Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1212 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 866 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 1284 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.10 № 1284 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1212 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Қиынов Ләззат Кетебайұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Индустрия және жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады