жұмысты атқарудан мерзімінен бұрын бас тартуға, ал жұмыс берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін мерзімінен бұрын жоюға құқығы бар.»;
      16) 45-бапта:
      2-тармақта:
      «жұмыс беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа» деген сөздер «не кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгіленгенше жұмыс беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «залалдың» деген сөз «зиянның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «басқа жұмысқа» деген сөздер «анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 48-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «еңбек жағдайларының» деген сөздерден кейін «осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған» деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 50-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жұмыс берушінің толық материалдық жауапкершілікті өз мойнына алғаны туралы жазбаша шарттың негізінде қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген қызметкерді жұмыстан шеттетуге құқығы бар.»;
      19) 53-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер еңбек шарты мерзімінің аяқталуы қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыз болуына байланысты жұмыста болмаған немесе вахтааралық (немесе ауысымаралық) демалыста жүрген күніне сәйкес келген жағдайда, еңбек шартының қолданылуы еңбек шартында көрсетілген күні тоқтатылады.»;
      20) 54-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша «пайдаланған» деген сөзден кейін «, сондай-ақ медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақшада:
      «еңбек шартын жасасу» деген сөздерден кейін «не басқа жұмысқа ауыстыру» деген сөздермен толықтырылсын;
      «еңбек шартын жасасудан» деген сөздерден кейін «немесе басқа жұмысқа ауысудан» деген сөздермен толықтырылсын;
      21) 55-баптағы «1) тармақшасында көзделген жағдайды» деген сөздер «1) және 17) тармақшаларында көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 56-бапта:
      3-тармақтағы «медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысымен» деген сөздер «медициналық қорытындымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      бірінші бөлік «бастамасы бойынша» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «жоқ болған жағдайда» деген сөздерден кейін «қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7, 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Қызметкердің жұмыста осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жай-күйде болуы, медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
      Қызметкерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс беруші уәкілеттік берген лауазымды тұлға қабылдайды.
      Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
      8. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзуға, қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.»;
      23) 57-баптың 4-тармағы «Егер» деген сөзден кейін «жазбаша хабарлаған күнінен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
      24) 58-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы «үш күн мерзімнен кешіктірілмей» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайтарып алған кезде;»;
      25) 58, 59, 61-баптардың тақырыптары «тоқтату» деген сөзден кейін «негіздемелері» деген сөзбен толықтырылсын;
      26) 59-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы «қызметкер» деген сөзден кейін «уақытша» деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақ «демалысы кезеңінде» деген сөздерден кейін «осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      27) 61-бапта:
      2-тармақтағы «онымен еңбек шарты жасалады» деген сөздер «еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «1), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда» деген сөздер «1) тармақшасында көзделген жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 63-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Еңбек шарты тоқтатылған күні еңбек кітапшасын қызметкердің болмауына не оны алудан бас тартуына байланысты беру мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші он жұмыс күні ішінде қызметкерге еңбек кітапшасын алуға келуінің қажеттілігі немесе оны поштамен жіберуге келісуі туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
      29) 65-бапта:
      3) тармақша «оның өзі» деген сөздерден кейін «не қызметкерге алдын ала хабарлаған және оның келісімін алған уәкілетті мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақшада «етеді.» деген сөз «етеді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) жеке деректері өзгерген жағдайда қызметкер бұл туралы он жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге хабарлауға міндетті.»;
      30) 73-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы «демалыста» деген сөзден кейін «немесе вахтааралық демалыста» деген сөздермен толықтырылсын;
      31) 84-баптың 3-тармағындағы «бір айдан» деген сөздер «он күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      32) 89-баптың 3-тармағындағы «1) тармақшасында» деген сөз «1) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      33) 90-бапта:
      3) тармақшадағы «жалғастыру үшін жол беріледі.» деген сөздер «жалғастыру үшін;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) денсаулығынан айырылу және өлім қаупі төнген азаматтарға жедел және шұғыл көмек көрсету үшін жол беріледі.»;
      34) 97-бапта:
      2-тармақтағы «рұқсаты» деген сөз «актісі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Ұлттық және мемлекеттік мереке күндері, сондай-ақ осы Кодекстің 96-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.»;
      35) 100-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1.Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлері беріледі:
      1) жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы;
      2) ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы.»;
      36) 101-бапта:
      тақырыбы «Жыл сайынғы» деген сөздерден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
      «жыл сайынғы» деген сөздерден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
      37) 104-баптың 3) тармақшасы «жарамсыздығына» деген сөзден кейін «, оның ішінде жүктілігіне және босануына орай демалыста болған уақытына» деген сөздермен толықтырылсын;
      38) 105-баптың 5-тармағы «үш күнтізбелік күннен» деген сөздерден кейін «, ал еңбек демалысы кестеден тыс берілген жағдайда, еңбек шарты тараптарымен келісілген мерзімде, бірақ келесі айдың бірінші онкүндігінен» деген сөздермен толықтырылсын;
      39) 107-баптың 1-тармағында:
      «еңбек шартында, ұжымдық шартта,» деген сөздер алып тасталсын;
      «кестесінде белгіленеді» деген сөздерден кейін «не тараптардың келісімімен белгіленеді» деген сөздермен толықтырылсын;
      40) 108-бапта:
      тақырыбындағы «немесе ұзартудың» деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақтың үшінші абзацындағы «ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін» деген сөздер «ауыстырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін» деген сөздер «ауыстырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      41) 122-баптың 4-тармағында:
      «Бірінші разрядты қызметкердің еңбек» деген сөздер «Еңбек» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «немесе айлық тарифтік ставкасының мөлшері» деген сөздер алып тасталсын;
      42) 125-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынау және қолданудың тәртібін, оның құрылымын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері мен республикалық қызметкерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып айқындайды.
      5. Кәсіптік стандарттарды тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері мен қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесе отырып әзірлейді.
      6. Кәсіптік стандарттарды бекітуді тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жүзеге асырады.
      7. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Кәсіптік стандарттардың тізілімін белгіленген нысан бойынша жүргізуді жүзеге асырады.»;
      43) 126-баптың 4-тармағындағы «(жалақының негізгі бөлігіне қатысты)» деген сөздер алып тасталсын;
      44) 127-бап «үстеме уақыттағы жұмысқа» деген сөздерден кейін «қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының (лауазымдық айлықақысының)» деген сөздермен толықтырылсын;
      45) 128-баптағы «күндік (сағаттық) ставкасы» деген сөздер «тарифтік ставкасы (лауазымдық айлықақысы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      46) 129-баптағы «күндік (сағаттық) ставкасы» деген сөздер «тарифтік ставкасы (лауазымдық айлықақысы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      47) 137-бапта:
      1-тармақ «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздерден кейін «және Кодекстің осы бабында» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыс беруші актісінің негізінде:
      қызметкерге жалақысы есебінен берілген өтелмеген авансты өтеу үшін;
      есептеу қателері салдарынан қызметкерге артық төленген соманы қайтару үшін;
      еңбек шартының қызметкердің бастамасымен жұмыс кезеңі аяқталғанға дейін тоқтатылған кезде, соның есебінен ол бұрын алып қойған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының өтелмеген күндері үшін;
      қызметкердің жазбаша келісімі болған кезде жұмыс берушіге келтірілген залалды (зиянды) өтеу үшін жүргізілуі мүмкін.»;
      48) 140-баптың 2-тармағында:
      2) тармақшадағы «ұйымдарында жүргізеді» деген сөздер «ұйымдарында;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.»;
      49) 159-баптың 3-1-тармағында:
      4) тармақшадағы «кезінде төленбейді.» деген сөздер «кезінде;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін уақытша еңбекке жарамсыз күндер үшін төленбейді.»;
      50) 185-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «185-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын шектеу»;
      2-тармақ «қорытынды үсынса,» деген сөздерден кейін «жоқ қызметкерді алмастыру жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      51) 186-баптың 1-тармағындағы «Әйелдердің» деген сөз «Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес әйелдердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      52) 189-баптағы «үш жасқа толмаған баласы (балалары) бар әйелдің, үш жасқа дейінгі баланы анасыз тәрбиелеп отырған әкенің, асырап алушының» деген сөздер «үш жасқа дейінгі баласы бар ата-ананың (асырап алушының) біреуінің» деген деген сөздермен ауыстырылсын;
      53) 191-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жүкті әйелге қолайсыз өндірістік факторлар әсерінің алдын алатын басқа жұмыс берілгенге дейін, әйел осының салдарынан өткізіп алған барлық жұмыс күндері үшін жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылуға тиіс»;
      54) 193-баптың 1-тармағы «күнге дейін» деген сөздерден кейін «өтініші және белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағы негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      55) 195-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жалақысы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталуынан бір ай бұрын ескертуге міндетті.»;
      56) 202-бапта:
      2-тармақта:
      «сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
      «жұмыстардың тізбесін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оны берудің тәртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы, өндірістік объектілерді аттестаттаудың нәтижелері негізінде жұмыс орындарындағы еңбек жағдайының іс жүзіндегі жай-күйі ескеріле отырып өзгертілуі мүмкін және ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында белгіленеді.»;
      57) 203-бап:
      «Жыл сайынғы» деген сөздер «1. Жыл сайынғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «шартын» деген сөз «тәртібін» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Қосымша демалыстың ұзақтығы, өндірістік объектілерді аттестаттаудың нәтижелері негізінде жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының іс жүзіндегі жай-күйі ескеріле отырып өзгертілуі мүмкін және ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында белгіленеді.»;
      58) 204-бапта:
      екінші бөлікте:
      «сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
      «жұмыстардың тізбесін» деген сөздерден кейін «, еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін жұмысты, сондай-ақ оны берудің тәртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерінің негізінде, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының іс жүзіндегі жай-күйі ескеріле отырып өзгертілуі мүмкін әрі ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында белгіленеді.»;
      59) 210-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «қамтамасыз етуге» деген сөздерден кейін «және олардың тамақтануын ұйымдастыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
      60) 239-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлік «жыл сайынғы» деген сөздерден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлік «жыл сайынғы» деген сөздерден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
      61) 27-тараудың атауы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «және мүліктің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
      62) 252-баптың екінші бөлігі «айқындалатын мөлшерде» деген сөздерден кейін «, жағдайда және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
      63) 254-бапта:
      тақырыбы «мүшелерінің» деген сөзден кейін «және мүліктің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөліктегі «, құрылтай құжаттарында» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мүліктің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.»;
      64) 266-бапта:
      1-тармақтағы «, осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің пікірі ескеріліп немесе солардың келісімі бойынша шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс беруші актілерінің жобаларын талқылау үшін» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтағы «аудара алады» деген сөздер «аударады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      65) 275-баптың 2-тармағындағы «тиісті атқарушы органдар» деген сөздер «тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      66) 276-баптың 6-тармағы «танылады» деген сөзден кейін «және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
      67) 282-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі «әзірлеудің» деген сөзден кейін «және жасасудың» деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақтағы «Тараптардың өкілдері» деген сөздер «Жұмыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
      68) 284-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жалақыны индекстеудің тәртібі туралы, жәрдемақы және өтемақы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдер туралы;»;
      6) тармақшадағы «, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы» деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақта:
      13) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) қызметкерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы»;
      3-тармақ «танылады» деген сөзден кейін «және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
      69) 285-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Қосылу тәртібі ұжымдық шартта айқындалады.»;
      70) 287-бапта:
      бірінші бөлік алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұжымдық келіссөздерге қатысатын қызметкерлердің өкілді органдарының мүшелерімен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша келіссөздер жүргізу кезеңінде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа) тиісті өкілді органның келісімінсіз бұзуға болмайды.»;
      71) 288-баптың 1-тармағында «шешімімен бекітілген қызметкерлер» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
      72) 289-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушінің, жұмыс берушілер бірлестігінің арасындағы ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау мәселелері жөніндегі талаптары қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады  және бекітіледі.
      Қызметкерлер жиналысы ұйымның барлық қызметкерлер санының кемінде жартысы болған, ал конференция хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп танылады.
      Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі.»;
      73) 290-баптағы «күнтізбелік жеті күннен» деген сөздер «бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      74) 303-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі «дереу орындалуға» деген сөздерден кейін «, ал ереуіл тоқтатылуға» деген сөздермен толықтырылсын;
      75) 305-бап «қатысуына байланысты» деген сөздерден кейін «, сот ереуілді заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      76) 308-баптың 1-тармағындағы «өлшемдерді» деген сөз «нормативтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      77) 313-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден етуге міндетті.
      Оқуы және білімі тексеруден етуге тиіс адамдардың тізімі жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.»;
      78) 317-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша «қамтамасыз етуге» деген сөздерден кейін «, қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне олардың жазбаша сұрауы бойынша ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпарат беруге;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      «10) қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілердегі еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша кезеңдік аттестаттаудан өткізудің ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге;»;
      79) 318-баптың үшінші бөлігі «шартпен» деген сөзден кейін «немесе жұмыс берушінің актісімен» деген сөздермен толықтырылсын;
      80) 319-баптың 1-тармағындағы «өлшемдерді» деген сөз «нормативтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      81) 320-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      82) мынадай мазмұндағы 320-1-баппен толықтырылсын:
      «320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
                  аттестаттау

      1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды мамандандырылған ұйымдар бес жылда кемінде бір рет кезеңді, сондай-ақ реконструкциядан, жаңғыртудан, жаңа техника немесе технология орнатудан кейін міндетті түрде жүргізеді.
      2. Еңбек жағдайлары бойынша міндетті кезеңдік аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      3. Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
      1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орнатылған;
      2) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің тәртібін бұзушылық анықталған кезде, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының талап етуі бойынша жүргізіледі.
      Кезектен тыс аттестаттау нәтижелері осының алдында өткізілген өндіріс объектісін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау материалдарына қосымша түрде ресімделеді.
      4. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің уақтылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.»;
      83) 321-бапта:
      2-тармақ «онда тиісті» деген сөздерден кейін «техникалық төлқұжат (сертификат),» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы «мүмкіндігінше» деген сөз алып тасталсын;
      84) 322-бапта:
      2-тармақта:
      7) тармақшадағы «кезінде болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.» деген сөздер «кезінде;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің вахта кезіндегі жұмыс уақытының алдында немесе одан кейін тұратын жерінен жұмыс беруші берген көлікпен жұмысқа бару немесе кері қайту жолында болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде;»;
      4-тармақ «мемлекеттік органды» деген сөздерден кейін «екі жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
      85) 325-бапта:
      8-тармақ «қираудың» деген сөзден кейін «, өрттің» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне уақтылы хабарланбаған, ауыр зардаптарға немесе адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаны зардап шеккен адамның немесе өзге де адамдардың өтініші бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы өтініш тіркелген күнінен бастап он күннің ішінде тергеп-тексереді және оның қорытындысын ресімдейді.»;
      86) 326-бапта:
      4-тармақтың бірінші бөлігі «еңбек инспекциясына» деген сөздерден кейін «қағаз және электронды нұсқада» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың бірінші бөлігінде «Тергеп-тексеру барысында жазатайым» деген сөздер «Жазатайым» деген сөзбен ауыстырылсын;
      87) 328-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторына теңестіріледі және осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      88) 330-баптың 5) тармақшасы «үш күннен» деген сөздер «үш жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      89) 331-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қауіпті өндірістік объектілерді жер асты жағдайындағы жұмыстарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қоспағанда, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;»;
      90) 338-баптың 1-тармағы «Ішкі бақылау» деген сөздерден кейін «еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді,» деген сөздермен толықтырылсын;
      91) 339-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «339-бап. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі
                ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі

      1. Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшыға немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
      2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
      3. Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.
      4. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі:
      1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарауға;
      2) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларының әзірленуін және орындалуын ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
      3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
      5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі:
      1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу шараларын әзірлеуге;
      2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
      3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
      92) мынадай мазмұндағы 339-1-баппен толықтырылсын:
      «339-1 бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
                  қорғау жөніндегі комитет (комиссия)

      1. Жұмыс берушінің және (немесе) қызметкердің не оның өкілдерінің бастамасымен еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушінің өкілдері, кәсіподақ ұйымының өкілдері немесе қызметкерлердің уәкілетті өкілдері тең құқылы негізде кіреді.
      2. Еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру өткізуді және қызметкерлерді көрсетілген тексерулердің нәтижелері туралы хабардар етуді, ұжымдық шарттың (келісімнің) еңбекті қорғау туралы бөлігіне ұсыныстар жинауды ұйымдастырады.».
      2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады