"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 879 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір-заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк
қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту
бөлігінде реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат;№ 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж; № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар, 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы):
      1) 85-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алынып тасталсын;
      2) 92-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алынып тасталсын;
      3) 95-баптың 2 және 3-тармақтары алынып тасталсын.
      2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж, № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж, № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжат; № 11, 58, 59-құжаттар; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы):
      216-1-бапта «ашық» деген сөз алынып тасталсын.
      3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы): 891-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқаруды тоқтату тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленеді.».
      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж.,№ 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 40-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат, № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67- құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және  салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу   туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы):
      1) 170-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «170-бап. Банк холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
                ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы
                активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
                ұйымның ірі қатысушысы белгілерін заңсыз алуға
                байланысты бұзушылықтар
      1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -
      жеке тұлғаларға-айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға-төрт жүз мөлшерінде, заңды тұлғаларға-екі мың мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банк холдингі белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -
      лауазымды тұлғаларға-айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мөлшерінде, заңды тұлғаларға-екі мың мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 170-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «170-1-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
                  ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, банк
                  холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің заңды
                  тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін
                  немесе акцияларды заңсыз сатып алуына байланысты
                  бұзушылықтар
      1. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды сатып алуы -
      лауазымды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мөлшерінде, заңды тұлғаларға - екі мың мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды сатып алуы -
      лауазымды тұлғаларға-айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мөлшерінде, заңды тұлғаларға-екі мың мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің уәкілетті органның алдын ала рұқсатынсыз еншілес ұйымды құруы не иемденуі-лауазымды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мөлшерінде, заңды тұлғаларға - екі мың мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 171-баптың бірінші бөлігінде «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
      4) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «172-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін
                мақсатсыз пайдалану
      1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібін бұзуы -
      лауазымды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитетінің жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларының (алушыларының) зейнетақы активтерін мақсатсыз пайдалануды көздейтін, зейнетақы активтерінің есебінен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдауы -
      инвестициялық шешімді қабылдау үшін дауыс берген инвестициялық комитеттің мүшелеріне айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Кастодианның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылау жасауды жүзеге асырмауы-кастодианның лауазымды тұлғасына айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 172-2-баптың тақырыбында және бірінші бөлігінде «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
      6) 179-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы «оларға» деген сөзден кейін «, қаржылық есептілік депозитарийіне» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
      Инсайдерлердің инсайдерлік ақпаратты өз мүддесіне немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне пайдаланып, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз түрде беру бойынша іс-әрекеттері, сондай-ақ үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдарды беруі, егер олар үлкен зиян келтірмесе, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға - төрт жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      8) 193-бапта:
      тақырыбында «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «мәліметтер табыс етпеу не» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөлігінің бірінші абзацы «мемлекеттік тіркеу үшін» деген сөздерден кейін «бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органның сұратуына мәліметтерді табыс етпеуі не дәйексіз мәліметтерді табыс етуі -
      жеке тұлғаға не заңды тұлғаның лауазымды тұлғасына айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға қырықтан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      9) 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы
      1. Акционерлердің акционерлік қоғамның істерін басқару құқықтарын, табыс бөлігін бөлу (дивидендтер төлеу) тәртібін, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметі туралы ақпарат алу құқықтарын бұзу, сондай-ақ заңнамада белгіленген акционерлердің жалпы жиналысын шақыру мен өткізу тәртібін бұзу -
      акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға-елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңнамада белгіленген облигациялар бойынша сыйақыны төлеу және (немесе) оларды өтеу тәртібін бұзу -
      эмитенттің лауазымды тұлғаларына айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».
      5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы):
      3-баптың 1-тармағының 37) тармақшасы «жүзеге асыратын» деген сөздерден кейін «және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын.
      6. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-1, 22-11, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы):
      185-баптың 2-тармағында «және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15- 16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52- құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12,66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      8-бапта:
      к-1) тармақша «ұйымдардың» деген сөзден кейін «және «Қазақстан Даму Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      л-2) тармақшада «барлық қаржы ұйымдарының» деген сөздер «қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;».
      8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж,. № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы):
      1) 2-бапта:
      1)тармақшада:
      екінші абзацта:
      «заңды тұлғалардың» деген сөздер алынып тасталсын;
      «басқа тұлғаның» деген сөздер «заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «басқа заңды тұлға» деген сөздер «заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқару органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;»
      төртінші абзацта:
      «бір» деген сөз алынып тасталсын;
      «заңнамасына» деген сөз «заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта:
      «бір заңды тұлғаның» деген сөздер «бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «бір заңды тұлғаның басқа» деген сөздер алынып тасталсын;
      «басқа» деген сөз алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) банк конгломераты - банк холдингінен, банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
      Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі, сондай-ақ еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын ұйымдар кірмейді.»;
      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Банктер және банк холдингтері үшін тыйым салынған
              немесе шектелген қызмет
      1. Банктерге банк қызметіне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 6-тармағында, 30-бабының 12-тармағында көзделмеген кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.
      2. Банк холдингтеріне кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен мәміле жасауды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу банктің немесе банк холдингінің мынадай құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды:
      1) банктер үшін:
      қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғаларды;
      қаржы ұйымдарының, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес — заңды тұлғалардың сатып алынатын акцияларының (қатысу үлестерінің) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келу талабымен. Банк оның банк холдингі болған кезде орналастырылған (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) акциялардың (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызы мөлшерінде аталған заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға құқылы;
      банктің кепілдігі бойынша бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес-еншілес арнайы ұйымдарды;
      Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;
      екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын оларды басқару және (немесе) одан кейін сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес ұйымдарды;
      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру айрықша қызметі болып табылатын еншілес ұйымдарды;
      төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қосқанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысулар қатысушыларының арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара әрекетті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін еншілес ұйымдарды;
      электронды цифрлық қол қоюдың ашық кілтінің электронды цифрлық қол қоюдың жабық кілтіне сәйкес келетінін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйекті болуын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды;
      осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғаларды;
      кепіл ретінде қабылданған акциялар немесе осындай ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде заңды тұлғаларды;
      Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржаларын;
      кредиттік бюроларды;
      ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге заңды тұлғаларды;
      2) банк холдингтері үшін:
      қаржы ұйымдарын;
      екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын оларды басқару және (немесе) одан кейін сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдарды;
      банк холдингінің кепілдігі бойынша бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-арнайы ұйымдарды;
      Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларын;
      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру айрықша қызметі болып табылатын еншілес ұйымдарды;
      төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қосқанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысулар қатысушыларының арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара әрекетті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;
      банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес-заңды тұлғаларды.
      4. Банктің осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы және иеленуі бір заңды тұлғаға банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс.
      Банктің осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспауы тиіс.
      5. Банктің қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғаларды сатып алуына (құруына) және иеленуіне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін меншікті капиталдың ең төменгі жеткіліктілігіне қойылған қосымша талаптарды банктің орындау талабымен жол беріледі.
      6. Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банктің не банк холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тиесілі бас ұйымның, банктің немесе банк холдингінің акцияларының (қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін лимиттерден аспауы тиіс.
      7. Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктердің осындай ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуы кезінде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс.
      Акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сату мерзімі он екі айдан аспауы тиіс.
      8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу мыналарды:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;
      уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингі бар облигацияларды;
      Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын арнайы қаржы компаниясының банктің немесе банк холдингінің және арнайы қаржы компаниясының арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында шығарылған облигацияларын;
      банктің немесе банк холдингінің меншікті облигацияларды және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигацияларды меншікке сатып алу жағдайларына қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәмілелер жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Осы бапта белгіленген шектеулер ұйымның бұдан бұрын шығарылған облигациялары бойынша міндеттемелерін қайта құрылымданатын міндеттемелердің тізбесіне енгізу талабымен банктің, банк холдингінің бұдан бұрын сатып алынған облигацияларының орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
      9. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында аталған қызметтен және банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыру;
      2) банк қызметінің мәселелері жөніндегі кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнайы әдебиеттерді сату;
      3) өз мүлігін сату;
      4) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және тарату;
      5) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;
      6) заемшы кепілге қойған мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сату;
      7) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
      8) банк қызметіне байланысты мәселелер бойынша басқа тұлғалардың мүдделерін білдіру;
      9) банктік-қаржылық қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқуды ұйымдастыру;
      10) электронды цифрлық қол қоюдың ашық кілтінің электронды цифрлық қол қоюдың жабық кілтіне сәйкес келетінін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ уәкілетті органның электронды құжат және электронды цифрлық қол қою саласындағы лицензиясы болған кезде оның банктік қызметтерін пайдаланатын өздерінің клиенттеріне қатысты тіркеу куәлігінің дәйекті болуын растау жөніндегі;
      11) банк пен Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларының арасында олардың атынан сақтандыру шарттарын және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу шарты болған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу қызметі түрлерімен айналысуға құқылы.
      10. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған қызметтен және банк холдингінің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банк холдингтері мынадай қызмет түрлерімен:
      1) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғадан өз мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті сатып алу-сатумен;
      2) қаржылық қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтерді көрсетумен айналысуға құқылы.
      11. Банктерге және банк холдингтеріне «алтын акцияны» шығаруға тыйым салынады.
      12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген жағдайларды қоспағанда, банктер қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тек ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасайды.
      13. Осы баптың талаптары ислам банктерінің банк холдингтеріне қолданылмайды.
      14. Осы баптың талаптары мынадай талаптардың бірін:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті органның және шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуын орындаған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды,»;
      3) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      «8-1-бап. Мәмілелер жасау кезінде банктерге қойылатын шектеулер
      1. Мыналарды:
      банк конгломератының қатысушылары болып табылатын тұлғаларға берілетін банк заемдары мен банк кепілдіктерін;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін талаптарға мөлшері мен түрі сәйкес келетін, қамтамасыз етуі бар банк заемдары мен банк кепілдіктерін;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, тұрақсыз қаржылық жағдайының белгілері жоқ тұлғаларға берілетін банк заемдары мен банк кепілдіктерін қоспағанда, банктің осы Заңның 40-бабына сәйкес айқындалатын, банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға банк заемдары мен банк кепілдіктерін беруге құқығы жоқ.
      2. Банктің мынадай:
      1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің не заңды тұлғаның орналастырылған (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы занды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) елу пайызынан астамымен дауыс беруге мүмкіндігі бар немесе осындай тұлғаға бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлға туралы ақпараттың болу;
      2) жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлесінің не заңды тұлғаның орналастырылған (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталда қатысу үлесінің) елу пайызынан астамымен дауыс беруге мүмкіндігі бар жеке тұлғалар туралы ақпараттың болу;
      3) жай акциялардың (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызын иеленетін заңды тұлға акцияларының барлық меншік игерлері туралы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы жай акциялардың (қатысу үлестерінің) соңғы иегерлеріне дейінгі ақпараттың болу;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі не уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар шетел мемлекеті бақылайтын заңды тұлға болып табылу;
      5) уәкілетті орган белгілеген тізбеге кіретін халықаралық ұйым болып табылу;
      6) уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар ұйым болып табылу;
      7) осы тармақтың 4)-7) тармақшаларында көрсетілген, жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің не заңды тұлғаның орналастырылған (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталда қатысу үлесінің) елу пайызынан астамымен дауыс беруге мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалар туралы ақпараттың болу;
      8) инвестициялық қордың басқарушы компаниясы, сондай-ақ осы тармақтың 4)-8) тармақшаларында көрсетілген, аталған инвестициялық қордың акционерлері (пайшылары) болып табылатын және заңды тұлғаға бақылау жасауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар туралы ақпараттың болу;
      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылу, сондай-ақ заңды тұлғаның акцияларына (қатысу үлестеріне) тікелей немесе жанама иелік ететін тұлғалар туралы ақпараттың және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметі туралы мәліметтің болу талаптарының біріне сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының резиденті және резиденті емес-заңды тұлғаға банк заемдары мен банк кепілдіктерін беруге құқығы жоқ.
      3. Осы баптың 2-тармағының талаптары шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін мөлшерден аспайтын банк заемдары мен банк кепілдіктеріне қолданылмайды.
      Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық банк заемдары мен банк кепілдіктерінің жиынтық мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде есептеу мөлшері мен тәртібі белгіленетін шамадан аспауы тиіс.
      4. Банкке банктің меншікті капиталының он пайызынан астам құны бар активтерді банктің директорлар кеңесінің осы мәмілені алдын ала бекітуінсіз кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруге тыйым салынады.»;
      4) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-1-бап. Банктің және банк холдингтерінің еншілес ұйымдары
                 және банктер мен банк холдингтерінің ұйымдардың
                 жарғылық капиталдарына қомақты қатысуы
      1. Банк және банк холдингі оларға осы Заңның 8-бабымен берілген өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.
      Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
      Акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл ретінде қабылданған жағдайда банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар, бұл ретте осындай акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан аспауы тиіс, сондай-ақ акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша сатып алған заңды тұлғалар банктің еншілес ұйымына жатпайды.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес банктерді қоспағанда, банк холдингтерінің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
      4. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар:
      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар;
      2) банктің немесе банк холдингінің уәкілетті органының еншілес ұйым құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтер;
      5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауын мүмкін емес ететініне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізудің мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат;
      7) құрылатын еншілес ұйымның құрылтайшылары енгізетін акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
      8) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктің немесе банк холдингінің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол сатып алатын акциялар саны және акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
      9) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
      10) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігі;
      11) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
      12) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ банктің немесе банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпарат;
      13) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын иемдену арқылы еншілес ұйымын иемденген заңды тұлға туралы:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылығы барларын және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
      заңды тұлғаның (банк холдингі оның құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болып табылатын) басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылығы барларын және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер;
      14) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттар;
      15) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет.
      5. Банк және банк холдинг і шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде соңғы аяқталған екі қаржы жылдарының әрқайсысының қорытындылары бойынша оның қызметі шығынсыз болған жағдайда, оның ішінде уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді шоғырландырылған негізде сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға құқылы.
      6. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға мыналар:
      1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;
      2) уәкілетті органның өтініші беруші орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы практикасының және заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жазбаша қорытындысы;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабының 2-тармағының 3)-5)тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
      4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
      5)еншілес ұйым қызметінің немесе банктің немесе банк холдингінің жоспарлайтын инвестицияларының салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайтын қаржылық салдарды талдау;
      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын, табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
      7) еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді,сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциалдық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
      8) өтініш берілген күнгі және құжаттарды қарау кезеңінде банкке немесе банк холдингіне және сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болуы негіз болып табылады.
      7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
      Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
      8. Банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымы уәкілетті органды құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етуге міндетті.
      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес - банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк холдингі қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрату негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашуға міндетті, бұл ретте алынған мәліметтер жария болмауы тиіс.
      10. Банк немесе банк холдингі уәкілетті органның рұқсаты болмағанда басқа заңды тұлғаға бақылау жасау белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган банкке немесе банк холдингіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды қолданады. Бұл жағдайда банк немесе банк холдингі өздеріне тиесілі заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) бақылау жасау белгілері туындаған немесе уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтаған сәттен бастап алты ай ішінде олармен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруы және уәкілетті органға растайтын құжаттарды табыс етуі тиіс.
      11. Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
      Ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алған жағдайда, оның ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты талап етілмейді.
      Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмастан ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысатын ұйымның тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) банкпен және (немесе) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруы және алты ай ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды табыс етуі тиіс.
      12. Қомақты қатысуға рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-9) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып табыс етіледі.
      Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың б-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
      13. Уәкілетті орган:
      1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ жарғылық капиталына банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдардың органдары, не сот көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы шешім қабылдаған;
      3) банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымға бақылау жасау белгілері болмаған;
      4) банк және (немесе) банк холдингі ұйымның тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) иелігінен шығарған;
      5) банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ жарғылық капиталына банк холдингі қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда банк немесе банк холдингі көрсетілген ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) алты ай ішінде осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      14. Осы баптың талаптары мынадай талаптардың бірі:
      банк холдингінде, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған түрде қадағалануы тиіс екендігі туралы жазбаша растауының болуы;
      банк холдингінде, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен темен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті органның және шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, олар еншілес және тәуелді ұйымдарды құрған немесе иеленген кезде - Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;
      5) 17-1-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлігінде «жазбаша келісімінсіз» деген сөздер «алдын ала жазбаша келісімін алусыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын (қатысу үлестерін) өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны банктің бұдан бұрын сатып алынған және сатып алынатына акцияларының жиынтық құнынан кем болмауы тиіс»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мыналарды қоспағанда бірде-бір тұлға банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей немесе жанама иелік ете алмайды:
      банк холдингі;
      жанама иелену банк холдингі арқылы жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, өзге қаржы ұйымының орналастырылған (артықшылықты және ұйым сатып алған акцияларды шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бестен кем пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін жеке тұлға - ірі қатысушы.
      Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі талаптар көрсетілген банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шарт күшіне қарай немесе басқаша түрде шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банктің акцияларына жанама иелік ететін (дауыс беру, шарт күшіне қарай немесе басқаша түрде шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) тұлға болып танылатын тұлғаға қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға салық салу органына тұрғылықты жері бойынша салық салу объектісі болып табылатын кірістер мен мүлкі туралы оның ішінде бағалау құнын және осы мүлік орналасқан жерін көрсете отырып Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс жердегі мүлкі туралы декларациясын табыс етеді.»;
      4-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға жұмсалатын ақша көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді.
      Мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа төленетін қызметтен алынған кірістер;
      өтініш берушінің құжатпен расталған жинақталған ақша қаражаты;
      сондай-ақ сыйға беру, ұтыс, ақысыз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша банктің акцияларын сатып алу үшін жұмсалатын ақша көздері болып табылады.
      Өтініш беруші сыйға беру түрінде алынған мүлік есебінен банктің акцияларын сатып алған кезде сыйға беруші және сыйға берушідегі аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;»;
      3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды, сондай-ақ бар берешегі туралы ақпаратты;»;
      5-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) заңды тұлғаның акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) иелік ететін, сондай-ақ шарт күшіне қарай не басқаша түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін анықтау немесе бақылау жасау мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
      1-2) өтініш берушінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін;»;
      6-тармақта:
      1) тармақшада «5-тармағының 1),» деген сөзден және цифрлардан кейін «1-1), 1-2),» деген цифрлармен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      бірінші абзацта «Банктің ірі қатысушы» деген сөзден кейін «Банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) өтініш беруші тіркелген елдің Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған түрде қадағалануы тиіс екендігі туралы жазбаша растауын;
      1-2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иемденуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін;»;
      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1. Орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акциялардың жиырма бес және одан астам пайызына иелік ету үлесімен банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иемденгісі келетін заңды тұлғалар Заңның осы бабында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша банктің ең таяу бес жылға арналған даму стратегиясын (бизнес-жоспарын) табыс етеді.»;
      8-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) олардың бірі басқа тұлғаға оның сыйға берген ақшасы немесе ақысыз алынған мүлік есебінен банктің акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.»;
      9-тармақта:
      бірінші абзац «банктің» деген сөзден кейін «немесе банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзац «банктің» деген сөзден кейін «немесе банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иемдену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (акционері)) тараптардың бірі болып табылған жағдайлар;
      өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;»;
      сегізінші абзацта «берушінің банктің» деген сөздерден кейін «немесе банк холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      он үшінші абзацта «қолданылады.» деген сөз «қолданылады;» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «уәкілетті органның заңды тұлға-өтініш беруші орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жазбаша қорытындысы;
      заңды тұлғалар-ірі қатысушылар және Қазақстан Республикасының резиденттері емес-қаржы ұйымдары болып табылатын банк холдингтері бойынша - уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның және өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдарының арасында ақпаратпен алмасуды көздейтін келісімнің болмауы;»;
      10-тармақта:
      төртінші абзацта «жылының» деген сөзден кейін «әрқайсысының» деген сөзбен толықтырылсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз банктің ірі қатысушысы, не банк холдингі белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды, сондай-ақ алты айдан аспайтын мерзімде банктің акцияларын сату жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
      12-тармақтың үшінші бөлігінің үшінші абзацында «осы Заңда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-1-тармақта:
      4) тармақшада:
      «ірі қатысушылары» деген сөздерден кейін «, банк холдингтері» деген сөздермен толықтырылсын;
      «өтетін банктің» деген сөздерден кейін «орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қоғамға» деген сөз «банкке» деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауы тиіс.
      Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда жазбаша хабарламада бас тарту негіздемелері көрсетіледі.»;
      15-тармақта:
      бірінші сөйлемінде «осы Заңның» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемі «тұлға» деген сөзден кейін «алты ай ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Осы бапқа сәйкес берілген келісім қайтарып алынған тұлғаның банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлікпен басқаруға табыстауға құқығы жоқ.
      Уәкілетті орган оларға қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін сотқа жүгінуге құқылы.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Тұлға уәкілетті органның алдын ала келісімін алмастан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келе бастаған жағдайда, оның банктің басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекеттер жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқығы жоқ.
      Көрсетілген жағдайда банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлға оған оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні жөнінде белгілі болған сәттен бастап он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Егер бұл тұлға аталған мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе ғана оған оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні жөнінде белгілі болған сәттен бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға тиісті мәртебені иемденуі туралы өтініш табыс етіледі. Акцияларды иеліктен айыру туралы шешім қабылдау туралы ақпарат мұндай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі.»;
      18-тармақта:
      екінші бөлікте «акциялары санының» деген сөздер «акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «проценттік арақатынасы» деген сөздер «қатысты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жеке тұлғалар - банктің ірі қатысушылары банктің акцияларын сатып алу үшін жұмсайтын қаражат көздері осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.»;
      үшінші бөлікте «бір» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Банк және банк холдингі өзінің барлық ірі қатысушыларына немесе банк холдингтеріне (банктер үшін) тиесілі банк акциялары санының банктің немесе банк холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегергенде) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты пайыздық арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.»;
      21-тармақта «заңнамасында» деген сөз «заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 17-2-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Банктің директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алған сәттен бастап осы банктің еншілес ұйымдарына қатысты шешімдерді қабылдайды.»;
      7) 18 баптың 1-тармағындағы «Негізгі рейтинг» деген сөздер «Рейтинг» деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 20-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Банк қаржы жылы аяқталуы бойынша уәкілетті органға жүз жиырма күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банктің әр басшы қызметкері бойынша кіріс пен мүлігі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті беруге міндетті.
      Банктің басшы қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеу, ақша сыйақысын есептеу, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін төлеу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
      Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      Банктің еншілес ұйымының немесе банктің қомақты қатысуы бар ұйымының директорлар кеңесінің құрамына кіретін банктің атқарушы органы мүшелерінің саны бас ұйымы болып ұлттық басқару холдинг табылатын банктің атқарушы органының мүшелерін қоспағанда, банктің еншілес ұйымының немесе банктің қомақты қатысуы бар ұйымының директорлар кеңесінің мүшелерінің жалпы санынан үштен бір бөлігінен аспауы тиіс»;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы немесе мүшесі, банк басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;»
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті органның банкте басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін қайтарып алу осы басшы қызметкерге бұдан бұрын өзге қаржы ұйымдарына берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болады.»;
      мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
      «12. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының резиденттері емес банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне мына талаптардың біреуін орындағанда қолданылады:
      банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан ол шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы бар болуы;
      банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен темен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісімнің бар болуы.
      13. Банк холдингінің басшы қызметкерлері ретінде бірінші басшы және басқару органдарының, атқару органының мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымдарының және банк холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметіне үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын банк холдингінің өзге басшылары танылады.»;
      9) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамағанда;»;
      10) 30-бапта:
      2-тармақтың 8) тармақшасындағы «, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге» деген сөздер алып тасталсын;
      6-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге» деген сөздер алып тасталсын;
      13-тармақтың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      11) 40-бапта:
      2-тармақта:
      екінші абзацтағы:
      «клиенттермен» деген сөз «тұлғалармен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «адамдар» деген сөз алынып тасталсын;
      үшінші абзацтағы «клиенттерден» деген сөз «тұлғалардан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып мыналар:
      1) кез-келген лауазымды тұлға немесе басшы қызметкер, осы банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары;
      2) осы банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының лауазымды тұлғасы, сондай-ақ олардың жұбайлары және жақын туыстары;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар ірі қатысушылары не лауазымды тұлғалары және (немесе) олардың орынбасарлары болып табылатын заңды тұлға;
      4) осы банк оған қатысты ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жұбайлары және жақын туыстары;
      5) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғалары танылады.
      Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп проценті осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар осы баптың мақсатында банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып танылмайды.
      3-1. Банк қандай да бір тұлғамен:
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемені төлеуге;
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға әкелетін мәмілені жасай алмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
      «9. Банктің директорлар кеңесі банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін ірі қатысушы-жеке тұлға немесе осы Заңның 17-1-бабында белгіленген тиісті мәртебені алу аясында банк холдингі берген банкті дамыту стратегиясын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін банкке, оның басшы қызметкерлеріне, банктің ірі қатысушысына немесе банк холдингіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.
      10. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға таралады.
      Банк холдингімен және банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      12) 42-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері;»;
      төртінші бөліктегі «және (немесе) банк акцияларының жиырма бес процентінен астамын иеленетін банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғаларды» деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақ:
      «Банк» деген сөзден кейін «, банк конгломераты» деген сөздермен толықтырылсын;
      «банк» деген сөзден кейін «, банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Банк холдингтері, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда, банк холдингі, банктің ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйін жақсарту үшін шаралар қолдануға, оның ішінде банктің және банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде банктің және банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайтуға міндетті.»;
      13) 44-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «44-бап. Банктердің, банк холдингтерінің және банк
               конгломераттарының қызметін тексеру»;
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Банкілердің» деген сөз «Банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «банкілер» деген сөз «банктер, банк холдингтері және банк конгломераттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтағы «банкілердің» деген сөз «банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары банк холдингі, мына талаптардың біреуін орындағанда банк холдингі белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері емесіне қолданылмайды:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан, банк холдингі белгілері бар тұлғадан аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы бар болуы;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтің рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен темен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісімнің бар болуы.»;
      14) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-бап. Ертерек ден қою шаралары
      1. Банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициенттерінің төмендеуін;
      2) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуін;
      3) банк міндеттемелері сомасында жеке және заңды тұлғалардың тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
      4) негізгі борышы және проценттік сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;
      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болдырмау мақсатында, банк конгломератының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициентінің төмендеуін;
      2) бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициентінің ұлғаюын;
      3) банк конгломератының қатысушылары болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;
      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банк конгломератының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      3. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және(немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және(немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің көбеюін болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
      Банк және (немесе) оның акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төмендегі тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
      1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
      2) депозиттер қабылдауды шектеуді;
      3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
      4) банк провизияларын ұлғайтуды;
      5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
      6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;
      7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;
      8) банк активтерін және (немесе) міндеттемелерін қайта құрылымдауды;
      9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу арқылы қысқартуды қолданады.
      4. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) банк холдингін не банк конгломератының қатысушыларын тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болдырмау бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
      Банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына төмендегі тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
      1) банк конгломераты қатысушыларының олардың акционерлерінің арасында жай акциялар бойынша дивиденттерді есептеп шығаруды және(немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтатуды;
      2) басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
      3) банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде банк конгломераты қатысушыларының жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банк конгломератының меншікті капиталын ұлғайтуды;
      4) банк конгломератының активтерін қайта құрылымдауды;
      5) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де еншілес және тәуелді ұйымдарға қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды;
      6) банк холдингін және банк конгломератының қатысушыларын араларындағы тәуекелдерге ұшырататын (тікелей және жанама) операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды қолданады.
      5. Банктің (банк конгломератының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ертерек ден қою іс-шаралары жоспары осы баптың 3, 4-тармақтарында белгіленген мерзімде табыс етілмеген немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы атқарылмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес атқарылмаған немесе уақтылы атқарылмаған жағдайда банкке (банк холдингіне) және (немесе) оның акционерлеріне (ірі қатысушыларына) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
      6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің (банк конгломератының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      7. Осы баптың талаптары банк холдингі, банк холдингі белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге мынадай талаптардың біреуін орындағанда қолданылмайды:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілері бар тұлға шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан, аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауының болуы;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен темен емес, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен темен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісімнің болуы.»;
      15) 46-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы бапта келтірілген шаралар, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын бұзған, оның ішінде банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін тұрақсыз қаржылық жай-күйінің белгілері туындаған жағдайларда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда қолданылуы мүмкін.»;
      16) 47-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган төменде көрсетілген негіздер бойынша банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы.»;
      2-тармақтың е) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «банктің» деген сөз алып тасталсын;
      17) 47-1-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлігінде:
      3) тармақшадағы «уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын» деген сөздер «қолданылған шектеулі ықпал ету шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «мүмкін болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) осы Заңның 45-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйі нашарлауы;
      7) банк конгломераты жүйелі түрде пруденциалдық нормативтерді орындамауы мүмкін болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
      екінші бөліктегі «банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банк холдингтеріне және банктің ірі қатысушылары-жеке тұлғаларға» деген сөздер «банк холдингтеріне және ірі қатысушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      3) тармақшадағы:
      «банктен» деген сөзден кейін «және банк холдингінен» деген сөздермен толықтырылып, «ұйымға» деген сөз «ұйымдарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «ұйымдар мен банк арасындағы банкті» деген сөздер «банкті, банк холдингін және банк конгломератының қатысушыларын өздері арасындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы «құқылы» деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) банк конгломератының қатысушыларынан өздерінің және олардың аффилиирленген тұлғалары арасындағы банк конгломераты қысушыларын тәуекелге ұшырататын (тікелей және жанама) операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      6) банктің немесе банк конгломератының меншікті капиталын банктің немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында, банк холдингінен, банктің ірі қатысушысынан банкті және банк конгломератын қосымша капиталдандыру бойынша іс-шараларды қабылдауды талап етуге құқылы.»;
      3-тармақ:
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган акцияларды сенімгерлік басқаруға басқа тұлғаға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Банктің акцияларын сенімгерлік басқаруға ұлттық басқарушы холдингке берген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқаруға бекітілетін мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқарушыны айқындау туралы тиісті шешімінде анықталады.»;
      екінші бөлігінде:
      «Уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «не сенімгерлік басқарушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      «акцияларды» деген сөз «банк акцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі «заңнамасының» деген сөз «заңнамалық актілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сенімгерлік басқаруға бекітілген мерзім аяқталғанға дейін акцияларды сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу туралы шешім қабылдау күнінде қалыптасқан нарық құны бойынша өткізу жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалаушы акцияларды өткізу бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банктің акцияларын сенімгерлік басқаруын айқындау тәртібі, сондай-ақ банктің акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекетінің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      18) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы а-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «а-1) банкте басқа банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін жеке тұлға - ірі қатысушысы болмағанда, банктің орналастырылған акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін жеке тұлғадан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін қайтарып алу;»;
      19) 50-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Таратылу процесіндегі банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.»;
      4-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы «банк» деген сөзден кейін «және/немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ «кепілдеме берушісі» деген сөздерден кейін «, лизинг алушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Банктік құпиясы бар ақпарат Қазақстан Республикасының ақпарат алмасуды көздейтін халықаралық шарттары негізінде беріледі.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына осы ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.»;
      20) 54-1-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ұйымдардың жарғылық капиталына қатысудың өзіне тиесілі үлестері (акциялар), сондай-ақ ұйымның көрсетілген қатысу үлестерін (акцияларын) сатып алу көздері туралы;»;
      4) тармақша «жақын туыстары» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы тұлғалар бақылайтын ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы «беруге тиіс» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) кірістер мен мүлігі туралы мәліметтерді, банктің ірі қатысушысы салық органдарына беретін жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін беруге тиіс»;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) есепті тоқсаннан кейінгі тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны және есепті тоқсаннан кейінгі отыз күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;»;
      5-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      2) тармақша «қаржылық есептілігі» деген сөздерден кейін «, банк конгломератының құрылымы туралы есеп» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы «көрсетілуге тиіс» деген сөздер алып тасталсын;мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) аффилиирленген тұлғалармен барлық маңызды мәмілелер, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары арасындағы мәмілелер туралы есеп;
      5) банк конгломератының меншікті капиталынан он және одан астам пайызды құрайтын, банк конгломератының үшінші тұлғалар (тұлғалардың тобы) алдындағы барлық міндеттемелері туралы есеп көрсетілуге тиіс»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі уәкілетті органға шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, атап айтқанда бухгалтерлік балансты, кіріс пен шығын туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті және капиталдағы өзгерістер туралы есепті, сондай-ақ оған аудиторлық ұйыммен орыс және (немесе) қазақ тілдерінде расталған не расталғанды беру мүмкін болмаған жағдайда - растамаған түсіндірме жазбаны қаржылық жыл аяқталғаннан кейінгі бір жүз сексен күн ішінде беруі тиіс.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті беру мүмкін болмаған жағдайда, осы банк холдингі жылдық қаржылық есептілікті (бухгалтерлік балансты, кіріс пен шығын туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті және капиталдағы өзгерістер туралы есепті сондай-ақ оған түсіндірме жазбаны) аудиторлық ұйыммен орыс және (немесе) қазақ тілдерінде расталған не расталғанды беру мүмкін болмаған жағдайда - ол растамаған жинақталмаған түрде бір жүз сексен күн ішінде береді.
      Жеке тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушыға осы Заңның 54-1-бабының 1-тармағының талаптары қолданылады.
      Заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушыға осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингіне қатысты көзделген талаптар қолданылады.»;
      8-тармақ алып тасталсын;
      21) 55-баптың:
      тақырыбы «Банк» деген сөзден кейін «және банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банк холдингтері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жылдық жинақталған қаржылық есептілікті, сондай-ақ еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жинақталмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті жариялайды.»;
      22) 57-баптың 1-2-тармақтары алып тасталсын;
      23) 59-3-бапта:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің қайта құрылымдау жоспарында көрсетілген ақпараттан басқа банкті қайта құрылымдаудан банк конгломератының басқа қатысушыларына әсерінің болжамды нәтижесі болуы тиіс.».
      15-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заңда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
      «16. Сот бекіткен банктің қайта құрылымдау жоспарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта құрылымдауды жүргізу кезеңінде банк ұйымдардағы қатысу сомасын (абсолюттік көрсетілімде) өсіре алмайды.»;
      24) 2-бөлімнің тақырыбындағы «Банкілердің» деген сөз «Банктердің және банк холдингтерінің» деген сөздермен ауыстырылсын:
      25) 7-тараудың тақырыбы «Банктерді» деген сөзден кейін «және банк холдингтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      26) 60-бапта:
      тақырыбы «Банкілерді» деген сөзден кейін «Банктерді және банк холдингтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      барлық мәтін бойынша «Банкілерді», «банк», «Банкіні», «банкінің», «банкіні», «банк» деген сөздер сәйкес «Банктерді (банк холдингтерін)», «банк холдингі», «Банкті (банк холдингін)», «банктің (банк холдингінің)», «банкті (банк холдингін)», «банк (банк холдингі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 және 2-тармақтар «акционерлердің», «акционерлерінің» деген сөздерден кейін тиісінше «(қатысушылардың)», «(қатысушыларының)» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтағы «қолданылып жүрген заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Банктерді (банк холдингін) ерікті қайта құрылымдауға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      8. Осы баптың талаптары банк холдингі, банк холдингінің белгісі бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттер емесіне мына талаптардың бірін орындағанда қолданылмайды:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан, банк холдингі белгілері бар тұлғадан аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға- жататыны туралы жазбаша растауының бар болуы;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен темен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісімнің бар болуы.»;
      27) 61-бапта:
      тақырыбындағы «Банкіні» деген сөз «Банкті және-банк-холдингін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші абзацтағы «Банкіні» деген сөз «Банкті (банк холдингін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      а) тармақшасындағы «банкілер» деген сөз «банктердің (банк холдингтерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 8-тараудың тақырыбындағы «Банкіні» деген сөз «Банкті және банк холдингін»деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 62-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      30) 65-баптың 2-тармағында:
      з) тармақшасындағы «құқылы» деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы и) тармақшамен толықтырылсын:
      «и) осы Заңның 8-бабында көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;
      31) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
      «67-1-бап. Банктің бас ұйымы болып табылатын банк холдингін
                 консервациялау
      1. Банк холдингін консервациялау уәкілетті органның шешімі бойынша банк холдингінің қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банк холдингіне қатысты әкімшілік, заңдылық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлі түрде жүргізуді білдіреді.
      2. Консервацияға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі ғана ұшырайды.
      Банк холдингі мынадай негіздердің кез келгені бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкін:
      1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті орындалмауы;
      2) екі және одан астам жүйелі тоқсанында теріс меншікті капиталдың болуы.
      3. Консервациялау режимін белгілеу уәкілетті органның шектеулі (бір жылға дейін) мерзімге банк холдингін басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті немесе банк холдингінің уақытша басқарушысын тағайындауын көздейді.
      4. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргізу туралы шешіміне банк холдингінің акционерлері он күндік мерзімде сот тәртібімен шағым жасай алады, аталған шешімге шағым беру банк холдингін консервациялауды тоқтата тұрмайды.
      6. Осы Заңның 63, 64, 65, 66 және 67-баптарының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде банк холдингтеріне қолданылады.»;
      32) 69-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Екінші деңгейдегі банктерді ерікті таратуға рұқсат берудің тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және оларды басқа банкке аударым жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Уәкілетті орган банкті өз еркімен таратуға рұқсат беруден бас тартуды мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:
      1) берілген құжаттардың толық болмауы және тиісті түрде ресімделмеуі;
      2) банктің міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражатының жеткілікті болмауы;
      3) жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтару не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау бойынша іс-шараларды қабылдау.».
      9. 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж, № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж, № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160 -құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат;2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 7, 28-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2010 жылғы 3 шілдеде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) барлық мәтін бойынша «ашық» деген сөз алып тасталсын;
      2) 1-бапта:
      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің, құрамында Ұлттық әл-ауқат қоры-болуы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында көзделген бір біріне қатысты аффилиирленгенін айқындау үшін негіз болып табылмайды;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының, немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы айқындау мүмкіндігі;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - осы Заңның талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес келетін және уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алатынға немесе:
      жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
      жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке тұлға немесе заңды тұлға (осындай иеленуші мемлекет және ұлттық басқару холдингі табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) бақылау - заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол:
      бір тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарды шегере отырып) елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленуі не заңды тұлғаның акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
      бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органының не атқарушы органының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған;
      секьюритилендіру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған арнайы мақсаттағы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылған;
      бір тұлғаның дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғалармен шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған жағдайларының бірі болған кезде туындайды;»;
      3) 18-баптың 2-тармағының 4-3) тармақшасы «жасасқан жағдайда» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 45-2-бабының 4-1-тармағында белгіленген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 26-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері кастодиандық шартқа сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен аффилиирленбеген кастодиан-банктегі шоттарда сақталады және есепке алынады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «дереу» деген сөз алып тасталсын;
      «жинақтаушы зейнетақы қорын» деген сөздерден кейін «келесі жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 27-1-баптың 4-тармағындағы «2012» деген цифрлар «2015» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6) 30-баптың тақырыбы мен 1-тармағында:
      «Салымшының», «салымшы» деген сөздерден кейін «(алушының)», «(алушының)» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 31-4-баптың 1-тармағындағы «құжаттар пакетін алған кезден» деген сөздер «талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 33-бап алып тасталсын;
      9) 35-баптың 6-тармағында:
      2) тармақша «үш ай ішінде» деген сөздерден кейін «меншікті капиталының жеткіліктілігі мен зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы «ықпал ету шараларын» деген сөздер «санкцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 36-бапта:
      1, 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе)акционерлері бола алады.
      Ұлттық әл-ауқат қоры тек Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде ғана жинақтаушы зейнетақы қорының акционері бола алады.
      1-1. Рейтингтік агенттіктердің бірінің тиісті рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және (немесе) акционері бола алады. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі мен ең темен рейтинга уәкілетті орган белгілейді.
      Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының резиденттері - жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) қолдануға және (немесе) иелік етуге құқықтары жоқ.
      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шектеу Ұлттық әл-ауқат қорына қолданылмайды.»;
      1-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысуымен жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің және басқарма мүшелері құрамының жартысынан кем емесін Қазақстан Республикасының азаматтары құрауы тиіс.»;
      1-4-тармақта:
      бірінші абзацта:
      мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      «жиырма бес процентінен астамы» деген сөздер «жиырма бес және одан астам проценті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы «резиденті» деген сөз «резиденттері» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының резиденті еместерге тиесілі жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының сенімгерлік басқарушылары болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      2) 36-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы
                 активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
                 ұйымның ірі қатысушысы
      1. Бірде-бір тұлға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы бола алмайды, сондай-ақ уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алусыз жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі жоқ.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы (акционері) болуға құқығы жоқ.
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар негізгі рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін алулары мүмкін. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процента жанама иеленуді көздейтін немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның он немесе одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушылары - жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүлік құны жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бұрын сатып алынған және сатып алынатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауы тиіс.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның он және одан да көп проценті жиынтығында тиесілі және мынадай:
      1) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;
      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
      4) өз есебінен қоғамның аудитін аудиторлық ұйымның жүргізуі мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған келісімнің негізінде әрекет ететін акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылмайды.
      3. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса беріп, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға тұрғылықты жері бойынша салық органына кірісі мен салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде аталған мүліктің бағалау құны мен орналасқан орнын көрсетіп, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан мүлігі туралы декларацияны береді.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісімді алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын, оның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, бұрын сатуға алынғандардың сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді береді.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа төленетін қызметтен түскен кіріс;
      құжаттамамен расталған өтініш берушінің ақша жинағы;
      сондай-ақ банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша табылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алғанда, өтініш беруші сыйға тартушы аталған мүлік пайда болуының қаражат көзі туралы мәліметтерді береді;
      2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол болған жағдайда) берілген сенімхатты;
      3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлауы ықтимал жағдайларында осы қордың немесе ұйымның қайта капиталдандыру жоспарын;
      5) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      6) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды, сондай-ақ бар болған берешек туралы мәліметтерді;
      7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді табыс етеді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын саты алу осы елдің заңнамасын рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының осындай рұқсат аталған құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні жөніндегі өтінішті береді.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті -заңды тұлға мына құжаттарды:
      1) өтініш берушінің жоғары органының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
      2) заңды тұлғаның акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан астам пайызын иеленетін, сондай-ақ шартқа байланысты не өзгедей осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауда ұстауға (дербес немесе басқа тұлғалармен бірге) мүмкіндіктері бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растау құжаттары;
      3) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      4) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      5) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      6) ішінде білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді, қоса уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері жөніндегі қысқаша деректерді;
      7) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржы есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
      8) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, оған қоса өтініш берушінің және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін ивестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның активтерін сату, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымын қайта ұйымдастыру немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметіне немесе оны басқаруға іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.
      8. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мына құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 3), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді;
      3) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алуға өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының осындай рұқсат (келісім) аталған мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні жөніндегі өтінішті табыс етеді.
      9. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мына құжаттарды:
      1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) өтініш беруші шыққан елінің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржы қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат қажет еместігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін сатып алуға немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін сатып алуға ниеттенетін, өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа өтініш беруші шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды табыс етеді.
      10. Жинақтаушы зейнетақы қорының орналастырылған акцияларының жиырма бес процентін (артықшылық берілген және сатып алғандарды шегергенде) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының жиырма бес және одан астам процент (артықшылық берілген және сатып алғандарды шегергенде) иемдену үлесімен жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алуға ниет білдірген тұлғалар Заңның осы бабында көрсетілген құжаттар мен мәліметтермен қоса, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жақын бес жылға даму стратегиясын (бизнес-жоспарды) табыс етеді.
      11. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бірлесіп ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар ретінде сомасында жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (артықшылық берілген және сатып алғандарды шегергенде) немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін;
      6) олардың бірі басқа тұлғаға оларға сыйға тартылған ақша немесе ақысыз алынған мүлік есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар танылады.
      Егер жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
      12. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық пакетін табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
      Уәкілетті орган өтініш берушіге өзінің шешімінің нәтижесі туралы жазбаша хабарлауы міндетті, бұл ретте, тиісті мәртебені алудан бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.
      13. Келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, уәкілетті орган осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы.
      Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен темен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
      Осы бапқа сәйкес берілген келісімі қайтарып алынған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ.
      Уәкілетті орган тиісті келісімді қайтарып алу жөніндегі шешім қабылдаған қатысты тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, осы тұлғалар уәкілетті органның талаптарын орындаулары үшін уәкілетті орган сотқа жүгінуге құқылы.
      14. Тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне уәкілетті органның алдын ала келісімін алмай сәйкес келген жағдайда, ол жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекетті қолдануға және (немесе) осы баптың ережесіне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін осы акциялар бойынша дауыс беруге құқығы жоқ.
      Аталған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетін тұлға өзінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап он күн ішінде уәкілетті органға ол туралы хабарлауға міндетті.
      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш өзінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі.
      15. Осы тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетінін көрсететін мәліметтер бар болғанда, уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан ақпаратты табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
      16. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күндік мерзімде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акцияларының саны орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алғандарды шегергенде) акциялардың санына проценттік арақатынасы өзгергені туралы уәкілетті органға хабарлауы міндетті.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысына тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларының саны жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алғандарды шегергенде) акцияларының санына ұлғаю жағына өзгерген жағдайында, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпаратты табыс етуі тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының акцияларын сатып алу үшін қолданатын қаражат көзі осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алғандарды шегергенде) акцияларының санына проценттік арақатынасы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысына тиесілі он процентінен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда, осы факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешімді қабылдайды.
      17. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы өзінің барлық ірі қатысушыларына тиесілі жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алғандарды шегергенде) акциялары санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, өзінің барлық ірі қатысушыларының тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын беруге міндетті.
      18. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы уәкілетті органды жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай фактіні олар анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
      19. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушыларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 12-18-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дұрыс емес мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеледі.»;
      12) 36-2-бапта:
      тақырыбы «зейнетақы қорының» деген сөздерден кейін «немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзац «қорының» деген сөзден кейін «немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
      4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлға (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жағдайлар;
      6) өтініш берушінің осы Заңда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қойылған өзге де талаптарды сақтамауы;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;»;
      11) тармақша «зейнетақы қорының» деген сөздерден кейін «немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
      1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
      2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегергенде, өзінің активтерінен асып кетсе;
      3) аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
      4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;
      5) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның алдында мерзімі өткен және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса;
      6) өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алушының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжаса;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларына) нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
      3. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесінің белгілерін иелік еткенде, уәкілетті орган алты айдан астам емес мерзімде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сату бойынша талаптар бөлігінде осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.»;
      13) 40-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
      1) директорлар кеңесі - басқарушы орган;
      2) басқарма - атқарушы орган.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерии қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, жинақтаушы зейнетақы қорының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметі солардың негізінде жүзеге асырылатын құжаттарға қол қою құқығы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өзге басшылары жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір басшы қызметкері бойынша кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтыған есептілікті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанда ұсынуға міндетті.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлері жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының  мүшелері осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорында басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берген келісімін қайтарып алуы бұдан бұрын осы басшы қызметкеріне өзге қаржы ұйымдарында берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алу үшін негіздеме болып табылады.»;
      14) 41-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
      1) зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
      2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақыларды алуға;
      3) уәкілетті орган берген лицензиялар негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті және бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті дербес жүзеге асыруға;
      4) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
      5) өз мұқтаждығына сатып алынған мүлікті жалға беруге;
      6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіп пен шарттар бойынша қаржы құралдарымен және өзге мүлікпен мәмілелерді жүзеге асыруға;
      7) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      3-2) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мәселелері бойынша ақысыз консультациялық қызмет көрсетуге;»;
      8) тармақшада «шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті,» деген сөздер «қаржылық есептілікті және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
      1) осы баптың 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметке;
      2) осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайды қоспағанда, мүлікті сатып алуды - сатуды жүзеге асыруға;
      3) сақтандыру қызметіне;
      4) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін кепілге беруге;
      5) акциялардан басқа бағалы қағаздарды шығаруға;
      6) банктерден заем қаражатын үш айдан асқан мерзімге, меншікті капитал мөлшерінен асатын мөлшерде тартуға;
      7) заемдарды кез келген тәсілмен беруге;
      8) кез келген түрдегі кепілдіктер мен кепілдемелерді беруге;
      9) осы баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын жасамаған тұлғаларды тартуға тыйым салынады.»;
      4-тармақта:
      бірінші бөлігінде:
      «қорларының» деген сөзден кейін «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      «уәкілетті орган белгілейді» деген сездер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігі «қоры» деген сөзден кейін «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлігінде:
      «Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін» деген сөздер алып тасталсын;
      «жинақтаушы зейнетақы қорының» деген сөздерден кейін «және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлағанда жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      15) 41-1-бап алып тасталсын;
      16) 42-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;»;
      3) және 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) міндеттеме-хатты ұсыну туралы талап жіберуге;
      4) міндетті түрде қол қойылуы тиіс жазбаша келісім жасауға құқылы;»;
      4-тармақта «міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің» деген сөздер «міндеттеме-хаттың, жазбаша келісімнің немесе жазбаша нүсқаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      5) тармақшада «не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамауы;
      5) тармақшада «не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамауы;
      5-2) уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тартуы;»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Егер уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шаралар ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушыларына да қолданылады.»;
      17) 42-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «42-7-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға,
                 сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе
                 зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
                 асыратын ұйымның ірі қатысушыларына қолданылатын
                 мәжбүрлеу шаралары
      1. Уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленгеннен кейін осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 42-бабының 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын және уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімдерді орындамаған;
      4) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы, нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді жасаған;
      5) нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      6) осы Заңның 41-2-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауы;
      7) жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен оның ірі қатысушысының, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар;
      8) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ ірі қатысушының осы Заңның 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі орын алған жағдайларда ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде, уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысынан жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының сайын дауыс беретін акциялардың он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан ірі қатысушысына қатысты, жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды тәуекелге ұрындыратын, ірі қатысушы мен жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысынан жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымын қосымша капиталдандыру бойынша шара қабылдауды талап етуге құқылы.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
      Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берген жағдайда акцияларды сенімгерлік басқару белгіленетін мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды белгілеу туралы тиісті шешімінде анықталады.
      Уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингінің акцияларды сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы, не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
      Өтінішхатта көрсетілген акцияны сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
      Сенімгерлік басқару тағайындалған мерзімі аяқталғанға дейін акцияларды сенімгерлік басқаруға беру негіздері жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сату жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырады.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
      18) 43-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде «, бөліп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге өзгерту» деген сөздер «және бөліп шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      19) 44-бапта:
      3) тармақшада «бойынша бас тартылады.» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) қайта құруға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі бойынша бас тартылады.»;
      20) 45-бапта:
      1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы:
      1) зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттары және(немесе) ашылған жеке зейнетақы шоттары;
      2) есептелген теріс комиссиялық сыйақы сомасын, берешек сомасын меншікті қаражаты есебінен зейнетақы активтері шотына аудару арқылы өтеу бойынша орындалмаған міндеттемесі;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары (алушылары) алдында жинақтаушы зейнетақы қорының номиналды кірістілігі көрсеткіші мен кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырмасын өтеу бойынша орындалмаған міндеттемесі;
      4) жинақталған зейнетақы қаражаты агрессивті инвестициялық портфельде болған жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары (алушылары) алдында инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналары мен іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша орындалмаған міндеттемесі болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
      2-тармақта «Ерікті және мәжбүрлеп тарату» деген сөздер «Ерікті және мәжбүрлеп таратуды жүргізу тәртібі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      екінші бөлігінде:
      «Ерікті немесе» деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөлігінде «ерекшеліктері» деген сөз «тәртібі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде белгіленген тәртіппен құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      Тарату комиссиясы заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның таратылуын тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін уәкілетті органға табыс етеді.»;
      21) 45-1-бапта:
      1-тармақта:
      екінші бөлігінде:
      3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының, сондай-ақ осы Заңның 45-бабының 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелерінің болмауын растайтын құжат;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуы үшін оның қаражатының жеткілікті болуын, сондай-ақ осы Заңның 45-бабының 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелерінің болмауын куәландыратын бухгалтерлік баланс пен оған түсіндірме жазба;»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      үшінші бөлігінде «3) және 5) тармақшаларында» деген сөздер мен цифрлар «3) тармақшасында» деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      3-тармақта «орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында» деген сөздер «республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ алып тасталсын;
      22) 45-2-бапта:
      2-тармақта «3) тармақшасында» деген сөздер «2) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган уақытша әкімшілікті (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындайды, оған оның барлық органдарының өкілеттіктері беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясынан айырылған күннен бастап:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (қатысушылары),органдары жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкіне билік етуге құқылы емес;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын жұмыс жасаған органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады;
      3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты бұрын қабылданған сот шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      4) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты талаптары тек тарату ісін жүргізу барысында ғана қойылуы мүмкін;
      5) кредиторлардың, салық қызметі органдарының, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандырылуы тиіс талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін өндіріп алу жөнінде өтінім жасауына жол берілмейді;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды тұлғаларының өздеріне тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иеліктен шығаруына тыйым салынады;
      7) басшы, қажет болғанда өзге қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.»;
      бесінші бөлігінде «басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензиясынан айырылған күніне дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру және зейнетақы аннуитеті туралы шарттары бойынша салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару тоқтатыла тұрады.
      Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша активтерді және міндеттемелерді, таңдалуы осы баптың 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылған жаңа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру рәсімі аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күні өткен соң қайта басталады.»;
      6-тармақ алып тасталсын;
      23) 47-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қалыптастырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары орналастырылған (жинақтаушы зейнетақы қоры бұрын сатып алған акцияларын сатқан) кезде тек қана ақшамен төленуі тиіс»;
      4-тармақта «жарғылық капиталға ақша салады,» деген сөздер алып тасталсын;
      24) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық
              сыйақылары
      1. Комиссиялық сыйақының шекті шамасын жинақтаушы зейнетақы қоры:
      1) инвестициялық табыстың он бес пайызынан;
      2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 пайызынан аспайтын шекте белгілейді. Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бір реттен жиі өзгертілуі мүмкін емес.
      Комиссиялық сыйақының шамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларға күнтізбелік жыл басталардан кемінде бір ай бұрын хабарлануы тиіс.
      Комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары толық көлемінде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі болады.»;
      25) 49-1,49-2, 49-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудиті
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
      3. Аудит жүргізу аясында, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігінің аудитінен басқа, аудиторлық ұйым зейнетақы активтеріне және олармен жасалған операцияларға қатысты есепке алуды жүргізуді және есептіліктің жасалуын тексеруді, сондай-ақ зейнетақы активтерінің құнын бағалау тәртібін тексеруді жүзеге асырады.
      49-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін
                инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі
                қатысушысының есептілігі
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
      1) басқа тұлғалармен бірге, шарттың негізінде не өзгеше түрде жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
      2) жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) көрсете отырып, ұйымдардағы өзінің лауазымдары туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) сатып any, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы көрсетілген қатысу үлестерін сатып алу көздері туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауындағы ұйымдар туралы ақпаратты;
      5) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін беруге тиіс.
      3. Есептілікті беру тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы жинақталған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған жинақталған және жинақталмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жиырма бес және одан да көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
      1) ірі қатысушының қызметі түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), ірі қатысушы ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы, қаржылық есептілігі;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалары туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер;
      4) аффилиирленген тұлғалармен жасалған барлық елеулі мәмілелер туралы есеп.
      Жинақтаушы зейнетақы қорында немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күннен кешіктірмей беруі тиіс.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілген өзгерістер болған сәттен бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталған соң жүз сексен күн ішінде аудиторлық ұйыммен расталған орыс және (немесе) қазақ тілдерінде, не расталғандарды беруге мүмкіндік болмаған жағдайда - расталмаған жинақталған жылдық қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
      Осы ipi қатысушыда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жинақталған жылдық қаржылық есептілігін қаржы жылы ақталғаннан кейін жүз сексен күн ішінде табыс етуге мүмкіндік болмаған жағдайда жылдық қаржылық есептілігі және оған түсіндірме жазба жинақталмаған түрде аудиторлық ұйыммен расталған орыс және (немесе) қазақ) тілінде, не расталғанды тапсыруға мүмкіндік болмаса - расталмай табыс етіледі.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына осы баптың 2-тармағының талаптары қолданылады.
      7. Егер Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағының 1)-4) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
      49-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы
                активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
                асыратын ұйымның ірі қатысушыларына аудит
      1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушылары үшін міндетті.
      Аудиторлық есептің көшірмесі көрсетілген құжаттар алынған күннен бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға берілуі тиіс.
      2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын,жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының жинақталған жылдық қаржылық есептілігі осы Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйыммен расталуы тиіс.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық ахуалына әсерін тигізетін жөнсіздіктерді көрсетілген тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда уәкілетті орган жөнсіздіктер жойылғанға дейін:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға қатысты тиісті лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      5. Жөнсіздіктер осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорын және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды лицензиясынан айыруға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;
      26) 50-бапта:
      3-тармақта «алушының» деген сөз «салымшының (алушының) деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      «алушының» деген сөз «салымшының (алушының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-2) Орталық атқарушы органға - салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;»;
      27) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
               жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері
      1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылы аяқталған күннен бастап жүз жиырма күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның әрбір басшы қызметкері бойынша кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтыған есептілікті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлері жөніндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының мүшелері зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды осы ұйым жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымында бола алмайды.
      3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне қойылатын өзге талаптар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      28) 55-баптың 2-тармағында:
      3) тармақшада:
      «жинақтаушы зейнетақы қорының» деген сөздер алып тасталсын;
      «зейнетақы активтері есебінен» деген сөздер «зейнетақы және меншікті активтері есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшада «зейнетақы» деген сөзден кейін «және меншікті» деген сөздермен толықтырылсын.
      10. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
      «12-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
                 аффилиирленген тұлғасы
      1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (бұдан әрі осы бапта - серіктестік) аффилиирленген тұлғасы тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді анықтауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылданатын шешіміне, оның ішінде жасалған мәміленің негізінде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке және заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттік шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) құрылтайшылар, сондай-ақ серіктестік құрылғаннан кейін оның мүлкіндегі үлеске құқық алған тұлғалар;
      2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы осы тармақтың
      1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар шығарған дауыс беретін акциялардың он және одан көп пайызын, немесе олардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы;
      4) осы тармақтың 1), 2), 3), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғамен жақын туыстық қатынастағы (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңілісі, ұлы, қызы), некедегі, сондай-ақ жекжаттық қатынастағы (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңілісі, ата-анасы, улы немесе қызы) жеке тұлға;
      5) серіктестіктің немесе осы тармақтың 1), 2), 3), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары;
      6) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаның, не серіктестіктің лауазымды тұлғасының бақылауында болатын заңды тұлға;
      7) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлға не серіктестіктің лауазымды тұлғасы оған қатысты ірі акционері болып табылады не мүлкінің тиісті үлесіне құқығы бар заңды тұлға;
      8) серіктестік оған қатысты ірі акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиісті үлесіне құқығы бар заңды тұлға;
      9) осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген заңды тұлға оған қатысты ірі акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
      10) серіктестікпен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
      11) серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқығы белгіленген шарт арқылы серіктестікпен байланысты болатын тұлға;
      12) дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірге осы тармақтың 1), 2), 3), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 13) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын тұлға;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес серіктестіктің аффилиирленген тұлғасы болып табылатын өзге тұлға серіктестіктің аффилиирленген тұлғасы болып табылады.
      3. Серіктестікпен немесе өзге заңды тұлғамен қабылданатын шешімдерді анықтау мүмкіндігі тиісінше серіктестікті немесе өзге заңды тұлғаны бақылау болып табылады.
      12-2-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
                аффлиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді ашу
      1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.
      2. Серіктестік өзінің аффилиирленген тұлғаларын есепке алуды осы тұлғалар берген мәліметтердің негізінде жүргізуі тиіс.
      3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар аффилиирлігі пайда болған күннен бастап жеті күндік мерзімде өздерінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді серіктестікке беруі тиіс»;
      2) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «41-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдары
               мен лауазымды тұлғалары
      1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдары:
      1) серіктестіктің жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
      2) серіктестіктің атқарушы органы (жеке-дара немесе алқалы) болып табылады.
      2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының мүшелері, немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының функцияларын бір өзі атқаратын тұлға, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқару органының мүшелері (байқаушы кеңесі) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің лауазымды тұлғалары болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында не жарғыда көзделген жағдайда жауапкершілігі шектеулі серіктестік басқару органын (байқаушы кеңесті) және (немесе) серіктестіктің бақылаушы органын (тексеру комиссиясын, тексерушіні) құруы тиіс.
      4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының құзыреті, сондай-ақ олардың шешім қабылдау немесе серіктестік атынан әрекет жасау тәртібі осы Заңмен, басқа да заң актілерімен және серіктестік жарғысымен анықталады.».
      11. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 39-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 23-құжат; № 17,79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы):
      5-баптың 2-тармағының бесінші абзацында «ашық» деген сөз алып тасталсын.
      12. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж, № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы):
      1) 3-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) аффилиирленген тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәмілеге байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда). «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында көрсетілген тұлғаларды бір-біріне қатысты аффилиирленген деп анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің құрамында Ұлттық әл-ауқат қорының болуы негіздеме болып табылмайды;»;
      3) тармақшада:
      бірінші абзацта «бір заңды тұлғаның басқа» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші абзацта:
      «басқа тұлғаның дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының» деген сөздер «заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарды шегере отырып) акцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «басқа» деген сөз алып тасталсын;
      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;
      Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылған»;
      бесінші абзацта:
      «басқа» деген сөз алып тасталсын;
      23-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-2) сақтандыру тобы - банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары және (немесе) капиталында сақтандыру холдингінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қомақты қатысуы бар ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
      Сақтандыру тобының құрамына.ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар, Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын еншілес ұйымдары кірмейді.»;
      26-1) тармақшада:
      бірінші абзацта «дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздер «орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «(артықшылықты» акцияларды шегере отырып)» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 15-1-бапта:
      тақырыбында «аффилиирленген тұлғаларына» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғамен немесе осы Заңның 26-бабында белгіленген тиісті мәртебені алу аясында сақтандыру холдингімен ұсынылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының даму стратегиясын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, оның басшы қызметкерлеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына немесе сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Осы баптың талаптары сақтандыру холдингтеріне қолданылады.
      Сақтандыру холдингінің және сақтандыру тобының аффилиирленген тұлғаларының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      3) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иелене алмайды, және (немесе) пайдалана алмайды, және (немесе) басқара алмайды.
      Аталған шектеу рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган белгілейді.»;
      4) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру)
               ұйымының ірі қатысушысы
      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.
      Мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары және сақтандыру холдингі болып табылмайды.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болғанда сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан да коп пайызымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте, мүлік құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ертеден сатып алынған және сатып алынатын акцияларының жиынтық құнынан аз болмауы тиіс.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
      3. Мыналарды қоспағанда, бірде-бір тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей немесе жанама иелік ете алмайды:
      сақтандыру холдингі;
      өзге қаржы ұйымының орналастырылған (артықшылықты және ұйым сатып алған акцияларды шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бестен кем пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін жеке тұлға - ірі қатысушы.
      Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі талаптар осы тұлға сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу талабымен сақтандыру холдингінің акцияларымен немесе жарғылық капиталында қатысу үлестерімен иелену (дауыс беру, шешімдер шығару және (немесе) шартқа орай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпалын тигізу мүмкіндігі бар) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жанама иеленген (дауыс беру, шешімдер шығару және (немесе) шартқа орай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпалын тигізу мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 7, 8, 9, 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын кірістері және мүлкі туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі де, осы мүліктің бағалау құны және орналасқан жері көрсетілген декларациясын ұсынады.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді береді.
      Мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
      құжаттамамен расталған өтініш берушінің ақша жинағы;
      сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшердегі сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрлерінде алынған ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын көз болып табылады.
      Сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған жағдайда, өтініш беруші сый тартушы және сый тартушыда көрсетілген мүлік пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
      3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарын;
      5) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;
      6) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды, сондай-ақ бар берешегі туралы ақпаратты;
      7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, оның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
      8) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:
      1) өтініш берушінің жоғары органы сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;
      2) заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес және одан астам пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) иеленген, сондай-ақ шартқа орай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін белгілеуге немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды;
      3) өтініш берушінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін;
      4) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      5) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, оның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
      8) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарын талдауды, оның ішінде өтініш берушінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ұйымдастыру, қайта ұйымдастыру немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жоспарлары мен ұсыныстарын, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда табыс етеді.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      9. Сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
      3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін;
      4) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы ел заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы жазбаша растауын табыс етеді.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына иелену үлесімен ірі қатысушы мәртебесін алғысы келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін алғысы келетін заңды тұлғалар Заңның осы бабында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша жақын арадағы бес жылға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының даму стратегиясын (бизнес-жоспарын) береді.
      11. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) он немесе одан да көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін;
      6) олардың бірі басқа тұлғаға сыйға берген ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
      12. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
      Уәкілетті орган өз шешімінің нәтижелері жөнінде өтініш берушіге жазбаша хабарлама беруге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені алуға келісімді беруден бас тарту кезінде жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.
      13. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
      Осы бапқа сәйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
      Уәкілетті органмен тиісті келісімді қайтарып алу шешімі қабылданған тұлға осы тармақтағы талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті орган осы тұлғалар оның талаптарын орындау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
      14. Жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала келісімін алмай сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сай бола бастаған жағдайда ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына және саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасауға және (немесе) осындай акциялар бойынша дауыс бермеуге құқылы емес.
      Аталған жағдайда сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сай болған тұлға сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісіне сай екені белгілі болған кезден бастап он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш оған өзінің сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылдағаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.
      15. Мыналар бойынша:
      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
      4) аудиторлық ұйымның өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымының аудит өткізу мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиынтығы он және одан да көп пайызы өздеріне тиесілі акционерлер сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.
      16. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      17. Уәкілетті орган осы тұлғаның сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы белгісіне сай екенін көрсететін мәліметтер болғанда, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғалардан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі шешім қабылдаған күннен бастап отыз күндік мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тиесілі акциялары санының пайыздық арақатынасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) ол тікелей не жанама иеленетін немесе өзінің тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар дауыс беретін акцияларының санына қатысты өзгеруі туралы хабардар етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына (пайыздық және абсолюттік мәнде) өзгерген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін қолданылатын қаражат көзі осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының пайыздық арақатынасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты он немесе жиырма бес пайызынан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша.келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.
      19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі өзінің барлық ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингтері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін) оларға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары (қатысу үлестері) санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты пайыздық арақатынасын керсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.
      20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің осындай фактіні анықтаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға хабардар етуге міндетті.
      21. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 14 - 20-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.»;
      5) 26-1-бапта:
      тақырыбындағы «Сақтандыру» деген сөз «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Сақтандыру» деген сөз «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшасы «ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (акционер) болып табылатын жағдайлар;»;
      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына немесе сақтандыру холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алуының қаржылық салдарын талдау;»;
      11) тармақшада:
      «заңнамасында» деген сөз «заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қолданылады.» деген сөз «қолданылады;»; деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12) өтініш беруші - заңды тұлға шыққан елдің қаржы ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкессіздігі туралы уәкілетті органның жазбаша қорытындысы;
      13) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар - заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша - уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекет органының арасында ақпаратпен алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады;»;
      екінші бөлігі алып тасталсын:
      2-тармақта:
      2) тармақша «жинақталмаған бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес өтініш берушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы «аяқталғ ан» деген сөз «әрбір аяқталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада «өтініш берушінің» деген сөздер «өтініш беруші-заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі белгісін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз алған кезде уәкілетті орган осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабында көзделген, алты айдан көп емес мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сату талаптарының бөлігінде мәжбүрлеу шараларын қолданады.»;
      6) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе
               сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары және
               сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру
               холдингтерінің ұйымдардың жарғылық капиталдарына
               қомақты қатысулары
      1. Осы Заңның 48-бабында берілген өкілеттікті жүзеге асыру мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құруға немесе оны иеленуге құқылы.
      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
      3. Қазақстан Республикасының резиденті еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
      4. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алу үшін өтінішке мына құжаттарды:
      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы хаттамаларды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің уәкілетті органының еншілес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімін;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттары) туралы ақпаратты;
      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді;
      5) бизнес-жоспарды табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
      6) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олар мен сақтандыру тобына орындауға мүмкіндік бермегендіктен сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігін болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы еншілес ұйымының орналасқан елінің заңнамасын талдау негізіндегі ақпаратты;
      7) құрылатын еншілес ұйымының құрылтайшыларымен төленетін акциялардың алдын ала төлем мөлшері туралы ақпаратты;
      8) құрылатын еншілес ұйымының жарғылық капиталында сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ олармен сатып алынатын акциялардың саны және акциялардың алдын ала төлем мөлшері туралы ақпаратты;
      9) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
      10) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;
      11) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      12) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;
      13) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы сақтандыру холдингі еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде қоса:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына қатысты пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, оларды сатып any бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына қатысты пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
      14) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
      15) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттарды қоса береді.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі әр бір аяқталған соңғы екі қаржы жылының жиынтығы бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негізде шығынсыз қызмет жасау және уәкілетті органға келісім алуға өтінішті беру күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде шоғырландырылған негізінде уәкілетті. орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.
      6. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартудың негіздері:
      1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпеу;
      2) уәкілетті органның өтініш беруші шыққан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкессіздігі туралы жазбаша қорытындысы;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабының 2-тармағының 3), 4), 5)тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің көзделетін еншілес ұйымдардың болуы нәтижесінде құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
      5) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарды талдау;
      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің пруденциалдық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтінішті берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      8) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне және сатып алу болжанған еншілес ұйымға қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы негіздер болып табылады.
      7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      9. Сақтандыру холдингі қомақты қатысуға иеленген Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымы уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру қызметін сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға тиісті өтінімнің негізінде қажетті ақпаратты ашуға міндетті, бұл ретте алған мәліметтерді жариялауға болмайды.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсатын алмай еншілес ұйымға бақылауды иемдену құқығын алған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шараларды қолданады. Осындай жағдайда алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі өзіне тиесілі еншілес ұйымның акцияларын (қатысу үлестерін) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің олармен аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға немесе еншілес ұйымын тарату рәсімін бастауға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты бар болған кезде ғана жол беріледі.
      Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсатын алмай ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды қолданады. Осындай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе)тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
      12. Ұйымдардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9)тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып беріледі.
      Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      13. Уәкілетті орган:
      1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталғанда;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың органдары не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағанда;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмағанда;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі иелігіндегі ұйымның акцияларын (қатысу үлестерін) иелігінен шығарғанда;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ жарғылық капиталына сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның осы Заңның 48-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталғанда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі алты ай ішінде қомақты қатысуы бар ұйымның өздеріне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен немесе сақтандыру холдингімен аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      14. Осы баптың талаптары мынадай талаптардың бірі:
      сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған түрде қадағалануы тиіс екендігі туралы жазбаша растауының болуы;
      сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті органның және шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдинг!, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, олар еншілес және тәуелді ұйымдарды құрған немесе иеленген кезде - Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.
      15. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негізгі рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингі болған кезде еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Негізгі рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтинги уәкілетті орган белгілейді.
      16. Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық меншікті капиталы Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық меншікті капиталының елу пайызынан аспауы тиіс»;
      8) 34-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      «1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталуы бойынша жүз жиырма күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әр басшы қызметкері бойынша кіріс пен мүлік туралы мәліметті қамтитын есептілікті беруге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ішкі саясатының талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
      3-тармақта:
      екінші бөлік алып тасталсын:
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымның еншілес ұйымының директорлар кеңесінің құрамына кіретін атқарушы орган мүшелерінің саны ұлттық басқарушы холдинг бас ұйымы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының мүшелерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымның еншілес ұйымының директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан үштен бір бөлігінен аспауы тиіс»;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;»
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «9. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімін қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімін (келісімдерін) қайтарып алуға негізі болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
      «11. Мемлекет және (немесе) ұлттық басқарушы холдингі елу пайыздан астам орналастырылған акцияларын иеленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасының және 10-тармағының талаптары қолданылмайды.
      12. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда,сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне мына талаптардың біреуін орындағанда таралады:
      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан ол шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауы бар болуы;
      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен темен емес, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен темен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасындағы ақпаратпен алмасу жөніндегі келісімнің бар болуы.
      13. Бірінші басшы және басқару органдарының, атқару органының мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымдардың және сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын сақтандыру холдингінің өзге басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері болып табылады.»;
      8) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтінішті беруге дейін алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;»;
      9) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру
               брокерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру
               топтарының қызметін тексеру.
      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеруді дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары тексеруші органға уәкілетті органның тексеру тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша жәрдемдесуге, сондай-ақ кез келген лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге сауал қою мүмкіндігін және тексеруді орындау үшін қажет кез келген дерек көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
      3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясы не коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін жауап береді.
      4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жариялауға тыйым салынады.
      5. Өздеріне заңнамалық актілермен берілген өкілеттік шегінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының оқшауланған бөлімшелерінің қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар анықталған сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтар жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мынадай талаптардың бірін:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті органның және шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуын орындаған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.»;
      10) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «46-бап. Пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті
               өзге де нормалар мен лимиттер
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
      жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;
      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
      жоғары өтімді активтердің жеткіліктілік нормативін;
      активтерді әртараптандыру нормативін қамтиды.
      Сақтандыру топтарына арналған пруденциалдық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.
      Уәкілетті орган қосымша пруденциалдық нормативтерді, оның ішінде аннуитеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша нормативтер белгілеуге құқылы.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің ірі қатысушыларын жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген төлем қабілеттігі маржасының жеткілікті нормативтерін бұзған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуі керек. Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың толық сипаттамасы мен мерзімдері бар жоспар төлем қабілеттігі маржасының жеткілікті нормативін бұзған күннен бастап бір ай ішінде берілуі тиіс.
      4. Сақтандыру холдингтері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткілікті нормативтерін ұстап тұру жөніндегі шараларды қолға алуға міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, оның ішінде уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) Ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қолға алуға міндетті.
      5. Төлем қабілеттігі маржасы активтердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен асып кетуін білдіреді.
      6. Кепілдік беру қоры төлем қабілеттігі маржасының белгіленген ең аз мөлшерден төмендеп кетуі нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      7. Сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен (аффилиирленген тұлғаларымен) жасалған шарты (шарттары) бойынша, сондай-ақ сақтандырудың және қайта сақтандырудың жекелеген сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздігінен ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтерін есептеу әдістемелері және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобының ірі қатысушысы уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде уәкілетті орган пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;
      11) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру
               холдингтері үшін тыйым салынған және шектелген қызмет
      1. Осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыруды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың, қызметіне қатысуға тыйым салынады.
      2. Осы Заңда белгіленген жағдайларды және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыруды қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне кәсіпкерлік қызмет ретінде операциялар мен мәмілелер жасауға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің мынадай құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін:
      міндетті сақтандыру түрлері бойынша деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды;
      қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды;
      сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымды;
      сатып алынатын акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуі талабымен Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы ұйымдарының, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) өзінде сақтандыру холдингі бар болғанда орналастырылған акциялардың (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) он және одан астам пайызы мөлшерінде сатып алуға құқығы бар;
      2) сақтандыру холдингтері үшін:
      қаржы ұйымдарын;
      банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 1) тармақшада көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін және акцияларын сатып алуы не иемденуі бір заңды тұлға үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының елу пайызынан аспауы тиіс.
      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу меншігіне:
      1) сақтандыру холдингтерінің:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;
      заңды тұлғалардың уәкілетті органы белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілген рейтингі бар облигацияларды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
      тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржы құралдарын (акциялар мен қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
      Осы тармақта белгіленген шектеулер ұйымның бұрын шығарған облигациялары бойынша міндеттемелерді қайта құрылымданатын міндеттемелер тізбесіне енгізу талабымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің бұдан бұрын сатып алынғандардың орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алу.жағдайларына қолданылмайды.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
      1) акциялардан басқа бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығаруға;
      2) банктерден ұзақтығы үш айдан асатын мерзімге меншікті капиталдың мөлшерінен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға тыйым салынады.
      6. Сақтандыру холдингтері осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қызметті және заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алудан басқа мынадай қызмет түрлерімен:
      1) сақтандыру холдингінің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын тұлғалардан өз мұқтажына сатып алынған мүлікті сатып алу-сатумен;
      2) қаржылық қызметімен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен айналысуға құқылы.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі капиталында қомақты қатысуға иеленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары ұйымның капиталында қомақты қатысуға иеленген өзінің бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің акцияларын (жарғылық капиталында қатысу үлестерін) сатып алуға құқылы емес.
      9. Осы баптың талаптары:
      1) мынадай талаптардың бірін:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен темен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен темен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті органның және шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуын орындаған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге;
      2) банк конгломераттарының құрамына кіретін, банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалуының мөлшерінен асатын қабылдап алған сақтандыру тәуекелдерінің бөлігін Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына тапсыруға міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша меншікті ұстап қалуының жиынтық мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс.
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушыға өз активтерін басқаруға беруге құқығы жоқ.
      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін инвестициялау шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      13. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулер ішкі резервтік қорын орналастыру жағдайында қолданылмайды.»;
      12) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-бап. Ертерек ден қою шаралары
      1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуін;
      2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің төмендеуін;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуін;
      2) сақтандыру тобының қатысушылары болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру тобының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеуді, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу жолымен шектеуді;
      3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивиденттерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;
      6) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыларды төмендету, еншілес ұйымдарды жабу жолымен қысқартуды қолданады.
      4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайын талдау және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының қатысушыларын тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушысына сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрдегі талапты жібереді.
      Сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдағанда сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары жоспарда белгіленген мерзімде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
      1) сақтандыру тобы қатысушыларының жай акциялар бойынша олардың акционерлері (қатысушылары) арасында дивиденттерді есептеуді және (немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтатуды;
      2) басшы немесе өзге қызметкерлерді лауазымынан шеттетуді;
      3) сақтандыру тобының меншікті капиталын, соның ішінде сақтандыру то бы қатысушыларының жарғылық капиталын ұлғайту арқылы сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;
      4) сақтандыру тобының активтерін қайта құрылымдауды;
      5) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де тәуелді ұйымдардағы қатысу үлесін азайту жолымен қысқартуды;
      6) сақтандыру холдингі және сақтандыру тобы қатысушыларының арасында тәуекелге әкеп соғатын операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды қолданады.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 3, 4-тармақтарында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру тобына) және (немесе) олардың акционерлеріне (ірі қатысушыларына) осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
      6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      13) 53-1-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      1) тармақшада «ірі қатысушы» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «(оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар)» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының» деген сөздерден кейін «(оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар)» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы Заңның 53-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйінің нашарлауы;»;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) сақтандыру холдингінің пруденциалдық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында оның тікелей немесе жанама иелік ететін үлесін дауыс беретін акциялардың он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;»;
      2) тармақшада:
      «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында оның тікелей немесе жанама иелік ететін үлесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «(артықшылықты акцияларды шегере отырып)» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақшада:
      «ұйымға» деген сөз «ұйымдарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан» деген сөздерден кейін «және сақтандыру холдингінен» деген сөздермен толықтырылсын;
      «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингін және сақтандыру тобының қатысушыларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      «олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы» деген сөздер «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшада:
      «, сақтандыру холдингінен немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғадан» деген сөздер «немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен жарғылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «құқылы» деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) сақтандыру тобының қатысушыларынан олар мен олардың сақтандыру тобының қатысушыларын тәуекелге душар ететін аффилиирленген тұлғаларының арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын қажетті мөлшерде көбейту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.»;
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімтерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы тиісті шешімінде анықталады.»;
      екінші бөлік «Уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «не ұлттық басқарушы холдингтің» деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беруге негіздер жойылмағанда, уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды оларды сату туралы шешім қабылдау күніне қалыптасқан нарықтық құн бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды нарықтық құн бойынша сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалаушы акцияларды сату бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.»;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды құру тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
      14) 53-2-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы бапта келтірілген шаралар, егер сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары Қазақстан Республикасының заң актілерінің талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленгеннен кейін тұрақсыз қаржылық жағдайының белгілері пайда болған жағдайда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
      15) 53-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган не сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына санкциялар қолдануды осы Заңға сәйкес жүргізеді.»;
      16) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиырма бес немесе одан астам пайызын иеленетін ірі қатысушы-жеке тұлғасы болмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызын иеленетін жеке тұлғадан сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін қайтарып алған;»;
      17) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
               сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта құрылуы
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта құрылуы (қосылуы, бірігуі, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отыра, тиісті заң актілерінде көзделген тәртіпте жүргізіледі.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта құрылуы уәкілетті органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
      Сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға ретінде өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта құрылуын жүргізуге рұқсат алу үшін өтініш беруге осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімі негіз болады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) өз еркімен қайта құруға уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта құру туралы шешімі;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта құрылуының жорамалданатын шарттарын, нысанын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта құрылуынан кейін оның және/немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта құрылуы нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың өз еркімен қайта құрылу салдарынан туындаған қаржылық болжамы.
      5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта құрылуын жүргізуге рұқсат алуға берілген өтінішті құжаттардың толық пакеті табыс етілген күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
      6. Қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта құруды өткізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде алдағы өзгерістер туралы өздерінің барлық сақтанушыларына тікелей хабарлау мен тиісті хабарландыруды кем дегенде екі республикалық газетте жариялау арқылы хабардар етуге міндетті.
      7. Заңды тұлғалардың қайта құрылуының нәтижесінде құрылған мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргізіледі.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта құрылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      9. Осы баптың талаптары:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен темен емес жеке кредит рейтингініқ, сондай-ақ сақтандыру холдингінің, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның шыққан елдерінің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденті емес - тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берген шетел валютасында тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредит рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болу талаптарының бірін орындаған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.»;
      18) 63-баптың 1-тармағы:
      бірінші абзацтағы «ұйымының» деген сөзден кейін «(сақтандыру холдингінің)» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органдарының тиісті шешімдері болмаған;
      2-2) жорамалданатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде монополияға қарсы заңнаманың талаптарын бұзған;»;
      19) 67-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
      «2-1. Уәкілетті орган:
      1) ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе тиісінше ресімделмеу;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысуға оның қаражаты жетіспеу;
      3) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қабылдамау негіздерінің кез келгенінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратуға рұқсат беруден бас тартады.»;
      20) 74-1-бапта:
      тақырыбында «ірі қатысушысының» деген сөздер «ірі қатысушыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      3), 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ұйымдардың жарғылық капиталдарына (акцияларына) қатысудың өзіне тиесілі үлестері, сондай-ақ көрсетілген қатысу үлестерін (акцияларды) сатып алу көздері туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, сондай-ақ осы тұлғалар бақылау жасайтын ұйымдар туралы ақпаратты;»;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының салық органдарына ұсынатын дербес табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс»;
      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) есепті тоқсаннан кейінгі тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны және есепті тоқсаннан кейінгі отыз күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны;»;
      4-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ірі қатысушының (сақтандыру холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;»;
      2) тармақшада:
      «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі» деген сөздер «ірі қатысушы (сақтандыру холдингі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «, сақтандыру тобының құрылымы туралы есеп» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) аффилиирленген тұлғалармен жасалған барлық маңызды мәмілелер, сондай-ақ сақтандыру тобының қатысушыларының арасында жасалған мәмілелер туралы есеп;
      5) сақтандыру тобының меншікті капиталының он және одан аса пайызын құрайтын үшінші тұлғалардың (адамдар тобының) алдындағы сақтандыру тобының барлық міндеттемелері туралы есеп көрсетілуге тиіс»;
      екінші бөлікте «баптың 4-тармағында» деген сөздер «бапта» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру холдингі уәкілетті органға аудиторлық ұйым орыс және (немесе) қазақ тілдерінде куәландырған не қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз сексен күн ішінде куәландырылғанды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, аудиторлық ұйым куәландырмаған шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті ұсынуға тиіс.
      Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті ұсыну мүмкін болмаған кезде, осы сақтандыру холдингі қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз сексен күн ішінде аудиторлық ұйым орыс және (немесе) қазақ тілдерінде куәландырған не куәландырылғанды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда ол куәландырмаған шоғырландырылмаған түрде жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы Заңның 74-1-бабының 1-тармағының талаптары қолданылады.
      Заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушысына осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингіне қатысты көзделген талаптар қолданылады.»;
      7-бап алып тасталсын;
      21) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру
               брокері қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тәуелсіз аудиторлық растаудан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілеген тәртіпте және мерзімде жариялайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті, уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілеген тәртіпте және мерзімде, олардың аудиторлық растауысыз тоқсан сайын жариялайды.
      Сақтандыру холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімде жариялайды.».
      13. «Қазақстанның Даму банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат):
      1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
              Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік органдардың Даму Банкімен қарым-қатынастарындағы өзге де өкілеттіктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының Даму Банкінің қызметіне кез келген түрде араласуына тыйым салынады.»;
      2) 17-бап алып тасталсын.
      14. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) айқын көпшілік - кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;»;
      2) тармақшада «айырбасталуға» деген сөз «ауыстыруға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) тармақшада «не» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) корпоративтік оқиғалар - осы Заңның 79-бабында белгіленген қоғам акционерлерінің мүддесіне қатысты ақпарат, сондай-ақ акционерлік қоғамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінің талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында ашып көрсетуге міндетті ақпарат;»;
      20) тармақшада «осы акционерлік қоғамның аудиторы» деген сөздер «осы акционерлік қоғам органдарының отырысында акционердің өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жария компанияның корпоративтік веб-сайтында мынадай құжаттар ашық орналастырылуы тиіс:
      1) жария компанияның жарғысы;
      2) корпоративтік басқару кодексі;
      3) соңғы екі қаржы жылының аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктері (жаңадан құрылған жария компаниялардан басқа);
      4) корпоративтік басқару мәселелерін регламенттейтін, оның ішінде директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің, корпоративтік хатшының қызметін, сондай-ақ жария компанияның қаржылық есептілігінің аудитін жүргізу мәселелерін регламенттейтін өзге ішкі құжаттар.
      Жария компания осы тармақта көрсетілген құжаттарды бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында орналастыруы мүмкін.»;
      3) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте ресімделген жарғыға (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы ретінде жазылған) енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкілдері (өкілі) қол қоюға тиіс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар нотариатта куәландырылуы тиіс»;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) оған қатысты алтын акция иесінің (бар болған кезде) тыйым құқығы, сондай-ақ алтын акция иесінің тегі, аты, әкесінің аты белгіленген мәселелер;»;
      7) тармақшада «құралын» деген сөз «құралының атауын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 13-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігінде:
      «Қоғамның» деген сөз «Орналастыру кезеңінде қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жарияланған» деген сөз «орналастырылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса. Шектеу қою үшін орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.
      Мына мәселелер бойынша шешімдер артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін:
      артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивиденттердің мөлшерін азайту туралы шешімдер қабылдау;
      артықшылықты акциялар бойынша дивиденттер төлеу тәртібін өзгерту туралы шешім қабылдау;
      артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына ауыстыру туралы шешім қабылдау.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қоғамның артықшылықты акцияларды осы Заңға сәйкес сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер құрылтай жиналысы әдістемені бекітпесе, онда оны бекіту) енгізілетін өзгерістерді бекіту;»;
      5) 14-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы «және» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Акционерлердің осы баптың 1 және 2- тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
      Осы баптың 1-тармағында көзделген акционерлердің құқықтарынан басқа, қоғамның жарғысында акционерлердің қосымша құқықтары көзделуі мүмкін.»;
      6) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып
               алу құқығы
      1. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды сату ниеті бар қоғам осы туралы шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде өз акционерлеріне жазбаша хабарлама жіберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өздерінде бар акциялар санына барабар бағалы қағаздарды тең жағдайларда орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген орналастыру (өткізу) бағасы бойынша оларды сатып алуды ұсынуға міндетті. Акционер қоғам акцияларын орналастыру (өткізу) туралы хабарланған күннен бастап отыз күн ішінде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінім беруге құқылы.
      Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленуші акционер жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына ие, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционер қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығына ие.
      Акционер басымдықпен сатып алу құқығымен сатып алынатын акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Қоғамның жарғысымен акциялар орналастырыла бастаған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күннен аспауы тиіс акцияларды төлеудің өзге мерзімі көзделуі мүмкін.
      2. Жарияланған акцияларды орналастыруға, сондай-ақ бұрын сатып алынған акцияларды сатуға ниеті бар қаржылық ұйым уәкілетті органның талабы бойынша пруденциалдық және өзге де заңнамамен белгіленген нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында, акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өз акционерлеріне жазбаша хабарлама жіберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы бағалы қағаздарды тең жағдайларда, өздерінде бар акциялар санына пропорционалды, бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген орналастыру (өткізу) бағасы бойынша сатып алуды ұсынуға міндетті. Акционер қоғам акцияларын орналастыру (өткізу) туралы хабарлаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінім беруге құқылы.
      Акционер қаржы ұйымының басымдықпен сатып алу құқығымен сатып алынатын акцияларын төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырады. Акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды төлемеген жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін өтінім жарамсыз болып саналады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген басымдықпен сатып алу құқығымен сатып алынатын акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды төлеу мерзімдері бойынша талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген уәкілетті орган басымдықпен сатып алу құқығымен сатып алынатын акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды төлеуді оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырады.
      4. Акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын баска да бағалы қағаздарды осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзім өткенге дейін төлемеген жағдайда өтінім жарамсыз болып саналады.
      5. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      6. Осы Заңның 83-бабында көзделген тәртіппен қоғамға басқа қоғам қосылған жағдайдағы қоғамның акцияларын орналастыру (сату) кезінде қоғамның акционерлеріне басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.»;
      7) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру
      1. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін акциялардың жарияланған мөлшері шегінде оларды бір немесе бірнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.
      Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегінде акцияларын орналастыру туралы шешімді, қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды.
      Акцияларды орналастыру акционерлердің акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыруы, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында өткізілетін жазылу немесе аукцион, не ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында өткізілетін жазылу немесе аукцион арқылы, сондай-ақ осы Заңда және өзге заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) ақшалай міндеттемелерін қоғам акцияларына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
      2. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды сатып алуға өтініш беру үшін берілген отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер акцияның бұрынғы иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда осы құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды жаңа иесіне ауысады.
      3. Қоғамның акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған органы осы орналастыруға белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялар сатылуының ең төменгі бағасы болып табылады.
      Акционерлер акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген осы акциялардың бірыңғай ең төменгі орналастыру бағасы бойынша сатып алады.
      Қоғамның акциялары осы орналастыру шегінде жазылу арқылы акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшін бірдей сату бағасы бойынша сатылуы тиіс.
      4. Қоғамның уәкілетті органы орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту және (немесе) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру шеңберінде акционерлерге ұсынылған бағаны төмендету арқылы жарияланған акцияларды орналастыру туралы бұрын қабылданған шешімнің талаптарын өзгерту туралы шешімді қабылдаған жағдайда, қоғам акционерлерге осы акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын қайта ұсынады.»;
      8) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары
               туралы есеп беру
      1. Қоғам уәкілетті органға:
      қоғамның жарияланған акцияларын толық орналастырғанға дейін не оларды толық орналастырғаннан кейін әрбір алты айдың (есепті жарты жылдық аяқталғаннан кейін бір ай ішінде) қорытындысы бойынша өз акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті;
      акцияларды айырбастау рәсімі аяқталған соң бір ай ішінде қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының екінші түріне айырбастаған жағдайда, өз акцияларын орналастыру қорытындысы жөніндегі есептеріне өзгерістер мен толықтыруларды беруге міндетті.
      2. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын және оны табыс ету тәртібін, сондай-ақ осы есепті қарау және бекіту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      9) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеу
      1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.
      Ақшадан басқа, өзге де мүлікпен (бағалы қағаздарды қоспағанда) төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы белгілейтін баға бойынша жүзеге асырылады.
      Қор биржасында айналыстағы және қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілген бағалы қағаздардың құны қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Осындай бағалы қағаздарды көрсетілген әдістеме бойынша бағалау мүмкіндігі болмаған не акцияларды төлеуге енгізілетін бағалы қағаздардың түріне қатысты әдістемесі болмаған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы бағалайды.
      2. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, қоғамның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім біткенге дейін қоғам акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.
      3. Қоғамға өзінің жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастырған кезде оларды өзі сатып алуына жол берілмейді.»;
      10) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде «Осы Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 25-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында осы акцияларды сатып алу нәтижесінде осы тұлғаға дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесе отырып қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп проценті тиесілі болатын қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін не дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесе отырып сатып алғысы келетін тұлға бұл туралы қоғамға және уәкілетті органға ол белгілеген тәртіппен хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада сатып алынатын акциялардың саны, болжамды сатып алу бағасы туралы мәліметтер және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзге де мәліметтер болуға тиіс»;
      3-баптың бірінші бөлігі «отыз және одан да көп процентін» деген сөздерден кейін «не сатып алуының нәтижесінде осы тұлғаға дербес немесе оның аффилиирленген тұлғаларымен бірлесіп, қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп проценті тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге санын» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 26-бапта:
      1-тармақта:
      «акцияларды сатып алу» деген сөздерден кейін «ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында» деген сөздермен толықтырылсын;
      «қоғамның акцияны» деген сөздерден кейін «ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) акцияларды құрылтайшылар арасында орналастыру қорытындылары туралы бірінші есеп бекітілгенге дейін;»;
      13) 27-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы «және қоғамның» деген сөздер «және (немесе) қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-1-тармақ «қоғамның акцияларды» деген сөздерден кейін «ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) акционердің талап етуі бойынша орналастырылған акцияларды сатып алған кезде:
      акционерлердің жалпы жиналысында Заңның 27-бабының 1-тармағының 1), 1-1), 3) тармақшаларында көрсетілген шешімдер қабылданған;
      сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешімді қабылдаған;
      ірі мәмілені және (немесе) қоғамның жасалуында мүддесі бар мәмілені жасау туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша;»;
      15) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақшалай
               міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау
      1. Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға өзінің жарғысында мұндай шығару мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана құқылы.
      Акционерлік қоғамы ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ.
      2. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегінде шығаруға жол беріледі.
      3. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары, мерзімдері мен тәртібі айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектісінде көрсетіледі.
      4. Бағалы қағаздарды және қоғамның кредиторлар алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектісі; және (немесе)
      2) банктер және банк қызметі туралы заңнамада көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспары; немесе
      3) егер қоғам дәрменсіз борышкер болып табылса, банкроттық туралы заңнамада көзделген тәртіппен қабылданған оңалту жоспары.
      5. Егер бұрын қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды орналастырған кезде акционерлерге осы бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы берілсе, осы бағалы қағаздар шығару проспектісінің негізінде бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастау кезінде қоғам акционерлеріне акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы беріледі.
      6. Бағалы қағаздар банктің активтері мен міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімі аясында немесе қоғамның оңалту процесінде қоғам акцияларына айырбасталатын жағдайда, егер қоғам дәрменсіз борышкер болып табылса, акцияларын бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы орналастырған жағдайда басымдықпен сатып алу құқығы банктің (қоғамның) акционерлеріне берілмейді.
      7. Қоғамның бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға, осындай айырбастау нәтижесінде жай акцияларды иеленетін тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын қоғам акционерлеріне (акцияларды сатып алуды жоспарлаған тұлғаларға) қатысты белгіленген талаптарды орындауы шартымен құқығы бар.
      Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға тыйым салынады.»;
      16) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
      «30-1-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін
                 осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау
      1. Қоғам қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастауды, егер осындай айырбастау мүмкіндігі оның жарғысында және акциялар шығару проспектісінде көзделген болса ғана жүзеге асыруға құқылы.
      2. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастаудың шарттары, мерзімдері және тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акциялар шығару проспектісінде белгіленеді.»;
      17) 33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында «және қоғам» деген сөздер «және (немесе) қоғам» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 35-баптың 1-тармағы:
      үшінші бөлікте «шақырылуы және өткізілуі мүмкін» деген сөздер «екі ай ішінде шақырылуы және өткізілуі тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің бірінші жалпы жиналысында сайланады.»;
      4-тармақтың төртінші сөйлемі «және қоғамның» деген сөздер «және (немесе) қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 36-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-2) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау;
      3-3) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттары мен тәртібін айқындау;»;
      5) тармақшадағы «сыйақы төлеудің» деген сөздер «олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;»;
      10) тармақшада «беру арқылы қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы» деген сөздер «беру (алу) арқылы қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге заңды тұлғалардың қатысушылар (акционерлер) құрамынан шығуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақша «қоғам акцияларды» деген сөздерден кейін «ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында» деген сөздермен толықтырылсын;
      18) тармақшада «және қоғам» деген сөз «және (немесе) қоғам» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы Заңда және (немесе) қоғам жарғысында өзгесі белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешімдері қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Бұл ретте қоғамның жарғысында осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, тек өзге мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қажетті дауыстардың көп саны көзделуі мүмкін.»;
      20) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Акционерлер («алтын акцияның» иегері) жалпы жиналыс өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күнге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей, ал сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында - қырық бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей хабардар болуы тиіс.
      Уәкілетті органның талабы бойынша қаржы ұйымы болып табылатын қоғам акционерлерінің, күн тәртібіне пруденциалдық және заңнамада белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы мәселесі енгізілген жалпы жиналысы өткізілген жағдайда акционерлер («алтын акцияның» иегері) жалпы жиналыс өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күнге дейін он жұмыс күннен кешіктірілмей, ал сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында - он бес жұмыс күннен кешіктірілмей хабардар болуы тиіс»;
      21. 46-баптың 2-тармағы «оның алқалы органдары мүшелерінің,» деген сөздер «қоғамның алқалы органдары мүшелерінің, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
      22. 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік
      1. Акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша жеке өзі немесе өз өкілі арқылы дауыс беруге құқылы.
      Қоғамның атқарушы органының мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде болуға құқығы жоқ.
      Мұндай өкілдік акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беру туралы нақты нұсқауы бар сенімхатқа негізделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның қызметкерлері акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде болуға құқығы жоқ.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғадан акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.»;
      23) 49-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Егер акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда дұрыс толтырылған бюллетендер барлық акционерлерден белгіленген дауыстарды санау күнінен бұрын келіп түскен болса, онда дауыстарды бұрынғы күні санауға жол беріледі, бұл дауыс беру қорытындысы жөніндегі хаттамада көрсетіледі.»;
      24) 51-бапта:
      3-тармақта «қоғамның мұрағатына сақтауға тапсырылады» деген сөздер «қоғамда сақталады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта «он» деген сөз «он бес күнтізбелік» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына:
      1) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқа мүшелері)және хатшысы;
      2) қоғамның есеп комиссиясының мүшелері;
      3) қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін және акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан акционерлер қол қоюға тиіс.
      Хаттамаға қол қоюға міндетті адамның хаттамаға қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, оған өзіне берілген сенімхат негізінде оның өкілі не Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз іс-әрекет ету немесе оның мүддесін білдіру құқығы бар адам қол қояды.»;
      26) 53-баптың 2-тармағы:
      бірінші абзацта «және қоғамның» деген сөздер «және (немесе) қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қоғам қызметінің және қоғамның даму стратегиясының басым бағыттарын белгілеу немесе Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамның даму жоспарын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелерді бекіту;»;
      7) тармақша «, сондай-ақ оларды шығару туралы шешімдер қабылдау» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша «аудиторлық ұйымның» деген сөздер «қаржылық
есептілікті тексергені үшін аудиторлық ұйымның» деген сөздермен
ауыстырылсын;
      15) тармақша «сатып алу» деген сөздерден кейін «(иелігінен шығару)» деген сөздермен толықтырылсын;
      20) тармақшада «және қоғамның» деген сез «және (немесе) қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 53-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
      1. Директорлар кеңесінің неғұрлым маңызды мәселелерін қарау және ұсынымдарын дайындау үшін қоғамда:
      1) стратегиялық жоспарлау;
      2) кадрлар және сыйақылар;
      3) аудит;
      4) әлеуметтік мәселелер жөніндегі директорлар кеңесінің комитеттері құрылады.
      Қоғамның ішкі құжаттарында өзге мәселелер жөніндегі директорлар кеңесінің комитеттерін құру көзделуі мүмкін.
      2. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімі бар сарапшылардан тұрады.
      Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Аудит, кадрлар және сыйақылар, әлеуметтік мәселелер және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) тәуелсіз директорлар болып табылады.
      Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
      3. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ олардың сандық құрамы директорлар кеңесі бекітетін қоғамның ішкі құжатында белгіленеді.»;
      28) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «54-бап. Директорлар кеңесінің құрамы
      1. Жеке адам ғана директорлар кеңесінің мүшесі бола алады.Директорлар кеңесінің мүшесі қоғамның жарғысына сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.
      2. Директорлар кеңесінің мүшелері:
      1) акционер - жеке адамдар;
      2) директорлар кеңесіне акционерлердің мүдделерін білдіруші өкілдер ретінде сайлауға ұсынылған (ұсыным берілген) адамдар;
      3) осы баптың 4-тармағында көзделген басқа да адамдар арасынан сайланады.
      3. Директорлар кеңесінде бір орынға бір кандидат сайлауға түсетін жағдайды қоспағанда, акционерлер директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауды дауыс беруге арналған бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Кумулятивтік дауыс беру бюллетенінің мынадай бағандары болуы тиіс:
      1) директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың тізбесі;
      2) акционерге тиесілі дауыстар саны;
      3) акционердің директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидатқа берген дауыстарының саны.
      Кумулятивтік дауыс беруге арналған бюллетеньге «қарсы» және «қалыс қалды» деген дауыс беру нұсқаларын енгізуге тыйым салынады.
      Акционер өзіне тиесілі акциялар бойынша дауысты директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған бір кандидатка толығымен беруге немесе оларды бірнеше кандидаттар арасында бөліп беруге құқылы. Ең көп дауыс санын жинаған кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған болып есептеледі. Егер директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған екі және одан да көп кандидат тең дауыс санын жинаған болса, бұл кандидаттарға қатысты акционерлерге тең дауыс санын жинаған кандидаттар көрсетілген кумулятивтік дауыс беру бюллетеньдерін ұсыну арқылы қосымша кумулятивтік дауыс беру өткізіледі.
      4. Қоғамның акционері емес және акционердің мүдделерін білдіруші өкіл ретінде директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылмаған (ұсыныс берілмеген) жеке адам директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлана алады.
      5. Атқарушы органның басшысынан басқа мүшелері директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
      6. Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде үш адам болуы тиіс. Қоғамның директорлар кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуы тиіс.
      Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын директорлар кеңесі мүшелерінің саны директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының елу пайызынан аспауы тиіс. Осы талап Қазақстан Республикасының резиденті еместердің еншілес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      7. Директорлар кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және қоғамның жарғысында белгіленеді.»;
      29) 58-бапта:
      4-тармақтың төртінші бөлігі «бюллетеньдер» деген сөз «бюллетеньдердің көшірмелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта «қоғамның мұрағатында» деген сөздер «қоғамда» деген сөзбен ауыстырылсын;
      30) 64-баптың 1-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) ірі акционерге тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін сенімгерлік басқарушы;
      1-2) қоғамның ірі акционері шығарған акциялардың он және одан да кеп процентін немесе қоғамның ірі акционерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы;»;
      2) тармақшада «қоғамның ірі акционері не, тәуелсіз директорды қоспағанда, лауазымды тұлғасы болып табылатын» деген сөздер «қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 1), 1-1), 1-2), 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада «1), 4) - 9)» деген цифрлар «1), 1-1) 1-2), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9) және 10)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4) тармақшада «қоғамның ірі акционері не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның» деген сөздер «осы тармақтың 1), 1-1) және 1-2)тармақшаларында көрсетілген тұлғаның не қоғамның лауазымды тұлғасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада «қоғамның ірі акционері не» деген сөздер «осы тармақтың 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында көрсетілген тұлға не қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген заңды тұлға ірі акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;»;
      9) тармақшада «1), 4)-8)» деген цифрлар «1), 1-1), 1-2), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      31) 71-баптың 2-тармағында:
      4) тармақшада «жасалуына қоғам мүдделі болатын мәміле болып табылмайды.» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) қоғамның өз аффилиирленген тұлғасымен үлгілі нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарт жасасу жасалуына қоғам мүдделі болатын мәміле болып табылмайды.»;
      32) 72-баптың 3) тармақшасы «директорлар кеңесінің назарына» деген сөздерден кейін «қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
      33) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
      1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердің жалпы жиналысына талқылау және бекіту үшін аудиті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізілген еткен жылғы жинақталмаған жылдық қаржылық есептілікті (еткен жылғы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті, бар болған жағдайда) табыс етеді. Атқарушы орган қаржылық есептіліктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есепті табыс етеді.
      2. Директорлар кеңесі жылдық қаржылық есептілікті акционерлердің жылдық жалпы жиналысы ететін күнге дейінгі отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
      Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі.
      3. Қаржы ұйымдарын қоспағанда, қоғамдар жинақталған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда -жинақталмаған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға міндетті.
      Қаржы ұйымдары осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген ақпаратты уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға міндетті.»;
      34) 79-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Қоғам корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, жылдық қаржылық есептілікті және қоғамдардың аудиторлық есептерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген қаржылық есептілік депозитарийі сайтында жариялауды қамтамасыз етеді.»;
      35) 82-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамдардың бірігу жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын бір қоғамның қайта ұйымдастырылатын басқа қоғамға инвестициялары шегерілген қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың меншікті капиталдарының сомасына тең болады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Негізгі ұйым мен орналастырылған акцияларының жүз пайызын негізгі ұйым иеленетін еншілес ұйым қосылған жағдайда, пайда болған қоғамның акциясы негізгі ұйымның акционерлері арасында орналастырылады.»;
      36) 85-баптың 3-тармағы алынып тасталсын.
      15. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-қүжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № ю, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат: 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат); 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электронды үкімет» мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы):
      1) мәтін бойынша «қызметтік, коммерциялық», «коммерциялық және қызметтік», «коммерциялық, қызметтік», «қызметтік және коммерциялық» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агенттік облигация - эмитенті қаржы агенттігі болып табылатын облигация;»;
      2) тармақшада «айырбасталуға» деген сөз «ауыстыруға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы - өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының баға белгілеумен алмасу жүйесі - биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының материалды-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып, осы биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы клиенттерінің арасында баға белгілеумен алмасу қамтамасыз етіледі;»;
      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «28-1) инвестициялық комитет - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының (тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;»;
      30) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) инсайдер - инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;
      31) инсайдерлік ақпарат - қаржы құралдары, осы қаржы құралдарын шығарған (берген) эмитенттер, бағалы қағаздарды ұстаушылар, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметі туралы, үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі қаржы құралдары құнының өзгеруіне және бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қызметіне ықпал етуі мүмкін шынайы ақпарат (коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда);»;
      39) тармақша алынып тасталсын;
      40) тармақшадағы «клиринг» деген сөз «клирингтік қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      67) тармақша:
      «сауда жүйесі» деген сөздер «қор биржасының сауда жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сауда-саттықты ұйымдастырушының» деген сөздер «қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «осы сауда-саттықты ұйымдастырушының» деген сөздер «осы қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «67-1) қор биржасының трейдері - осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, қор биржасы мүшесінің атынан мәмілелер жасауға және өзге де іс-әрекеттерді орындауға уәкілетті жеке тұлға;»;
      69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «69) сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі - қор биржасының сауда жүйесіне немесе биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының баға белгілеумен алмасу жүйесіне айналысқа жіберуге рұқсат етілген, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған қаржы құралдарының тізімі;»;
      3) 3-баптың 2-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) өз құзыреті шегінде эмитенттердің, орталық депозитарийдің және лицензиаттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және олардың қызметіне тексеру жүргізеді;»;
      4) 3-1-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының инвестициялық комитетінің мүшелерін инвестициялық комитет құрамындағы міндеттерін орындаудан шеттетуге;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) міндеттеме-хатты ұсыну туралы талапты жіберуге;»;
      4) тармақша «субъектісімен» деген сөзден кейін «міндетті түрде қол қоюға жататын» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленетін тұлғалардың, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі зейнетақы активтерік инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, ірі қатысушы белгілерін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
      2-тармақ «іс-шаралардың тізбесін,» деген сөздерден кейін «оларды орындау мерзімдерін және іс-шаралардың орындалуына жауапты бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің лауазымды тұлғаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың бірінші бөлігі «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «түзету шараларын қабылдауға жауапты бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің лауазымды тұлғасын көрсете отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақтың 4) тармақшасы «бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің» деген сөздер «орталық депозитарий мен лицензиаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      «3-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
      1. Инвесторлардың бағалы қағаздар нарығында құқықтары мен мүдделерін қорғау және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициенттерінің төмендеуін;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды және клиенттермен жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін анықтау үшін бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің көбеюін болдырмау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
      Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда мыналарды:
      1) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
      2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді талап ету арқылы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға төмендегі тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін қолданады:
      3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгертуді;
      4) уәкілетті орган белгілеген мерзімге дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
      5) клиенттердің активтерін инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымға басқаруға беруді;
      6) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын ұлғайтуды;
      7) өтімді активтердің үлесін көбейту және (немесе) инвестициялардың тәуекел деңгейін төмендету мақсатында инвестициялық портфельді қайта құрылымдауды жүргізуді;
      8) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы қысқартуды.
      3. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ертерек ден қою іс-шаралары жоспары осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етілмеген немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы атқарылмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес атқарылмаған немесе уақтылы атқарылмаған жағдайда бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
      4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      6) 4-баптың 2-тармағындағы «өзге де заң актілерімен» деген сөздер «өзге де заңнамамен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
      «5-1-бап. Білікті инвесторлар
      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіпте білікті инвесторлар болып танылған адамдар білікті инвесторлар болып табылады.
      2. Білікті инвесторларға:
      1) қаржы ұйымдары;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті органның тиісті лицензиясын алмай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      3) ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг;
      4) халықаралық қаржы ұйымдары болып табылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген жеке және институционалдық инвесторлар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте білікті инвесторлар болып танылуы мүмкін.
      4. Өтініші бойынша тұлғаны білікті инвестор деп тануды осы Заңның 45-бабының 1-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген қызметті уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асырады.
      5. Өзін білікті инвестор деп тануға өтініш берген тұлға өзі туралы берілген ақпараттың шынайылығы үшін жауап береді.
      Тұлғаны өзі берген жалған ақпараттың негізінде білікті инвестор деп тану оның мүддесін қозғайтын және оның есебінен жасалған мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылмайды.
      6. Тұлға бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының бір түріне немесе бірнеше түріне, білікті инвесторларға арналған қызметтердің бір түріне немесе бірнеше түріне қатысты білікті инвестор болып танылуы мүмкін.
      7. Тек қана білікті инвесторлық қаражаты есебінен жасасуға рұқсат етілген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      8. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы:
      1) білікті инвесторға бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының немесе қызметтердің қандай түрлеріне қатысты оның білікті инвестор болып танылғаны туралы хабарлап отыруға;
      2) білікті инвестор болып танылған адамнан тұлғаның білікті инвестор болып танылуы үшін қажетті талаптардың сақталуын растауды талап етуге және аталған талаптардың сақталуына тұрақты түрде тексеру жүргізуге;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте өзі білікті инвестор ретінде таныған тұлғалардың тізілімін жүргізуге міндетті.
      9. Білікті инвесторды білікті инвесторлардың тізілімінен алып тастау оның өтініші бойынша не ол тұлғаның білікті инвестор болып танылуы үшін қажетті талаптарды сақтамаған жағдайда жүзеге асырылады.»;
      8) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) эмитенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ әр активтің құнын және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күнін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген эмитенттің активтері туралы мәліметтер;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда) соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктері және эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілігі эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғамның ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алу кезіндегі олардың құнын анықтау әдістемесі де акциялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі болмаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде эмитент уәкілетті органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жылдың қаржылық есептілігін және аталған. кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады. Эмитент аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілігін жылдың қаржылық есептілікті заңнамада белгіленген тәртіпте бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Эмитент қоғамның ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі және (немесе) осы баптың 1-тармағының 1)-4-1), 8)-12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның нормативтік құқықтың актісінде белгіленген тәртіппен тіркеу үшін олар туындаған (эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға беруге міндетті. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 1) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстырады. Уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді не эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Акционерлік қоғам акциялар шығару проспектісіне жарияланған акциялар санының азаюын көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы емес.
      Эмитент борышының эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайларда осы шығарылымның барлық борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларының келісімі болған кезде ғана борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды шығарудың, орналастырудың, айналысқа жіберудің, сыйақы төлеудің және өтеудің шығару проспектісінде белгіленген талаптарын өзгертуге құқылы. Осы талап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйымдардың міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезінде оларға қолданылмайды.
      Осы тармақтың мақсатында борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасалатын өзгерістер мен толықтырулар:
      1) бағалы қағаздың нақтылы құнын өзгерту;
      2) бағалы қағаздардың айналым мерзімін өзгерту;
      3) бағалы қағаз бойынша төленетін сыйақының мөлшерін және оны төлеу тәртібін өзгерту;
      4) бағалы қағаздар шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын кепілге берілген мүліктің құрамын өзгерту;
      5) осы бағалы қағаздар шығарылымы бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілгер банкті өзгерту;
      6) осы шығарылымның бағалы қағаздарын осы эмитенттің өзге бағалы қағаздарына айырбастау (ауыстыру) тәртібін өзгерту;
      7) бағалы қағаздарды өтеу тәртібін өзгерту;
      8) тізбесі борыштық эмиссиялық қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген өзге де өзгертулер болып табылады.
      Эмитент борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасалатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжаттарды борыштық эмиссиялық қағаздар шығару проспектісіне осы өзгерістерді енгізуге берген ұстаушылардың келісімін алған күннен бастап отыз күн ішінде ұсынады. Эмитенке осындай келісім берген борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін өздеріне тиесілі осы шығарылымның борыштық бағалы қағаздарын сатуға құқығы жоқ.
      Эмитенттің органдары борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, эмитент бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу рәсімі аяқталғанға дейін осы шығарылымның бағалы қағаздарын орналастыруға құқылы емес»;
      9. 10-баптың тақырыбы мен 10-бап «эмиссиялық бағалы қағаздар» деген сөздерден кейін «(бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды)» деген сөздермен толықтырылсын;
      10. 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Микрокредиттік ұйымдардың, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру қоғамдарының және ломбардтардың мемлекеттік емес облигацияларды шығаруға құқығы жоқ.»;
      11) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Эмитент облигациялық бағдарлама шегінде құрылымы бойынша әртүрлі облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.»;
      12. 14-бап алынып тасталсын;
      13. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Облигациялардың кейінгі шығарылымы
      1. Эмитент бұрын шығарылған және өзі өтемеген облигациялары бар болғанда, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға табыс ету күні онда бұрын шығарылған облигацияларды шығару талаптарын (оның ішінде, бұрын шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеу немесе өтеу міндеттемелерін), сондай-ақ бұрын шығарылған облигациялардың делистингі талаптарын уақтылы орындамаған немесе орындамаған жағдайлар болмаса және ол инфрақұрылымдық облигациялардың эмитентін қоспағанда, төмендегі талаптардың біреуін сақтаған жағдайда:
      1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға табыс ету күні эмитентте уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттіктерінің біреуі талап ететін ең төменгі рейтингі болса;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің левередж шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген шамадан аспаса (аспайтын болса);
      3) жаңадан шығарылатын облигациялар ипотекалық облигациялар болса, облигацияларының одан кейінгі шығарылымын жүзеге асыруға құқылы. Осы тармақтың талабы ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.
      2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптар сақталған жағдайда, өзі бұрын шығарған облигацияларды қайталама бағалы қағаздар нарығына айналысқа жіберген кезде облигациялардың кейінгі шығарылуын жүзеге асыруға құқылы.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйымға ол міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.»;
      14) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Агенттік облигациялардың шығарылымы
      Агенттік облигацияларды шығарудың, айналысқа жіберудің және оларды өтеудің талаптары мен тәртібі, агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында қаржы агенттігінің уәкілетті органға ұсынатын құжаттарының тізбесі және шығарылымды мемлекеттік тіркеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      15) мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:
      «18-2-бап. Шетел валютасында номинирленген облигациялар
                 шығарылымының ерекшеліктері
      1. Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер немесе халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында номиналды құны шетел валютасында көрсетілген облигацияларды шығаруға құқылы.
      2. Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигацияларды шығару, айналысқа жіберу және өтеу, сондай-ақ оларды орналастыру және өтеу нәтижелері туралы есепті беру талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтың актісінде белгіленеді.»;
      16) 20-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Өкіл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін:
      1) эмитентке облигацияларды ұстаушылардың алдындағы облигациялар шығару проспектісімен белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуы туралы талаптармен;
      2) бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;
      3) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.»;
      17) 22-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) акцияларды орналастыру кезінде оларды қайта сатып алу міндеттемесімен мәмілелерді жасауға тыйым салынады.
      Эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) облигацияларды орналастыру кезінде облигацияларды жеке ұстаушыларға облигацияларды шығару проспектісінде белгіленбеген қосымша құқықтарды беруге тыйым салынады.»;
      18) 22-1-бапта:
      1-тармақта:
      2) және 3) тармақшалардағы «осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындау», «тиісті бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшеліктер ескеріле отырып» деген сөздер алынып тасталсын:
      4) тармақшаның үшінші абзацындағы:
      «сатып алуға ұсынылуға» деген сөздер «орналастырылуы» деген сөзбен ауыстырылсын
      19) 23-баптың 4-тармағында:
      «қаржы» деген сөз алынып тасталсын;
      «олар» деген сөзден кейін «міндеттемелерін» деген сөзбен толықтырылсын;
      20) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) эмитенттің жарғысында және бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленген бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті хабарламаны жариялау;»;
      21) 30-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Таратылатын акционерлік қоғамның акциялар шығарылымын жою жөніндегі өтініші таратылатын қоғамның тарату балансын бекіткен күннен бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға беріледі.
      1-2. Уәкілетті орган қоғамның акциялар шығарылымын жою жөніндегі шешімді қабылдауға құқылы, тарату немесе қайта құрылымдау жөніндегі мәліметтер (осы акционерлік қоғамға басқа заңды тұлғаның қосылу немесе осы акционерлік қоғамнан жаңа акционерлік қоғамның бөлініп шығу жағдайларын қоспағанда) акциялардың күшін жоюға қажетті құжаттарды ұсынбай-ақ Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінде қамтылады.»;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      22) 30-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-1-бап. Облигациялар шығарылымын жою
      1. Облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган мына негіздемелердің біреуі бойынша:
      1) мына талаптардың бірін сақтанған кезде облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитент органының шешімі негізінде:
      осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған;
      эмитент осы шығарылымның барлық облигацияларын бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімдерін жүзеге асырған кезде;
      2) мәжбүрлеу тәртібінде таратылатын эмитенттің тарату комиссиясы ұсынған, эмитенттің облигацияларын ұстаушылармен есеп айырысудың аяқталғанын растайтын құжаттардың негізінде қабылдайды.
      Егер осындай шешім қабылданған күні эмитент шығарған облигациялар толық көлемде өтелмеген (қайталама нарықта сатып алынбаған) болса, облигациялардың эмитентінің ерікті тарату туралы шешімді қабылдауға құқығы жоқ.
      2. Облигациялар шығарылымын жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      23) 31-бапта:
      2-тармағындағы «Облигациялар бойынша кіріс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезінде» деген сөздер «Облигацияларды өтеу кезіндегі олардың номиналды құны және (немесе) облигациялар бойынша кіріс» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта «бағалы қағаздар бойынша кіріс және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
      24) 32-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Эмитент мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындьшары туралы есепті бекітуге құжаттарды берудің талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартуға құқылы.
      Эмитент уәкілетті органның мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тарту жөніндегі шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.»;
      25) 6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы
                құралдарының айналымы»;
      26) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарама қарсы бұйрықтары негізінде (бір жақты мәміле тіркелген жағдайда мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте қаржы ұйымының қайта құрылымдау жүргізу кезде олардың бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жағдайында) жүзеге асырады және ол:»;
      27) 41-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акцияларды қоспағанда, акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акциялардың қалдықтары мен қозғалысы туралы;»;
      28) 42-бап алынып тасталсын;
      29) 44-бапта:
      1 тармақ «коммерциялық кұпияны» деген сөздерден кейін «және инсайдерлік ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
      2, 3 тармақ «коммерциялық құпияны» деген сөздерден кейін «және инсайдерлік ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
      30) 45-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік қызмет;»;
      4-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «директорлар кеңесі» деген сөздер «басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері мен резиденті еместер осы баптың 2-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлері бола алады.
      2. Мыналар:
      1) уәкілетті орган тізбесін белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) болып табылатын тұлғалар;
      3) уәкілетті орган тізбесін белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) болып табылатын заңды тұлғалар;
      4) уәкілетті орган:
      қаржы ұйымын консервациялау;
      қаржы ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу;
      қаржы ұйымын лицензиясынан айыру;
      қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қаржы ұйымын банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін шамамен бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының ірі қатысушысы не қаржы ұйымының немесе оның ірі қатысушысының басшы қызметкері болып табылатын не болып табылған тұлға өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
      Осы талап уәкілетті орган тиісті шешімді қабылдағаннан кейінгі бес жыл ішінде қолданылады;
      5) заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
      6) заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылтайшысы және акционерлері бола алмайды.
      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында белгіленген шектеулер уәкілетті орган тізбесін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің біреуінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдардың еншілес ұйымдары болып табылатын өтініш берушілерге (лицензиаттарға) қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға өзінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес рейтинг агенттіктерінің біреуінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырғысы келетін (жүзеге асыратын) өтініш берушінің (лицензиаттың) акцияларын сатып ала алады.»;
      32) 47-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «47-1-бап. Лицензиаттың ұйымдастырушылық-құқықтық
                 нысаны және органдары
      1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс атқара алатын клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерді және (немесе) дилерді, тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс атқарады.
      2. Лицензиат (тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды:
      1) басқару органын;
      2) атқарушы органды қалыптастырады.»;
      33) 48-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацындағы «директорлар кеңесі» деген сөздер «басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      34) 51-бапта:
      1-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) уәкілетті органның талабы бойынша міндеттеме-хатты бермеген;
      5-2) уәкілетті органмен жазбаша келісімді жасасудан бас тартқан;»;
      11) тармақшадағы «қатарынан күнтізбелік он екі ай» деген сөздер «соңғы күнтізбелік он екі ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы «қатарынан күнтізбелік он екі ай» деген сөздер «соңғы күнтізбелік он екі ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
      35) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға
               қойылатын шектеулер және тыйым салу
      1. Мына жағдайларды:
      1) жеке басының мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруді қосқанда, меншікті мүлкіне иелік етуді;
      2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
      3) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет мәселелері жөніндегі арнайы әдебиеттерді ақпаратты тасымалдауыштың кез келген түрлерінде сатуды;
      4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет саласында мамандардың біліктіліктерін арттыру бойынша оқыту ұйымдастыруды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, лицензиаттың қаржы нарығындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
      36) 54-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар:
      1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы мен мүшелері;
      2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының бірінші басшысы (тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері;
      3) тіркеушінің және трансфер-агенттің бас бухгалтерін қоспағанда, бас бухгалтер;
      4) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын және қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін есептіліктер жасауға және оны орындауға негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары клиенттерінің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығының салыстырылып тексерілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш берушінің (лицензиаттың) бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, оның өзге де басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып табылады.»;
      2-тармақта:
      5) тармақшада:
      «директорлар кеңесінің» деген сөздер «басқару органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «басқармасының» деген сөз «атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «өзге қаржы ұйымында» деген сөздер «лицензиатта не өзге де қаржылық қызметтерді көрсететін қаржы ұйымында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін өтініш берушінің (лицензиаттың) басқармасы мүшелерінің саны кемінде үш адам болуы тиіс»;
      4-тармақта:
      1) тармақшадағы «басқармасының» деген сөз «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада:
      «директорлар кеңесінің» деген сөздер «басқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «басқарма» деген сөз «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өзге басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.»;
      екінші бөлікте:
      «Директорлар кеңесі» деген сөздер «Басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «басқарма» деген сөз «атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «осы өтініш берушінің (лицензиаттың)» деген сөздерді «өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      бірінші бөлікте 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) осы басшы қызметкер тиісті лауазымды иеленген (қатарынан соңғы он екі ай ішінде болған) лицензиатқа санкцияларды жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан астам рет) қолдануы;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарда бұрын берілген (берілген) келісімді (келісімдерді) қайтарып алуына негіз болып табылады.»;
      37) 56-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды сауда жүйесінде осы мәміле жасалған, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының сараптамалық комитетінің (бұдан әрі осы бапта - сараптамалық комитет) қорытындысын қарау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.»;
      3-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі «директорлар кеңесінің - комитетін» деген сөздер «сараптамалық комитетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «Қор биржасының директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселесі жөніндегі комитеті (бұдан әрі осы бапта - сараптама комитеті)» деген сөздер «Сараптамалық комитет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      3) тармақша «мәміле» деген сөзден кейін «бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада:
      «мәміле» деген сөзден кейін «бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
      «жатқызылады» деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) сараптамалық комитет анықтаған қосымша талаптарға сәйкес келетін ұйымдастырылған нарықта жасалған өзге де мәмілелер жатқызылады.»;
      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Уәкілетті орган ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің уәкілетті органға берген құжаттарын талдау не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте уәкілетті орган жүзеге асырған бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру өткізу нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
      8. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танудың тәртібі мен талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      38) 56-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «56-1-бап. Инсайдерлік ақпаратты қолдануды және оны
                 пайдалануды шектеу
      1. Бағалы қағаздар нарығы эмитенттерінің немесе кәсіби қатысушыларының қызметі туралы инсайдерлік ақпаратқа жататын ақпараттар тізбесі, осындай ақпаратқа ол жетімділігі бар тұлғалар, инсайдерлік ақпаратты жария етудің тәртібі мен мерзімдері бағалы қағаздар нарығы эмитенттерінің немесе кәсіби қатысушыларының басқару органы бекіткен оның ішкі құжаттарында анықталады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы инсайдерлік ақпаратқа жататын ақпараттар тізбесін, осындай ақпаратқа қол жетімділігі бар тұлғаларды, инсайдерлік ақпаратты жария етудің тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органы айқындайды.
      2. Мыналар:
      1) қаржы құралының құнын бағалауды және (немесе) инвестициялық
шешімдерді қабылдау мақсатында жасалған эмитенттің мүліктік жағдайын бағалауды қоса алғанда, жалпыға бірдей мәліметтердің негізінде дайындалған ақпарат;
      2) инсайдерлік ақпаратты белгісіз тұлғалар санына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беру нәтижесінде алынған ақпарат;
      3) дерек көзі белгісіз, бірақ оған қарамастан тұлғалар арасында кеңінен, ең белсенді түрде таралатын, расталмаған ақпарат, сондай-ақ бағалы қағаздар субъектісінің ағымдағы немесе жоспарланған қызметіне қатысты болжамдар инсайдерлік ақпаратқа жатпайды.
      3. Мына тұлғалар:
      1) эмитенттің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының немесе олардың аффилиирленген тұлғаларының акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) иемденуге, эмитенттің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының немесе олардың аффилиирленген тұлғаларының органдарындағы мүшелігіне, эмитентпен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен немесе олардың аффилиирленген тұлғаларымен жасалған еңбек шартына немесе азаматтық-құқықтық шартқа қатысты инсайдерлік ақпаратқа қол жетімділігі бар;
       2) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін бақылау мен қадағалау функцияларын көздейтін өкілеттіктердің оларға берілуіне қатысты инсайдерлік ақпаратқа қол жетімділігі бар мемлекеттік қызметкерлер;
      3) инсайдерлік ақпаратқа кіру рұқсаты бар, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының директорлар кеңесі комитетінің мүшелері;
      4) осы Заңның 93-бабында көзделген функцияларды жүзеге асыру кезінде инсайдерлік ақпаратқа кіру рұқсатын алған өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері;
      5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың туыстары (жекжаттары);
      6) осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан инсайдерлік ақпаратты алған тұлғалар инсайдерлер болып танылады.
      4. Инсайдерлер:
      1) инсайдерлік ақпаратты қолдана отырып, бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді өзінің мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жасауға;
      2) инсайдерлік ақпаратгы немесе оган негізделген ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғалар үшін оны қол жетімді ғып жасауға;
      3) бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсыныстарды үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
      5. Осы баптың 4-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар өздерінің қаржы құралдарымен жасағалы жатқан мәмілелері туралы, өздерінің рұқсаты бар тұлғалар немесе сол тұлғалардың эмитенті туралы инсайдерлік ақпаратқа қатысты уәкілетті органға хабарлауға, сондай-ақ осындай мәмілелер туралы
ақпаратты олар жасалған сәттен бастап бес күннен кешіктірмей, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте жариялауға міндетті.
      Осы бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жүргізілуін қамтамасыз ететін сауда-саттықты ұйымдастырушы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген ақпаратты жария етуі тиіс.
      6. Осы Заңға сәйкес құпия деп танылатын ақпаратты қоспағанда, инсайдерлік ақпарат белгілі болған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы бес күн ішінде осы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте жария етуге міндетті.
      5. Эмитент уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіпте және шарттармен оның қызметі саласына қатысты және жалпыға ортақ болып табылмайтын ақпараттың салдары эмитенттің мүліктік және қаржылық жағдайы үшін оның бағалы қағаздарының құнына елеулі түрде әсер етуге қабілетті болса, онда сол ақпаратты бес күн ішінде жария етуге міндетті. Сондай-ақ, эмитент осындай ақпаратты эмитенттің бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуді қамтамасыз ететін сауда-саттықты ұйымдастырушыға хабарлауға міндетті.
      7. Бағалы қағаздар нарығының субъектісі:
      1) шығарылған не өзіне немесе оның клиенттеріне тиесілі бағалы қағаздармен мәмілелерді жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратқа заңсыз иелік етуден және оны қолданудан сақтауға мүмкіндік беретін жағдайды қамтамасыз етуге;
      2) инсайдерлік ақпаратқа қол жетімділік құқығын шектеу үшін ішкі бақылау ережелерін белгілейтін, инсайдердің өз мүдделері үшін осындай ақпаратты қолдану мүмкіндігін болдырмайтын ішкі құжаттарды әзірлеуге және бекітуге;
      3) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің басқару органына есеп беретін, міндетіне Қазақстан Республикасының заңнамасы және бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ішкі құжаттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін құрылымдық бөлімшені (лауазымды тұлғаны) құруға (тағайындауға);
      4) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің инсайдерлік ақпаратына қол жеткізетін тұлғалардың тізімін жүргізуге;
      5) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген тұлғаларды тізімге енгізілгендігі (тізімнен алынғандығы) туралы хабардар етуге, аталған тұлғаларға бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде осы Заңның талаптары жөнінде ақпарат беруге;
      6) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген тұлғалардың тізімін уәкілетті органға оның талап етуі бойынша беруге міндетті.
      8. Инсайдерлік ақпаратты қолданып жасалған мәміле мүдделі тұлғалардың шағымы бойынша сотта заңсыз болып танылуы мүмкін.
      9. Осы Заңға сәйкес инсайдерлер болып танылатын заңды тұлғалар осы заңды тұлғалардың және олардың қызметкерлерінің органдарында лауазымда болған тұлғалардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолданудан келтірілген зиян үшін субсидиялық жауапкершілікке тартылады. Егер аталған тұлғалар тиісті заңды тұлғаның тапсырмасы бойынша әрекет етсе немесе әрекет етулері тиіс болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте заңды өтейді.»;
      39) 63-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тапсырма шартының нормалары номиналды ұстаушы қызмет көрсетуді ұсыну бөлігінде, ал комиссия шартының нормалары - ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет көрсету бөлігінде қолданылады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметтер брокерлік шарт тараптарының келісімі бойынша тапсырмасы немесе комиссиясы шартының негізінде ұсынылады.»;
      4-тармақта:
      2) тармақшасында «бөлімшесі енуге тиіс» деген сөздер «бөлімшесі;» деген сөзбен ауыстырылсын
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:
      «3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және нақтылы ұстаушы ретіндегі клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес өзге құрылымдық бөлімшелер енуге тиіс»;
      40) 64-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік шеңберінде брокер және (немесе) дилер заем түрінде не өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде міндеттемелерді орындау ретінде брокердің шоттарындағы өз клиенттерінің ақшасын пайдалануына құқығы жоқ.»
      41) 68-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шарты бір тәртіппен бұзылған жағдайда жаңа тіркеушімен жасалған шартты эмитентте болмаған кезде тіркеушінің лицензиясының қолданылуын тоқтату немесе айыру негізінде, тіркеуші шарт бұзылған күнге қалыптастырылған бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің және орталық депозитарийге сақтауға беретін осы эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын өзге де құжаттарды береді.
      Аталған құжаттарды беру тіркеушілер өкілдерінің және орталық депозитарийдің қатысуымен қабылдау-беру актісін жасау жолымен жүзеге асырылады.
      Орталық депозитарий эмитентпен бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу бойынша шарт жасасу туралы жаңа тіркеушінің хабарламасын алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде бұрынғы тіркеушімен жасалған шартты бұзған күнге қалыптастырылған бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдерін және тіркеуші және орталық депозитарий қол қойған қабылдау-беру актісі негізінде осы эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын өзге құжаттарды тіркеушіге тапсырады.»;
      42) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық
               комитетінің мүшелеріне қойылатын талаптар
      1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының (тіркеуші және трансфер-агентті қоспағанда) меншікті активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы (инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерді басқарушы) инвестициялық басқаруға алған активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының құрамында кемінде үш адам болатын инвестициялық комитеті жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының басшы қызметкерлері болуы тиіс.
      2. Қызметкерлерді инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атқарушы органы жүзеге асырады.
      3. Зейнетақы активтерін басқарушы инвестициялық комитетінің құрамына:
      1) зейнетақы активтерін басқарушы бір жинақтаушы зейнетақы қордың ғана зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру шартымен, активтері инвестициялық басқаруға берілген жинақтаушы зейнетақы қордың өкілін қоспағанда, осы зейнетақы активтерін басқарушы қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар;
      2) зейнетақы активтерін басқарушыға не жинақтаушы зейнетақы қорға қатысты аффилиирленген заңды тұлғалардың бір мезгілде басшы қызметкерлері не акционерлері болып табылатын зейнетақы активтерін басқарушы қызметкерлері кірмеуі тиіс.
      4. Инвестициялық комитеттің отырысы инвестициялық комитетінің сайланған мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ кемінде үш инвестициялық комитетінің мүшелері қатысқан жағдайда жүргізіледі.
      Инвестициялық комитеттің шешімдері оның отырысына қатысатын мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.
      5. Инвестициялық комитет мүшесінің инвестициялық шешімдерді қабылдау бөлігінде оған жүктелген функцияларын орындауды өзге тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
      6. Инвестициялық комитетінің мүшелері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атқарушы органдарына осы инвестициялық комитеті мүшелерінің мүдделері және активтері инвестициялық басқаруға берілген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының және (немесе) клиенттердің мүдделері бір біріне сәйкес келмеген жағдайлардың болуы туралы ақпаратты мәлімет үшін жіберуге міндетті.
      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайлары басталған кезде инвестициялық комитетінің мүшесі инвестициялық комитетінің отырысына қатысуға және инвестициялық комитеті қабылдайтын шешімге ықпал етуге құқығы жоқ.
      7. Инвестициялық комитет отырысының қорытындысы бойынша хаттама жасалады, оған төраға және инвестициялық комитетінің отырысына қатысатын барлық инвестициялық комитетінің мүшелері қол қояды және онда инвестициялық комитетінің әрбір мүшесінің пікірі және қабылданған шешімнің негіздемесі болады.
      8. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының инвестициялық комитеті бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының меншікті активтері не осы активтерді мақсатқа лайықты емес пайдалануды көздейтін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының инвестициялық басқаруға берілген клиенттерінің активтері есебінен жасалған мәмілелер туралы шешімдер қабылданған, Қазақстан Республикасының заңнама, инвестициялық декларациясының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының ішкі құжаттарының талаптары жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзылған жағдайда уәкілетті орган тұлғаны не осындай шешімдер қабылданғанға дауыс берген тұлғаларды бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының инвестициялық комитеті мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
      Уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының инвестициялық комитеті мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы хабарламасы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап келесі күннен кешіктірмей уәкілетті орган инвестициялық комитеті мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттеткен тұлғаларға мәлімет үшін жеткізуге міндетті бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атқарушы органына мәлімет үшін жіберсін.
      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген уәкілетті органның хабарламасын инвенстициялық комитетінің мүшелеріне мәлімет үшін жеткізген сәттен бастап осы тұлға инвестициялық комитетінің жұмысына қатысуға құқығы жоқ және осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымның инвестициялық комитетінің құрамына уәкілетті органның инвестициялық комитеті мүшесінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешімі қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде сайлана алмайды.»;
      43) мынадай мазмұндағы 15-1-тараумен толықтырылсын:
      «15-1-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жөніндегі
                   клиринг қызметі.
      77-1-бап. Қаржы құралдармен мәмілелер жасау жөніндегі
                клиринг қызметінің шарттары мен тәртібі
      1. Қаржы құралдармен мәмілелер жасау жөніндегі клиринг қызметіне лицензиялары бар ұйымдар және:
      1) қаржы құралдармен сауда-саттық қатысушылары арасындағы есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның;
      2) қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезінде төлем агентінің;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кірісті төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезінде ақша алуға арналған банк шоттарын ашу бойынша функцияларын орындауды жүзеге асыру функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде орталық депозитарий (бұдан әрі осы бапта - клиринг қызметтері) қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жөніндегі клиринг қызметін жүзеге асыруға құқылы.
      2. Клиринг ұйымы бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді орындамау тәуекелдерін төмендету үшін арнайы қорды қалыптастыруға міндеті. Клиринг ұйымының арнайы қорды қалыптастыру тәртібі мен ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      3. Клиринг ұйымының Директорлар кеңесі клиринг ұйымының қызметін пайдаланатын субъектілері мен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын анықтайтын қаржы құралдарымен мәмілелер жасау бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін бекіту тиіс. Клиринг ұйымының Директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелер жасау бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелері бекітілгеннен кейін олар уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісуге тиіс.
      4. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісімі бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»
      77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары
      1. Клиринг ұйымының функциялары:
      1) жасалған мәмілелер бойынша мәліметтер жинау, алшақтық болғанда оны салыстыру және түзету, мәмілелер жасалғаны туралы растау;
      2) тіркелген мәмілелерді есепке алу және олар бойынша есеп айырысуды жүргізу;
      3) биржа саудасы қатысушыларының жеткізу мен есеп айырысу бойынша өзара міндеттемелерді анықтау;
      4) бағалы қағаздарды сатушыдан сатып алушыға жеткізуін қамтамасыз ету;
      5) мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру;
      6) жасалған мәмілелерді орындау бойынша кепілдіктерді қамтамасыз ету.
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге функциялары болып табылады.
      2. Клиринг ұйымы мен оның клиенттері арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тапсырма шартының нормалары қолданылатын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру шарты негізінде туындайды.»;
      44) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «78-бап. Орталық депозитарий қызметінің негізгі принциптері
      1. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден-бір коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және ішкі құжаттармен - орталық депозитарийдің ережелер жинағымен белгіленеді.
      2. Орталық депозитарийдің құрылтайшылары мен акционерлері болып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және халықаралық қаржы ұйымдары табылады.
      Орталық депозитарий акцияларының басым үлесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі.
      Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдармен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиялары бар орталық депозитарий акционерлерінің үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауы тиіс.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушыны қоспағанда, бағалы қағаздар нарығының әр кәсіби қатысушысының және эр халықаралық қаржы ұйымдарының орталық депозитарийдің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акциялардың жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.
      3. Мына тұлғалар:
      1. тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар;
      2. осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) болып табылатын тұлғалар;
      4) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) болып табылатын заңды тұлғалар;
      5) уәкілетті орган:
      қаржы ұйымын консервациялау;
      қаржы ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу;
      қаржы ұйымын лицензиясынан айыру;
      қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қаржы ұйымын банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан астам емес бұрын кезеңде қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын не табылған заңды тұлға орталық депозитарийдің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
      Аталған талап уәкілетті орган тиісті шешімді қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
      6) Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген не алынбаған соттылығы бар;
      әдейі банкроттық, төлем қабілетсіздігіне әкелгені, жалған банкроттық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалары бар заңды тұлғар орталық депозитарийдің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
      4. Бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсіби қатысушылары, сондай-ақ шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдің депоненттері болып табылады.»;
      45) 80-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясыз қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Орталық депозитарий уәкілетті органның лицензиясыз мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.»;
      46) 81-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру ережесі;»;
      47) 82-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында «, қызметтік құпияны» деген сөздер алынып тасталсын;
      48) 83-баптың 2-тармағында:
      бірінші және екінші бөлігінде:
      «Сауда-саттықты ұйымдастырушының» деген сөздер «Қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сауда-саттықты ұйымдастырушының» деген сөздер «қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      49) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері
      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін оның атқарушы органы әзірлейді, сауда-саттық ұйымдастырушының директорлар кеңесі бекітеді және уәкілетті органмен келісіледі.
      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері уәкілетті органмен олар келісілгеннен кейін күшіне енгізіледі.
      3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері қор биржасының сауда жүйесінде немесе бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығындағы баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді алмасу жүйесінде айналысқа жіберілген қаржы қүралдарымен мәмілелерді жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерінің қызметін, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелері (клиенттері) арасында туындайтын құқықтық қатынасты реттейді.
      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері сауда-саттықты ұйымдастырушының функциясына кіретін мәселелерді реттейтін сауда-саттықты ұйымдастырушылық ішкі құжаттарын қамтиды.
      5. Қор биржасының ережелері:
      1) қор биржасындағы мүшелік санатын, қор биржасының мүшелігіне кіру талаптары мен тәртібін, қор биржасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, қор биржасында мүшелікті тоқтата тұрудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін;
      2) қор биржасының мүшесі атынан бағалы қағаздардың және қор биржасының сауда жүйесінде айналыстағы өзге қаржы құралдардың сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін қолданып, өзге іс-әрекетті орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
      3) трейдерлерді сауда жүйесін қолдануға міндетті оқыту тәртібін;
      4) трейдерлерді сауда-саттыққа қатысуға рұқсат етудің және оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету тәртібін;
      5) қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарын енгізу көзделген және енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
      6) қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізудің, оларды осы тізімнен және тізім санатының ауысымынан алып тастаудың талаптары мен тәртібін;
      7) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне (оның ішінде ақпаратты жариялау бойынша) енгізілген эмитенттердің міндеттері мен жауапкершілігін;
      8) эмитенттердің қор биржасындағы айналысқа жіберілген бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ішкі құжаттармен талап етілетін көлемде ақпаратты ашу мониторингін жүзеге асыру тәртібі;
      9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткізу тәртібін;
      10) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;
      11) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;
      12) қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалаудың әдістемесін;
      13) биржалық сауда ережелерін бұзғаны үшін қор биржасы мүшелерінің және қор биржасы трейдерлерінің жауапкершілігін, қор биржасы өндіріп алатын айыппұлдар төлеудің мөлшері мен тәртібін;
      14) қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру барысында пайда болатын дау-жанжалды шешу тәртібін;
      15) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін;
      16) құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасы органының қызметінің тәртібін;
      17) бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселесін қарау мақсатында құрылған қор биржасының директорлар кеңесі комитетінің қызметшінің тәртібін;
      18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолдану, бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғы жағдайларын анықтау және алдын алу тәртібін айқындауға тиіс»;
      50) 86-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қор биржасының мүшелері мынадай талаптардың біріне сай келетін шетелдік заңды тұлғалар болуы мүмкін:
      1) Дүниежүзілік биржалар федерациясының құрамына кіретін қор биржаларының мүшелері болып табылатын (Тhе World Ғеdеrаtіоn of Exchanges);
      2) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген резиденттік елдің уәкілетті органының тиісті лицензиясын иеленген.
      Аталған шетелдік заңды тұлғаларға қор биржасындағы сауда-саттыққа қатысуға тек брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қадағалау саласы бойынша уәкілетті органдар арасында брокерлік және (немесе) далерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны өзара тануды көздейтін ынтымақтастық пен ақпарат алмасу жөнінде халықаралық келісімдері бар болса ғана рұқсат берілуі мүмкін.»;
      51) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «88-бап. Қор биржасының қызметі
      1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңдарына және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздарға қарағанда, өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
      2. Қор биржасы мынадай:
      1) сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
      2) қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізуге көзделетін отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасыңца айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талаптарды белгілеу;
      3) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру;
      4) қор биржасының сауда жүйесінде айналыста жүрген бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қор биржасының мүшесі атынан қатысатын қор биржасының трейдерлерін оқыту;
      5) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру және олар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнама талаптарын, қор биржасының ережелерін бұзған кезде, сондай-ақ қор биржасының ережелерімен белгіленген өзге жағдайларда оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету;
      6) сауда-саттыққа қатысуға жіберілген, сауда-саттыққа қатысудан шеттетілген (шеттету себебін көрсете отырып) қор биржасының трейдерлері тізілімін енгізу, және оны Қор биржасының Интернет желісіндегі веб-сайтына орналастыру;
      7) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
      8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізу және талдауды жүзеге асыру;
      9) айла-шарғы жасау мақсатымен бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасы комитетінің қызметін ұйымдастыру;
      10) қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізу және талдауды жүзеге асыру қорытындысы, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіп бойынша қор биржасының ережелерін бұзуы туралы уәкілетті органға ақпарат беру;
      11) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен талап етілетін көлемде ақпаратты ашуына мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға осындай мониторингтің нәтижесі туралы ақпарат беру;
      12) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
      13) өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
      14) бағалы қағаздар нарығы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
      15) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру;
      16) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын;
      17) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларын жүзеге асырады.»;
      52) 89-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның уәкілетті органмен келісілген нормативтік- құқықтық актісімен қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу және одан алып тастау жөніндегі қосымша шарттары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.»;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      53) 101-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қаржылық есептілік депозитарий сайтында ақпарат орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы жүзеге асырады.»;
      54) 102-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) осы эмитент активтерінің он пайызын құрайтын сомадағы эмитент мүлкін кепілге (қайтадан кепілге қоюға) беруі;»;
      7) тармақшада «өзгерістер деп танылады.» деген сөздер «өзгерістері;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістері;
      9) эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығаруы проспектісінде көзделген ковенантты сақтау (сақтамау), осы эмитент жол берген дефолт фактілері туралы ақпараты деп танылады.»;
      3-тармақта «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «және облигацияларды ұстаушылардың өкіліне (болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 2-тармағындағы өзгерістерді эмитент олар туындаған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қаржылық есептілік депозитарий сайтында ақпаратты орналастыру арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізеді.»;
      55) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «106-бап. Уәкілетті органның ақпаратты ашып көрсетуі
      1. Уәкілетті орган:
      1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектілерінде шетмемлекеттердің және эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органға табыс ететін есептерінде бар;
      2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру немесе одан айыру, осындай лицензиялардың (рұқсаттардың) қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептері туралы ақпаратты өзінің нормативтік құқықтық «актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиіс.
      2. Уәкілетті орган ақпаратпен алмасуды көздейтін ҚазақстанРеспубликасының халықаралық шарттары негізінде бағалы қағаздарнарығындағы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді береді.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алған ақпаратты осындай ақпарат берген тараптың келісімімен ғана Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына береді.»;
      56. 107-баптың бірінші бөлігі «өзін-өзі реттейтін ұйымнан» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өзге жеке және заңды тұлғалардан» деген сөздермен толықтырылсын;
      57. 108-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) инсайдерлік ақпаратты, сондай-ақ коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау жөніндегі мәліметтердің болуы тексеруге негіз болып табылады».
      16. «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостері, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 23 шілдеде және «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 24 шілдеде жарияланған; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы, Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2010 жылғы 27 шілдеде жарияланған.):
      1) 9-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша «ұйымдардың,» деген сөзден кейін «банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының, олардың қабылданатын тәуекелдерін ескере отырып, уәкілетті органның талаптарын орындауын анықтауға арналған ішкі процедураларды бекітеді;»;
      7-1) тармақшасы «ұйымдар» деген сөзден кейін «, банк және сақтандыру холдингтер» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда және шектерде қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды тексереді;»;
      9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
      «9) қаржылық ұйымдарға, ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломераттардың қатысушыларына Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың, оның ішінде тәуекелдерді төмендету мақсатында қолданылу тәртібін айқындайды және қолданады;»;
      9-1) мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) банктердің, банк холдингтердің және банк конгломераттардың қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады.»;
      2-2-тармақта:
      «(қайта сақтандыру) ұйымдарында» деген сөздерден кейін «, банк және сақтандыру холдингтерінде» деген сөздермен толықтырылсын
      3-тармақта «ұйымдарды» деген сөзден кейін «, банк холдинтгтерді және банк конгломераттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 9-1-бапта:
      1-тармақта:
      «банктерге» деген сөзден кейін «, банк холдингтеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      «сақтандыру (қайта сақтандыру)» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингтеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Осы баптың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының талаптары банк және сақтандыру холдингтердегі уәкілетті органының өкіліне қолданылады.»
      3) 10-бапта:
      бірінші бөлігінде:
      1) тармақшасында:
      «банктердің» деген сөз «және банк холдингтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      «рұқсат беру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшасында «банктік топтар» деген сөз «банк конгломераттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігі алынып тасталсын;
      4) 12-бап:
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру және бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды анықтайды, осындай келісімді береді не одан бас тартады;
      9-2) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жарғы капиталының ең төмен мөлшерін, оның қалыптасу тәртібін және құрамын белгілейді;
      9-3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының пруденциалдық нормативтерін және өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бекітеді;»;
      14) тармақшада «заңдарына» деген «заңнама актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
      14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне қатысты шектеулі шаралар мен санкцияларды қолданады;»;
      5) 13-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер мен өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бекітеді;»;
      4) тармақшадағы «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
      4-1) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақшада «заңдарында» деген сөз «заңнама актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 13-1-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган ұйымды алдағы тексеру туралы жазбаша хабардар етеді. Уәкілетті органның алдағы тексеру туралы хабарламасында тексерілетін ұйым тексеру жүргізу басталарда тексеруші қызметкерлерге беруге міндетті құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
      Тексеруге жататын мәселелер оның мерзімі, тексеруші топтың құрамы уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары бекітетін тексеру жүргізу тапсырмасында көрсетіледі.
      Тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнді құрайды.
      Уәкілетті орган қажеттілігіне қарай тексеру жүргізу мерзімін ұзарта алады, ол туралы тексеру жүргізу тапсырмасына толықтыру түрінде жазбаша хабарламасы ұйымға жіберіледі.
      Тексеру жүргізуге тапсырмасына қосымшаның көшірмесі ұйымға беріледі. Ұйым оның көшірмесін алғандығы туралы белгі қойылып тексеру жүргізуге тапсырмасына қосымшаның түпнұсқасы уәкілетті органда қалады.»;
      5-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақта «екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақта:
      «екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын:
      «отыз» деген сөз «он төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Ұйым жауапты лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және атқарып отырған қызметі, сондай-ақ жоспарланып отырған шараларды орындау мерзімі көрсетілген тізбесі бар, тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға байланысты, сонымен бірге жоспарланып отырған шараларды орындау мерзімі бар іс-шаралар жоспарын уәкілетті орган белгілеген мерзімде келісуге ұсынады.
      Ұйым іс-шаралар жоспарын уәкілетті органмен келіскеннен кейін орындалуына орай, көзделген іс-шаралар жоспарында көзделген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне алған міндеттердің орындалмау себептері туралы түсініктерді табыс етеді.»;
      7) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алған ақпаратты осындай ақпарат берген тараптың келісімімен ғана Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына береді.».
      17. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостері, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      1) 20-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшада «және кредиттік есептерді алу туралы» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      «4-1) банк кепілдігі немесе кепілдемесі пайдасына берілген тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың 4-1) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өзінің пайдасына шығарылған банк кепілдігі немесе кепілдемесі туралы кредиттік есепті алуға құқылы.»;
      2) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
      «6-1-тарау. Ақпарат беру және банк кепілдігі мен кепілдемесі
                  бойынша кредиттік есепті алу ерекшелігі
      30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдігі мен кепілдемесі
                бойынша ақпарат беру
      1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдігі мен кепілдемесі жөніндегі ақпаратты, банктің өзі туралы және банк кепілдігі мен кепілдемесі туралы кредиттік бюроға берген мәліметті беруге борышкер тұлғаның келісімі болған жағдайда барлық кредиттік бюроларға береді, онда кредиттік бюроның банк кепілдігі немесе кепілдемесін банк пайдасына берген тұлғаға осы есепті беру құқығы болады.
      2. Борышкер тұлғаның банктердің ол туралы мәліметтер мен банк кепілдігі немесе кепілдемесін кредиттік бюроға берген келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      3. Кредиттік бюроға берілетін банк кепілдігі мен кепілдемесі бойынша ақпаратта:
      1) банк оның тапсырмасы бойынша банк кепілдігі немесе кепілдемесін берген борышкер-заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен нөмері мен күні, бизнес бірегейлендіру нөмері, салық төлеушінің тіркеу нөмері;
      2) банк оның тапсырмасы бойынша банк кепілдігі немесе кепілдемесін берген борышкер-заңды тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты болған жағдайда, туған жылы, тұрғылықты жері, заңды мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелері, жеке бірегейлендіру нөмері, салық төлеушінің тіркеу нөмері;
      3) пайдасына банктер банк кепілдігі немесе кепілдемесін берген борышкер кредитор тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен нөмері мен күні, бизнес бірегейлендіру нөмері, салық төлеушінің тіркеу нөмері;
      4) банк оның тапсырмасы бойынша банк кепілдігі немесе кепілдемесін берген кредитор жеке тұлғаның фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты, туған жылы, түрғылықты жері, заңды мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмері;
      5) банк кепілдігі немесе кепілдемесін берген банктің атауы;
      6) банк кепілдігі немесе кепілдеме шартының нөмері және күні;
      7) банк кепілдігі немесе кепілдеме шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы, егер өзге банк кепілдігі немесе кепілдеме шартымен белгіленбесе;
      8) банк кепілдігі немесе кепілдемесі берілген мерзімі немесе банк кепілдігі немесе кепілдемесін берген (банк кепілдігі немесе кепілдемесінің қолдану мерзімі) банктің міндеттемесі тоқтатылатын басталған кезде жағдайы (оқиға), егер өзге банк кепілдігі немесе кепілдеме шартымен белгіленбесе;
      9) банк кепілдігі немесе кепілдемесі шығарылған нөмері және күні болу тиіс.
      Осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банктің арасында келісімі бойынша, олар жасасатын ақпарат беру туралы шарт негізінде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкін.
      4. Кредиттік бюроға банк кепілдігі мен кепілдемесі бойынша ақпарат беру шарты осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартпен анықталады.
      5. Банктер кредиттік бюроға банк кепілдігі мен кепілдемесі жөніндегі ақпаратты электрондық жеткізушімен береді. Ақпаратты қағаз түріндегі жеткізушімен беру жағдайлары кредиттік бюроның ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.
      6. Банктер банк кепілдігі немесе кепілдемесінің өздері туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға табыс етуге алған келісімдерін есепке алуды жүргізеді.
      30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілдемесі туралы кредиттік
                есепті қалыптастыру
      1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараты негізінде банк кепілдігі мен кепілдемесі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.
      2. Банк кепілдігі мен кепілдемесі туралы кредиттік есеп әрбір банк кепілдігі немесе кепілдемесі бойынша жеке қалыптасады.
      30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілдемесі туралы кредиттік
                есепті ұсыну тәртібі
      1. Банк кепілдігі мен кепілдемесі жөніндегі кредиттік есепті беру негіздемесі банк өзі туралы және банк кепілдігі мен кепілдемесі кредиттік бюроға берген мәліметті беруге борышкер тұлғаның келісімі болып табылады, онда кредиттік бюроның банк кепілдігі немесе кепілдемесін банк пайдасына берген тұлғаға осы есепті беру құқығы болады.
      2. Банк кепілдігі мен кепілдемесі туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.».
      18. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңына, (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостері, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат):
      1) 1-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) басқарушы компания - инвестициялық портфельді басқаруға уәкілетті орган берген лицензия негізінде қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;»;
      13) тармақша «алынған ақшаны» деген сөздерден кейін «және (немесе) осы Заңда белгіленген жағдайда өзге мүлікті» деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) пайды сатып алу - осы Заңға және пай инвестициялық қорының ережелеріне сәйкес белгіленетін оның құнын басқарушы компанияның пайды ұстаушысына төлеу арқылы айналымнан пайды шығару,»;
      2) 3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «сенімгерлік» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 4-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жабық инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін және оның активтерінің бес және одан да көп пайызды құрайтын қаржы құралдарын және (немесе) өзге активтерін шығарған (берген) заңды тұлға осы инвестициялық қордың пай ұстаушысы болуға құқылы емес»;
      5-тармақта «6) және 8)-12) тармақшаларында» деген сөздер және цифрлар «6), 9) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      4) 5-баптың 5-тармағында:
      «тіркемеген» деген сөзден кейін «сондай-ақ басқарушы компаниясымен сенімгерлік басқару шартын жасамаған» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Акционерлік инвестициялық қоры және оның басқарушы компаниясы, акционерлік инвестициялық қоры арасында жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзған күннен бастап екі ай ішінде жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шарты жасалмаған жағдайда акционерлік инвестициялық қоры атауының өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркелуге жатады.»;
      5) 6 және 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Инвестициялық қордың активтерін басқару
      1. Инвестициялық қордың активтерін басқару бойынша инвестициялық қор акционерлерінің немесе пай ұстаушыларының кіріс алуы мақсатында және осындай инвестициялау кезінде тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.
      Акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті дербес басқаруға құқығы жоқ.
      2. Акционерлік инвестициялық қордың мүлігі инвестициялауға арналған мүлікке және акционерлік инвестициялық қордың және оның акционерлік инвестициялық қордың жарғысымен белгіленетін  арақатынасындағы органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған мүлікке белінеді.
      Инвестициялауға арналған акционерлік инвестициялық қордың мүлігі басқарушы компанияның инвестициялық басқаруға берілу тиіс.
      3. Инвестициялауға арналған мүлікті сенімгерлік басқару шартықолданыста болған кезеңде акционерлік инвестициялық қоры сенімгерлікбасқарудағы мүлікке қатысты қандай болса да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      7-бап. Аудитке қойылатын талаптар
      1. Акционерлік инвестициялық қордың және пай инвестициялық қордың басқару компаниясының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
      2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпия емес.
      3. Акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа мынадай тексеру қорытындылары:
      1) инвестициялық қор активтеріне және олармен жасалатын операцияларға қатысты есеп жүргізу мен есептілік;
      2) инвестициялық қор активтерінің құнын бағалау, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын, оның пайларын орналастыру мен сатып алу бағасын айқындау тәртібі туралы мәліметтер болуға тиіс»;
      6) 9-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Акционерлік инвестициялық қор активтерін есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.»
      3-тармақта «бағалаушы,» деген сөзден кейін «тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорға қызмет көрсететін аталған ұйымдарды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      7) 10-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) акционерлік инвестициялық қордың және оның органдарының қызметтерін қамтамасыз етуге шығыстардың түрлері, оларды айқындау тәртібі мен ең жоғары мөлшері.»;
      8) 11-бапта:
      2-тармақ «сондай-ақ акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшыларының не жалғыз құрылтайшысының жалпы жиналысы бекіткен инвестициялық декларациясы» деген сөздермен толықтырылсын:
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      9) 13-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау акционерлік инвестициялық қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.
      4. Акционерлік инвестициялық жылжымайтын мүлік қордың бірінші құрылтай жиналысында акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәселелерге байланысты шешімдерден басқа кастодианды таңдау туралы шешім қабылданады.»;
      10) 14-бапта:
      1-тармақ «,сондай-ақ Директорлар кеңесі осы Заңның 39-бабының 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша инвестициялық декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылдаған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын.»;
      2-тармақта:
      «барлық» деген сөз алынып тасталсын;
      «шарттар мен» деген сөзден кейін «Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген» деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Акционерлік инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру
               және тарату.
      1. Акционерлік инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату осы Заңмен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      2. Қайта ұйымдастыру немесе ерікті тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда акционерлік инвестициялық қор уәкілетті органға акционерлік инвестициялық қордың жалпы жиналысында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлауға тиіс.
      Осы тармақпен көзделген хабарламаға акционерлік инвестициялық қорының жалпы жиналысы қабылдаған (қабылданған) қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімнің (шешімдердің) көшірмесі (көшірмелері), қайта құрылатын акционерлік инвестициялық қордың (акционерлік инвестициялық қорлардың) жарғысының (жарғыларының) көшірмесі (көшірмелері).
      3. Акционерлік инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздемелер бойынша инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
      4. Акционерлік инвестициялық қор соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға сот шешімінің көшірмесін қоса тіркеп, бұл туралы хабарлама жібереді.»;
      12) 16-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі «осы Заңмен белгіленген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта «елу» деген сөз «жүз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) 17-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Басқарушы компания бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.
      Бір басқарушы компания құрған инвестициялық пай қорының бір түрінің екіншісінен инвестициялық декларациялары бойынша айырмашылығы болуы тиіс»;
      3-тармақтың екінші бөлігіндегі «, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, көрсетілген ұйымдарды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
      14) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Инвестициялық пай қорларын біріктіру немесе олардың
               нысанын өзгерту
      1. Қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бір нысандағы инвестициялық пай қорларын біріктіруге жол беріледі.
      2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешім жабық пай инвестициялық қордың инвестициялық құрылымы осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен және ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының портфельдің инвестициялық құрылымына қатысты инвестициялық қордың ережелерімен көзделген талаптарға сәйкес болған жағдайда қабылдауы мүмкін.
      3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берілмейді.»;
      15) 19-баптың 1-тармағындағы «сенімгерлік» деген сөздер «инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 20-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін компания басқарушысы ауысқанда және инвестициялық пай қорының ережесіне тиісті өзгерістер енгізілген кезде ауыстырады.»;
      17) 21-бапта:
      3-тармақта:
      екінші бөлігіндегі «пайларды нақтылы ұстауды есепке алу жүйелерінің» деген сөздер алынып тасталсын.
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Инвестициялық пай қорының пайларды нақтылы ұстау жүйелерін жүргізу, пайлармен жасалған мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері нақты ұстаушының ішкі құжаттарымен айқындалады»;
      4-тармақтағы «сенімгерлік» деген сөздер «инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 23-бапта:
      1-тармақ «ақшасымен» деген сөзден кейін «немесе нақтылы пай құны көрсетілген валютада» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармағының екінші бөлігі «инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырған күні пай ұстаушылар саны бестен кем болмауы талабы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында «немесе өзге де мүлкі инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін» деген сөздер «шығарылған (ұсынылған) инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 27-баптың 1-тармағының 12) тармақшасында: инвестициялық деген сөз «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе өзге валютада көрсетілуі мүмкін инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 33-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні осы Заңның 23-бабының 4-тармағымен белгіленген талаптар орындалмаса;»;
      2-тармақтағы «ақшаны» деген сөз «активтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      22) 34-бапта:
      2-тармақ «осы қордың кастодианы» деген сөздерден кейін «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіпте» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      «өткізуді қамтамасыз етуге» деген сөздерді «сату жөніндегі іс-шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы қордың жұмыс істеуі тоқтатылуына байланысты инвестициялық пай қорының активтеріне сұраныс болмаған жағдайда басқарушы компания осы Заңның 36-бабының 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны бөледі және сұраныстың болмауына байланысты сатылмаған активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес белгіленген тәртіппен пай ұстаушылардың жалпы меншігіне береді.»
      23) 35-баптың 2-тармағындағы «пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейін оның таза активтері құнының инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне» деген сөздер «осы Заңның 23-бабының 4-тармағының талаптары аяқталған күнге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 36-бапта:
      1-тармақтың 6) тармақшасындағы «ақшаны» деген сөз «активтерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі осы Заңның 33-бабының 1-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тоқтатылған жағдайда, басқарушы компанияның қордың жұмыс істеуін тоқтату рәсіміне қатысты шығыстары инвестициялық қоры активтерінің есебінен өтелмейді.»;
      25) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-бап. Инвестициялық қор активтерінің құрамы
      1. Ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтерін қаржы құралдары құрайды.
      2. Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін қаржы құралдары, сондай-ақ мынадай инвестициялау объектілері құрайды:
      1) үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ жер учаскелері;
      2) үйлер мен ғимараттарға қызмет көрсетуге қажетті өндірістік құрал-саймандар мен негізгі құралдар;
      Жылжымайтын мүлік қорының активтерін мүлікке инвестициялау кезінде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) тәуелсіз бағалаушы міндетті түрде оны бағалауға тиіс.
      3) Акционерлік және пай инвестициялық қорлардың құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ инвестициялық қордың активтері құрамына кіретін қаржы құралдары мен өзге мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе пай инвестициялық қордың ережелерінде анықталады.
      4) Жылжымайтын мүлік қорының таза активтері құнының кемінде сексен процентін жылжымайтын мүлік құрауға тиіс.
      Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін мүлік сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлік қоры осы активтердің мөлшеріндей резервтік қор құрылуы тиіс.
      5. Жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірісінің кемінде елу процентін, жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлікті қайта бағалаудан түскен кірістерді шегере отырып, жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кірістер құрауға тиіс.
      6. Инвестициялық қор активтерінің құрамында:
      1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;
      2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;
      3) коммерциялық емес ұйымдардағы акциялар немесе қатысу үлестері;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын және Қазақстан Республикасы қаржы агенттіктерінің агенттік облигацияларын қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржы құралдары бір түрдегі олардың жалпы санының он бес және одан да көп проценті мөлшерінде болмауға тиіс.
      Осы тармақтың 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.
      7. Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамы жылжымайтын мүлік қоры акцияларының шығарылымы тіркелген күннен бастап он екі ай ішінде осы баптың талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс.
      Егер жылжымайтын мүлік қорының активтерімен қандай да бір мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылған жағдайда, жылжымайтын мүлік қоры осындай оқиға болған күннен кейінгі бір күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге және активтердің құрамын жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына осындай өзгерістер болған күннен бастап алты ай ішінде осы баптың талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
      8. Бір басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтері инвестицияларының және басқарушы компанияның қаржы нарығы лицензиаттарының дауыс беретін акцияларындағы өз активтерінің жиынтық көлемі оларды сатып алуға уәкілетті органның келісімін алуды талап ететін мөлшерден аз болуға тиіс.
      9. Инвестициялық қордың активтері есебінен бір эмитенттің бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына салымдардың мөлшері:
      1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлік қоры үшін таза активтер құнының он бес процентінен;
      2) акционерлік инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма процентінен;
      3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшін таза активтер құнының отыз процентінен аспауға тиіс.
      10. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін оның активтері екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне ғана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе пайлардың нақтылы құны көрінісі валютада инвестициялануы мүмкін.
      Бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін депозиттеріне пай инвестициялық қордың пайлары орналастырылатын екінші деңгейдегі банктер мына талаптарға сәйкес болу тиіс:
      1. осы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты аффилиирленген болып табылмауы тиіс;
      2. екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына енгізілу тиіс»;
      26) 38-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Инвестициялық пай қор активтерінің құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайдың нақты құны көрінген валютасында жүргізіледі.»;
      27) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы
      «1. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында:
      1) акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниясының, кастодианының, тіркеушісі мен аудиторлық ұйымының толық атауы, олардың лицензияларының деректемелері және орналасқан жері;
      2) акционерлік инвестициялық қор активтерінің құнын және оның акцияларының құнын есепке алу және айқындау тәртібі;
      3) акционерлік инвестициялық қордың активтері есебінен төленуге жататын, басқарушы компанияға, кастодианға, тіркеуші мен өзге де тұлғаларға төленетін шығыстар мен сыйақылардың түрлері, айқындау тәртібі және ең жоғары мөлшері;
      4) дивидендтік саясат;
      5) инвестициялық қордың инвестициялық саясаты мақсаттарының, міндеттерінің сипаттамасы;
      6) инвестициялық қордың инвестициялау объектілерінің тізбесі, мәміле түрлері, инвестициялаудың шарттары мен лимиттері;
      7) инвестициялық қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;
      8) инвестициялық декларацияда айқындалған объектілерді инвестициялауға байланысты тәуекелдер сипаттамасы, сондай-ақ оларды төмендетуге байланысты іс-шаралар;
      9) инвестициялық саясат жөнінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шектеулер болуға тиіс.
      2. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар олар бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы инвестициялық қордың директорлар кеңесінде бекітіледі және уәкілетті органға келісуге табыс етіледі.
      Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар осы өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін уәкілетті органмен келісілгені туралы көрсетіле отырып баспасөз басылымында жарияланғаннан немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгіленген тәртіппен алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.»;
      28) 40-баптың 4-тармағында «сенімгерлік» деген сөз «инвестициялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      29) 41-бапта:
      1-тармақта:
      8) тармақшада «сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдістерімен жасалған мәмілелерді қоспағанда» деген сөздер алынып тасталсын;
      11) тармақшасында «кірмейтін» деген сөзден кейін «беру жөнінде міндеттемелер қабылдауға» деген сөз кейін «не активтер бағалы қағаздар болып табылған жағдайда оның бағалы қағаздарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын ұйымның инвестициялық қорының шотында есептелмеген активтерді» деген сөздермен толықтырылсын:
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақпен толықтырылсын:
      «11-1) инвестициялық қорының акцияларын және пайларын, осы жабық инвестициялық қорының активтер құрамына кіретін қаржы құралдары мен (немесе) өзге активтерін шығарған заңды тұлғаларға сату;»;
      30) 43-баптың 2-тармағындағы «сенімгерлік» және «сенімгерлік» деген сөздер тиісінше «инвестициялық» және «инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 45-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасы «акциялар шығару проспектісімен» деген сөздерден кейін «және инвестициялық декларациясымен,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      1) тармақшасында:
      «акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның» деген сөздер «инвестициялық қордың басқарушы компанияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді қазақ тіліндегі мәтіні өзгерілмейді;
      5) тармақшасындағы «акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның» деген сөздер «инвестициялық қордың басқарушы компанияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта «пай» деген сөз алынып тасталсын;
      5-тармақ «құралдарында» деген сөзден кейін «Интернет желісінде басқарушы компанияның ресми электронды сайтын қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
      32) 46-бапта:
      тақырыбында «пай» деген сөз алынып тасталсын;
      бірінші абзацта және 1-тармақтың 6) тармақшасында «пай» деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақта «пай» деген сөз алынып тасталсын.
      19. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомостері, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      6-баптың 5) тармақшасындағы «қойылатын» деген сөзден кейін «қосымша» деген сөзбен толықтырылсын».
      20. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11-қаңтардағы Заңына, (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостері, 2007 ж., № 2, 10-құжат, № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат, № 23, 114-құжат; № 24, 128-құжат, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат, 18-құжат; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62-құжат, 63-құжат; № 17, 79-құжат, 81-құжат, 82-құжат; № 18, 84-құжат, 85-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат, 2010 ж. № 1-2, 4-құжат, № 7, 28-құжат «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 23 шілдеде және «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 24 шілдеде жарияланған; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы, Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда»  газеттерінде 2010 жылғы 27 шілдеде жарияланған):
      1) 4-баптың 9-тармағында «органдар,» деген сөзден кейін «орталық депозитарий,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2) 32-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клиринг қызметі».
      21. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомостері, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, 23-құжат; «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 3 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 маусымдағы Заңы):
      1) 1-бапта
      4) тармақшасында:
      «бухгалтерлер мен» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
      «бухгалтерлер» деген сөзден кейін «және (немесе) уәкілетті органы белгілеген тәртіпте аккредиттелген» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақшасында «жария мүдделі ұйымдар - қаржы ұйымдары,» деген сөздерден кейін «(қызметтің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбас операциялар ұйымы болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда),» деген сөздермен толықтырылсын.
      10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) -қаржылық есептіліктің ұйымдар жыл сайын өткізіп отыратын, сондай-ақ пайдаланушылар үшін ашық қол жетімді акционерлік қоғамдардың корпоративті оқиғалары туралы мәліметтері бар электрондық деректер базасы.»;
      2. 16-баптың бірінші абзацында «мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде» деген сөздер «мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3. 19-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұйымдар (Қазақстан Республикасының секьюрителендіру және исламдық арнайы қаржы компаниялары туралы заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес жасалған қаржы ұйымдарды, арнайы қаржы компанияларды қоспағанда) жылдық қаржылық есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасының секьюрителендіру және исламдық арнайы қаржы компаниялары туралы заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органымен келісілген келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімде жылдық қаржылық есептерін ұсынады.»;
      5-тармақта «1-3» цифрлар «1-3-1-» цифрлармен ауыстырылсын
      6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жария мүдделі ұйымдар (Қазақстан Республикасының секьюрителендіру және исламдық арнайы қаржы компаниялары туралы заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарды, арнайы қаржы компанияларды, мемлекеттік кәсіпорындарды және акциялардың (үлестерінің) немесе акциялардың бақылау пакеті елу және одан астам пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіге тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген тізбеге, нысандарға сәйкес жылдық қаржылық есептілікті құрайды.
      Қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялар, исламдық арнайы қаржы компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар және және акциялардың (үлестерінің) немесе акциялардың бақылау пакеті елу және одан астам пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіге тиесілі заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жариялайды.»;
      4) 20-бапта:
      4-тармақта «компанияларында» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта:
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының (үлесінің) елу және одан да көп проценті немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар үшін:
      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін тізбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептілікті ұсынудың мерзімі мен тәртібін белгілейді;
      осы Заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептелік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарларын бекітеді;
      3) тармақшасында:
      екінші абзац «актілерін» деген сөзден кейін «сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақшасымен толықтырылсын:
      «3-1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компаниялары үшін:
      осы заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»
      4) тармақшасында «ұйымдардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Даму Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын
      5) 21-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-әрекет жасау туралы келісім жасауға міндетті.»
      22. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңына («Казахстанская правда» газетінде 2008 ж. 25 қарашада жарияланған):
      1) 1-баптың 3-тармағында:
      9) тармақшасының төртінші абзацында «қалыптастыратын инвестициялық портфельдердің біреуінде немесе бірнешеуінде» деген сөздер «қалыптастырылатын инвестициялық портфельдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақшаның оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Зейнеткерлік жасына дейін жеті жыл және одан да аз уақыт қалған не зейнеткерлік жасына жеткен тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе басқа кез келген жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивті инвестициялық портфеліне кейіннен аудармайтындай етіп қалыпты немесе консервативтік инвестициялық портфельге аударады.
      6. Инвестициялық портфельді таңдағаны туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш жасамаған салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе басқа кез келген жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивті инвестициялық портфеліне кейіннен аудармайтындай етіп қалыпты инвестициялық портфельге аударады.»;
      17) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызметі кезеңінде бірде-бір тұлға не бір-біріне қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар тобы тікелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентінен астамын иеленуге, билік етуге және (немесе) басқаруға құқылы емес.
      Аталған шектеулер мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.»;
      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап.
      1. Осы Заң, осы Заңның 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағының 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 12) тармақшасын, осы Заңның 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағының 4) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағының 1) тармақшасының қырық төртінші абзацын 2), 9) және 11) тармақшаларын 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 16) және 17) тармақшаларын, 20) тармақшасының үшінші абзацын және 24) тармақшасын сондай-ақ осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағының 2) және 9) тармақшасын, 13) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 16) тармақшасының алтыншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын брокерлер және (немесе) дилерлер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтірсін.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде салымшылардың (алушылардың) инвестициялық портфельді таңдау туралы өтініштерін қабылдау бойынша жұмыс жүргізсін.».
      23. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомостері, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат):
      9-баптың 3-тармағының 15) тармақшасында «банктердің» деген сөзден кейін «жинақтаушы зейнетақы қорлардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың,» деген сөздермен толықтырылсын».
      2-бап. Осы Заңның 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 8-тармағының 2) тармақшасының сегізінші абзацын және 8) тармақшасының сегізінші абзацын, 12-тармағының 7) тармақшасының сегізінші абзацын, 15-тармағының 38) тармақшасының оныншы абзацын қоспағанда, осы Заң алғашқы рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін банктік заем және банктік кепіл шарттарын жасаған екінші деңгейдегі банктер өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабының 8-тармағының 3) тармақшасының үшінші абзацтан бастап он алтыншы абзац аралығында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
      Банк холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабының 8-тармағының 2) тармақшасында, 4) тармақшасының жетінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.
      Акционерлік инвестициялық қорлар және, басқарушы компаниялар өз қызметін 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабының 18-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацында, 4) және 5) тармақшаларында, 6) тармақшасының бесінші абзацында, 12) тармақшаның үшінші абзацында және 25) тармақшасында белгіленген талаптарына сәйкес келтірсін.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады