Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 861 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім
беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар, 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» жэне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      3-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы «ұлғайту,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу,» деген сөздермен толықтырылсын;
      41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «заңды түлғаларға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарына және олардың аффилиирленген заңды тұлғаларына» деген сөздермен толықтырылсын;
      151-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы «қатысуы арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «қатысуы;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 156-1-баппен толықтырылсын:
      «156-1-бап. Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін
                  дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарын
                  дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу
                  арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды
                  жоспарлау
      1. Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды жоспарлау осы Кодекстің 152-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Құрылтайшының Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарын дамыту үшін бюджеттік инвестициялары нысаналы салым болып табылады.
      3. Бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асыру салалық орталық атқарушы органдар болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүргізіледі.
      4. Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарын дамыту үшін құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды іске асыру осы Кодекстің 157-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Нысаналы салымды салу Қазақстан Республикасының арнайы заңымен және жалғыз құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі реттейтін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарын дамыту үшін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.».
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, № 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; 2010 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      133-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы «шығыстарды қамтиды.» деген сөздер «шығыстарды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын қамтиды.»;
      мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:
      «135-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарына салық салу
      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін дербес білім беру ұйымы болып танылатындар:
      1) осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) қосымша білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыру мақсатында құрған, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес білім беру ұйымы;
      3) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам болып табылатын;
      осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп проценті осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаға тиесілі болатын;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг;
      4) егер бір мезгілде мынадай талаптарға жауап берсе:
      осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) 50 және одан да көп проценті осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесілі болса;
      осындай ұйымның өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстары мен депозиттері бойынша сыйақыларын ескере отырып, жылдық жиынтық табысында алған табысының кемінде 90 проценті мынадай қызмет түрлерін:
      медициналық қызметтер көрсетуді (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда);
      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) қосымша білім беру бойынша қызметтер көрсетуді;
      ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметті;
      осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырудан алынған табыс құрса, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымнан басқа ұйым.
      2. Дербес білім беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 процентке азайтылады.
      Осы баптың 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымы алған таза табыс немесе мүлік қатысушылардың арасында бөлінген салық кезеңдеріне осы тармақтың ережесі қолданылмайды.»;
      141-баптың 2-тармағында:
      4) тармақшадағы «салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.» деген сөздер «салық телеушілер;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.»;
      156-баптың 1-тармағында:
      40) тармақшадағы «табыс» деген сөз «табыс;» деген сезбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
      «41) осы Кодекстің 135-1-бабында көрсетілген дербес білім беру ұйымы шетелдік резидент тұлғаның Қазақстан Республикасында осындай ұйымның жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету жөніндегі қызметіне байланысты іс жүзінде мынадай:
      тұруға;
      медициналық сақтандыруға;
      Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі тұрғылықты жерінен Қазақстан Республикасындағы осындай қызметті жүзеге асыратын жеріне дейін және қайтар жолында әуе көлігімен жүруге жұмсалған шығыстары түріндегі материалдық пайда.»;
      193-баптың 5-тармағында:
      14) тармақшадағы «төлемдер салық салуға жатпайды» деген сөздер «төлемдер;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндагы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) мынадай:
      осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына;
      осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымына жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар салық салуға жатпайды.»;
      198-бапта:
      1-тармақ «Кодекстің» деген сөзден кейін «осы бабында және» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығын айқындаған кезде, егер осындай резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысында алған табысының кемінде 90 процентін мынадай:
      1) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден;
      2) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымы осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған қызмет түрлері бойынша жұмыстар орындауынан, қызметтер көрсетуінен алған табыстар құраса, осы Кодекстің 139 және 199-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 процентке азайтады.»;
      201-баптың 8-тармағында:
      13) тармақшасындағы «төлемдер салық салуға жатпайды.» деген сөздер «төлемдер;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымы резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында осындай ұйымның жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету жөніндегі қызметіне байланысты іс жүзінде мынадай:
      тұруға;
      медициналық сақтандыруға;
      Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі тұрғылықты жерінен Қазақстан Республикасындағы осындай қызметті жүзеге асыратын жеріне дейін және қайтар жолында әуе көлігімен жүруге жұмсалған шығыстары түріндегі материалдық пайда салық салуға жатпайды.»;
      241-баптың 6-тармағында:
      2) тармақшасындағы «жүргізілсе, осы баптың ережелері қолданылмайды» деген сөздер «жүргізілсе;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) ұсынылған жұмыстар, қызметтер:
      осы Кодекстің 135-1 бабының 1-тармағының 2)-3) тармақшаларында керсетілген дербес білім беру ұйымдарына;
      осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымына көрсетілген жұмыстар, қызметтер болып табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.»;
      274-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ету күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемелері жоқ, осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарының»;
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы «1) тармақшасында» деген сездер «1) және 1-1) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      387-баптың 3-тармағы «3-тармағында» деген сөздерден кейін «және 135-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
      398-бапта:
      1-тармақтағы «3-тармақтарында» деген сөздер «3, 3-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасына 0 процент ставкасы бойынша есептейді.».
      3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 1-тармағында:
      42) тармақшасындағы «, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз проценттік қатысуы бар» деген сөздер алып тасталсын;
      121) тармақшасындағы «объектілер.» деген сөз «объектілер;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 122) тармақшамен толықтырылсын:
      «122) ядролық медицина - онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесінің әртүрлі ауруларының профилактикасы, диагностикасы және емдеу мақсатында дербес немесе оларды қамтитын препараттар түрінде радиоактивті нуклидтер қолданылатын медицина саласы.»;
      6-бап мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «27-1) Қазақстан Республикасындағы ядролық медицинаны дамыту тұжырымдамасын бекітеді;»;
      170-бапта:
      5-тармақ «ғана» деген сөздің алдынан «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ «жүргізіледі» деген сөздің алдынан «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ «ғана» деген сөздің алдынан «, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
      172-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «трансплаттау» деген сөздің алдынан «, сондай-ақ Денсаулық саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
      176-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Шетелде мамандар және Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылғандар алған клиникалық қызметпен айналысуға құқық беретін немесе біліктілік санатының берілгені туралы куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген санат берілмейтін маманның сертификатына теңестіріледі.
      Денсаулық сақтау ұйымдарының шетелдік мамандарды шақыру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік мамандарға маман сертификатын беруді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
      4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 7, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      17-баптың 2-тармағындағы «Нотариалдық» деген сөз «Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдары, нотариалдық » деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-баптың 1-тармағы «нәтижесінде» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
      23-баптың 3-тармағы «мекемені» деген сөзден кейін «, дербес коммерциялық емес білім беру ұйымын» деген сөздермен толықтырылсын;
      39-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарына қолданылмайды.».
      5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3; 18-құжат, 2004 ж., № 2; 10-құжат, 2005 ж., № 7-8; 19-құжат, № 17-18; 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2; 14, 18-құжаттар, № 3; 20-құжат, № 8; 52-құжат; № 9; 67-құжат, № 15; 106-құжат; № 20; 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 8, 41-құжат):
      11-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейінгі және жоғары білімді;
      Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарында, «Назарбаев Қорында», сондай-ақ «Назарбаев Университеті» ұйымдарында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.».
      6. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж:, № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      34-баптың 4-3-тармағы «Қазақстан» деген сөздің алдынан «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын.
      7. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      4-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі «органдар,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдары, оның ішінде көрсетілген ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгізетін және (немесе) іске асыратын шетелдік заңды тұлғалар,» деген сөздермен толықтырылсын.
      8. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      14-баптың 9-тармағындағы «Білім» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      26-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бірыңғай ұлттық тестілеу рәсімдерін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестірілген құжаттары бар адамдардың;»;
      39-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының арнайы заңымен реттелетін дербес коммерциялық емес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға теңестіріледі және олардың иелеріне тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың иелеріне көзделген құқықтарға ұқсас құқықтар береді.»;
      40-бапта:
      2-тармақтағы «Білім» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «Білім» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады